Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПоурочный план по казахскому языку на тему ": Дауыссыз қ мен ғ, к мен г."

Карточка «Қ» дыбысы мен әрпі, №2

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
1335
9
07.10.2024
«InfoLesson»‎
«Қ» дыбысы мен әрпіне арналған карточкада, оқушылар берілген әріпті тірек нүктелер мен көрсеткілер арқылы жазып үйренеді. Дыбыстық талдау жасайды. Соңында әріптік диктант жазады. Диктанттың көмегімен оқу бағдарламасына сәйкес «А», «Р», «Л», «У», «Н», «С», «О», «Т», «Қ» әріптерін қайталайды. Әдемі және жарқын иллюстрациялар мен тапсырмалар, мектепке дейінгі балалардың әріптерге деген қызығушылығын оятып, оқушылардың назарын тапсырмаларға аударады. Барлық материалдар «Әліппе» жұмыс дәптерінде біріктірілген. 32 тақырыптан тұратын жұмыс дәптерін төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://infolesson.kz/magazin-materialov/rabochaya-tetrad-%D3%99l%D1%96ppe-dlya-detej-5-7-let-331244?m-message-key-id=5039527988129300480&m-message-click-id=e2172284-0830-411d-9757-8e5837a263ed&utm_source=mindbox&utm_medium=email&utm_campaign=150824#preview

Краткое описание методической разработки

«Қ» дыбысы мен әрпіне арналған карточкада, оқушылар берілген әріпті тірек нүктелер мен көрсеткілер арқылы жазып үйренеді. Дыбыстық талдау жасайды. Соңында әріптік диктант жазады. Диктанттың көмегімен оқу бағдарламасына сәйкес «А», «Р», «Л», «У», «Н», «С», «О», «Т», «Қ» әріптерін қайталайды.

Әдемі және жарқын иллюстрациялар мен тапсырмалар, мектепке дейінгі балалардың әріптерге деген қызығушылығын оятып, оқушылардың назарын тапсырмаларға аударады.

Барлық материалдар «Әліппе» жұмыс дәптерінде біріктірілген. 32 тақырыптан тұратын жұмыс дәптерін төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://infolesson.kz/magazin-materialov/rabochaya-tetrad-%D3%99l%D1%96ppe-dlya-detej-5-7-let-331244?m-message-key-id=5039527988129300480&m-message-click-id=e2172284-0830-411d-9757-8e5837a263ed&utm_source=mindbox&utm_medium=email&utm_campaign=150824#preview 

Развернуть описание

Поурочный план по казахскому языку на тему ": Дауыссыз қ мен ғ, к мен г."

Скачать материал

   Сабақтың тақырыбы:   Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.

   Қайталау

   Сабақтың мақсаты: оқушыларды сөз құрамында келетін қ, ғ мен к, г дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға, сауатты жазуға дағдыландыру; оларға к, г дыбыстары жіңішке буында, қ, ғ дыбыстары жуан буында жазылатынын түсіндіру; сөз соңындағы қ, к дыбыстарының қай жағдайда ғ, г – ге айналатынын еске түсіру.

   Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» стратегиясы.

   Сабақтың барысы:

   Қызығушылықты ояту

   Топтарға мынадай тапсырмалар беріледі:

   Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды топтап жаз және жұбы жоқ қатаң дауыссыз дыбыстарды анықта (п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, к - г, т-д, ш-ж, с-з, һ-х. Жұбы жоқ қатаң дауыссыздар: ц, ч, щ).

   Алдымен әр топтағы оқушылар өз бетінше орындайды, содан кейін жалпы талқылап, бірін-бірі толықтырып, әр топтан бір оқушы сөйлейді.

   Мағынаны тану кезеңі

   Мынадай кесте ілінеді:

Қ, ғ дыбыстары бар сөздер

К, г дыбыстары бар сөздер

қараңғы       жарық

қолғап         алғыс

қарақат        ағын

ғалым          ақша

      орақ – орағы

      қалақ  - қалағы

күрек             үлгі

кедергі          шекер

көгер             егін

өлке               егер

          шелек -  шелегі

          тілек – тілегі

   Кестенің әр бөліміндегі сөздерді алдымен әр оқушы жеке оқып салыстырып, сосын қ, ғ, к, г дыбыстарының ерекшеліктеріне, яғни қ, ғ дыбысының жуан буындарда, к, г дыбыстарының жіңішке буындарда болатынына және қ, к дыбыстарының к, г дыбыстарына өзгеретініне жалпы сыныптың назарын аудару керек.

     Төменде берілген кестенің «Білемін» деген бөліміне осы дыбыстар туралы өздерінің білетіндерін толтырады. Содан кейін әр бала топта өз білімін ортаға салады. Олар ортақ кесте толтырып, алған білімін сыныппен бөліседі. Осы дыбыстар туралы тағы не білгісі келетінін екінші «Білгім келеді» бөліміне жазады.

 

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?

1.Қ,к-қатаң, ғ,г-ұяң дауыссыз дыбыстар.

 

 

2.Қ,ғ дыбыстары жуан буында,к,г дыбыстары жіңішке буында жазылады.

 

 

З.Қ,к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс тіркелсе, олардың орнына ғ,г жазы-лады, т.с.с.

 

 

   «Білгім келеді» бөліміне жазған сұрақтарына сабақ барысында жаттығуларды орындау кезінде жауап іздейді. Кейбір сұрақтарға жауап беруге мұғалім көмектеседі. «Не үйрендім?» бөлімі сабақты қорытындылау кезінде толтырылады. Оған оқушылар бұрынғы білетініне қандай жаңа білім қосқанын жазады.

   Бұл кезеңде оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындағаннан кейін, оқушылар оз қорытындыларын айтып, дәлелдейді. Бұл оқушыға берілген білімнің дағдыға айналуына әрі оқушының өз пікірін баяндау қабілетінің дамуына жағдай жасайды.

   Ой толғаныс

   Бұл кезеңде оқушылардың қ, ғ, к, г дыбыстарына қатысты білім, біліктері жинаңталып, қорытындыланады. Кестенің «Не үйрендім?» деген соңғы бөлімі толтырылады.

  

   Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р, н мен ң. Қайталау.

   Сабақтың мақсаты: оқушылардың үнді дауыссыз дыбыстар туралы алған білімін пысықтау; л, р дыбыстарының сөз басында жазылу мен айтылу ерекшелігін түсіндіру; сөз ішінде кездесетін н, ң дыбыстарын ажырата білу.

   Сабақтың барысы:

   Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс

   I. Кіріспе бөлім.          

   Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Оқушылардың осы жайлы алған білімін пысықтау үшін тақтаға темендегідей кесте ілініп, оны оқушылар толтырады (кестені дәптерге жаздырудың қажеті жоқ. Жұмыс тақтада орындалады).

 

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: қ, к, ...

 

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, ...

 

Үнді дауыссыз  дыбыстар: л, м

   2.Негізгібөлім.

   Бүгін үнді дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесіне тоқталамыз. Үнді дауыссыз дыбыстар қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кейбір үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуында ерекшелік бар. Ң дыбысы сөз басында келе ме? Осыған мысал келтіре аласыңдар ма?

   - Ң әрпі ешуақытта сөз басында жазылмайды. Ол сөздің ортасында, соңында келеді.

   - Л, р дыбыстары сөздің басында келетіндей бірнеше мысал келтіріңдер (рұқсат, лай, ... ).

  - Рұқсат, лай сөздерінің жазылуы мен айтылуы бірдей ме? Сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр? Бұл сөздер естілуі бойынша жазылама?

   Оқушылар мысал келтіре отырып, үнді дауыссыздардың жазылуындағы ерекшеліктерді өздері айтуы керек.

- Л, р дыбыстары сөз басында келсе, айтылуында олардың алдында ы, і, ұ, ұ дыбыстары естіледі, бірақ олар жазылмайды.

   Үнді дауыссыздар бойынша 2-сыныпта алған білімін толық еске түсіргеннен кейін, оқушылар оқулықта берілген жаттығу жұмыстарының көпшілігін өз беттерінше орындай алады.

   3-жаттығуды орындауға ерекше көңіл аударған дұрыс. Мұнда л, р дыбыстарының алдында ы, і дыбыстары келетін сөздер мен ы, і дыбыстары естілгенімен, жазылмайтын л, р дыбысынан басталатын сөздер екі бағанда берілген. Оқушылардың түсінігінде л мен р дыбысынан басталатын сездердің алдына әрқашан ы, і дыбыстары жазылмайды деген түсінік қалмауы керек.

   Н, ң дыбыстары сөз ішінде келсе, жазуда оқушылар жиі қате жібереді, сондықтан сөздік диктантын жаздыруға көңіл бөлген дұрыс. Соңынан ң дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдауды үйреткен жөн.

   Сабақты  қорытындылау

   - Л, р дыбыстары сөздің басында келсе, олардың айтылуында қандай дыбыстар естіледі?

   - Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келетін сөздер қалай тасымалданады?

   Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по казахскому языку на тему ": Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.""
Смотреть ещё 5 937 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 352 446 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 19.12.2015 746
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсембекова Айгуль Сагидоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсембекова Айгуль Сагидоллаевна
    Сарсембекова Айгуль Сагидоллаевна

    учитель начальных классов

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1461
    • Всего материалов: 2

    Об авторе

    Я, Сарсембекова Айгуль Сагидоллаевна 1985 года. Живу г. Павлодар, с. Павлодарское. Работаю СОШ №40, учитель начальных классов. Стаж работы 10 лет. Данный момент у меня 3 класс. Люблю свою работу. Образование высшее. Через интернет получаю много информаций и новые технологий.Окончила ИнеУ,2009 году..

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 329 517 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Развитие креативности и инновационного мышления

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Применение технологий виртуальной и дополненной реальности в управлении персоналом, логистике и цифровом маркетинге

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Историко-психологические основы журналистской деятельности

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 937 курсов