Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Поурочный план на тему "Сандар қатары туралы білімдерін анықтау"

Поурочный план на тему "Сандар қатары туралы білімдерін анықтау"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

«hello_html_m39f76eb3.pngАбай атындағы орта мектебі»КММ













Ашық сабақ






«Сандар қатары туралы білімдерін бекіту.Заттыңсаны мен сан арасындағы сәйкестік-ті табу . Дөңгелек, шаршы,үшбұрыш,сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау






Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекеті:Қарапайым математика

Орындаған:Сабыржанова Д.Қ







Мақсаты:Реттік санауды жалғастыру(5саны көлемінде),сандық және реттік санауды ажырата алу , «қанша?», «неше?» сұрақтарына дұрыс жауап беру;санды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді уйрету;дөңгелек,шаршы,ұшбұрыш,сопақша,тіктөртбұрыш сияқты геомет- риялық пішіндер туралы өткенді пысықтау.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,демонстрациялық ойын,сурет көрсету

Қажетті көрнекі құралдар:сандар карточкасы,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз: Балалар бүгінгі оқу іс –әрекетіміз ерекше,өйткені бізге қонақтар келіп отыр.Қанеки амандасып алайық!

Шаттық шеңбері :

Тәрбиеші сөзі : -Балалар қанеки шеңберге тұрып бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.

-Қолдарыңды ұстағанда нені сезіндіңдер?

Балалар:

-Жылулық!

Тәрбиеші сөзі:

- Жылулық қайдан шығады?

Балалар:

Жүрегімізден! Тәрбиеші сөзі:

-Дұрыс ендеше жүрегімізден шыққан жылулықты бір-бірімізге берейікші(колдарын жайып алақанға үрлеу) Енді осы жылулықтың қуатымен бір–бірімізге жақсы тілектер айтайық.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Ата-анамыз ауырмасын!

-Тату, дос болайық!

-Бір-бірімізге бауыр болайық!

2.Негізгі кезең:

Сандар қатарымен жұмыс

-Балалар алдарыңда шашылып жатқан нелер?

-Сандар

-Біз нешеге дейінгі сандарды оқып білдік?

1-ден 5-ке дейінгі?

-Қанеки сандарды рет-ретімен қатарлап қойып шығайық

Күтпеген сәт: Есік қағылады,сырттан дымбілмес кіреді. Дымбілмес:Сендер бұл жерде не істеп отырсындар? Неге бәрің жиналып алғансыңдар?

Тәрбиеші:Балалар амандасып, жөн сұрасайық кім екен бұл?

Балалар:Сәлеметсіз бе!сіз кім боласыз? Дымбілмес:Білмейсіңдерме, мен « Дымбілмеспін»Мен еш нәрсе білмеймін білгімде келмейді,еш нәрсе жасамай бос жүргім келеді,ия солай жүре бергенді ұнатамын.Мен сабақты тындағым келмей шығып кеттім

Тәрбиеші:Балалар Дымбілместің бұл қылығы дұрыспа

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші:Дымбілмес біздің топтың балалары ақылды ,зерек балалар,сен оларға ұқсағың келе ме

Дымбілмес:Ия,ия ақылды болғым келеді.Менің сөмкемде орындамай сала салған тапсырмалар бар,соны маған орындап беріңдерші,мен түк білмеймін

Тәрбиеші:Көмектесейікпе балалар!

Балалар:Ия!

Тәрбиеші:Олай болса сөмкеңді маған берде,балалардың жанына жайғасып отыра ғой

1тапсырма «Кім зерделі?» Төрт түрлі түссіз суреттерге сандарды орналастыр 1.1-санын шарға,2-санын алмаға,3-санын жапыраққа,4-санын туға енді, 2.сан жазылып іші боялған пішіндерге мұқият қарап шығып ,қандай сан қай пішінде жазылғанын және қай пішін қандай түспен боялғанын естеріңде сақтап алыңдар.3.Пішіндегі сәйкес санмен суреттегі сәйкес санды сызық арқылы қос,сонда суреттерді бояуға қажет түс пішіндегі түс арқылы шығады «Санды тап ойыны»(логикалық сұрақтар) Бұл ойынды ойнау үшін 1-ден 5-ке дейінгі сандар қажет.Балалар сұрақтың жауабын табло арқылы көрсетеді

1.Бақта жемістер үзіліп түсіп жерде шашылып жатыр. Жердегі шашылған жемістердің нешеуі алма алма жемісі ?

2.Мысықтың аяғы су болма үшін оған неше етік қажет?

3.Қабырғаның жанында су толы шелек,оған бір бақа секіріптүсті.Егер дәл осындай бес шелек болса бізге неше бақа керек?

«Сергіту сәті» «Санамақ»

Бармақ әке,бармақ әке қайдасың? Мындамын,осында, калың ,қалай!

Бармақ ана ,бармақ ана қайдасың? Мындамыносында, калың, қалай! Бармақ аға ,бармақаға қайдасын ?Мындамын,осында, қалың ,қалай! Бармақ апай,бармақ апайқайдасың?Мындамын ,осында ,калың, қалай Бармақ бөбек, бармақ бөбек қайдасың? Мындамын,осында,қалың, қалай!






«Кім жылдам» ойыны. Етікті жамауға тиісті пішіндер керек.Біз қандай пішіндерді білеміз(дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,тіктөртбұрыш,сопақша)

Ендеше мына жыртық етіктерге тиісті пішіндерді желімдеңдер

3-тапсырма «Дұрыстап қос» «карточкамен жұмыс»

Сан жазылған шаршы , суретпен дөңгелектерсалынған карточкаларды

балаларға таратып әр бала өз бетінше шаршыдағы санға сәйкес ,карточкадағы суретпен дөңгелектерді қосып шығады.

Тәрбиеші:Балалар Дымбілместің сөмкесіндегі тапсырмаларда таусылыпты.

Дымбілмес:Балабақша қандай көңілді.Көп нәрсе біліп,үйренуге болады екен.Рахмет балалар!Сендер өте ақылды,тапқыр екенсіңдер.Мен енді сендер сияқты болғым келеді анашыма барып айтайын,мені жуындырып балабақшаға алып барсын.Сау болыңдар балалар! Тәрбиеші:Ал балалар Дымбілмеспен қоштасайық,үйіне барсын.Сау бол Дымбілмес!

Қорытындылау:Балалар жарайсындар !Дымбілместің орындай алмай жүрген тапсырмасын орындап өздеріңнің зерек, алғыр бала екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Дымбілмес болса өзінің сендерге қарап ұялып өзгеретінін айтып,бізді бір қуантыпта кетті.Сендер жарадыңдар.Сонымен балаларайтайықшы -Сендер етіктерге қандай пішінде қиылған жамауларды желімдедіңдер? -1,2,3,4,5 сандары неше затты білдіреді? Бағалау:мен сендерге бүгінгі әрекеттерің үшін жұлдызша деген баға бергім келеді

Үйге тапсырма:Үлкендерге бугінгі оқу іс-әрекеттерінде қонаққа кімдер келгенін ,қандай тапсырмаларды орындағандарын айтып беру

-Осымен сабағымыз аяқталды .Қонақтарға сау бол айтайық





















Общая информация

Номер материала: ДВ-529240

Похожие материалы