Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Поурочный план по историй

Поурочный план по историй

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Асылканова Г.Қ.

Тарих пәні мұғалімі

ШҚО, Семей қаласы

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

Семей қаласы, екінші санат, қазақ тобы.


САБАҚ ЖОСПАРЫ №2


Сынып: 7 «қ»

Күні:2013

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы

Қазақ хандығының қалыптасуы.

Сілтеме

7-сынып оқулығы, Жолдасбаев Сайден,Садықов Тоқмұхамед, әдістемелік нұсқаулық

Мақсаты

- Қазақ хандығының өзіндік ерекшеліктерімен, Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы әсері туралы түсінік беру.

-Оқушылардың ойлау мен ойлану дағдыларын, өздігінен білім алу, танымдық қабілетін жетілдіру, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға жетелеу.

-Ойлауға және іс-әрекетке, топта жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Қазақ халқның этносаяси қалыптасуының,орта ғасырлық этникалық өзгерістер әсері туралы түсінік алады.

Білімді өз беттерімен меңгереді.Бірін-бірі тыңдауға,сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Интерактивті, СТО, ақпараттық технологияларына негізделген сабақ

Көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта,оқулық,карталар

Әдіс-тәсілдер

Джиксо әдісі,жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау

Кезең

Берілетін уақыт (45мин)

Мұғалімніңәрекеті

Оқушы әрекеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

(3 мин)

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларды туылған жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу. Топ ережесін сақтау.

Бағалау парағын тарату.Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру

(2 мин)

Тест жұмысын жазғызу.Оқушылар жанындағы жұбының жауабын тексеріп бағалайды.Ал оқушы бағалау парағына жұбының қойған бағасын қояды.

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

«БІЛУ» теориясы:

Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?

(5мин)

«Миға шабуыл»

(Интерактивті тақтадан қазақтың көңіл толқыныкүйінің дауысын шығарып қою).

-Осы дыбыс көз алдарыңызға нені елестетті?


Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

-Қалай ойлайсыздар,неліктен бұл тақырыпты оқимыз?

-Осы сабақтан нені білгілеріңіз келеді?


Оқушылар көзалдарына елестеген бейнені кезек-кезек суреттеп айтып береді.



Оқушылар сұраққа жауап беріп,сабақтың мақсатын анықтайды.

«ТҮСІНУ» теориясы:Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?

(8 мин)

«Қызығушылықты ояту»

Джиксо әдісі бойынша оқушыларды туылған жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөліп отырғызам да, мәтінді оқуға бөліп берем.



Оқушылар тақырыпты оқып болған соң,өз топтарына келуін сұраймын.



Басқа топтан қазақ хандығы туралы не үйреніп келдік?


1-топ Ежелгі заманғы туыстық белгілерін.

2-топ Орта ғасырдағы этникалық өзгерістерін.

3-топҚазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуын оқиды,әр топ топта талқылап,бір-біріне түсіндіреді.


Өз тобына келген оқушылар басқа топтан не үйреніп келгендерін өз тобындағы оқушыларға айтып,түсіндіріп береді.


Әр топтан бір оқушыдан түсінгендерін айтып береді.

«ҚОЛДАНУ» практикасы:

қарапайым тапсырмалар

(5 мин)

«Теңізде жүзу саяхаты»

ойынын ойнату.Номенклатура беру.

Картадан Хандықтың алғашқы құрылған кездегі айтылған жерлерді тауып,топ мүшелері ақылдасып,ішінен бір оқушы интерактивті тақтаға жазады.

«ТАЛДАУ» теориясы:

Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек

(7 мин)

Карта және кескін картамен жұмыс.


ВЕННдиаграммасыарқылы Қазақ хандығы мен Әбілқайыр хандығын салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтау. (Венн диаграммасын интерактивті тақтада толтыру)


Оқушылар кескін картаға Қазақ хандығының таулы,жайлауларын,қырғызбен шектесетін жерлерін кескін картаға түсіреді.


ВЕННдиаграммасыарқылы Қазақ хандығы менӘбілқайыр хандығынсалыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтайды.

Сергіту сәті

(2 мин)

«Картоп егу» ойыны. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрады. Бір-бірінің арқасына қарап тұрады. Далаға шықтық, күн жарқырап тұр, қолымызға күрек, тырмауыш алып бақшаға барып, жерді өндейміз, енді жерді қазып картопты егеміз. Жаңбыр себелеп жауып кетті. Үйге барып, демаламыз. Күн жарқырап шығып тұр, картопты түптеп, суғарамыз. Уақыты келіп, бақшаға барып картопты қазып аламыз. Демалдық па?


«ЖИНАҚТАУ» теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде

(10 мин)


Топтастыру арқылы Қазақ хандығының ұлттық мемлекет болып құрылуын анықтату.






Керей мен Жәнібек (1465-1466)

Қазақты біріктірді

Моғолстан ханы Есен-бұға

Батыс Жетісу жері Қозыбасыда

Ұрыс ханның ұрпақтары

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылылуының алғышарттары.


«БАҒА БЕРУ» практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?

(3 мин)

-Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай жағдайда еді?

-Неге Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алды?

-Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды?

Қорытынды:

-Балалар, бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?


Оқушылар өз-өздерін бағалаған бағалау парағы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма: §36. «Қазақ хандығының құрылуы»

«Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы» туралы тұсаукесерлер дайындау.

-Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.

-Моғолстан ханы Есен-бұға ХҮғасырда Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

-Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б.тайпалар болады.

Оқушылар смайликтер көтеру арқылы сабақтың ұнаған,ұнамағанын білдіреді.


Кері байланыс


Күнделіктеріне жазып алады.













Ашық сабақтан көріністер C:\Users\гульнур\Desktop\Новая папка (4)\Фото\20131019_172017.jpgC:\Users\гульнур\Desktop\Новая папка (4)\Фото\20131019_172101.jpg

C:\Users\гульнур\Desktop\Новая папка (4)\Фото\20131019_171918.jpgC:\Users\гульнур\Desktop\Новая папка (4)\Фото\20131019_171301.jpgC:\Users\гульнур\Desktop\Новая папка (4)\Фото\20131019_172239.jpg

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-351343
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх