Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.
Өткізілу күні:
Өткізілу уақыты:
Өткізілу орны: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалім:Балажігітова Нұртілеу Құрманәліқызы
Қатысушылар: 7 сынып оқушылары
Пән: Физика
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Массалары бірдей, көлемдері әртүрлі және көлемдері бірдей массалары әртүрлі денелерді салыстыру және бақылау, «Тығыздық» ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру, есеп шығару барысында ρ=m/v формуласын пайдалана алуға үйрету.
Тәрбиелік: Табиғат туралы ғылым ретiнде физикаға ынталандыра түсу.
Дамытушылық: Оқушылардың талдау, жалпылау, қорытынды жасай алу құзырлығын және теориялық білімдерін практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
- ГЛОСАРИЙ
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Көлем
Объем
Volume
Масса
Масса
Weight
Тығыздық
Плотность
Density
Оқыту әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық
Көрнекіліктер: тығыздық кестесі, таразы лабораториялық, түрлі көлемдегі екі дене, масаслары бірдей екі дене.
Жоспар.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсат, міндеттері
Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау
Жаңа сабақта түсіндіру.
Сабақты бекіту.
Үй жұмысы.
Сабақ барысы.
1. Оқушы алдына сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
2. Физиканыоқуғакiрiсерде, бiздененің сапалық қасиетін сипаттайтынматерияның түрізатпентаныстық. Бәрiңiзескесақтаңыздар - барлықфизикалықденелерзаттардантұрады.Бiззаттуралыне бiлетiнiмiздiескетүсiрейiк.
а) Заттың агрегаттық күйлерін атаңдар.(қатты, сұйық, газ)
б) Кез- келген заттың күйін қалай ажыратамыз.(молекулалардың орналасуына және олардың қозғалысына қарап)
в) Сiз дененiң көлемін қалайша бiле алар едіңіз?(дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді?(V) Оның өлшем бірлігі қандай? (м3)


г) Дененің массасын анықтай аласыз ба?(иә, таразыға өлшеу арқылы) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді?(m) Оның өлшем бірлігі қандай? (кг)


3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әрбiр дененің өз өлшемдерi және массасы болады – бұл тұжырым ешкімге күмән тудырмайды; дененiң массасы өлшемге ғана емес, ол қандай заттан тұратынына тәуелдi болады.
Кішігірім зертеу жүргізейік (демонстрациялық столға оқушы шақырылады, ол демострациялық столда кішігірім зерттеу жүргізеді) сіздердің алдыңызда көлемдері бірдей екі зат берілген, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.

Қорытынды: Денелердің көлемдері бірдей, массалары әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.

(Эксперимент нәтижесін дәптерге жазамыз)
V1 = V2; дене әртүрлі заттан жасалған: m1
m2.
Зертеуді жалғастырайық (демонстрациялық столға оқушы шақырылады, ол демострациялық столда кішігірім зерттеу жүргізеді) сіздердің алдыңызда екі дене берілген көлемдері әр түрлі V1
V2, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.

Қорытынды: Денелердің массалары бірдей, көлемдері әртүрлі,яғни әртүрлі заттан жасалған. (Эксперимент нәтижесін дәптерге жазамыз):
m1 = m2; дене әртүрлі заттан жасалған: V1
V2.
Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындайды.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Сонымен заттың тығыздығын табу үщін дененің масссасын оның көлеміне бөлу керек.
Зат тығыздығы мына формуламен анықталады
Зат тығыздығы бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы алынған. Бұл көлемі 1м3, массасы 1килограмға тең біртекті заттың тығыздығы
Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың сияқты басқа да бірліктері қолданылады. Көбінесе ; қолданылады.
1800 , бұл нені білдіреді? (көлем бірлігіндегі кірпіш массасы)Тығыздығы осыған тең ол қандай зат? (Қосымшадағы 6,7,8-кестелерге қарап анықтаймыз)
Заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей ақ оның массасын анықтауға болады. m=
Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға болады.
V
Көп жағдайда дене тегі әр түрлі заттардан жасалады. Мұндай жағдайда ρ=m/V формуласы бойынша есептеулер жүргізе отырып, денені құрайтын материалдың орташа тығыздығы(ρорт=m/V ) табылады.
4. Сабақты бекіту
1. 800 және 2,6 нені білдіреді? (көлем бірлігіндегі керосин массасы және гранит тығыздығы)
2. а) Көлемі 1м3 болатын,массасы 1,29 кг тең ауаның тығыздығы неге тең? (1,29 кг/м3)
б) Көлемі 1л болатын,массасы 1 кг тең ауаның тығыздығы неге тең? (1000кг/м3)
3. Көлемді анықтаңдар:
а) 7800 кг болат; V(1 м3)
б) 19,3 г алтын. (1г/см3)
4. Ұзындығы 9 см, ені 5см, қалыңдығы 4см алтын кесегінің масссын анықтаңдар.
5. Мұз, су, су буы– әртүрлі агрегаттық күйдегі зат. Бұл заттардың тығыздығы бірдей ме? (Оқушылар оқулықтағы заттың тығыздығы кестесімен жұмыс жасайды ). Қалай ойлайсыңдар, неліктен мұз, су, су буы тығыздықтары әр түрлі. (Молекулалардың орналасуы түрліше)





Ыдыстарда бiрдей массалы сұйықтар құйылған. Қай ыдыста тығыздығы жоғары сұйық орналасқанын анықтаңдар.

Тауық жұмыртқаларының жаңа екенінолардың орташа тығыздығы бойынша анықтауға болады. Ұзақ уақыт сақтаған кезде сұйықтың бiр бөлiгi қауыз арқылы буланып ауамен алмастырылады. Оның көлем бірлігіндегі орташа тығыздығы азаяды да жеңіл болып қалады. Жаңа жұмыртқа суда батады, жаңа емес қалқиды.



Берілген қоспаларды пайдаланып қамыр (теста) тығыздығын анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі: ρ= m/ V
m1=100 г (сүт) m= m1+ m2+ m3+ m4ρ1=1028кг/м3 V = V1+ V2+ V3+ V4 V2=0.0005 м3 (ұн) V1= m1 / ρ1 m2=0,5 кг V3= m3 / ρ3 m3=50 г (бал) V4= m4 / ρ4 ρ3=1345 кг/м3 Есептеуі: m4=0,1 кг (күнбағыс майы) m= 0,1кг+ 0,5 кг+ 0,05кг+ 0,1кг=0,75кг ρ4=950 кг/м3
V1= 0,1кг : 1028 кг/м 3 =0,00098м3т/к ρ-? V3 =0,05 кг: 1345 кг/м 3=0,000037м3
V4=0,1кг : 950 кг /м 3=0,0001м 3 V=0,000098м 3+0,0005м3 +0,000037м3+ 0,0001м 3=0,000735м 3
ρ =0,75кг/0,000735м 3=1020кг/м 3
Жауабы : 1020 кг/м 3
Қандайда бір тетік көлемінің 1/3 бөлігі қорғасыннанжәне2/3бөлігі қалайыдан жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай?7300 кг/м3 11300кг/м3
Берілгені: Шешуі:
V+
Қоспа қорғасын мен қалайыдан жасалған, оның массасы 664 г, тығыздығы 8,3 г/см3 Қоспаныңішіндегі қорғасынның массасын анықта. Қоспаның көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең. 7300 кг/м3 , 11300кг/м3
Берілгені: Шешуі:
7300 кг/м3
11300кг/м3
664 г
8,3 г/см3
т/к m2-?
=
Үй жұмысы.
Егер сұйық массасы 93 кг, ыдыс сыйымдылығы 100 л болса, ыдысқа қандай сұйық құйылған?
Өлшeмі (6*3*0,25) м3 бетон плитаның массасын табыңдар.
Массасы 240т айсбергтің көлемін табыңдар
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Физика. Р.Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева
2. Дидактикалық материалдар. Б. Кронгарт, В.Кем
3. Деңгейлік есептер. Ж. Бақынов
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.