Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:

Мынау -мектеп

Мектебі:

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдікк нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.4.1.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Өзінің мектебі қандай екенін айта алады, үлкен, кішкентай сөздерін орынды қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады,сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді.


Кейбір оқушылар:

Мектепті басқа да сөздер қатарымен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК,Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады,сурет бойынша оқушылар мектеп,сынып сөздерімен танысады,мұғалім сөйлеу үлгілері бойынша тыңдау,қайталау жұмыстарын жүргізеді.Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.

(Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін сыныптағы оқушылар бі-біріне қою арқылы жаттығады.Сонымен бірге оқушылардың назарын «әдемі» сөзіне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып,есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.

(МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттердің көмегімен мектептерді салыстарады, тапсырма бойынша оқушылар «Мектеп қандай?» деген сұрақ үлгісімен және «үлкен-кішкентай»сөздерімен танысады. Оқушылар топтасып,жұптасып бір-біріне суреттерді көрсету арқылы(алдын ала мұғалім суреттерді дайындап,оқушыларға таратып береді) сұрақ пен жауаптарды дұрыс айтуға дағдыланады.

(Ж) 3-тапсырмада тілдесім әрекеттіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, соның негізінде бір-бірімен сөйлеседі. Диалог арқылы (Мынау не?Мектеп қандай?Сынып қандай?)сұрақ үлгілерін қайталайды. Берілген сұрақтарға жауап беру дағдылары қалыптастырылады.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға «Менің мектебім(сыныбым), Сенің мектебің(сыныбың)» деген үлгілер арқылы тәуелдік жалғауының жекеше түрінің бірінші, екінші жағын түсіндіреді.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі. Жұптасып өзара «Сенің мектебің қандай?»деген сұраққа «Менің мектебім үлкен,әдемі»деп жауап беруге жаттығады.

(ОТ) Мұғалім оқушыларға өз мектебінің суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады (постер жасау).Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды,салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды.

(МК,Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жқмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жқмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:






2-БӨЛІМ: МЕНІҢ МЕКТЕБІМ 2-САБАҚ

Тақырыбы:

Менің сыныбым

Мектебі:

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).

1.2.3.1.Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау,этика нормаларын сақтап жауап беру.

1.3.3.1.Мәтіннің жанрын (өлең,ертегі,жұмбақ,әңгіме және т.б.)ажырату.

1.4.1.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Сыныбының қандай екенін айта алады,сыныптағы заттарды атай алады және олардың түсін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Түстерді сыныптағы зат атауларымен байланыстыра қолдана алады, сыныпты сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

Сыныптағы басқа да заттарды атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар жаңа сұрақ үлгісімен (Сыныпта не бар)және оның жауабымен (Сыныпта тақта бар) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау,қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде тақта сөзінің орнына терезе,парта,есік,орындық,үстел сөздерін қолдануға жаттығады.

(МК) «Есте сақта!» айдарында оқушылар «бар/жоқ» сөздерін орынды қолдануға,сыныпта не бар екенін айта алуға үйренеді.

(Ж) Осы үлгіні жаттықтыру үшін,оқушылар өзара сыныпта бар/жоқ нәрселерді айтып қайталайды.

(МК) 2-тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар сыныптағы заттарды түсімен атай алуға үйренеді.

Оқушылардың жауаптары:

Мынау-үстел.Үстел көк. Мынау-орындық. Орындық қызыл.

Мынау –есік. Есік қоңыр. Мынау – шкаф. Шкаф қоңыр.

Осыдан кейін оқушылар тапсырмада берілген заттар бойынша постерлер дайындайды. Яғни бір заттың суретін салып, оны өзі қалаған түске бояйды да, үйренген үлгі бойынша сөйлейді.


(МК,Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды.Оқушылар мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау не?Сынып қандай?Сынып не бар?Тақта қандай?) жауап бере алу,өзі сұрақ қойып, жауап бере алу.

(ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Ойын сыныптағы бар затты көрсету арқылы немесе заттардың суреттерін таратып беріп,соны көрсету арқылы жүргізіледі.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар «Сыныптағы» деген тақтақты хормен, топпен, жұппен тыңдайды, қайталайды. Осы тақпақпен жұмысты былай жалғастыруға болады: сыныптағы заттарды санауға болады, мысалы, Неше тақта? Неше үстел?Неше орындық? Неше парта? деп оқушылар санап шығуы керек.

(МК,Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жқмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:




2-БӨЛІМ: МЕНІҢ МЕКТЕБІМ 3-САБАҚ

Тақырыбы:

Мен жеті жастамын

Мектебі:

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдікк нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.4.1.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:оқушылар сандарды атайды. Мұғалімнің көмегімен өзінің неше жаста екенін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады. Сөйлеу барысында танысу үлгілерін еркін қолдана алады, жіктік жалғауының қолданысын ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Сен неше жастасың?сұрағына жауап беріп, өз жасын айтады. Берілген сөйлеу үлгілерін түрлендіріп қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

((МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлеу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сен неше жастасың?деген сұрақ және жауап беру үлгісімен (Мен алты жастамын.)танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттығады.

(МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады.Берілген үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: Мен алты (жеті,сегіз,тоғыз,он) жастамын.Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды айтады,екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады,үшіншіден,Сен неше жастасың?сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады.

(МК,Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылар назарын «есте сақта!»айдарына аударады.Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін үйретеді.

Мысалы: Мен жеті жастамын.Сен жеті жастасың.Ол жеті жаста.

(МК,Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады. Ол неше жаста?Осы сұраққа сурет арқылы жауап беруге дағдыландырады.


Оқушылардың жауаптары:

Ол төрт жаста.Ол бес жаста.Ол екі жаста. Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, Оқушылар бұл сөзін қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын меңгереді.

(Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің (Сенің атың кім?Сен неше жастасың?)сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя білу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді.

Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Олар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын сұрайды.

Үлгі:

-Сәлем!

-Сәлем!

-Сенің атың кім?

-Менің атым - ... Сенің атың кім?

-Менің атым - ...

-Сен неше жастасың?

- Мен ... жастамын.Сен неше жастасың?

-Мен жеті жастамын.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі..

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Оқулық.

Аудилдиск:

2.4.1.;

2.4.4.







Сандар жазылған карточкалар.
















1 жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма:2.4.

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жқмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

Тақырыбы:

Кел, қайталайық!

Мектебі:

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдікк нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.5.1.2.Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік,жіктік,септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

1-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

1-бөлімде өткен тақырыптар бойынша тілдесе алады.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

1-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК,Ұ) Бұл сабақта оқушылар 1-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды.

Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады.Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керсінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады.Мұның бір тиімді жағы :оқушылар бір дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды,өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі.

(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.

(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды(өтініш жасайды, амандасады,қоштасады), оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:

1.-Сәлем!

2.-Сенің атың кім?

3.-Бұл кім? (Мұғалімнің қолында бір адамның суреті болуы керек. Олар: ата, әже,мұғалім, оқушы).

4.-Бұл не? (Мұғалімнің қолына бір зат не оның бір суреті болуы керек. Олар : доп, текше, кітап,дәптер, қалам,қарындаш, жейде,шалбар, көйлек, етік, бәтеңке, күрте).

5. Маған кітап(қалам, қарындаш, дәптер,кітап, доп,текше)берші. Бұл заттар мұғалімнің қасында болуы керек. Оқушы оны алып беруі керек.

6. Сенде неше қалам бар?

7. Сенің етігің (көйлегің, шалбарың,жейдең,бәтеңкең) қандай?

8. Сен не киесің?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді.Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(МК,Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім түстерді, киім атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар(ойындар) ұйымдастыра алады.

(Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

-амандасу, қоштасу үлгілерін қолдана алу (Салем! Сәлеметсіз бе! Сау бол! Сау болыңыз!);

-өзінің атын айта алу,басқа біреуден атын сұрай алу (Менің атым.... Сенің атың кім?)

-кім?сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (ата,әже, мұғалім, оқушы);

-не?сұрағына жауап беретін сөздерді (кітап, дәптер, қалам,қарындаш, доп, текше, жейде,шалбар, көйлек, етік,бәтеңке, күрте) атай алу.

-1-ден 10-ға дейін санай алу.

-түстерді ажырата алу, қандай да бір заттың түсін айта алу (Бәтеңке жасыл);

-өзінде не бар екенін айта алу (Менде доп бар? Менде сары доп бар. Менде екі сары доп бар);

-бір нәрсені сұрап ала алу(Маған кітап берші/беріңізші);

-алғыс айта алу(Рахмет!);

-өзінің не киетінін/кимейтінін, оның түсі қандай екенін айта алу (Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл. Мен шалбар кимеймін) дағдылары қалыптасуы қажет.

(МК,Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жқмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жқмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Мен видео ролик қостым. Әліппе бойынша барлық әріптерге мысалдар.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:




























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.10.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров16
Номер материала ДБ-286819
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх