Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Поурочный план открытого урока на тему "Сен казаксын"

Поурочный план открытого урока на тему "Сен казаксын"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Пән

Қазақстан тарихы

Сынып

11

Сабақ тақырыбы

«Сен қазақсың» өлеңін тарихи тұрғыдан талдау

Мақсаты

Оқушыларға Күләш Ахметованың «Сен қазақсың» өлеңінің ой желісін қазақ тарихындағы оқиғалармен байланыстыра отырып,оқушылардың белсенділігін арттыру.

Ұлттық рухын көтеру.

Тарихқа қызығушылығын арттыру

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар ақынның айтпақшы ойын түсінеді.

Қазақ тарихынның өлең формасында бейнеленген формасын біледі.

Қазақ тарихын жүйел түрде жинақтайды.

Сыни ойлай біледі.

Ресурстар мен сілтемелер

Слайдттар,суреттер

Александер мен Мерсер диалогтік оқыту


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру


1. Амандасу

2. Топтарға бөлу




Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топта 5 оқушы.



«Ой шақыру»





Оқушыларға Ерболат Құдайбергенның орындауындағы «Мен қазақпын»өлеңінің бейнежазбасы көрсетіледі.


Мұғалім:Бұл қайсы өлең?




Мұғалім:Біз мен—қазақпын сөзін екінші жақ формасында айтып көрейік.

Мұғалім:Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

«Сен қазақсың»өлеңін тарихи тұрғыдан талдау.


Оқушылар тыңдайды,көреді.

Бейнежазбадағы арқау болған тарихи оқиғаға назар аударады.


Оқушылар «Мен қазақпын»өлеңі деп жауап береді.


Сен қазақсың.




Мақсаты:

Мұғалім: Оқушылар,сендерше ұстаздарыңның не үшін осы өлеңді талдады деп ойлайсыңдар? Сабақтың мақсаты неде?




Оқушылар өз ойларын айтады.Сабақтың. мақсатын анықтайды.

Бірінші шұмақ

Сен-Қазақсың!


«Сен-қазақсың!

Қазақ деген ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек,жол бөлек.

Киіз үйі Жер сиақты жұп-жұмыр,

Шаңырағы Күн сиақты дөңгелек.»

Мұғалім:Асты сызылған өлең жолдарында қазақтың байырғы баспанасы туралы айтып отыр.Ежелгі дәуірдегі қай тайпаның баспанасы дәл осындай?


Мұғалім:киіз үй қанша бөліктен құралады?

Мұғалім: Киіз үйдың қолайлы,қолайсыз тұстары?





Оқушылар сақтардың баспанасы екендігін айтады. Үйсіндерде дәл осындай баспана болған,





Кереге,Уық,Шаңырақ.


Оқушылар өз ойларын

Айтады.

Екінші шұмақ

«Сен-қазақсың!

Бір Алланың құлысың!

Адамға адам құл болғаны құрысын.

Жойылысн соғыс,зұлматтарда жойылмай,

Қалған ұлтсың,Қаһармансың!Ұлысың!»


Мұғалім :Бұл шумақтағы айтпақшы ой?



Мұғалім: «Қазақ» сөзінің мағынасы?


Мұғалім: «Зұлматтарда жойылмай »деп нені айтпақшы?









Қазақтардың діни сенімі және тәулсіз ұлт екендігі айтылады.


«Еркін,кезбе,тәуелсіз»


1930-1932жылдардағы қолдан жасалған аштық, 1937-1938 жылдардағы саяси құғын-сүргін.


Үшінші

шұмақ

«Сен-қазақсың!

Ұлы дала тұғыры,

Күмбір-күмбір күрескерлік –ғұмыры.

Тірескеннің дірілдеткен тізесін

Тұлпарлардың тұяғының дүбірі!»

Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?






Оқушылар қазақ ұлтының тағдыр тауқыметіне ұшырасада бәрін жеңе білгендігін айтады. Жоңғар соғысы,Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққандығы айтылады.



Төртінші

шұмақ

«Сен-қазақсың!

Алғызбайтын барыссың!

Ар-Ожданың асқағысың намыссың!

Тағдырыңды танығысы келгендер

Тасқа басқан тарихыңмен таныссын!»

Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?




Оқушылар тастағы тарих,әсіресе Күлтегін,Тоныкөк жазбалары туралы баяндайды.



Бесінші шұмақ


«Сен-қазақсың!

Байырғы жұрт–түздегі ең,

Табиғаттан тән тамырын үзбеген,

Қолын жайып,Көктен өмір сұраған,

Жер бетінен жерұйықты іздеген.»


Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?

Мұғалім: Ол не үшін жерұйықты іздеді?







Асанқайғы Сәбитұлы жайында айтып отырғанын айтады.

Бақытты өмір үшін.

Алтыншы шұмақ

«Сен-қазақсың!

Қазынасы–нәсіп,құт.

Қазақ болу ғаламатқа ғашықтық,

Жерің, суың,тауың сұлу соншалық,

Көрген кезде кетіндей жас ытқып.»

Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?


Мұғалім :Қандай әсем жерлерді білесіңдер?






Қазақстанның сұлу табиғатын айтып отыр.



Оқушылар өздері білетін сұлу жерлерді әңгімелейді.

Жетінші

шұмақ

«Сен-қазақсың!

Отаншылсың,тектісің!

Досыңа адал,дұшпаныңа кектісің,

Бұл далаға мұрагерлік,иелік—

Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.»

Мұғалім:Бұл шұмақтағы айтар ой?

Мұғалім: «Досыңа адал» бұл тіркесі бұрын бір тарихшы айтқан сиақты еді?




Оқушылар Қазақтардың өз отаншылдық рухын бейнелеген.


Сақтар туралы Грек авторлары айтқан.

Сегізінші

шұмақ

«Сен-қазақсың!

Айлалысың,ептісің!

Айбарлысың,ақылдысың,беттісің,

Көп болуға,бір болуға тиіссің,

Көрмеу үшін жаттың езгі тепкісін.


Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?









Қазақтың санын айта келіп,ашаршылық жылдарында қырылған адам санын баяндайды.Берке ,бірлік алынбайтын қамал екендігін қортындылайды.

Тоғызыншы

шұмақ

«Сен-қазақсың!

Рухы еркін,өзі еркін!

Мұзбалақсың,сорғалаған сөзі еркін!

Қайталанбас күйшісің сен құя алған,

Домыраның өзегіне өз өртін.»

Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?



Оқушылар қазақ жерінде өмір сүрген дәулескер күйшілер туралы баяндайды.


Оныншы шұмақ

«Сен-Қазақсың!

Келе жатқан бағы асып,

Адамзаттық ізгілікке жол ашып,

Дастарханың елшілігің ежелден,

Мейірбансың,меймандоссың қолы ашық.»

Мұғалім :Асты сызылған өлең жолдарындағы айтпақшы ой?






Оқушылар қазақ жеріне қоныс аударылған ұлттар туралы баяндайды.:Ұйғыр,

дүнген,корей,неміс,

полияк т.б. ұлттар қазақ жеріне амалсыздан қоныс аударғанда қазақтардың оларға көмектескендігі баяндалады.

Онбірінші

шұмақ

«Сен-Қазақсың!

Ғарышкерсың ,жаны-аспан.

Өрелісің,өз орнына таласқан.

Төрге лайық марқасқасың,мықтысың,

Төрткүл дүние саясатта санасқан»


.Мұғалім:Бұл шұмақтағы айтар ой?




Оқушылар Қазақ жерінен ғарышға шыққан ғарышкерлер туралы әңгімелейді.

Топтық

талдау

1-топқа тапсырма:Кешегі қазақ

2топқа тапсырма:-Бүгінгі қазақ

3-топқа тапсырма:Ертеңгңі қазақ

Оқушылар топтар бойынша өз ойларын баяндайды.

Он екінші шұмақ (қортынды)

«Сен-Қазақсың!

Қазақ едің туғанда!

Онда,Дүние тағлымынан үлгі ал да,

Ата жұрттан,ана тілден айырылма,

Төбеңде күн,төменде жер тұрғанда!»

Осындай керемет өлеңді өмірге әкелген Күләш Ахметова 1946 жылы 25сәуірде Қырғызстанның Талас ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Бұлақтағы жұлдыздар», «Сен менің бақытымсың»т.б. жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері орыс,украйын,башқұрт,қырғыз тілдеріне аударылған.











Т.Рысқұлов атындағы шағын орталығы бар №9 жалпы білім беретін орта мектеп








ашық сабақ





Тақырыбы:

«Сен қазақсың» өлеңін тарихи тұрғыдан талдау




Сыныбы: 11

Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Долқын Құрманбек









2015-2016 оқу жылы


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров119
Номер материала ДВ-257493
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх