Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Поурочный план на тему: «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Поурочный план на тему: «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы  ұғым» ашық тәрбие сағаты

Мақсаты:       1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

 3) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Әдіс –тәсілдері: СТО жобасы, АКТ пайдалану, ой-қозғау, сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, география

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар, фломастер, ватман, видео

                                   Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Армысыздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жылы алтын әріппермен жазылды. Биыл тәуелсіздігімізге 24 жыл. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты ашық  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Сабақтың құрылымы: 

1. Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)

Топқа бөлу (1,2,3 сандары бойнша топқа бөлінеді)

Қызығушылықты ояту: (8 минут)  Миға шабуыл  (тақырыпты ашу мақсатында интербелсенді тақтадан сұрақтар қойылады)

Мұғалім сөзі

Мағынаны тану: ( 20 минут) Видео ролик көрсетіледі.(видео роликті көріп болған соң, оқушылар өз көрген –білгендерін постерге түсіріп қорғайды) 3 топ уақыт біткен уақытта өз жұмыстарын қорғайды.

Постер сызу уақытында класымыздың оқушысы Оралов Данияр күй орындайды.

Ой- толғаныс. (10 минут)  Оқушыларға тапсырма беріледі. 1 топ Ашық микрофон. 2 топ 4 шумақты өлең шығару. 3 топ эссе жазу. 

Рефлексия (бүгінгі күннің тілегі) (2 минут) «Екі  жұлдыз, бір пікір» Оқушылар бүгінгі сабақтан түсінгендері турасында стикергелерге түсіреді. Оны тақтаға әкеп жабыстырады.

Ән: Көк тудың желбірегені (3 минут)

      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.

2 бөлім.  (Сұрақ-жауап)

1.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     

6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

2.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

3.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)

4.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

5.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).

6. Қазақстан неше елмен шектеседі? «5»

7. Қазақстанның ұлттық валютасының туған күні? «16.11.1996»

8. Менің Қазақстаным –әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы  қабылданды? «2006ж 7 қаңтар»

Ш бөлім. Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәрбие сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік қасиет тұнған ұлы ұғым» сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.

ІV бөлім. Келесі оқушылардың назарын видео роликке аударамын.  Қазақ хандығының құрылуынан бастап қазіргі кезге деиінгі кезеңді көрсетемін. Видео ролик. Күй орындалады 

ІV бөлім. Постер қорғайды

V бөлім. Өзім қысқаша қорытындылап кетемін.

Сабақты қорытындылап өтемін.

VІ бөлім. Рефлексия  «Бүгінгі күннің жаңалығы» тақтаға күннің суретін шығарамын. Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін, тілегін жазып қалдырады

VІІ бөлім. Ән: Көк тудың желбірегені

Қорытынды:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

          Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы  ұғым» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

               




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДБ-031778
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх