Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Поурочный план по казахскому языку по теме «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет»

Поурочный план по казахскому языку по теме «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет»


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m1b9bec12.gifhello_html_13e41151.gifhello_html_m6400f71.gifhello_html_3f022e08.gifhello_html_765a4e95.gifhello_html_m5764ecaf.gif9 сынып Ашық сабақ


Тақырыбы: «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет». Сөздердің байланысу түрлері


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң жауап қайтара білуге үйрету.


Сабақтың тәрбиелілігі: Егеменді еліміздің жас қырандарын халқының мәртебесі биік, мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тілімізден нәр алып, сусындап өсуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, белгілі тұлғалар суреттері, мақал - мәтелдер, әртүрлі сызбалар, тест, ҚР рәміздері.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ


Сабатың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, тест

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

Кіріспе. Слайд ашу


Білімдерін тексеру:

Слайд 1

- Сурет бойынша өз ойларын жеткізу.


- Қазақстан- тәуелсіз мемлекет.


Слайд 2:

  • Отан дегеніміз не?

  • Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері

  • Отан деген немене?

  • Отан – үйің, бесігің

Отан – елің, есімің

  • Отансыз адам кім болмақ?

  • Отансыз адам – ол жансыз

Отансыз адам – ол үнсіз

  • Жүрегі жоқ адамның

  • Болмайды тек Отаны.

  • Отан сенің неменең?

  • Отан менің байлығым,

  • Отан менің берекем

  • Отаным менің – Қазақстан

Тіл жетпейтін ғажапсың.

Слайд № 3

Тәуелсіз

еліміздің

ұрпақтары


ақылды тілін құрметтейтін

білімді

дені сау

намысты




Отанын сүйетін



Слайд № 4-16


Ғажайып алаң: Қазақстан, тілге құрмет – елге құрмет, салтын сүйген – халқын сүйер

Сұрақтары:

Қазақстан:

1. Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл – 10

2. Қазақстан Рәміздерін ата – 20

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – 30

Тілге құрмет – елге құрмет:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? -10

  2. Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы кім? – 20

  3. Жалғасын тап:

а)Ерлік білекте емес елі бай

ә)Жері байдың жақын көп

б)Жақсы болсаң жүректе – 30

Салтын сүйген – халқын сүйер

  1. Қызық сөздер: қазақ, қыран, түс, мысық, кіші – 10

  2. Ұлттық ойындарды ата – 20

  3. Асық атауларын білесің бе? – 30



Слайд № 17

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек.

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек,

(Абай)

Слайд № 18


Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.


Ал екінші бақытым - тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

«Кім мықты?» десе біреу, - «Отан» дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

(М.Мақатаев)


Слайд № 19

Бақыт


тіл халық Отан


Тереңдік

Еркіндік Халық –дана Отан – от басынан

Шапшаңдық басталады

Айқындылық



Слайдтар 20-21:


Тереңдік

1. Түркі тілдер тобы нешеге бөлінеді? – Қыпшақ, қарлуғ, оғыз

2. Басқа түркі тілдеріне б, ғ, г дыбыстар келетін сөздерде қазақ тілінде у,к,қ дыбыстар қолданылады. Мысалы:ауа – һава, тау – тағ, келді – гелди

3. Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін біраз сөздерде қазақ тілінде с дыбысы қолданады. Мысалы: бас – баш, тас - таш

4. Сөз басында и дыбысы келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады. Мысалы: жол – йол, жас – иаш – яш

5. Түркі тілдерінде –лар, - ләр – қосымшасы дыбыс үндестігіне сәйкес өзгермесе, ал қазақ тілінде өзгеріп отырады. Мысалы: малдар – маллар, аттар – атлар, кітаптар – китаплар, дәптерлер – дәптәрләр

6. Басқа түркі тілдерінде сұрау есімдігінде –н қолданылса, қазақ тілінде –й дыбысы қолданылады, ал ұйғыр тілінде –қ дыбысы қолданылады. Мысалы: қандай? – қандақ?


Слайд 22:

Еркіндік

Қазақ, орыс, ұйғыр тілінде айту”

көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар

  1. Тіл көңілдің – ............

  1. Досы жоқ адам - ..... жоқ тағам

  1. ...........қорқақ, ......... батыр

4. Ішің күйсе, ........ жала

5. Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады

Таза мінсіз .......... ой түбінде жатады

Керекті сөздер: асыл сөз, айнасы, көз, қол, мұз, тұз

Слайд 23:

Шапшаңдық

Асыл сөздердің жалғасын тап:

  1. Өнер алды - қызыл..... .

  1. Бас кеспек болса да,..........кеспек жоқ.

3. ............тәтті де, ащы да зат жоқ.

4. Жеті жұртың ................ біл.

5. Ал, екінші бақытым - .............менің .


Слайд 24:

Айқындық

1) Әкесіне қарап ұл өсер

Анасына қарап .... өсер


2 ) Тәттіден тәтті – тіл,

Ащыдан .... – тіл.


3. Сөйлемді аяқтаңыз.

Жаңа оқу жылы ..... .

Оқушыларды білім ордаларында ұстаздар ...... .


4)Сөйлемді кеңейтіңіз.

Сабақ ұнайды. Тапсырма орындаймын.


5) Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз

Достықтың,киелі, бірлік,пен,Қазақстан-,бесігі.

Қазақстан, үшін-,Отанымыз,біз,сүйікті.



Слайдтар 25

Жаңа тақырып: Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу


Қиысу - сөздердің жіктік жалғауы (-мын, -мін, -сың, -сің)

арқылы байланысуы, не бастауыш пен баяндауыштың байланысуы

Мысалы: оқушы – оқушымын, оқушысың

Слайд № 27 -32

Ойширатар:

Ойын: Суреттегі заттарды дұрыс сипаттау арқылы табу

1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстанда қанша ұлт тұрады?

3. Белгілі тұлғаларды атаңдар.

4.Киіз үй


Слайд 33-34:


Аукцион

Сұрақ - жауап

- Қазақстанның әнұранының сөзін және әнін кімдер жазды?- Ш. Қалдаяқов, Ш. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

- Қазақстан қандай мемлекет?- Тәуелсіз, егеменді мемлекет

- Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген?- Қанатты ат, шаңырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар

- Қазақстанның елордасы? – Қазақстанның елордасы - Астана

- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?- Түркі тілдер тобына жатады.

- Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?- Фараб қаласы

- Диалог деген не?- Екі кісінің сөйлесуі

- Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? - Арал

- «Оқушы»сөзінің синонимі? - Шәкірт


Қорытынды сабақ.

Слайд 35:

Сурет бойынша әңгімелеу


О Т А Н

Отан –оттан да ыстық.


- Отан сөзінің синонимін табыңдар (туған жер, атамекен)


Атамекен әнін үйрету


Үй тапсырмасы. «Менің Отаным – Қазақстан» шығарма


Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.




Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров164
Номер материала ДВ-321451
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх