Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Поурочный план на тему "Рационал бөлшектер"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Поурочный план на тему "Рационал бөлшектер"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қысқарту тақырыбына есептер шығару. 
Сабақтың мақсаттары: 
1. Білімділік: Рационал бөлшектердің қасиетін пайдаланып және бөлшектерді қысқартуды есептер шығаруда қолдана білу. 
2. Тәрбиелілік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу. 
3. Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын да-мыту. 
Сабақтың түрі:білім мен дағдыны қортындылау жүйелеу. 
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау әдісі. 
Көрнекілік: Сұрақтар, формулалар, тест жұмыстары (интерактивті тақта) 
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. 
II.Қызығушылықты ояту 
1. Математикалық диктант. 
2.Ой қозғау.(ауызшаесептеулер) 
III.Мағынаны ажырату. 
1.Кітаппен жұмыс 
2.Сергіту сәті. 
IV.Ой толғаныс.Тест тапсырмасы. 
V.Қортындылау ,үйге тапсырма. 
VI.Бағалау. 
Бүгінгі сабағымыз 5 бөлімнен тұрады. 

І бөлім. I.Ұйымдастыру. 
Сабақтың мақсатын айту, сабақты өту ережесімен таныстыру. 

II.Қызығушылықты ояту 

1.Математикалық диктант. 

I кезең 
1. Қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды? 
Құрамында айнымалысы ......................... кездесетін бөлшектері бар өрнектер бөлшек өрнектер деп аталады. 
2. Айнымалының мүмкін мәндері деп нені айтады? 
Өрнектің ....................... бар болатындай оның құрамындағы айнымалылардың барлық мәндері жиынын осы өрнектің мүмкін мәндер жиыны (ММЖ) деп атайды. 
II кезең 
Бос орынға қажет сөзді жаз: 
1. а, b және с ...................... өрнектері үшін (1) теңбе-теңдігі орындалады. 
Мұнда . (1) теңбе-теңдікті рационал бөлшектердің ................................... деп атайды. 
2. Анықтама: Құрамындағы барлық айнымалылардың мүмкін мәндері жиынында ақиқат болатын теңдікті ................................ деп атайды. Өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды .................................................... деп атайды. 
3. Егер бөлшектің алымының (немесе бөлімінің) таңбасын өзгертсек, онда бөлшектің де таңбасы өзгереді. 


Бос орынға қажет сөзді жаз. 
1. Не себепті өрнегін оған теңбе-тең өрнегімен ауыстыруға болады? 

Себебі, (1) теңбе-теңдікті пайдаланып, бөлшегін ........... көбейткішіне 

.......................... болады. 

Сен қалай ойлайсың? Рационал бөлшектер мен жай бөлшектердің айырмашылығы неде? ..................................................................................................................................... 
.................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................

2.Ой қозғау.(ауызшаесептеулер) 

III.Мағынаны ажырату. 
1.Кітаппен жұмыс 
№239,№241 
2.Сергіту сәті.(логикалық есептер) 
Есептер: 
1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік) 
2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25) 
3. Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр? 
( бірдей ) 
4. Тауық бір аяқпен тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? ( 5 кг ) 

5. Бес бұтақты теректе 
Бұтақ сайын 5 алма 
Біреуін бер Берікке 
Қалады сонда қанша алма? 
( Теректе алма өспейді ) 
6.Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу . 
Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек? ( 5) 
7. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 ) 

IV.Ой толғаныс.Тест тапсырмасы. 

Оқушылар осымен біз мақсатымызға бүгін жеттік ба? 
Рационал бөлшектер қалай қысқартылады? 
Рационал бөлшектер қасиеті? 
V.Қортындылау ,үйге тапсырма.№244(2,4),№246 

VI.Бағалау. 

Өзін-өзі бағалау парағы. 

Сабақ тақырыбы. Не түсіндің? Нені түсінбедің? Не қызықты болды? Өз біліміңді қалай бағалайсың? 


Өзін-өзі бағалау парағы. 

Сабақ тақырыбы. Не түсіндің? Нені түсінбедің? Не қызықты болды? Өз біліміңді қалай бағалайсың?

Общая информация

Номер материала: ДБ-002916

Похожие материалы