327397
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыПоурочный план на тему "Зат есім және оның түрлері"

Поурочный план на тему "Зат есім және оның түрлері"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.

Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.

Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.

 

Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекіліктер: слайдтар, сызба- нұсқа, тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі*оқушыларды түгендеу;

*оқу құралдарын тексеру;

*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

116-жаттығу

Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.

Мен Қаныш ағамен сирек болса да кездесіп тұрдым. Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып, сөйлесіп жүрдім. Мол  кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылық  бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлесетін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.

117- жаттығу, ереже сұрау

Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.

 Беу, дүние- ай- шаттану мақсатында қолданған

Апырмай- ұнату мағынасында қолданған.

Ережені сұрау:

- Атауыш сөздер дегеніміз не?

- Мысал келтір

- Атауыш сөздер қанадай мағына береді?

- Көмекші сөздер қандай мағына береді?

- Көмекші сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

Абай өлеңдерінен көмекші сөздерді табу.

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ - барды, ертегіні термек үшін

Көкірегі ояу, көзі ашық, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін 

 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,  

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

 

Алланың өзі де рас, сөзі де рас, 

Рас сөз ешуақытта жалған болмас, 

Көп кітап келді алладан, оның төрті, 

Алланы танытуға сөзі айрылмас.

Мақал – мәтелдерден көмекші сөздерді табу

1. Өз басыңды дауға берсең де, 

Жолдасыңды дауға берме.

2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

3. Отан оттан да ыстық

4 Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

ІІ.Жаңа сабақ Сөз таптары. Зат есім

Заттың атын білдіріп, кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), тау (не?), Оқушы ( кім?), іні (кім?) Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауын жалпы есім дейді.  Заттардың ішінде бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы атаулыға тән болса,  Байжан , Гүлнар деген сөздер жалпыға емес, жеке кісіге ғана қойылған.

Заттың, ұғымның атын білдіретін сөз табы.

 Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?

Тұлғасына қарай Құрамына қарай

Негізгі зат есім Туынды зат есім Дара зат есім Күрделі зат есім

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.

Мысалы:

у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім

Мысалы:біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, жаман-шылық Бір ғана түбірден тұрады

Мысалы: от, ара, қант, оқушы, баспалдақ. Кемінде екі сөзден /біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен сөздер

Мысалы:кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ, мәдениет үйі

Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай Мағынасына қарай

Жалпы есім Жалқы есім Деректі зат есім Дерексіз зат есім

Біртектес заттардың атауы

Мысалы:қала, өзен, тау, кісі,кітап Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары

Мысалы:Алматы, Ертіс, Алатау, Абылай Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атаулары

Мысалы:ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия т.б. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы

Мысалы:қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық, реніш

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

118-жаттығу: Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.

1. Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т.б.

2. Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;

3. Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы 

4. Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені

5. Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»

6. Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс, Алабай т.б.

 

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Біздің ауыл» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

/жалқы есімдер, деректі, дерексіз зат есімдердің астын сызып, құрамына талдау жасау.

 

V. Талдау- табыс кілті

Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады. 

1. Зат  есім  сөздерді табу.

2. Құрбы  сөзіне  сатылай  кешенді талдау жасау. 

І топ. Фонетикалық талдау жасау /мүмкіндігінше математикалық тәсілді қолдануға болады/

ІІ топ. Фонологиялық талдау жасау

 

1) Фонетикалық талдау: Құрбы =O=……..=?

Шешуі:  Құрбы =  5O=    2 □ (ұ, ы)+ 3∆ (қ, р,б)

Қ- ∆-қатаң

Ұ-□, жуан, қысаң, еріндік

Р-∆, үнді

Б-∆, ұяң

Ы- □, жуан, қысаң, езулік

2)Фонологиялық талдау

Құрбы – 5 әріп, 5 дыбыс бар, екі буын бар

  Құр - бы

        Біт.б.   ашық б.

            Құр-бы /2 жағд.тасымалданады/

      Құрбы /екпін соңғы ы дыбысына түседі/

      Құрбылар /лер/

       Құрбыға /қа/

Семантикалық карта толтыру /оқушылардың бәріне таратылады/

Мысалдар Жалпы есім Жалқы есім Деректі зат есім Дерексіз зат есім

1. Әке + +

2. Мұхтар Әуезов + +

3. Құлагер + +

4. Қайғы + +

5. Достық + +

6. Домбыра + +

7. Саудагер + +

8. Өнер + +

9. Қарағанды + +

10 Жігіттер + +

11 Қызылордалық + +

12 Дәріхана + +

13 Әке-шеше + +

14 Арман + +

15 Шекарашы + +

VI. Сабақты бекіту:

Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Құрамына қарай:дара күрделі,

Тұлғасына қарай:негізгі, туынды

Мағынасына қарай:деректі, дерексіз

Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай:жалпы есім, жалқы есім

VI.Үйге тапсырма:  Жалқы және жалпы есімдерге 6 сөйлем құрастыру

Зат есім туралы оқу. 

«Зат есім» тақырыбына сөз жұмбақ, ребустар құрастырып әкелу.

ҮІІ Бағалау



Общая информация

Номер материала: ДВ-567656

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Менеджер по продажам»
Курс «Администратор гостиницы»
Курс «Бухгалтерский учет»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.