Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Поурочный план по букварю на тему "К дыбысы мен әрпі" на казахском

Поурочный план по букварю на тему "К дыбысы мен әрпі" на казахском

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Пәні: Сауат ашу

Сабактың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Сабақтың міндеті:
1. К к дыбысыынң орнын анықтату, К әрпінің артикуляциясын меңгерту
2. Дидактикалық құралдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөздерді буынға бөлуге, сөйлем ойлауға үйрету.
3. Байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, ойын, көрнекілік, сұрақ – жауап, сергіту сәті
Көрнекілігі: к дыбысының баспа түрі, жазылу үлгісі, алфавит, суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
1) Оқушылармен амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
- Сәлеметсіз бе!
2) Сабаққа дайындау
- Оқулықтарының, дәптерлері мне қаламдарының түгел болуына назар аударту
3) Сабаққа назар аудару
II. Өткен сабақты пысықтау
Мақсаты:
Өтілген әріпті, жазылу үлгісін еске түсіру, қайталау, бекіту
Атауында е дыбысы бар сөздерді сұрау (оқулықтан тыс)
Есек, ешкі, елік, емен, немере, есік, төмен, дәптер, т.б.
III. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Оңға – солға иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табамыз.
IV. Жұмбақтар
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын дамыту; жаңа әріппен таныстыру алғышартын жасау
1) Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
(кітап)
2) Бейбітшілік құсы деп
Атайды оны барша жұрт
(көгершін)
3) Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп
 
(күн)
V. Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты: К к дыбысы туралы толық мағлұмат беру; жазылу үлгісімен таныстыру
1) К к дыбысымен таныстыру
Мақсаты: К дыбысы туралы толық мәлімет беру

- Оқушылар, шешкен жұмбақтарымыз қандай дыбыстан басталады?
- (Күн, көгершін, кітап) К дыбысынан
- Дұрыс таптыңдар. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз К к дыбысы мен әрпі.
- Бәріміз К деп айтып көрейікші. Қалай айтылады екен?
- Таңдаймен, тоқтап, созылмайды.
- Демек к дыбысы дауыссыз дыбыс екен.К к дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кезедеседі: мысалы кеме сөзінде сөздің басында, мереке деген сөздің ортасында, шелек деген сөздің соңында келіп тұр.
 
2) К к әрпінің жазылуымен таныстыру
Мақсаты: К әрпінің жазылуы, басқа әріптермен байланысуын меңгерту
К к әрпі 2 тармақшадан тұрады: Бас әрпі жоғарыға қарай қысқа сызықша секілді жазылып, шұғыл төменгі жолға жетеді. Содан соң солға иіліп, сопақша шеңбер жасап, оң жаққа жоғары көтеріліп иіледі. Жол ішінде екінші тармақшасы иректеліп салынады.
Сөз ішінде басқа әріптермен жазылуды үлгі парақша бойынша жазып көрсету
VI. Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: к дыбысы бар сөздерді буындап, тұтас оқуға жаттықтыру
1) Суретпен жұмыс
Мақсаты: Дұрыс сөйлем құрауға үйренуге жаттықтыру
Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрай отырып, ойын толық жеткізуге жаттығады. Мысалы. Кеме теңізде жүзеді. Көбелек гүлден шырын жинайды.
2) Оқулықтағы сөздермен жұмыс
Мақсаты: жекелеген сөздерді буындап, тұтас оқуға жаттықтыру, сөздегі к дыбысының орнын анықтату
Ке ме те рек ме ре ке ке бе же
Ке се ше лек бе ре ке те ке мет
- К дыбысы басында естіліп тұрған сөздерді анықтату
- К дыбысы ортасында естіліп тұрған сөздерді анықтату
- К дыбысы соңында естіліп тұрған сөзді анықтату
VII. Топпен жұмыс
1 – қатар. Оқулықта берілген 2 буынды сөздерге дыбыстық талдау жасау (ауызша)
Мысалы: кеме – 7 дыбыс, 7 әріп, 2 буын
2 – қатар: 3 буынды сөздерге дыбыстық талдау жасау (ауызша)
Мысалы: кебеже – 6 дыбыс, 6 әріп, 3 буын
3 - қатар: к дыбысы бар оқулықтан тыс сөздерді тауып айту
VIII. Ойын «Шынжыр»
Мақсаты: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамыту
Мұғалім к дыбысынан басталатын сөз айтады. Келесі оқушы сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз айтады. Ойын осылайша әрі қарай жалғасады. Бұл ойын оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамыта отырып, еске сақтауын тексереді.
Мысалы: кебеже – есік – кітап – парта – ара - ...
 
IX. Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: мәтінді сауатты оқуға төселдіру, ішінен к дыбысы бар сөздерді тауып айту арқылы байқампаз болуға тәрбиелеу
- «Кеме» мәтінін оқыту
Болат ойыншық кеме жасады. Кеме суда ағып бара жатты. Суға батқан құмырсқа оған жабысты. Кеме су жағасына тоқтады. Кұмырсқа жағаға шықты.
- К дыбысы бар сөзді таптыру. (Кеме)
- Осы сөзді қатыстырып басқа сөйлем құрастырту
X. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: оқушының көркем, әдемі, сауатты жазуын қалыптастыру
- К к әрпінің жазылуын алдымен ауада жазып, қолды жаттықтыру
- К бас әрпін толтыру
- К кіші әрпін толтыру
XI. Қорытынды
- Біз қандай дыбыспен таныстық?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Мадақтау


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров106
Номер материала ДВ-309875
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх