Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Поурочный план по казахскому языку на тему" Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы"

Поурочный план по казахскому языку на тему" Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

мақсаты:

мақсаты:

С

А

Б

А

Қ

Т

Ы

Ң

hello_html_659d1c29.gifhello_html_m5ec018eb.gifhello_html_m1cf93d4c.gifhello_html_m9c93bf.gifhello_html_4c030c58.gifhello_html_3b99f0aa.gifhello_html_7d7a6db4.gifhello_html_m178d222a.gifhello_html_m3021f135.gifhello_html_709f036a.gifhello_html_4f171b3b.gifhello_html_m2f1272ec.gifhello_html_m1248ddcd.gifhello_html_4517a0bf.gifhello_html_550e4122.gifhello_html_m456dcc08.gifhello_html_426862a4.gifhello_html_709d0606.gifhello_html_3ef6a634.gif

Ыбырай шығармалары арқылы оқушыларды еңбекқор, адал, мейірімді,қайырымды болуға шақыру;









т/м:

Ыбырайдың балаларға арнап жазған әңгімелерімен таныстыру, әңгіме тақырыптарын, тәрбиелік мәнін анықтату;











б/м:

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл байлықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін кеңейту, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.









д/м:







жаңа білім беру сабағы

типі:





ойындар, скт, өздігінен жұмыс, тест-руно,т.б.





әдісі:



бүктемелер, үлестірмелі қағаздар, слайд, интербелсенді тақта, суреттер,т.б.









көрнекілігі:



қазақ тілі, география





Пәнаралық байланыс:









І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу мәдениетіне көңіл бөлу; ә) көңіл күйлерін байқау; б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Білімдерін тексеру.

А) «Таңғажайып алаң» ойыны (барабан айналдыру арқылы сұрақтарға жауап беру).

  1. Көреген, мерген, ұшқыш үш жігіттің өнері туралы ертегі қалай аталады?

Үш өнерпаз

  1. «Қыз Жібек» жырындағы қалмақ ханы кім?

Хорен

  1. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, сонымен бірге Тоғжан мен айтысқа түскен ақын кім еді?

Табия

  1. Қожа Ахмет Йасауи 63 жасқа келгенде қылует жасап жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы ғана байланысып, сл жер астында «Диуани хикмет» кітабын жазған екен. Осы жердегі қылует сөзі арабшадан аударғанда қандай мағына береді?

Оңашалану

  1. «Дүниеде не ғаріп?» деген толғаудың авторы кім? Есімін ата.

Құлыншақ (Кемелұлы)

  1. 1890 жылы қай жерде Ыбырайдың ықпалымен қыздар училищесі ашылды?

Қарабұтақ

  1. Махамбет Өтемісұлына арналған «Алмас қылыш» поэмасының авторы кім?

Оңғарсынова

  1. Жамбыл облысы Шу қаласында тұратын Ыбырай Алтынсариннің ұрпағы кім?

Жұмакүл











Ойын «Жеті қадам»

Бір оқушы ортаға шығады. Әр қадам аттаған сайын бір сұраққа жауап береді.

ІІІ. Сабақ мақсаты.

ІV. Жаңа сабақ: Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы

  • Ал, балалар, бүгінгі сабақта өздерің мұғалім боласыңдар. Мұғалім апайлар мен ағайлар, жаңа сабақты сіздер қалай түсіндірер едіңіздер? Сөз кезегі өздеріңізде.

Меруерт апай (бүктеме арқылы түсіндіреді):

Ы.Алтынсарин тұңғыш ағартушы-педагог болумен қатар, балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, білім алуға шақырады.

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,-

деп, оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.

Бұл өлеңінде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым-білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді.

Жанбибі апай(слайд арқылы):

Ыбырай өзінің бір топ өлеңдерін ел билеушілердің (хандар мен билердің, молдалар мен байлардың) әділетсіздігін, мейірімсіздігін әшкерелеуге арнаған. Мысалы «Азған елдің хандары» тақ үстінде отырып, әділдіктен таяды, жарлыдан алып, байға береді дегенді айтады. «Азған елдің молдалары» көрінген үйді қыдырып, тамақ үшін шариғат заңдарын бұзып, елді алдап-арбап, қорқытып, пайда табуды көздейді десе, «Азған елдің билері» өлеңінде әділ билік айтуға келгенде, арын дүние-мүлікке, малға сатады дегенді айтады. Ақын біреуден үзіп- жұлып өмір сүргенше, Құдай жолын қуып, тәубеге келу керек дегенді айтады. «Дін жолы – әділ жол» деп әділдіктен таймасаң Құдайдың сүйікті құлы боласың дегенді насихаттайды.

Арай апай (слайд арқылы):

Ыбырайдың бір топ өлеңдері табиғат бейнесін суреттеуге, жастарды ізгілікке, адамды, ата-ананы сүюге баулуға арналған. Оның табиғат бейнесін суреттейтін «Өзен», «Жаз» өлеңдері бар.Табиғаттың бейнесін жеке тақырып етіп өлеңдер жазу Ыбырайға дейінгі қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Оқырманның көңілін сұлу табиғат көркіне аудару арқылы елді, жерді сүюге, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу – орыстың демократиялық гуманистік әдебиетінің үлгісі.

Медет ағай (слайд арқылы): «Жаз» деген өлеңінде жадыраған жаз, адамзат пен жан-жануарлар, аң мен құстар үйлесімі сөз болады. «Аспаннан рақыммен күн төнгенде», «ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі»,т.б. өлең жолдары табиғат көрінісін шебер суреттейді.

Дәулетхан ағай (слайд арқылы):

Ақынның «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», т.б. өлеңдері жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, ата-ананы, дос-жолдасты сыйлауға шақыратын сүйіспеншілік пен мейірімділікке құрылған.

Данияр ағай(слайд арқылы):

Ыбырайдың жастарды еңбекке, өнерге, имандылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа үндейтін көптеген қысқа әңгімелері бар. Оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.

Марат ағай (слайд арқылы):

«Байұлы» атты әңгімесінде Байұлының әкесі мінгізген тайын кедейдің баласына беруін көріп, оның мырзалығына, қайырымдылығына сүйсінген ақсақалдың: «Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер!»-деп бата беруін , батасы қабыл болып, ақырында, Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болады. Мырза Байұлы деген ру тарайды. Ыбырай «Батаменен ер көгереді» дегендей жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім- жесірге қамқоршы болуға үндейді.

Абдолла ағай (слайд арқылы):

«Аурудан аяған күштірек» әңгімесінде Сейіт деген баланың арбаға соғылып, аяғын сындырып алуы, ойбайлап жылап жатқан баласын көрген анасының есінен танып қалуы, баласының жылауын доғарып, төзімділік көрсетуі баяндалады. Сынықшы Сейіттің аяғын таңып жатып,: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың?»- деп сұрағанда, баланың сынықшыға сыбырлап: «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, апам қиналып жүдемесін деп шыдап жатырмын»,-деп жауап береді. Жазушы осы арқылы баланың анаға деген мейірім, махабббатын, аяушылық сезімін білдіреді.

Саят ағай (слайд арқылы):

«Мейрімді бала» әңгімесінде ежелгі Қытай жұртындағы ұрлық жасаған адамның қолын шабатын сөз болады. Осындай іспен қылмысты болып ұсталған әкесінің орнына жас қызының өз қолын кесуге келісім бергенін баяндау арқылы баланың әкеге деген мейірімділігін марапатттап отыр.

Жалғас ағай(слайд арқылы):

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», Мұңсыз адам», т.б. әңгімелерінде табиғатта тіршілік ететін жәндіктердің бәрі еңбек етіп, күн көреді деген ой айтылады.Еңбек – адамның екінші анасы. Ол адамды шыңдайды. Өмірге үйретеді дегенді меңзейді.

Гүлжанат (слайд арқылы):

«Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесінде татар мен қазақ ұстасы өзара пікірталаста киіз үй мен ағаш үйдің ерекшеліктерін бір-біріне дәлелдеп бағады. Жазушы сол арқылы киіз үйдің көшіп-қонуға қолайлы екенін көрсетсе, ал ағаш үйдің сауда сатттық пен айналысатын отырықшы елге қолайлы екенін дәлелдейді. Оқушыларды екі халықтың тұрмыс –тіршілігінен хабардар етеді.

Жалғас ағай (слайд арқылы):

«Талаптың пайдасы» әңгімесінде шіркеуде орыс патшасы Петрдің суретін салуға талпынып жатқан баланы патшаның көріп қалып, талабына риза болып, баланы шет елге суретшілер мектебіне жіберуі, кейін әлгі баланың атақты суретші болып шығуы айтылады. Жазушы әңгімесін «Талапты ерге нұр жауар» деп аяқтайды.

Зәмира апай (бүктеме арқылы түсіндіреді):

Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» халық ауыз әдебиетімен қатар орыс жазушыларының да шығармаларын аударып қосады. Ол И.И.Паульсон, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстойдың балаларға арнап жазған әңгімелерін аударып қосты. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнға құрылды.

Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел, афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тәлімдік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері.

Сондықтан да, Ыбырай Алтынсарин - әңгіме жанрының негізін салушы. Балалар әдебиетінің атасы дейміз.

(Оқушылар өздері дайындап келген мәліметтерін слайд, бүктемелер арқылы түсіндіреді)

V. Түсінгендерін тексеру.

А) Әдебиет хрестоматиясымен жұмыс.

«Жомарт» әңгімесін оқыту, мазмұнын әңгімелету, идеясын анықтату. Бүгінгі күні өздерің қайырымдылық жасайсыңдар ма? Жасасаңдар кімдерге, қашан және қалай жасадыңдар? Оқушылар мектепішілік ұйымдастырылған «Қайырымдылық акциясы» туралы айтып өтті.





Әдебиет теориясы.

Әңгіме деген не? Мәтінен эпитет сөздерді табыңдар.

Мәтін қай стильде жазылған? Алғашқы сөйлемнің соңындағы тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Б) І топ: Үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасайды.

Мен ұнатқан шығарма

р/с

Шығарма аты

Ұнаған жері

Себебі











ІІ топ: Философиялық стиль

Мұғалім сұрақтар береді, оқушылар жауабын дәптерге жазады.

  • Сен Ы.Алтынсарин сияқты бар өміріңді балаларға, жастарға білім беруге, талмай ізденуге арнап, елің үшін еңбек етуге даярсың ба?

ІІІ топ: «Ілесіп отыр» ойыны. Ойынның шарты: оқушы бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты бір сөз айтады, екінші оқушы сол сөзден сөз тіркесін жасайды, үшінші оқушы сол сөз тіркесінен сөйлем құрайды. Ойын жылдамдықты қажет етеді.

VІ. Білімдерін бекіту.

Тест-руно

1.Ыбырай қандай қызмет атқарды?

Н) дәрігер Б) тілмаштық Ф) әкім Л) болыс

2. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегі қайда жарық көрді?

А) Орынборда Ц) Атырауда К) Таразда П) Торғайда

3. Ыбырай еңбектерінде қандай мәселе қозғалды?

Е) айтыс Л) тәрбие В) сауда М) жер

4. Ыбырай кімдерді аударды?

Ж) Гетені Р) Некрасовты Ғ) Толстойды Д) Пушкин

5. Елін, жерін сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңі қалай аталады?

Р) «Өнер-білім бар жұрттар» С) «Соғыс» О) «Өзен» У) «Ақтан жас»

6. Ананы сүйе білудің айқын үлгісін көрсететін әңгімесін көрсет.

Ж) «Аурудан аяған күштірек» В) «Әке мен бала»

Ч) «Қыпшақ Сейітқұл» Р) «Байұлы»

7. Ыбырай шығармаларының ерекшелігі неде?

И) құрмалас сөйлем көп қолданады Э) әңгімелері ұзақ

А) аз сөзге көп мағына сыйғызады Х) байларды жоғары қояды

8. 1883 жылы жарық көрген оқу құралы

М) «Оян, қазақ!» Ю) «Шолпан»

Н) «Мұсылмандық тұтқасы» Ш) «Қазақ хрестоматиясы»

9. Ырғыз қыздар училищесі қай жылы ашылды?

Е) 1887ж. П) 1889ж. У) 1864ж. Ч) 1880ж.

10. Ыбырай денесі қай жерде жерленген?

Щ) Жамбыл жерінде м) Тобыл өзені бойында

Х) Атырауда Р) Қостанай қаласында

11. Тақырып жағынан Ыбырай әңгімелерін нешеге бөлеміз?

Ш) 3 е) 2 О) 4 В) 5

12. Ыбырай оқушыларды қай тілдерде оқытуға қарсы болды?

р) араб-татар З) өзбек Ф) орыс-ағылшын

Е) француз

13. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп табиғатты аялауға шақыратын шығармасы қалай аталады?

П) Әділдік Ф) Қыпшақ Сейітқұл Е) Таза бұлақ я) Байұлы





Оқушының аты..................................... Алған бағасы...........................

Тест парақшаларын оқушылар бір-біріне ауыстырып, тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы тексеріп, бағалайды.

Тест-руноның дұрыс жауаптарын қосып оқығанда мынадай сөздер шығуы керек:

Б А Л Ғ О Ж А Н Е М Е Р Е

-Балғожаның немересі кім?

-Ыбырай Алтынсарин.

- Олай болса, балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай жайлы не білдік?

( Ы.Алтынсарин өміріне СКТ жасау, интербелсенді тақтамен жұмыс).

Ыбырай Алтынсарин



  1. Ыбырай өмір сүрген кезең -1841 жылы 20 қазан -1889жылы 17 шілде.

  2. Туған жері – Қостанай облысы, Қостанай ауданы

  3. Толық аты-жөні – Ибраһим Алтынсарин

  4. Шыққан тегі – қыпшақ

  5. Айналысқан өнері – ақындық, жазушылық

  6. Өнер бағыты – балаларды, жастарды өнер-білімге шақыру, тәрбие

  7. Білімі – 1850-1857 жылдары Орынбор орыс-қазақ мектебі

  8. Қызметі – 1857-1859жылдары атасы Балғожаның қарамағында іс жүргізуші, 1859 ж. Орынбор облыстық шекара басқармасында тілмаш, 1879 жылы Торғай өлкесіне мектеп инспекторы

  9. Еңбектері – 1879 ж. «Қазақ хрестоматиясы», 1883 жылы «Мұсылмандық тұтқасы»,1886, 1889, 1899 жылдары «Мәктубат» аттты кітаптары жарық көрді.

VІІ. Үйге тапсырма.

  1. «Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы» тақырыбын оқу. 2. Әдебиет хрестоматиясынан Ыбырайдың балаларға арналған әңгімелерін оқып, өздері қалаған өлеңді жаттап келу.

Білімдерін бағалау.

D:\Pictures\2012-02-03 Саникон\Саникон 005.jpg



img016

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров97
Номер материала ДВ-426458
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх