Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Поурочный план по информатики "Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі" (5 класс)

Поурочный план по информатики "Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі" (5 класс)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты:

1.Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің

құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

3. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?

Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.

Дербес компьютерлердің архитектурасы –бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.

Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.

Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.

Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Компьютердің өнімділігіне не әсер етеді?

  2. Шина дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

  3. Контроллер дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

Үйге тапсырма: §4.2. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.Оқушыларды бағалау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров81
Номер материала ДВ-479363
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх