Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Поурочный план по математике на тему "Ондық бөлшектерді қосу" (5 класс)

Поурочный план по математике на тему "Ондық бөлшектерді қосу" (5 класс)

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_37e138d4.gifСабақ №133. Сыныбы: 5 Күні:___________

Пән мұғалімі:_________________________ Тексерген: __________________

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді қосу


Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділік: Ондық бөлшектерді қосу ұғымымен таныстыру, ондық бөлшектерді қосуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға ондық бөлшектерді қосуды үйрете отырып, логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

  • Ондық бөлшектерді қосу алгоритмін біледі;

  • Есеп барысында ондық бөлшектерді біріне-бірін қоса алады.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.

Ресурстар (дереккөздер)

1. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып (Атамұра)

2. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып, Дидактикалық материалдар (Атамұра)

3. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып, Оқыту әдістемесі (Атамұра)

4. Әбілқасымова А.Е. Математика 5 сынып, (Мектеп)

5. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып, Жұмыс дәптері (Атамұра)

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі

деңгейлік, ауызша сұрақ-жауап

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Сабақтың кезеңдері

Дидактикалық міндеттер

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару

2) бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.

2. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.




графикалық диктант жазу:

иә , жоқ ___ белгісімен белгілеу керек.

1) Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады.

2) Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан жай бөлшек деп аталады.

3) hello_html_226c00df.gif болады.

4) hello_html_m7ddda181.gif болады.

Дұрыс орындаған оқушының графигі осы үлгіде болады.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Ондық бөлшектерді ондық жүйедегі сан болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу сияқты, ең кіші разрядтан бастап аттас разрядтар бойынша орындалады. Ал аттас разрядтарды бірінің астына бірін жазу үшін қосылғыш ондық бөлшектердегі үтірлерді бірінің астына бірін дәл келтіріп жазу шартын сақтау керек.

Мысалы, 4,283+1,7 қосындысын табайық

4,283

+1,700 4,283+1,7=5,983

5,983

Ондық бөлшектерді қосудағы үтірден кейінгі таңбалар санын теңістірудің математикалық түсіктемесі, ондық бөлшектердің жай бөлшек түріндегі нұсқасын ортақ бөлімге келтіру болып табылады.

4,283+1,7 hello_html_m1a6ee91e.gif

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

  1. Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;

  2. Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астында үтір тура келетіндей етіп) етіп жазу керек;

  3. Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.

4. Жаңа тақырыпты бекіту (практикалық

кезең)

А тобы -

952 (1-2),

953 (1-2),

954 (1-2),

956 (1-2),

957

В тобы –

969 (1-6),

970 (1-6),

972

С тобы –

979, №980, №981





952. 1) 0,07+13,23=13,3 9,02+4,28 = 13,3 18,36+7,14=25,5

2) 85,7+3,03=88,1 25,6+0,41=26,1 56+0,37=56,37

953. 1) (4+1,8)+2,2=(1,8+2,2)+4=8 2) 0,3+(1,7+2,5)=(0,3+1,7)+2,5=4,5

1,6+(5+3,4)=(1,6+3,4)+5=10 (3,8+6)+4,2=(3,8+4,2)+6=8+6=14

(2,41+13)+4,59=(2,41+4,59)+13=20 12,25+(8+3,75)=(12,25+3,75)+8=24

954. 1) 8,65+2,34=10,99 3,17+4,33=7,5 0,99+7,11=8,1

2) 6,37+17,45=23,82 9,01+5,66=14,67 3,86+1,25=5,11

956. 1) 4,27+а; а=25,08 2) 0,809+b; b=63,7

4,27+25,08=29,35 0,809+63,7=64,509

957. 1) 0,3x+0,8y+1,5x+1,2y=1,8x+2y 2) 4,2x+5,3y+2,6y+1,8x=6x+7,9y

3) 1,5a+9,7b+5,8a+1,3b=7,3a+11b 4) 12,75a+1,85b+9,55a+3,5b=5,35b+22,3a

969. 1) hello_html_6ec533ac.gif 4) hello_html_m501427e4.gif

2) hello_html_m7d9fa948.gif 5) hello_html_m2e64bf0a.gif

3) hello_html_m6fc58c2c.gif 6) hello_html_6fcc1018.gif

970. 1) hello_html_m38a585ba.gif 4) hello_html_m29fcdb4d.gif

2) hello_html_49c0ef0f.gif 5) hello_html_60c1aa1d.gif

3) hello_html_4847f1aa.gif 6) hello_html_4b1757f0.gif

972. 1,35+3,5=4,85

4,85+1,35=6,2 Жауабы: В. 6,2т

979. 1) 2,3+4,5+0,6+0,5+1,7+0,4=10

2) 8,01+9,08+5,13+1,99+0,87+4,92=30

3) 6,091+7,083+3,127+0,373+2,117+0,209=19

980.

І – х 2,25+2,39+х=4,64+х

ІІ – hello_html_m5c90bc99.gif

ІІІ - hello_html_m7c4f13a0.gif Жауабы: үшінші күні І-ші күнгіге қарағанда

т/к: III>I-? 4,64 т.артық нан шығарды.

981. V түлкі = 10 м/с

V қоян = 10+6,7=16,7 м/с

V бүркіт = 16,7+19,4=36,1 м/с Ж/бы: V бүркіт = 36,1 м/с

5.Үйге тапсырма

А тобы - №952(3),

953(3), №954(4),

955, №956(3-4)

В тобы –

969(7-9),

970(7-9),

973

С тобы – №982


952. 3) 6,3+2,5+0,7=9,5 9,2+3,3+1,6=14,1 0,1+9,9+1,5=11,5

953. 3) 8,3+(2,7+8)=(8,3+2,7)+8=11+8=19

10,2+(1,7+4,8)=(10,2+4,8)+1,7=15+1,7=16,7

(46,3+18)+4,7=(46,3+4,7)+18=51+18=69

954. 3) 11,21+9,3=20,51 6,01+5,2=11,21 3,25+4,7=7,95

955.

а

в

а+в

3,89

0,256

4,146

1,003

5,21

6,213

11,107

2,03

13,137

14,211

5,081

19,292

956. 3) с+17,3; c=6,309 4) d+0,08; d=5,86

6,309+17,3=23,609 5,86+0,08=5,94

969. 7) hello_html_2a4e83f5.gif8) hello_html_24552cea.gif

9) hello_html_m66732b09.gif

970. 7) hello_html_782183c4.gif 8) hello_html_13e5302b.gif

9) hello_html_m67718928.gif

973. Мыс – 8,9г

Күміс – 8,9+1,6=10,5г

Алтын – 10,5+8,8=19,3г. Жауабы:Алтынның массасы – 19,3г.

982. 1) hello_html_1109053f.gif

2) hello_html_m2fd1be03.gif

6. Сабақты қорыту

1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша талдау

2. Сабаққа белсене араласқан және тақтамен жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.




Общая информация

Номер материала: ДВ-529253

Похожие материалы