Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Поурочный план по математику на тему "Ондық бөлшектерді көбейту"

Поурочный план по математику на тему "Ондық бөлшектерді көбейту"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді көбейту

5 сынып

Сілтеме

Жоспар

Сабақтың мақсаты

1. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту ережесін білу;

2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіну;

3. Ережені қолданып есептер шығаруға үйрену;

Күтілетін нәтиже

1. Ондық бөлшектерді көбейту үшін үтірге назар аудармай көбейтіп, көбейткіщке үтір қоюды біледі.

2. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001; ... разряд бірліктеріне көбейткенде разряд бірліктерінде неше нөл болса сонша цифрға солға қарай жылжытуды түсінеді;

3. Ондық бөлшектерді көбейту ережелерін пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.

Негізгі идея

Ондық бөлшектерді көбейту үшін: 1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек; 2) көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001 және т.с.с. разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

Тапсырма

1. 1. Ой қозғау (сұрақ-жауап);

Тапсырма

2. Топтық жұмыс (постер қорғау)

Тапсырма

3. Жұптық жұмыс (математикалық диктант)

Тапсырма

4. Жеке жұмыс (кестенің бос жерін толтыр)

Сабақ бойынша

мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті



КІРІСПЕ







6 мин

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу .

Диктафондағы өз сөзіммен жазылған есепті қоямын: 1 көбейту 0 қосу 1 көбейту 1. Оқушылар әртүрлі жауап қайтаруы мүмкін өйткені мен 1мен0-дің көбейтіндісін 1мен1-дің көбейтіндісіне қос деп математикалық тілде жеткізіп тұрған жоқпын. Оқушыларға: "көрдіңдер ме оқушылар математикалық тілде сөйлемесе әркім әрқалай қабылдап, қате жауаптарға бой алдырады екен сондықтан дұрыс жеткізуді үйренейік"-деп математика тілімен сөйлеудің маңыздылығын айтылады. Оқушыларды ортаға сурет қиындыларын алуға шақырамын.

Оқушылар сурет қиындылары бойынша 3 топқа бірігеді. Қиындыларды құрастырғанда артында сұрақтар көрсетіліп тұрады.

1 топқа: 63*28=1764 екені белгілі болса, 6,3*2,8=?

2 топқа: 56,1*100=561; 12,32*10=1232; 5,8*1000=58 алдыңғы тақырыпты еске түсіріп, үтір қай жерге қойылатын табыңдар?

3 топқа: 6,3*4,15=26145 үтір қай жерге қойылуы тиіс?

Мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап сабаққа кіріседі.

Әр оқушы партаның үстінен бір қиынды алады. Оқушылар таңдаған қиындыларын құрастыру барысында бір-бірлерімен сөйлеседі, ойланады. Топтасқан соң қағаз қиындыларын құрастырады. Оқушылар ой қозғау мақсатында берілген сұрақтар төңірегінде өз

ой –пікірлерін білдіреді.


Тұсаукесер




2 мин



ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Оқушылармен бірлесіп табыс критерийлері тақтаның жанына плакатқа жазылады.

1. Ондық бөлшектерді көбейту ережесін білемін;

2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсінемін;

3. Ережені қолданып есептер шығаруға үйренемін;


Оқушылар бірлесіп табыс критерийлерін құрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ




10 мин












3 мин


6 мин

Топтық жұмыс: Постер қорғау

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Бақылаушыларға бақылау парақтарын үлестіру.

1 топқа –7,32*2,8=20496 үтірі қойып, осы тақырыпқа байланысты ойларыңнан 3 есеп құрастырып шығарыңдар.

2 топқа – мысалдар арқылы ондық бөлшектерді көбейтудің ережесін шығару;

3 топқа – мысалдар арқылы ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001 т.с.с. разрядтар бірліктеріне көбейтудің ережесін шығару;


Бақылаушылар өз бақылаған жұмысын оқиды.


Топтардың бірін-бірі сағат тілімен «Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалау.

Сабақта оқушыларды топтық жұмысқа белсенді қатыстыру үшін топ оқушылары рөлдерге бөлінеді. ( көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы). Бақылаушы бағалау парағын толтырады.

Топтарға тапсырмалар таратылып беріледі, оқып талқылайды және ережесін шығарады.

Баяндамашылар өз постерлерін қорғайды.

«Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалайды.




7 мин












Жұптық жұмыс (математикалық диктант)

Теңдіктері дұрыспа? (ия, жоқ)

1) 6,3×1,8=11,34

2) 0,3×0,1=30

3) 5,81×1,5=8,715

Осыны ұялы телефон арқылы 5 Г сынып конференциясына жіберемін. Оқушылардан смс толық келген соң дұрыс жауабын оқимын. Бағдаршам арқылы 3не дұрыс жауап берген жасыл, 2-не жауап берген сары 1-не жауап берген кызыл түсті көтереді. Дұрыс келген смстің алғашқы 3-уін атап, мадақтаймын.



Оқушылар математикалық диктантты ойланады, жауапты ұялы телефон арқылы жібереді. Бағдаршам арқылы оқушылар жауаптарын жұптарда бағалайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

7 мин








4 мин

Жеке жұмыс (Кестенің бос жерін толтыр)


0,37×

1,5

=

6,371×


=0,6371

16,03×

0,6

=

16,03×


=0,1603



Рефлексия

Сіз бүгін сабақта не үйрендіңіз?

Сізге бүгінгі сабақтағы қай тапсырмалар қиын болды?

Сізге бүгінгі сабақтағы қай жұмыс түрінде белсенділік таныттыңыз? (1-5 балл)

Топтық жұмыс Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Ұйымдастыру кезеңіндегі жұмыс

Оқушылар

Кестенің бос жерін толтыру арқылы танымдық дағдысы қалыптасады, өзін-өзі реттеуге үйренеді.


Дайын үлгі жауап арқылы

өз-өздерін бағалайды.


Табыс критерийін пайдаланып өздерін бағалау арқылы сабақ рефлексиясын жазады.

Сабақтың жабдықтары

Интерактивті тақта

Постер, маркер, стикерлер, ақ қағаздар, ұялы телефон.

Кейінгі тапсырмалар

1071, №1072, №1087


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров129
Номер материала ДВ-375871
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх