Инфоурок Информатика КонспектыПоурочный план по информатике на тему "Сурет үзінділерімен жұмыс" (5-класс)

Поурочный план по информатике на тему "Сурет үзінділерімен жұмыс" (5-класс)

Скачать материал

Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы

 

«Сурет үзінділерімен жұмыс»

 

(ашық сабақ)

 

PAINT
«Тапқыр информатиктер» білім сайысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі

                                                                                  А.А.Садыкова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: Сурет үзінділерімен жұмыс (практикалық жұмыс)

Сабақтың мақсаты:

-         Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру. Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету.

-         Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

-         Оқушыларды нақты бір іс-әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету.

Сабақтың түрі: жаттықтыру, практикалық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, бағалау смайликтері

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- сәлемдесу

- оқушыларды түгелдеу

- қауіпсіздік ережесін сұрау

- психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(оқушыларға бүгінгі сабақтың қай тақырып аясында болатынын білу үшін сөзжұмбақ беріледі)

 

C

 A

P

S

***

L

O

C

K

 

 

 T

A

B

 

 

S

 H

I

F

T

 

 

N

U

M

***

L

O

C

K

E

 N

T

E

R

 

 

1.     Бас әріптерді қосатын перне?

2.     Меңзерді бір позициядан басқасына ауыстыратын перне?

3.     Сөздегі әріпті бас әріппен жазу үшін қолданылатын перне?

4.     Сандарды іске қосатын перне?

5.     Меңзерді жаңа жолға (абзац) ауыстыратын перне?

 

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақ қай тақырып төңірегінде өтеді екен?

Оқушылар: Paint графикалық редакторы

Мұғалім: Ал, ендеше осы тақырып бойынша өткенімізді еске түсіріп алайық.

1.     Графикалық редактор дегеніміз не?

2.     Графикалық редакторды қалай іске қосамыз?

3.     Paint  не үшін арналған программа, оның қазақша аударғандағы мағынасы қандай?

4.     Графикалық редактордың құралдарын ата.(оқушылар ұяшық таңдау арқылы гарафикалық құралдарды атайды)

 

1-ұяшық:    Өшіргіш                             6-ұяшық: Қарындаш

2-ұяшық:    Тіктөртбұрыш                   7-ұяшық: Құю(заливка)

3-ұяшық:   Сызық (линия)                    8-ұяшық: Көпбұрыш

4-ұяшық:    Қылқалам (кисть)              9-ұяшық: Қисық сызық (кривая)

5-ұяшық:    Эллипс                               10-ұяшық: Түстер палитрасы

 

Мұғалім: Ендеше барлығын еске түсіріп болсақ келесі практикалық жұмысымызға кірісейік.

ІІІ. Негізгі бөлім

Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді.

-         Тіктөртбұрышты бойынша белгілеу үшін - батырмасы қолданылады;

-         Кез-келген аймақты бөліп алу үшін – батырмасы қолданылады.

Ерекшеленген үзінділерге келесі амалдарды қолдануға болады:

1)    Мөлшерін өзгерту

2)    Орнын алмастыру

3)    Тазалау

4)    Түстерін өзгерту

5)    Көшіру

 

1-    Тапсырма

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді.

                                               (Бағдаршам)

                              

1.     Paint  графикалық редакторының терезесін ашыңыз.

 Пуск----Все программы----Стандартные----- Paint

2.     Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып бағдаршамның суретін сал.

3.     Салынған суретті сақтаңыздар. Файл---Сохранить как----ОК

 

2-тапсырма

Тоғайда оны көргенде

Таң қалдым мен түріне

Жапырақтай жап жасыл

Созылады жүргенде

Құстар әуес өзіңе

Айтыңдар бұл не?    (шұбалшың құрт)

 

1.     Paint  графикалық редакторының терезесін ашыңыз.

 Пуск----Все программы----Стандартные----- Paint

2.     Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып бағдаршамның суретін сал.

3.     Салынған суретті сақтаңыздар. Файл---Сохранить как----ОК

 

Мұғалім: Ал енді балалар, орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

(Сергіту сәті орындалады, қол, көз жаттығуларына байланысты)

 

3-тапсырма

1.     Paint  графикалық редакторының терезесін ашыңыз.

 Пуск----Все программы----Стандартные----- Paint

2.     Paint графикалық редакторы терезесінде Файл----Открыть  командасын орындап Табиғат суретін ашыңдар. Суреттегі дұрыс салынбаған үзінділерді кетіріп тастаңдар.

3.     Дұрысталған суретті сақтаңыздар. Файл---Сохранить как----ОК

 

 

ІV Сабақты бекіту (Сабақ тест сұрақтары арқылы бекітіледі. Оқушылар тест орындау кезінде, олардың салған суреттері интерактивті тақтада көрсетіледі.)

 

V Үйге тапсырма. (берілген тақырыптар бойынша оқушылар үйден сурет салып келуі тиіс. «Анама сыйлық», «Қыс» «Жаз» «Менің елім», «Көктем», «Күз», «Менің мектебім»

 

VI. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды жинаған смайликтарына байланысты бағалау

 

VІІ Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы бойынша

информатика пәнінен «Сурет үзінділерімен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткендігі туралы анықтама

 

Қаңтар айында 5-сынып оқушыларына информатика пәнінен «Сурет үзінділерімен жұмыс»  тақырыбында ашық сабақ оздырылды. Ашық сабақтың мақсаты Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру. Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру. Оқушыларды нақты бір іс-әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету. Сабақ жаттықтыру, практикалық түрде өтті. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері еске түсірілді. Одан соң сабақтың қай тақырып төңірегінде өтетіндігін білу мақсатында сөзжұмбақ жасырылды. Сөзжұмбақ сұрақтары пернетақта пернелерінен қойылып, шешу барысында «Paint» сөзі шықты. Содан кейін сабағымызға күнннің шуағын, аспанымыздың ашығын, гүлдердің әдемілігін сыйлау мақсатында оқушылар алдыңғы сабақта осы графикалық редакторда салған суреттерін тақтаға ілді. Содан кейін оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар сабақтың негізгі бөлімі практикалық жұмыста да оқушылар белсенділіктерімен, шапшаңдықтарымен көзге түсті.  Практикалық тапсырмалардаң соң оқушылардың бойын сергіту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылды. Сабақ тест сұрақтары бойынша бекітіліп, үйге тапсырма берілді. Сабақта сұрақтарға жауап беруіне және практикалық жұмысты орындауларына байланысты оқушылар бағаланды.

Оқушылар бұл ашық сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын көрсете алды. Графикалық редактордың құралдарымен жұмысты жақсы орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

 

 

 

 

Информатика пәнінің мұғалімі                       А.А.Садыкова

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по информатике на тему "Сурет үзінділерімен жұмыс" (5-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 248 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 840
    • DOCX 34.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Асель Аликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Асель Аликовна
    Садыкова Асель Аликовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11812
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 296 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе