Инфоурок География Другие методич. материалыПоурочный план на тему "Солтүстік Тянь - Шань"

Поурочный план на тему "Солтүстік Тянь - Шань"

Скачать материал

Сынып 8  күні__________  пән: Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың  тақырыбы: : Солтүстік Тянь-Шань

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Солтүстік Тянь-Шань жай күйімен (ГО, геологгиялық құрлымы, жер бедері, климаты,пайдаоы қазбалары, гидрологиясы, табиғат зоналарымен оқушыларды танстыру

Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:  Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа,экологиялық  тәлім арқылы адамгершілікке,табиғатты аялай білуге, дүние танымдылыққы

елеін-жерін сүю арқылы  патриоттыққа тәрбиелеу    

Сабақтың типі:  білім білік дағадыларын қалыптасытру

Сабақтың түрі: жаңа материал

Әдістер –тәсілдер і: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу кесте түрінде, оқулықпен жұмыс

Көрнекілік құралдар: дүние жүзі физикалық картасы, Қазақстанның физмкалық картасы мектеп атласы, кескін карт

Сабақ барысы:

1-кезең Ұйымдастыру бөлімі: І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

4. Тақырыпқа шығу

Тянь-Шань (қыт. тянь – аспан, шань – тау), Тәңіртау – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.

 

2-кезең Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Кескін карталарды карау, Шығармашылық жұмыстарын қарау

3 -кезең Үйтапсырмасын бекіту кезеңі

4-кезең Мақсатты қою

5.Жаңа тақырып түсіндіру кезеңі

 

Орналасуы

 

Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылыЖетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Қле аңғары,Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы(7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады.

Орографиялық құрылысы

Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шань КетпенКүнгей АлатауІле АлатауыҚырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы(5218 м), Қле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тянь-Шаньға ФерғанаТалас Алатауы мен одан таралатын өгем, ПіскемШатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тянь-Шань жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тянь-Шаньды бір-бірінен бөледі. Орталық (Ішкі) Тянь-Шаньға солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыстаКөкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі – 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тянь-Шань АлайТүркістанЗерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тянь-Шань ендік бойымен созылған аңғарлар,қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. БорохороЕренқабырғаБогдо-ОлаҚарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: ХалықтауСарман-УлаҚұрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тянь-Шань етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Тұрфан ойысы орналасқан. Тянь-Шань Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужаралымда қатпарланған.

Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тянь-Шань тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозойшөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.

Климаты

Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 25С, орта өңірде 15 – 17С, биік тау басында 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 4С (оңтүстікте), –6 – 8С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар ҚлеҚырғыз,Теріскей Алатауларында, АқшырақКөкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-Шаньдағы ЕренқабырғаХалықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (НарынСарыжазСырдарияІлеШуТарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – ЫстықкөлСонкөлШатыркөл. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.

Өсімдіктері

Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбасқұмқияқтаспа, т.б.). Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлеріндесексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу,бетегеөлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақжеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тянь-Шань сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.

Қорықтары

Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауының ұлттық паркікұрылды. 

 

 

 

 

6-кезең Түсігін тексеру (яғни кері)

 

Географиялқ орны

Геологиялық құрлымы

Жер бедері

Пайдалы қазбалары

Климаты

Гидроло-гиясы

 

 

Жалпы Сырт

Орал алды үстірті

Каспий маңы ойпаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат зоналары кестесі

 

Кездесетін табиғат зоналары

сиаттамасы

Өсімдігі

Жануарлары

Топырағы

Экологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-кезең Бекіту және бағалау сұрақ қою арқылы

8-Бағалау:

9-кезең Қорытынды. Не білдік ені үйрендік тағы не білгілерің келеді, келесі тасабақта не білгілерің келеді.

 Рефлексия.

Осы сабақтан не үйрендіңдер?

Сабақ ұнады  ма?

Несімен ұнады?

10-кезең Үйге тапсырма беру: §   қайталау кестені толтыру

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план на тему "Солтүстік Тянь - Шань""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 283 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2017 1434
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асан Каракоз Асанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асан Каракоз Асанкызы
    Асан Каракоз Асанкызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13495
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 207 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе