Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Поурочный план по биологии на тему: "Ішкі секреция бездері "

Поурочный план по биологии на тему: "Ішкі секреция бездері "



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Iшкі секреция бездері (8 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, негізгі атқаратын қызметтерімен таныстыру. Қызметінің бұзылу себептерін талдау.
Дамытушылық: талдау, салыстыру, қорытынды шығара білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: гигиеналық, эстетикалық тәрбие беру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Мұғалімнің сөзі
2. Тірек - сызбамен жұмыс
3. Электронды оқулықпен жұмыс
4. Бекіту
Эндокринді бездер деп сөлін жасуша арқылы лимфа мен қантамырларына шығаратын бездерді айтады. Мида эпифиз, гипофиз, гипоталамус ядролары, мойында және кеуде қуысында қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер, іш қуысында ұйқы және бүйрек үсті бездері, жамбас қуысында жыныс бездері орналасқан. Гормон көп бөлінетін болса – гиперфункция, аз бөлінетін болса - гипофункция. Бездер гуморальдық жолмен реттеледі.

Эпифиздің салмағы 0, 2 - 0, 4г. Ми сауытында, орталық мида, екі жоғары төмпешіктердің үстінде орналасқан. Бездің жасушасы гонадотропин гормонына қарсы гормон жасап шығарады. Бұл гормон гипофиздің жыныс гормонын бала жыныстық кәмелетке жеткенге дейін тоқтатып тұрады. Сонымен бірге зат алмасудың барлық түріне әсер етеді.

Гипофиздің салмағы – 0, 5 - 0, 6 г, ені 10 - 17 мм, ұзындығы 5 - 10 мм. Самотроп гормоны жетіспегенде гипофизарлық нанизм ауруы пайда болады. Бұл ауруда баланың бойы өспейді, бірақ ақыл есі дұрыс болады. Тиреотроп гормоны қалқанша бездің гормонын реттейді. Гонадотроп гормоны жыныс бездеріне әсер етіп, жыныстық жетілуіне, аналық бездердің фолликулаларына, жұмыртқа жасушасының жетілуіне, сүт бездерінде сүттің пайда болуына, еркектерде сперматогенездің жетілуіне әсер етеді.
Артқы бөлігі
вазопрессин, окситоцин деген гормон бөледі. Вазопрессин қан тамырларын тарылтады, бүйректің түтікшелерінде судың қайта денеге соруын реттейді. Вазопрессин гормоны көп болса зәрдің тәуліктік мөлшері кемиді. Окситоцин жатырдың бұлшық етінің жиырылуына, сүттің пайда болуына әсер етеді. Артқы бөлігі меланотропин гормонын бөледі. Екіқабат кезінде осы гормонның көбеюінен бетте дақтар пайда болады.
Қалқанша бездің салмағы ересек адамда 30 - 50г. Мойынның алдыңғы жағында, көмекейдің қалқанша шеміршегі мен кеңірдектің 2 - 4 сақинасының алдында орналасқан. Қалқанша бездің гиперфункциясында тиреотоксиоз немесе «базедов ауруы» пайда болады. Мұнда зат алмасу күшейеді, тамақты көп жесе де азаяды, көзі шарасынан шығады, тез ашуланып, тез жылайды, тахикардия пайда болады. Гипофункциясында микседема ауруы пайда болады. Мұнда зат алмасу төмендейді, ісік пайда болады, дене қызуы төмендейді. Есте сақтауы әлсіреп, қан қысымы кемиді, шашы түседі, даусы өзгереді. Қалқанша бездің гипофункциясы 3 - 4 жастағы балада кездесетін болса кретинизм пайда болады.
Қалқанша маңы бездерінің салмағы 0, 1 - 0, 5г. Паратгормон денедегі кальций және фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Олардың қандағы және сүйек ұлпасындағы тұрақты мөлшерін сақтайды. Олардың артық мөлшерінің денеден шығуына әсер етеді. Гипофункциясында кальций сүйектен шығады, оның зәрдегі мөлшері артады. Сондықтан бүйректе, қантамырларында және басқа мүшелерде тастың жиналуына себепші болады, бұл жағдайда сүйек сынғыш келеді. Жүйке, бұлшықеттердің қозғыштығы кемиді, қандағы кальцийдің мөлшері азаяды, тырысу пайда болады.
Айырша бездің салмағы мен көлемі жасқа байланысты өзгереді. 25 жасқа келгенде без ұлпасының көлемі кішірейіп, оның орнын май ұлпасы басады. Без дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған, тармақтар тарап безді екі бөлікке бөледі. Әрбір бөлік Т - лимфоциттер мен тор іспетті өсінділері бар кілегей ұлпасынан тұрады. Бұл без иммунитеттің орталығы және қан жасап шығарушы мүше. Гормоны тимозин қан жасап шығаруға, көмірсу, кальций, фосфор алмасуына, дененің өсуіне әсерін тигізеді.
Ұйқы безінің ішкі секрециялық паренхимасында, көбі ұшында а және в жасушаларында орналасқан, а жасушалары глюкагонды, в жасушалары инсулинді синтездейді. Екі жасуша көмір алмасуына әсер етеді. Егер в жасушалар инсулинді жеткіліксіз бөлмесе, онда гликоген глюкозаға айналып, қандағы глюкозаның мөлшері көбейеді. Дені сау адамның қанында глюкоза мөлшері 4, 44 - 6, 60 моль/л немесе 80 - 120 г. Егер инсулин көп бөлінетін болса, онда қандағы глюкоза бауырда, бұлшық еттерде глюкоген қоры болып жиналады.

Секреция бездері
Гипофиз ----------------- Экзокринді
Эпифиз ------------------ Тері бездері
Ұйқы безі --------------- Май бездері
Бүйрек үсті безі ------- Жас бездер
Айырша без ------------ Сілекей бездер
Қалқанша без ---------- Бауыр
Қалқанша маңы безі -- Қарын

Жыныс безі ------------- Ішек бездер




Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» – ішкі, «сrino» – бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. 
 
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
 
 Гормондар (гр. «һоrmae» – қоздырамын, козғалыска келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» – асты, төменгі жағы, «tаlаmое» – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар – нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат 
 5-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон —- Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин —- Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон —- Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) —- Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин —- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді
 
 алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте). 
 
Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;
 
 
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
 
 
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
 
 4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді. 
Гипофиз (гр. «һурорһу
sіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. 
Қызметі
: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді
 
2)
нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді
 3)
жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді
 4)
сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді
 5)
бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;  
6)
кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды
 
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ – меланиннің түзілуін күшейтеді. 
 Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте). 
 Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады. 
 Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» – аяк-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді. 
 Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі. 
 Ергежейлілік (гр. «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы). 
 Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады. 
 Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады. 
 Эпифизпішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров163
Номер материала ДВ-323376
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх