Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Поурочный план по казахскому языку на тему "Бірікен сөз"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Бірікен сөз"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 4сынып

Уақыты: 15.12.15ж

Кабинет: 312

Мұғалім:Елеусинова Жанат Едигеевна

Сабақтың атауы

Біріккен сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі,оқулық,сабақ жоспары

Сабақтың жабдығы

Интербелсенді тақта,слайдтар.

Жалпы мақсаттар

1.Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып,кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. 2.Ауызша,жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

1.Оқулықтағы жаттығуларды орындайды

2.Шығармашылық тапсырмалармен жұмыстанады

3.Бір-біріне сұрақтар қояды

4.Ізденеді

5.Өмірмен байланыстырады

6.Топтық жұмыс ұйымдастырылады

7.Өз ойын тиянақтай біледі,нақты,толық жауап береді

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Әдіс-тәсілдері

Өзіндік,топтық,жұптық жұмыс,ұжымдық жұмыс,СТО,сұрақ-жауап,әңгімелеу,іздену

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Тәуелсіздік текке бізге келмеген,

Талай бабам қанын төгіп терлеген.

Сонда-дағы қасиетті қазағым,

Төл байрағын дұшпанына бермеген.

Бабалардыңғасыр бойы арманы,

Өткені мен келешегін жалғады.

Желбіреп тұр көк байрағы қазақтың,

Егеменді-тәуелсіздік алғалы.

-Енді алда қандай мереке келе жатыр?

-Тәуелсіздік күні қашан?-Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпақтары мына сендерсіңдер.-Көк туымыз әрдайым  биіктен көріну үшін,біз сабағымызды «өте жақсы» деген бағаға оқып, өз үлесімізді қосуымыз керек.

Олай болса сабағымызды бастайық.

Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын жасауға өз үлестеріңізді қосыңдар Әр топқа гүл үлестіріледі.Гүл күлтелеріне 1-ші түбірін тауып кешегі өткен күрделі сөз жасау.

Өзіміздің ішімізде күрделі сөзден құралған адам аттары бар ма?Аттарыңызды кім қойды,қойылу себебі?

-Оқушылар, күрделі сөздеріміз қалай жасалып тұр?Ереже шығару: 1. Біріккен сөздер қалай жазылады? Қандай мағына береді?





Жеке жұмыс 9-жаттығу Терең ойлау тапс



Топтық жұмыс 12-жаттығу







Терең ойлау тапсырмалары








Екі шумақты екі оқушыға мәнерлеп оқыту



















Сұрақтарға толық жауап беру















8-жаттығу ауызша топпен орындалады

...бұлақ, ...бұлақ, ...сорғыш, ...мұздақ, ...көл, ...көл, ...дәулет, ...аяқ, ...бақа, ...шатыр, ...басы, ...таңба, ...орда т.б





Ай+сәуле,Ару+жан,Әмір+бек,Нұр+ай...





Екі немесе одан да көп түбірден...Екі немесе одан да көп түбірдің бірігуі арқылы жасалады, бірігіп жазылады.Екі,үш түбір бірігіп бір мағына береді.





Біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем ойлап жазу

Аққу Ақмарал балмұздақ Жетіқарақшы

Бұзаубас шаңсорғыш егеуқұйрық шекара

Нүктенің орнына біріккен сөз тауып жазу

Аңдар:............... Өсімдіктер:..................

Құстар:.............. Жер-су аттары:..............



Слайдтан ребус шешу































































Мағынаны тану


Сергіту сәті

Жұмбақ шешу:

Тастамайды бір елі
Үйін сүйреп жүреді (тасбақа)
Сақталар терген олжасы
Алқымында бар дорбасы (бірқазан)
Сөздікпен жұмыс: Олжасы - тапқан пайдасы Алқымында - тамағында
Тұрамын үш түбірден
Ең алғашқы түбірім - "қос" сөзінің мәндесі
Ал екінші түбірім - ол адамның мүшесі
Ал үшінші түбірім - онсыз болмас ас дәмі.
(Екі+бас+тұз)




Жауабы біріккен сөз болатын жұмбақтарды терең ойлау арқылы шешеді

Ой толғаныс

Постер қорғау

Топ бойынша тәуелсіздіктің нышандарының суретін салып,мәлімет беріп,қорғау.Шығармашылығы, терең ойлауы дамиды

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,сөзжұмбақ,ребус құру,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Оқыту үшін және оқуды бағалау

 Оқушылар бағаланады

Кері байланыс

Мен бүгінгі сабақта не үйрендім?

Мен үшін не маңызды болды? Ол несімен маңызды болды?

Не қызықты болды? Несімен қызықты болды?

Мені сабақта не таң қалдырды?

Маған не қиын болды? Ол қиындықты қалай шешемін?


10-жатт ауызша талдап,кемпірқосақтың суретін салып,бояп ,кері байланыс береді.








Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров111
Номер материала ДВ-386017
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх