Инфоурок Другое Другие методич. материалыПоурочный план по казахскому языку "Фонетикадан өткенді қайталау" (5-класс)

Поурочный план по казахскому языку "Фонетикадан өткенді қайталау" (5-класс)

Скачать материал

 

 

1.Сабақтың тақырыбы:

Фонетикадан өткенді қайталау 5-сынып

2. Мақсаты:

а) Білімділік: фонетика саласынан алған теориялық білімдерін қайталау және іс-жүзінде қолдану жолдарын табиғат құбылысы арқылы анықтау; ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту;

ә) Дамытушылық: іскерлік белсенділіктерін, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу дағдыларын дамыту, өз-өзіне сенімін бекіте түсіп, ізденгіштікке баулу, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру;

б) Тәрбиелік: оқушы бойына танымдық, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін сіңіру, өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге, елжандылыққа, табиғатты сақтап, қорғауға, көркемдігіне сүйсінуге тәрбиелеу.

3. Сабақтың түрі:

қайталау сабағы (ашық сабақ)

4. Сабақтың әдістері:

сұрақ-жауап, семантикалық карта толтыру, сәйкестендіру, суреттеу, карточкамен жұмыс

5. Сабақтың көрнекілігі:

интербелсенді тақта, табиғат көріністері, құс, аңдар, гүлдердің суреттері, семантикалық карта, карточкалар, орман шуылының дыбысы, күйдің үні, тірек-сызба

6. Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Амандасу; - оқушыларды түгендеу; -оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ Негізгі бөлім

1. Сабақтың тақырыбын ашу

Интербелсенді тақтада табиғаттың көрінісі беріледі де, ондағы шуыл, яғни құстың, аңның, бұлақтың, желдің т.б. құбылыстардың үні естіртіледі. Тыңдағаннан кейін оқушыларға сұрақ қойылады: 1. Нені естідік? 2. Ненің шуылы? т.б. 3. Ендеше бұл табиғатта кездесетін дыбыс пен үн болса, бүгінгі сабаққа бұл дыбыстардың қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар дегенде оқушылар: Біз онда бүгін тілдегі дыбыстарды қарастырамыз деп жауап береді. Яғни фонетика саласы. 4. Фонетика нені зерттейді? 5. Қазақ тіліндегі дыбыстар нешеге бөлінеді? (Д/ты, д/з дыбыстар). 6. Ненің қатысына қарай? (Тақырыпты лентамен шығару) Жақсы. Сабағымызды әрі қарай жалғастырайық!

2. Табиғат көріністерін көру және күйдің үнін естірту арқылы оқушы сезімінде пайда болған ойды 1 сөзбен семантикалық картаға буындап толтыру және буын түрін анықтау

Оқушының мысалы

Ашық буынды

Тұйық буынды

Бітеу буынды

Аралас буынды

1

Кө-те-рің-кі

 

 

 

+

2

Бай-лық

 

 

+

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

3. Фонетикалық талдау

Жазық далада жайқалып өскен әр түрлі гүлдерді көрсетіп, оның табиғат көлемінде алатын орны зор, барлық әсемдік, сұлулық осы гүлдердің бойында екенін айта отырып мынандай сұрақтар қойылады: 1. Қандай гүл ұнайды? Неге? (ұнаған гүлдерін жылжытып, бір шоқ гүл жасап жинайыз). 2. Енді шоқ гүлін не істейміз? (Анаға, апаға т.б. тарту етеміз) Ендеше табиғаттың бар сұлулығын, әсемдігін ана-әжелерімізге сыйлайды екенбіз. 3. Қандай ниетпен? (Гүлдей жайнап жүрсін, тұнжырамасын, қартаймасын деп). 4. Шоқ гүлдерді не себептен жинадық деп ойлайсыңдар? (гүлдердің астында жасырынған тапсырманы орындау үшін). Шоқ гүлдің астында орналасқан тапсырма «гүлдер сөзіне» фонетикалық талдау жасайды да, соңында жауабын тексеруді перденің ашылуы бойынша салыстырады. Орындағаннан кейін алдымен оқушыларды ауызша тексеремін.

1.      Гүлдер
2.      6 әріп, 6 дыбыс
3.      2 д/ты, 4 д/з
4.      Гүл-дер, 2 буын, гүл-бітеу б., -дер – бітеу б.
5.      Гүл-дер 1 тасымал
6.      Г /г/- д/з, ұяң
         ү /ү/- д/ты, жіңішке, қысаң, еріндік
         л /л/- д/з, үнді
         д /д/- д/з, ұяң
         е /ө/- д/ты, жіңішке, ашық, еріндік
         р /р/- д/з, үнді

4. Сәйкестендіру

Алдымен прожектор арқылы аң-құстарды көрсетемін де, олардың табиғат аясында алатын орнын, қай аң-құс ұнайтынын, не себептен деген сұрақтар қойылады. Ал енді бүгінгі сабағымызға байланысты бұл аң-құстарды қалай топтастыруға болады деп сұраймын. (жауабында оқушылар лексикалық тақырыпқа да ауысып, ұшатын және жерде жүретін деп бөлді, кейбіреуі дауыстарына байланысты т.б.). Тапсырма: олардың атауларын құрамындағы д/ты дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай топтастыру (тобына жылжытып апару). Жуан д/ты дыбыстар қатысқан атаулар: аю, қасқыр, торғай, шағала, балық т.б. Жіңішке д/ты дыбыстар қатысқан атаулар: көбелек, бүркіт, түлкі т.б. «Аю» сөзінің құрамындағы «ю» дыбысы бойынша кім айтады?Жуан д/тыларға дауысы жуан атаулар, жіңішке д/тыларға дыбысы жіңішке, естілмес атаулар топтастырылды. Ол жөнінде не айтасыңдар?

5. Лексикалық тақырыпты қорытындылау

Тапсырма: (орындаған тапсырмалар бойынша өзім түйідеймін) Табиғат әлемінің сан қырлы сырлары мен көркем көрініс табатын суреттемелерді күй арқылы тыңдап, әсерлі сезімге бөлендік және ондағы ғажайыптың барлығы - гүлдер әлемі мен онда мекендейтін жан-жануарлар, аң-құстар, ормандағы шуыл, судың сылдырап ағуы, мөлдірлігі т.б. құбылыстар екенін білдік. Енді осындай түйіннен соң әр оқушы өзінің табиғат көркемдігіне деген ой-сезімін 2-3 сөйлеммен жеткізеді. (Табиғат - өте бай, көрікті, бос уақытымызда табиғат аясында демалып....). Ендеше келесі тапсырмамызда орындауда сендердің пікірлеріңді тыңдасақ, ақын-жазушылар табиғат сұлулығын қалай бейнелеген екен, соған көңіл аударайық.....

6. Мәтінмен жұмыс

(карточка таратылады) Тақтада да мәтін берілді: Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у-шуынан, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Сай-салада сылқ-сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем өзінің ғажайып ән-күйімен сенің жаныңды, қиялыңды қуанышымен әлдилейді, құлашыңды көзің жетпес көкжиегіне серметеді. Өзіңді-өзің бұл жалғанда ең бақытты жан сезінесің!
                                                                                                І.Есенберлин

Тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Тақырыбын ата.
3. Құрамынан тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
4. Асты сызылған сөздердің жазылуын есте сақта.

(орындап болған соң асты сызылған сөздермен көру диктантын орындатамын)

ІІІ Сабақты қорыту  Тірек-сызба арқылы фонетика саласын түйіндеу

ІҮ Үй тапсырмасы

1. Ақын-жазушылар шығармаларынан табиғатты суреттеген тұстарынан үзінді жазып, ондағы ойды анықтау. 2. Үзінді құрамындағы буынға бағынбайтын 2 сөзге фонетикалық талдау жасау.

Бағалау

Сабаққа қатысуына қарай, бағалауын айтып отырып, оқушылардың бағаларын сынып журналына қою.

Сабақ аяқталып, оқушылардың сабақтан босағанын ескерту!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по казахскому языку "Фонетикадан өткенді қайталау" (5-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2015 729
    • DOCX 46.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Алия Атакозыовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Алия Атакозыовна
    Ибраева Алия Атакозыовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11540
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе