Инфоурок География Другие методич. материалыПоурочный план на тему "Жетісу Алатауы"

Поурочный план на тему "Жетісу Алатауы"

Скачать материал

Сынып 8  күні__________  пән: Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың  тақырыбы: : Жетісу Алатауы 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жетісу Алатауы  жай күйімен (ГО, геологгиялық құрлцымы, жер бедері, климаты,пайдаоы қазбалары, гидрологиясы, табиғат зоналарымен оқушыларды танстыру

Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:  Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа,экологиялық  тәлім арқылы адамгершілікке,табиғатты аялай білуге, дүние танымдылыққы

елеін-жерін сүю арқылы  патриоттыққа тәрбиелеу    

Сабақтың типі:  білім білік дағадыларын қалыптасытру

Сабақтың түрі: жаңа материал

Әдістер –тәсілдер і: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу кесте түрінде, оқулықпен жұмыс

Көрнекілік құралдар: дүние жүзі физикалық картасы, Қазақстанның физмкалық картасы мектеп атласы, кескін карт

Сабақ барысы:

1-кезең Ұйымдастыру бөлімі: І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

4. Тақырыпқа шығу

 

2-кезең Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Кескін карталарды карау, кестені қадағалау

3 -кезең Үйтапсырмасын бекіту кезеңі

Орал мен Алтай сұрақтар ауызша

4-кезең Мақсатты қою

 

5.Жаңа тақырып түсіндіру кезеңі

 

Жетісу Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы.

Ол солтүстік-шығысында- Алакөл казаншұңқыры мен

оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.

Жер бедері, геологиялық құрылысы

Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Оркашар Барлык тауымен (3300 м) жалғаса отырып, Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық козғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғак дала боп кетеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар аркылы Ебінүр көлінің қазаншүңкыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алкап Жетісу (Жоңғар) қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен, онымен Шыңғысхан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген.

Жетісу Алатауының қазақстандык бөлігі осы кақпаның батысынан басталады да, батыска қарай Боротола өзеніне дейін Қытай - Қазақстан шекарасы бойымен созылады.

Осы жерде Жетісу Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.

Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар.

Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м),

оңтүстік жотаның биік нүктесі Мүзтау (4370).

Солтүстік Жетісу жотасы сатылап, солтүстік-шығыска қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшүңқыр жоталары (2800-3000 м). Бүлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншүңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншүңқыры. Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке караған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтay, Қарашоқы, Желдіқарағай тaу жүйелері (2000 м). Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік шығысына Текелімен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді.

Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттаутау алды жоталары орналасқан. Бүлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді.

Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау кыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптар тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлер күламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі.

Жетісу Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан тұзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі.

Жетісу Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпіқатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді.

Климаты, өзендері мен мүздықтары

Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан.

Оның климатына 

Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді.

Тау етегінде неғұрлым кұрғак, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздыктар калыптасқан.

Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.

Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу) Балқашқа бағытталған.

Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Қорғас өзені ағып, Ілеге қосылады. Оның батыс жағынан Өсек өзені құяды. Бороходзир өзені Ілеге жетпей тартылып қалады.

Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан Қаратал өзені ағып шығады. Ол Көксумен, Быжымен (оның салалары Мақаншы, Қара, Сарыбұлақ, Қусақ) бірге Балқашқа құяды.

Жетісу Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарында мұздықтар орналасқан. Мұздықтардың көбі Солтүстік жотада орналаскан. Онда жалпы ауданы 996 км2-ге жететін 700 мұздық бар. Ең үлкен мүздықтар Лепсі өзенінің басында. Жетісу Алатауының мұздыктары Ырғайты, Тентек, Лeпci, Басқан, Сарқант, Ақсу, Биен сияқты жеті топқа бөлінеді.

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары

Жетісу Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт калыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады.

Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп. Олар да зоналық заңдылық бойынша тараған.

Қосымша

Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы — Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа карай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауының басталар жерінен шығысқа карай солтүстік және оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Боротола өзенінің аңғарларымен шектелген. оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. солтүстік Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналаскан аласа келген Қоңыртау, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың негізгі жотамен қиылыскан жерінде Жетісу ауылының ең биік шыңы — Бесбақан (4464 м) орналасқан. солтүстік Жетісу Алатауы жер бедерінің ерекшелігі — тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Тау беткейлері бірінен-бірі жоғары орналасқан үш деңтейлі (1500-1900 м, 20003400 м, 3500-4300 м) баспалдақ құрайды. Төменгі сатыдағы таулар (Дауылбай, Алатай, Кеттібай, Бөрілі, т.б.) экзогендік проңестер әсерінен көп мүжілген қалдық таулар. Олар өзара кең өзен аңғарларымен бөлінген. Мұнан жоғары екінші деңтейде Қайранкөл, Желдіқарағай, Бұлантау, Жабықтау, Күнгейжота, т.б. жатыр. Ал жоғары баспалдаққа Тастау, Басқантау, Сарқантау, Көкжотатау, т.б. жатады. Соңты екі баспалдак таулар бедерінің қалынтасуьщда эрозиялық әрекеттердің басымдыг байқалады. Сондықтан, өзе аңтарлары тар, кей жерлері шат қалды келген. Жетісу ауылының баспал дақты құрылымы тау төбесіні ұзақ уақыт бойы мүжіліп тегістеліп тауүсті жазықтарын айналуы нәтижесінде пайд болған. Оңтүстік Жетісу Алатауы Тоқсанба Бежінтау, Тышқантау, Мұзта жоталарынан тұрады. Қоты қайың жотасы негізгі жотань батыс жалғасы болын есептеле Оның оңтүстігінде Алтынемел және Қоянтау жоталары жаты Қатынтау мен Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі. Жетісу ауылы жер бедері күрделі. Оның кол жазыққа айналған тау ете аридтік климаттық жағдай қалыптасқан адырлы-төбе пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кеш айкындала түседі. Беткей шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. Ал 3500 м-ден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120,3 км3, ірілері: Берг мұздығы (ұзындығы 8 км), Жамбыл мұздығы (5,5 км). Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, оқтас, мөрмөр жыныстарынан құралған. Таудың биік көтеріңкі жерлеріңде палеозой граниттері кездеседі. Орта палеозойда пайда болған теңіз шөгінділері, таскөмір мен пермеде түзілген жанартаулық эффузивтер бар. Тау етегінде тауаралық жазықтарда кайнозой шөгінділері кең тараған. Олар палеоген мен неогеннің құмтасынан, саздақтарынан және қойтас, малтастардан түзілген. Төменгі палеозой шөгінділерінде полиметалл (Текелі, Көксу кеніштері), жанартаулық эффузивтерінде мыс және сирек металдар бар. Жетісу Алатауының тектоникалық құрылымы да күрделі. Қатпарлы тау болып герцин орогенезінде көтерілген, мезозой мен кайнозойда әсіресе, палеогенде Бұл өңір тегістеліп, гогатформалық жазыққа айналған. Альпілік тау құрылуында Жетісу Алатауының өзегі қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы блоктарға бөлшектеніп, опырықты (грабен) және горстық құрылымдар пайда болып, жаңғырған биік тау жоталары түзіледі. Мұнда неотектоникалық процестер өлі жалғасуда, 4-5 баллдық жер сілкінулері жиі болып тұрады. Тектоникалық жарықшақтар бойымен терең жер асты қойнауынан емдік қасиеттері бар ыстық бұлақтар — арасан сулары (Қорғас, Жаркент Арасан, Қапал, Керімағаш, т.б.) шығады.

Тау етегіндегі қуаң континенттік климат (мұнда қаңтар айының орташа жұмсақсы 1214°С) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай климатпен алмасады. Биік тау жоталарыңда климат едәуір қатаң (қаңтардағы орташа жұмсақ —19°С). Жауыншашынның жылдық түсімі де тау етегінен (400 мм) жоғары карай артады (800 мм). Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ (1000 мм шамасында). Мұндағы Ебі мен Сайқын желдері 60-70м/с жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, өте қолайсыз ауа райын туғызады. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Өзендерінің жоғарғы және орта ағысы қатты. ірі өзендері солтүстік-батысы мен солтүстігінде (Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, т.б.). Оңтүстігінде өзен атырабы сирек. Мұндағы басты өзен - Үсек (Өсек). 500-600 мден 1200-1400 м-ге дейінгі тау іші жазықтарында шөлейт белдем қалыптасқан. Одан жоғары, 2000 м-ге дейін құрғақ далалық, әр түрлі шөптер және дэнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. солтүстік Жетісу ауылының орта биіктік белдеуі (2400 м-ге дейін) шалғынды орман, оңтүстік Ж. ауылы ның орта биіктік белдеуі далалық ландшафтпен сипатталады. Орманда Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі. Мұнан жоғары (3200-3500 м) биік таулы белдеу орналасқан. солтүстік биік таулы белдеуі шалғынды-субальпілік ландшафтармен сипатталады. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.

 

6-кезең Түсігін тексеру (яғни кері)

 

Географиялқ орны

Геологиялық құрлымы

Жер бедері

Пайдалы қазбалары

Климаты

Гидроло-гиясы

 

 

Жалпы Сырт

Орал алды үстірті

Каспий маңы ойпаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат зоналары кестесі

 

Кездесетін табиғат зоналары

сиаттамасы

Өсімдігі

Жануарлары

Топырағы

Экологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-кезең Бекіту және бағалау сұрақ қою арқылы

8-Бағалау:

9-кезең Қорытынды. Не білдік ені үйрендік тағы не білгілерің келеді, келесі тасабақта не білгілерің келеді.

 Рефлексия.

Осы сабақтан не үйрендіңдер?

Сабақ ұнады  ма?

Несімен ұнады?

10-кезең Үйге тапсырма беру: §  кескін картаға түсіру,  қайталау кестені толтыру

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план на тему "Жетісу Алатауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2017 2254
    • DOCX 34.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асан Каракоз Асанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асан Каракоз Асанкызы
    Асан Каракоз Асанкызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13494
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 369 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 438 человек

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе