Инфоурок Информатика КонспектыПоурочный план по информатике на тему"Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары."

Поурочный план по информатике на тему"Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары."

Скачать материал

Сыныбы:       ___________                 Күні:         _____________

Мұғалімі:                                            Тексерген:   

 

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі,  Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;

Дамытушылық:  Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Сабақтың түрі:               теориялық сабақ

Сабақтың барысы:        1.Ұйымдастыру

                                  2.Үй тапсырмасын тексеру

                                  3.Жаңа сабақты түсіндіру

                                  4.Сабақты бектіу

                                  5.Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар

* Exel-де баспаға шығару қанша кезеннен тұрады?

* Exel-де қанша бағана және жолақ бар?

* Exel-де файлдар қандай типті кенейтілімде сақталады?

* Exel-де қандай, қанша кестелік диаграмма бар?

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік желінің негізгі түрлері

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегенімізресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.

Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.

Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.

Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық  кеңістікті Интернет деп атайды.

Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.

Жергілікті желілер

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.

Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Коммутатор  мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі),  яғни тең дәрежелі желі.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:

1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.

2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

- ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;

- бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

- электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

- желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

 - Интернетке қосылу мүмкіндігі.

Ортақ  деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.

 

Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000 Professional операциялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерг желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде  DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады.

Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.

Хаттама (протокол) – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы.

Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін  TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet   Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған  Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.

Сабақты бекіту сұрақтары

*Компьютерлік желі дегеніміз не?

*Жергілікті желінің қызметі қандай?

*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

*Шлюз деп нені атайды?

*Желілік құрылғыға не жатады?

*Желілік адаптердің қызметі қандай?

*Интернетке қандай анықтама беруге болады?

 

Үйге тапсырма: 8.1 – 8.3 тақырыптарды оқу.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по информатике на тему"Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 687
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рамазанов Ақылбек Қанатұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рамазанов Ақылбек Қанатұлы
    Рамазанов Ақылбек Қанатұлы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3753
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 970 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 296 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе