Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Поурочный план по биологии на тему "Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны" (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Поурочный план по биологии на тему "Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны" (8 класс)

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Сынып:8 А Сабақ№59

Пән: биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ЖЖБА туралы мағлұмат беру және сақтану жолдарымен таныстыру арқылы білімдерін толықтыру. Тұқым құалайтын, туа біткен, жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты тіршілікті тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа,трексызба, тапсырмалар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақты игеру.

ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН ЖҰҚПАЛАР (ЖЖБЖ). ЖИТС (СПИД; жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) — организмнің иммундық жүйелері зақымданатын ауыр ауру. ЖИТС қоздырғышы — вирус.

  1. ЖЖБЖ қалай жұқтыруға болады?

Инфекция – жыныстық жолдар, қан арқылы, құрсақтық жолмен беріледі. ЖЖБЖ қоздырғыштарының берілу жолдары ортақтығының арқасында инфекциялар бірлесуі мүмкін, мысалы, хламидиялар көбіне гонококктармен, трихомонадалармен, уреаплазмалармен, гарднереллалармен және т.б. бірігіп жүреді.

  1. Адам немесе серіктес ЖЖБЖ жұқтырғанын қалай білуге болады?

            ЖЖБЖ белгілері келесі: жыныс жолдарындағы іріңді немесе бұлдыр шырышты шығындылар, жыныс мүшелері аймағындағы қышыну, жыныс мүшелерінде және ауыз қуысының шырышты қабаттарындағы ойық жаралар немесе эрозиялар, жиі, ауырсынулы зәр шығару, денедегі бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Алайда ауру белгілерінің болмауы серіктесіңнің дені сау екендігін айқындамайды, өйткені, көптеген ЖЖБЖ аз симптомды немесе симптомсыз өтуі мүмкін.

  1. Қандай ЖЖБЖ түрлері болады?

ЖЖБЖ-дың барлық түрлері әртүрлі микроағзалармен шақырылады, сондықтан бактериалды ЖЖБЖ (мерез, соз, бактериалды вагиноз), жасуша ішілік қоздырғыштармен шақырылатын ЖЖБЖ (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз), вирусты ЖЖБЖ (АИТВ, жыныс мүшелерінің герпесі, цитомегаловирусты жұқпалар, кантагиозды моллюкс, үшкір ұшты кандилломалар), паразитті ЖЖБЖ (қасақтық педикулез), саңырауқұлақтық ЖЖБЖ (кандидоз) болады.

  1. ЖЖБЖ-на тексерілу үшін қандай жерлерге қаралу керек?

Тері-венерологиялық диспансерлерге, гинеколог немесе уролог дәрігерлерінің бөлмелеріне көрінуге болады. Тері-венерологиялық диспансерлерде ЖЖБЖ-ын анонимді тексеру бөлмелері болады.

  1. ЖЖБЖ-нан емделу барысында жыныстық байланысқа түсуге болады ма?

Жоқ. ЖЖБЖ-нан емделіп айыққаннан кейін және қорытынды лабораторлы зерттеулерді өткеннен кейін ғана жыныстық қатынасқа түсуге болады. Жыныстық қатынас кезінде емдік шаралар қоздырғыштарды жұқтырудың алдын алмайды.

II.ТЕМЕКІ ШЕГУ. ЕСІРТКІЛЕР. АЛКОГОЛЬ.

1. Алкоголь организмге қалай әсер етеді?

Алкоголь жас организмге зиянды әсер етеді: жүйке жүйесін қоздырады, нәтижесінде масаңсу (эйфория) жағдайы туындайды. Жасөспірімнің ми ұлпасы ересектерге қарағанда суға бай, ал ақуызға аздау болады. Суда алкоголь тез еріп, организммен сіңіріліп, у секілді әсер етеді. Сонымен бірге ол рефлекстерді бұзады, назарын және қашықтықты бағалау қабілетін төмендетеді. Алкогольді мөлшерден тыс қабылдау өңеш, асқазан және ішек жолдарына әсерін тигізеді – олар арқылы алкоголь мүшелер мен ұлпаларға еніп, зардабын тарттырады. Ол бауыр, ми және жүйке жүйені зақымдайды. Тері майда әжімдермен қапталып, жылдам әрің кете бастайды, бұлшық еттер босаңсып, етеккір циклі бұзылады.

Есірткі ерте заманнан қолданылып келе жатқан дерт. Ең алғаш рет есірткінің зиян екенін шығыс ғұламасы Әбуали ибн Сина жазып кеткен.

Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер - адам психикасының жағдайын, көңіл – күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ляззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады.

Есірткінің түрлері де сан алуан:

IY. Жаңа сабақты бекіту.

ТАПСЫРМА № 4

«Ой толғау»

Оқушыларға «Егерде мен денсаулық сақтау министрі болсам . . . » атты 5-6 сөйлемнен құралған ой толғау береді.

Негізгі ұғымдармен жұмыс істеу.

Негізгі ұғымдарды беру: Даун синдромы, Шезофрения, Гемофилия, Дальтонизм, ЖИСТ, Мерез, Соз, Темекі, Есірткі, Ішімдік.

Даун синдромы-Синдром Дауна-Down's syndrome

Шезофрения-Шезофрения-Schizophrenia

Гемофилия-Гемофилия-Hemophilia

Дальтонизм-Дальтонизм-Colorblindness

ЖИТС(Жүре пайда болған иммундық тапшылығы синдромы)-СПИД-Acquired immune deficiency syndrome

Мерез-Мерез-Merez

Соз-Гонорея-Gonorrhea

Темекі-Сигареты-Cigarettes

Есіртке-Наркотики-Drugs

Ішімдік-Алкоголь-Alcohol


Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді

Үйге тапсырма. Оқу, біліміңді тексер, Әр бір оқушы өз ойларын сұрақтарын жазып келу.

YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау.



Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров132
Номер материала ДБ-068487
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх