Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Поурочный план по предмету Черчение

Поурочный план по предмету Черчение

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:




5-сынып

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»

2010 жыл

34 сағат

Сабақ жоспарлары






Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.

Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.

Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.

Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.








Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

мағлұмат беру.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармаларды көруге құмар. Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,

Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің жанрларымен тереңірек танысу.

Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы:

Түстану ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті дамыту.


б) Тәрбиелілік: Адамгершілік тәрбиесін беру.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға ең алдымен түстер жайлы тереңірек әңгімелеймін. Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңіне байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Адамның көру қабілетін, түр-түске деген психикалық реакциясын анықтау көркемдік білім беруде оқушылардың эстетикалық сезімін оятады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет-ғұрып, салт-санасына қатыстықолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады. Живопись дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Сондықтан суретшілер еңбектеріне назар аударып көрейік. Живопись – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Осы тұрғыдан живопись өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Живопись туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы, оның бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сонымен қатар қоғамдық-тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді. Суреткер өмірді өз тұрғысынан қарап, оның түрлі құбылыстарын құбылыстарын шығармаларында өзінше бағалайды. Живопись – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері өте күшті. Живописьтің пайдаланатын құралы- сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суреткер шеберлігінің әсерлі көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпыруын, қысқасы, кең дүниенің барлық жаратылысын, жарасымын тауып бейнелейді. Живописьтің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрермендерді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады, оның данышпандық туындыларын адамзаттың мәңгі мақтанатыны да сондықтан. Суреткердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманының, сол дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тербелістерінен дерек береді, көрермен үнсіз тілдеседі. Живопись туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде живописьтің рөлі орасан зор. Бұл оның көп жанрларында байқалады, мысалы, тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, т. б.

Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену керек. Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді. Біздің түстерді қабылдауымызға әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, күшті жарықта, яғни шаңқай түсте түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері не көлеңкеде түстер өзінің қанықтылығына ие болады. Мұндай құбылыстарды қоршаған табиғатта алыстан байқауға болады. Живописьтік көркем туындының бүкіл құпиясы түстік бояуда көрінеді. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықталумен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді. Егер жарық жылы болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады. Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі – суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі – суретші бояуларының жиынтығы. Х. Рембрандтбояу түсін қолданудың шебері болған. Ол кейбір картиналарды орныдағанла жеті бояу қолданғанын зерттеу көрсетіп отыр. Ал А. Рыловтың кейбір пейзаждары 12 бояу түсімен салынған. К. Коравин әдетте бір мезгілде 10-15 бояудан көп қолданған. Палитрада бояулар әрдайым белгілі бір жүйеде орналасауы керек. Табиғат көрінісіндегі түстік қатынастарды шапшаң ұстап қалу үшін этюд орындау ұтымды. Живопись туындыларын жасауда акварель, майлы бояу, гуашь, пастель, туш та молынан қолданылады. Живопись шығармасы негізінен кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, әйнекке, металға салынады. Живопись туындысы суретшінің жалпы идеясына, стиліне байланысты көркем, жарасымды болуға тиісті. Алдымызға палитра, бояу түрлерін қолдана отырып түс араластыру арқылы өзімізге қажетті түс шығарамыз.


Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.








Сабақ: №4

Сабақтың тақырыбы:

Түстік тон. Күзгі бояулар.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, акварель, қылқалам, палитра, күз көрінісі бейнеленген фотолар, ақ қағаз, және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз. Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» - латын сөзі, ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады. Суретшінің колориті әншінің даусы сияқты. Әр суретшіні колоритіне қарап бірден ажыратуға болады. Нағыз колоритте түстері бірдей зат болмауға тиіс, өйткені әр зат түсін таңдайды. Қашанда әр суретшінің өз колориті болады. Кололритті үйренуге болмайды, бұл айрықша табылған дарын, тек сол дарын өзінде бар болса ғана оны дамытуға болады. Колориттік дарынсыз суреттің колориттік шешімі де болмақ емес, суреттің жақсы құрастырылып, жақсы ойланып салынуы мүмкін емес, оның сезімге әсері де шамалы болады. Суреттің байыбына бармай жатып-ақ көруші суретшінің колорит құралдары арқылы берген көңіл күйін түсіне алады. Суреттегі түстер қайта үйлесіп келгенде суретші колоритінің құпиясы оның шеберлігіне байланысты. Колорит әдемілігі кенептегі түс пен реңнің орналасуына сәйкес, сол түс пен реңнің әр алуан әрі топтасып келуінен көрінбек. Бірте-бірте қайшы келді-ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам-қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады. Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар. Суреттің беті ьегіс болатыны белгілі. Бірақ оаған бояудың жағылуына қарай ол айнадай тегіс немесе кедір-бұдыр болып көрінеді. Ал мұның өзі әр қилы әсер қалдырады. Суреттің бетін белгілеу үшін суретшілер «фактура» деген арнаулы термин қолданады.

Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат – балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарын бейнелеу.

Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей жалғастырамын: - балалар, сендер күзгі ағаштар, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен тынысып, суреттерін салдыңдар. Енді солардың түстерін айқындап, бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен, осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте өсіп тұрған күзгі жемістер бейнеленген. Мына суретте бау-бақша өсімдіктері жалпы көрсетілген. Мына суретте қарбыз өсіп тұрған арықтың жағасы көрсетілген, -деп балалардың көңілін жалпыдан нақтыға аударамын. Бұдан да басқа суретші жұмыстарын көрсетуге болады.

Осы айтылғандарға қосымша балалардың назарын кітапта салынған күзгі ағаштар, күзгі дақылдар, қарбыз, асбұршақ, жүзім жапырақтарына аударып, сондағы балғын суретші баланың сурет салып жатқан жұмысына қызықтырамын.

Енді осы көрсетілген бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарына жекелеп көңіл аударсыңдар, құрылыстарынан көптеген өзгешеліктерді табасыңдар. Сонымен бірге формалары да, түстері де бөлек.

Асқабақтың жапырағы көлемі жағынан үлкен, түсі негізінен жасыл көк болады, ал күзде басқаша сарғыштау болады. Қиярдың жапырағы одан кішірек, түсі шөптес жасыл болып келеді. Жүзімнің жапырағы құрылысы жағынан көп тармақты, түсі жасыл, кейбір жерлерінде сары, қызыл қоңыр, күлгін түстер аралас болады. Ал қарбыздың жапырағы құрылысы жағынан ерекше тармақталған, күзде сарғыштау тартып кетеді. Берілген суреттерге қарата отырып, сурет салуға еліктетемін.

Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын белгілейсіңдер, - деп дайындаймын.


Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып күзгі көріністерді бейнелеу.















Сабақ: №5

Сабақтың тақырыбы:

Үйлестіру заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.


ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше

заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш тағы басқалар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушыларға үйлестіру заңдылықтары жайлы түсіндіріп өтемін. Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылыгы деп атауға болады.

Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Кез келген көркем тапсырманың әдемі, көрнекті, әсерлі болып шығуы үйлесімділік заңдылықтарына байланысты.

Компоновка дегеніміз - нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін камтамасыз ету. Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек. Әрбір нәрсенің көрініп тұратын формасын жақсы білу үшін нәрсенің құрылысына талдау жасаған жөн. Нәрсенің құрылысын дүрыс білу үшін оның қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтау керек. Сол үшін ең
алдымен жеке-жеке геометриялық денелерді үйретуіміз қажет. Нәрсенің суретін салып отырғанда оны әйнектен істелген мөлдір нәрсе деп қарасақ, оның формасын жақсы түсінеміз. Куб, цилиндр, призма, параллелепипед, т. б. геометриялық денелерді салғанда осы әдісті қолданған орынды. Куб, призманы сым темірмен жасап, сыртқы, ішкі көріністерін анықтау арқылы формасын, нәрсенің құрылысын толық білуге болады. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және ол негізгі рөл атқарған. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни
ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады.Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.


hello_html_m1a87236c.jpg

Натюрморт (қарындаш, қагаз).



Үйге тапсырма беру: Өз бетіңмен еркін тақырып бойынша шығарма орында.












Сабақ: №6

Сабақтың тақырыбы:

Суретші шығармаларымен танысу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,

оларға тың мәліметтер беру.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық көрнекілік құралдар, көркем суретті альбомдар, тағы басқалар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға суретшілердің көркем шығармаларының үйлесімдік заңдылықтарын талдауды түсіндіремін. Суретшінің картинасындағы көркемдік нысанасы неғұрлым айқын болғанда ғана жаңа образдардың даму логикасы, сюжеттік ерекшелігі көркем шешімдерге жетелеп отырады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой-мақсаты. көркемдік-эстетикалык принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады. Суретшінің образ танымын бейнелейді. Шығарманың сәттілігі автордың мақсатына, шеберлігіне әрі қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей байланысты. Көркем шығарма суретшінің санасында өңделген және көрерменге көркем образдар немесе сюжеттер түрінде ұсынылған өмір бейнесі. Суретші бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын қызыға талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ елеусіз нәрселердің барлығын алып тастап, тек бірегей ерекше жағдайларды бейнелеуге тырысады. Нағыз суретшілер өмірдің өзіне ұнаған нәрсесін өзіне қарап бақы- лап, оны шығармашылық ой елегінен өткізіп бейнелеуге тырысады. Көркем шығарманы қабылдау үшін оны дұрыс түсіне білу керек, енжар қарай салмай, зейінмен терең мән беріп карауға дағдылану қажет. Сонда ғана көркем шығармадағы үйлесімділік заң- дылығын үғына аламыз. Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір-бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.





hello_html_m3b2e8c63.jpg
hello_html_7a48ccce.jpg
В. Сидоренко. Менің ұрпағым Б. Түлкиев. Замандастар

hello_html_2c8630c5.jpg

hello_html_442a628f.jpg


М. Хитахунов. Әкеме хат. А. Лактионов. Майданнан хат.


Үйге тапсырма беру: Қазақ суретшілерінің шығармаларын танысу.


Сабақ: №7

Сабақтың тақырыбы:

Затқа қарап сурет салу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,

білімдерін қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,

классификациялау.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.

Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті - нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат - ең әуелі нәрселердің жал- пы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.

Адамның, жан-жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді.

Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп карағанда мән-маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу аркылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жаксы тәсілдерінің бірі - нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.


Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4hello_html_m2797ab19.jpg
hello_html_m60a038a9.jpghello_html_m25f5f705.jpg
-кезең.
Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең


Үйге тапсырма беру: Шар мен кубтың суретін сал.


Сабақ: №8

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт. Графика

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік, дағдыларын, сонымен

қатар қабілетін қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін арттыру.


б) Тәрбиелілік: Оқушылардың талғампаздығын,

қарым-қатынасын, сүйіспеншілігін арттыру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейнеленуі мүмкін. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАТЮРМОРТ деп аталады.

Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.

Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

«Натюрморт» терминіне түсінік беремін. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.

Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.

Содан соң графика жайлы түсіндіремін.

Графика.

Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл – графика.

Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріп тұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.

Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын-жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.

Графика туындылары тек ақ-қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер – сызық, дақ және штрих.

Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы – иллюстрация.

Графика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып, арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндай жұмыстар гравюра деп аталады.

Ағашқа салынған жпондық гравюра бүкіл әлемге әйгілі.

Қазақстандық суретші Н. Сидоркин қазіргі заманғы график-суретшілердің ішінде гравюраның асқан шебері болып табылады.


Үйге тапсырма беру: Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.





















Сабақ: №9

Сабақтың тақырыбы:

Түрлі-түсті бояумен сурет салу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет

салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Негізгі бояу түсі:

  • қызыл,

  • көк,

  • сары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін. Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.

Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.

Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.

Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.

Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап, салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан. Күннің қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.

Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:

қызыл+сары=қызғылт сары,

қызыл+көк=сия көк,

hello_html_m9140b91.jpg
сары+көк=жасыл.

hello_html_m77c62660.jpg

Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

Сабақ: №10

Сабақтың тақырыбы:

Суретші шығармаларын талдау.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға Қазақ суретшілері және олардың шығармалары жайлы түсіндіріп өтемін. Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 – 1931 жылдары Н. Г. Хлудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

1930жылы Москва қаласындағы мұражайлармен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР-інің халық суретшісі атағы беріледі.

1954 – 1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының басқармасына жетекшілік етеді.

1969 жылы Москва қаласында жеке шығармашылық көрмесі өтеді.

1973 жылы 3 қарашада Алматыда дүние салады. Әбілхан Қастеев портрет және тарихи жанрлармен қатар пейзаж жанрындағы шығармаларын да халқына сыйлап кетті.

Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы Жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Қазақ ССР-інің халық суретшісі. «Қарағанды шахтасы», «Шахтерлер», «Тың жерді игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай-Махамбет», «Қорқыт ата», «Еңлік-Кебек», т. б. көптеген шығармаларымен еліне танылды. 1999 жылы қайтыс болды.

Молдахмет Кенбаев – 1925 жылы 25 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келеді. 1956 жылы Москва қаласындағы В. С. Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1955 жылдан бастап Суретшілер одағына мүше. «Ә. Жангелдин сарбаздары» (1956), «Шопан әні» (1956), «Асауға құрық салу» (1958), «Құрманғазы» (1958), «Мұхтар Әуезов» (1974), «Әл-Фараби» (1975), атты еңбектерімен елімізге танымал суретші. Қазақстан Республикасының халық суретшісі, суре және живопись профессоры. 1993 жылы қайтыс болған.

Қанапия Телжанов – 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туған. 1947 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсіндеу және сәулет институтын бітірген. 1953 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық суретшісі. «А. Иманов» (1953), «Немере мен әже» (1955), «Атамекен» (1958), «Домбыра үні» (1958), «Жеңіс» (1975) атты шығармаларымен халқына кеңінен таныс.

Хакімжан Наурызбаев – 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Октябрь ауылында туған. 1951 жылы Харьков мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Қазақстандағы тұңғыш кәсіби мүсінші. «Құрманғазы» (1958), «Абай ескерткіштері» (1961, Алматы қаласы), «Ш. Уәлиханов ескерткіші» (1969, Алматы қаласы), «Ж. Жабаев ескерткіші» (1971), «А. Иманов» (1972), Еңбек Ері «К. Дөненбаева, Н. Алдабергенов» (1972), «Ы. Жақаев» (1985) атты еңбектерімен елге танымал.

Сабыр Мәмбеев – 1928 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Абайбазар ауылында туған. 1953 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. 1956 жылдан Суретшілер одағының мүшесі, халық суретшісі.

«Пауза» (1957), «Киіз үй алдында» (1958), «Суретші М. С. Лизогут портреті» (1959), «Менің қалам» (1960), «Көктем» (1964), «Қара киімді қыз» (1961), «М. Әуезов портреті» (1967), «Шопан қызы» (1971) атты көркем шығармаларымен көрермен көңілінен шығып отыр.

Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1958 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. «Қырық өтірік ертегісі» (1955), «Құрманғазы өмірбаяны» (1957), «Жер тураыл декрет» (1970), «Отан аясында» (1970), «Нан» (1981), кинофильмдер көркемдеуде «Өнер жолы» (1959), «Алдаркөсе» (1965), «Найзатас» (1978), «Құлагер», т. б. еңбектерімен туған халқымызға танымал суретші.

Енді оқушылар натюрморт орындауда өздерін күнделікті үйреншікті жұмыс істеумен шектемей, тақырып бойынша қомақты шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшейік.

Мысалы: Т. Тоғысбаевтың «Асхана» атты интерьер көрінісінде орындалған натюрмортына назар аударып көрейікші. Қарама-қайшы ашық түстермен бейнеленген бұйымдар мен заттардан ұлттық нақышты байқай аласыңдар. Қазақ халқының қонақжайлығын меңзейтін дөңгелек дастарқаны жайылып, көрпесі төселіп, қонақ күтіп тұрғандай көрініс береді. Алдындағы қуыршақ балғын баланың тәтті өмірін елестетсе, артқы фонда ас әзірлеген ана бейнеленген. Терезеден дала тіршілігімен тағдырлас әке бейнесі көзге елестейді. Мұның бәрін біртұтас дәмдес ететін дастарқан екені сөзсіз.



hello_html_4920e3c1.jpg

Т. Тоғысбаев. Асхана.

hello_html_m9ead537.jpg

Табиғи натюрморт.


Үйге тапсырма беру: Халық суретшілері жайлы әңгімелеп бер.

Сабақ: №11

Сабақтың тақырыбы:

Графика өнерінің түрлері.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Графика - грек сөзі, «жазамын», «суретін саламын» деген үғымды білдіреді. Графиканың ең қарапайым түрі ақ қағазға карындашпен, тушьпен орындалады.

Графика орындалу ерекшелігіне және салу тәсіліне (техникасына) байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мұны біз 4-сыныпта жалпы таныстырып өткенбіз. Енді соның ішіндегі ең негізгі екі түрімен, яғни гравюра және линогравюрамен таныстырып өтпекпіз. hello_html_m53f943ff.jpgГравирлеу француздың grawer - «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен 6 ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол 13-14 ғасырларда шығып, 16 ғасырда кемеліне жетті. График суретшілер әр түрлі техниканың әдіс-тәсілдерін жетік пайдаланған. Оның түрлері: линолеум, пластикті гравюра, автолитография, офорт, т. б. Көптеген графиктерді байқасақ,
олар қарындаш, акварель, тушь сияқты колайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Батыс Еуропа суретшілерінің әсерімен, графика өнерінде жаңа техника
- «сюрреализм» бағыты қалыптасты. Жаңа бағытта да графика өнері көптеген табыстарға жетті. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер деп И. Исабаев, Ә. Рахманов, М. Қисамединов,

Аhello_html_m2a4b71ee.jpg. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин,

Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің үлттық графикаға қосқан үлесі зор.

Гравюраның түрлері өте көп: металға жасалған гравюраны офорт дейміз; ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз; линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз; тасқа жасалған гравюраны литография дейміз және т. б.

Линолеуммен жүмыс істеу бастауыш сынып оқушылары үшін емес, жоғарғы сынып оқушыларына арналған. Бұл арнайы шеберханаларда істеледі. Линолеуммен жұмыс істеу әдісін линогравюра деп атаймыз. Ол да гравюраның бір түріне жатады. Мұнда да сурет ақ және қара түстен тұрады.

hello_html_322eecdf.jpg


















Үйге тапсырма беру: Cуретшілердің графикалық шығармаларына талдау жаса.











Сабақ: №12

Сабақтың тақырыбы:

Графикалық сурет салу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Графикалық сурет салудың түрлерімен оқушыларды

жүйелі түрде таныстыру.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Енді графиканың бірнеше түрінің жұмыс істеу тәсілімен таныстырып өтейік.

hello_html_23bb1a55.jpgМеталл бетіндегі гравюра-офорт. Металл бетіндегі гравюраның орындалу техникасы екі түрде болады. Олар: қышқылмен өңделініп жасалатын және қышқылмен өңделмей жасалатын түрлер. Өңдеуді қолданбай, металға жасалатын гравюралар тобына кесіп істелетін және құрғақ инемен орындалатын гравюра жатады. Бұрын офорт тақтасы үшін материал қызметін мыс атқаратын, енді одан басқа, мырыш және тіпті темір қолданылатын болды. Офорт тәсілімен жұмыс істеу әр түрлі материалдарды жүйелі қолдануды қажет етеді. Сондықтан офорттың гравюра әдіс- тәсілдерімен жұмыс істеу технологиясына тоқтала кетуді жөн көрдік.

Акватинта (латынша аquа - су, tinta - түс) - офортта барынша сан алуан өңдік (оң түстік) өзгерістермен фактуралар жасауға мүмкіндік беретін мәнер. Офорт жасаудың бұл мәнері оттискі акварельмен салынған суретке ұқсас болғандықтан осылай аталған.

Резерваж (латынша rezervo-жинау, сақтау) мәнерде алдымен желім мен қанттан және қара пигменттен немесе гуашьтан тұратын арнайы сиялармен металл бетіне сурет жасайды. Резерважға арналған суретті қаламұшпен немесе кәдімгі жұмсақ қылқаламмен жасауға болады.

Лавись (французша lavis - қарайту, шаю) - өте жүмсақ және алуан түрлі реңдік қатынастарды жасауға мүмкіндік беретін мәнер.

Жұмсақ лак. Бүл мәнердегі оттискі штрихтың түйіршікті фактурасымен сипатталады, яғни қарындашпен немесе көмірмен салынған суреттерге ұқсас. Қарындашпен салынған сурет өндеу және механикалық жолмен гравюрлеу тәсілімен іске асады.

Құрғақ ине. Бұл таза механикалық жолмен жасалады. Сондықтан да ол техникалық жағынан алғанда офорттан қарапайым әрі оңайлау. Ол грунттауды да, қышқылмен өндеуді де керек етпейді. Түрлі күштегі штрихтардың үйлесуі оттискіде живописьтегіге ұқсас дақтар жасайды.

Ағашқа жасалған гравюра. Бұл гравюраны ксилография (грекше хуlon - кесілген агаш, grapho - жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да, серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалынады. Бұл гравюра штихель деп аталатын ерекше кескіштермен кесіледі. Гравирлеу процесі ұстамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұнда ешқандай асығыс жұмыс істеуге болмайды. 1920 ж. соңында суретші К. Кузнецов гравирлеу үшін оңай табылатын жаңа материалды іздестіру үстінде картонға назар аударады. Сонымен қатар ол картон бетінде біраз тамаша гравюралар жасады. Көп тиражға арналмаған гравюраны жұмсақ ағашқа, мәселен, ақ қайыңға жасауға болады.

Литография арнаулы әк тасқа салынады. Ол үшін әуелі тастың беті мұқият тегістеледі. Сосын оған қою жүғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салынады. Одан кейін сурет сүртіліп кетпейтіндей етіп, арнайы ерітіндімен шайылып өңделеді.

hello_html_3972566d.jpgЛиногравюра дегеніміз - линолеум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден кырнап алып тастайды.

Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояуы жағылады (арнайы білікпен), одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып тезге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз. Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеуммен өзіне қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линогравюра - сабақта да емес, оқушылардың бос уақытында да емес, арнайы үйірмелерде, шеберханаларда істелетін жұмыс. Гравюрлеуге арналған аспап-құралдар:штихель деп аталатын қашаулар. Штихельдердің өлшемі әр түрлі болады (үшкір, доғал, пышақ). Бұлардың әркайсысының атқаратын қызметі де әр түрлі. Біреуімен үлкен жазықтықтарды шығарса, енді біреуімен өте ұсақ детальдарды шығарады.


hello_html_550e8421.jpg







Үйге тапсырма беру: Графикалық сурет сал.




Сабақ: №13

Сабақтың тақырыбы:

Линогравюра.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Линогравюрамен сурет салудың түрлерімен оқушыларды

жүйелі түрде таныстыру.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал штихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуқа болады. Негізгі аспап - 50-60 градустық бұрыш формасында тұмсығы бар бүрышты қашау (немесе кескін штихель 4). Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2—3-тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады. Линолеумге пайдаланатын қашаулардың көпшілігін ескі қолшатырдың шабақшаларынан жасап алуға болады: олардың ені әр түрлі, әрі дайын сайы бар, оны тек қажетті формаға келтіру керек. Аспап әрдайым өткір болуға тиіс, сондықтан да оны қайрауды жақсылап үйреніп алу керек. Аспаптардың тек ұшын ғана қайрайтынын ұмытпаған жөн. Гравюрлеу кезінде кесілген сызықтар жақсы көрінуі үшін линолеумнің бетіне жұққан қарындашты мақтамен сүрте отырып, аздап қарайтуға болады. Керісінше линолеумді гуашьтың ақ бояуымен грунттап, оның бетін ақ жасауға болады. Онда қалдырылған сызықтар бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді. Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті: екі, үш, одан да көп бояулы болуы мүмкін. Сонымен, түрлі түсті гравюраны басу кезінде қанша бояуды қолданатын болсақ, соның түстік ерекшелігіне қарай сонша тақта болуға тиіс. Оттискіні сынап көргеннен кейін, қолданған бояулардың әр түрлі үйлесімін тексеру керек. Мұнда өте жақсы оттискі алу оңай шаруа емес. Алғашында сәтсіз оттискілер болуы мүмкін. Кейін бірнеше рет басып, жақсы оттискіні ала аламыз. Гравюрлеуді бастамастан бұрын бірінші дайындық суретті жhello_html_5b04e167.jpgасап алу керек. Мұны қаламұш пен қылқалам арқылы тушьпен орындаған дұрыс. Суреттің форматы баланың гравюра жасау форматымен сәйкес болуы тиіс. Суретті тақтаға ауыстырғанда тақтадағы бейненің оттискіге қатысы «айнадағы бейнедей» нақты түсуін қадағалауымыз керек. Гравюрлеу кезінде жіберілген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырылған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына келтіріледі. Ұсақ шhello_html_m16ef841f.jpgтрихтар мен қосымша жерлерді тіс тазалайтын ұнтақты желімге араластыру арқылы бекітеді. Басуды біткеннен кейін, бензинге матырған шүберекпен бояу қалдығын (тақта мен біліктен) кетіріп, оларды құрғақ, таза шүберекпен сүрткен жөн. Линолеуммен жұмыс істеу әдісі, гравюра өнерінің негізгі түріне жатады. График суретшілер көбінесе линолеуммен жұмыс істейді. Линолеуммен жұмыс істегенде жоғарыдағы айтылған әдіс-тәсілдерді орынды пайдаланған жөн.

Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті (екі, үш, одан да көп) бояулы болуы мүмкін. Мұндай гравюралардың сапасы бояулардың санымен өлшенбейді. Дәл табылған түстік үйлесімдермен, қатынастармен, тақырыптың мазмұнын ашып берумен өлшенеді. Түрлі түсті гравюрада шектеулі бояу түрлері ғана қолданылады.




Үйге тапсырма беру: Линолеум тәсілімен сурет сал.



Сабақ: №14

Сабақтың тақырыбы:

Пластикалық анатомия.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының

анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_m79bd799c.jpg
Адамның бас сүйегін бейнелеу.
Адам басының негізі – оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін-келбетін бейнелеу үшін, ең алдымен оның бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адам басының қаңқасы жайлы терең мағлұматтар алу үшін тәнтану пәнін жақсы окып үйрену керек. Сонымен қатар пластикалық
анатомия кітаптарымен де жете танысу қажет. Адамның бас сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек, т. б. болып бөлінеді.





Аhello_html_m310f5199.jpgдам басының пішіні төрт түрге бөлінеді. Адамның бас сүйегін бейнелеуде бет сүйегін жақсы білу қажет. Адамның жас нәресте кезінен бастап ер жеткенге дейін бст сүйегі дамып өседі. Бет сүйегінің даму шегі 24 жаста тоқталады. Негізінен кәрі адамдар қаңқасының жалпы көлемі жеңілдеп, ол сүйектерінің жұқаруына байланысты кішірейеді. Жалпы адам басы бас сүйегі мен бас еттерінен тұрады. Пластикалық анатомияны оқып білмей тұрып, оны дұрыс белгілей алмаймыз. Жалпы адам басының қаңқасы екіге бөлінеді, олар: жоғарғы ми сауыты, төменгі бет бөлігі.

Адамның бас сүйегін бейнелеу екі сатымен орындалады.

Біріншісі - суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау.

Екіншісі - кескіннің құрастыру құрылысы мен көріністегі қолданылуы.

Ең алдымен адамның бас сүйегін бейнелейтін қағаздың ортасында келетін нүктеден сәл жоғары болатын көру нүктесін табамыз. Қаңқа суретінің тепе-еңдігін сақтау үшін иектің астыңғы сызығынан қағаздың төменгі шетіне дейінгі ара қашықтықты төбеден қағаздың жоғарғы жиегіне дейінгі ара қашықтықтан үлкен етіп қалдырамыз. Бейнеленетін сурет пен қағаздың көлемі сәйкес болуын әрдайым есте сақтаған жөн. Бас сүйектің биіктігі мен енінің қатынасын салыстырмалы түрде өлшеу арқылы бейнелейміз. Жалпы қаңқаның сырт пішінін салғаннан кейін оның ішкі құрылысын анықтауға көшеміз. Адамның бас сүйегін бейнелеудің бірінші кезеңі төмендегідей.

  1. Пhello_html_m31181b98.jpgішінді көзбен қарап зерттеу, бас сүйек бөлшектерінің тұлғалық қатынастарының көлемдерін айқындау.

  2. Бейнеленетін бас сүйекті қағаз бетіне үйлестіріп орналастыру.

  3. Орталық және көз деңгейі сызықтарын жүргізу, ми сауыты мен бет бөліктерінің ерекшелігін айқындау.

  4. Бас сүйектің бет бөлігіндегі мұрын қуысының негізі және тістер жымдасатын жері бойынша көлденең сызықтар жүргізу арқылы үш бөлікті айқындау.

  5. Бас сүйектің жалпы көлемі мен ондағы бөлшектерді бейнелеу.

Бастың құрылысын, яғни бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық еттерінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясын жетік білуіміз керек.

Адам бас сүйегінің құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуге тиіспіз. Енді белгілі тәртіп бойынша адамның бас сүйегін бейнелеуге көшеміз. Көмекші сызық пайдалану арқылы оның сұлбасын қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін мұрын сүйегінің үстімен төмен қарай қақ жарып ортақ сызық жүргіземіз. Бас сүйектің бейнеленген сұлбасын көлденең сызықтар арқылы бірдей етіп үшке бөлеміз. Жоғары қас арқылы өткен сызық құлақтың жоғарғы жағымен жанасады, төменгі танаудың астымен жүргізілген көлденең сызық құлақтың астымен жанасады. Қысқасы адам басындағы осы өлшемдерді естен шығармау керек. Бастың негізгі мүшелері болып, көз, ауыз, мұрын саналады (1). Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призма, жиек сызықтары төртбұрыш пішіндес болады. Көз ортасымен ось сызығы өтеді. Ауызды (2) алдынан қарағанда параллелепипедке, ал қырынан қарағанда үшбұрышқа ұқсатуға болады.

Аhello_html_ma3b8ecf.jpg
уыздың алғаш жобасын сызғанда сол геометриялық денелерге ұқсатып бейнелеуге тырысу керек. Мұрынның (3) жалпы формасы призма пішіндес болады. Мұрынның қыры ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұсы тарылып, орта ені кеңейіп, ұшына келгенде домаланып, сүйірленіп бітеді. Құлақтың (4) жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес болып келеді.


Адамның бас сүйегін бейнелеу.



Үйге тапсырма беру: Адамның бас сүйегін бейнеле және оның мүшелеріне ерекше көңіл бөл.

Сабақ: №15

Сабақтың тақырыбы:

Адамның тұлғасын бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының

анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_m1ec8901.jpghello_html_419366e3.jpgАдам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық-бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші - иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшінші - төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі кіндіктен шаттың сызығына дейін және бесінші бөлігі жамбас сүйекті аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болады. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені екі бастың биіктігіне тең. Адам тұлғасын бейнелеуде адам анатомиясына мұқият назар аударған жөн. Сурет әдеттегідей долбарлық сызықты бейнелеуден басталады. Суреттің қағазға орналасуын, композициялыкқ құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің кұрылысын тұрғызуға көшеміз. Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарына сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Адам тұлғасының өн бойын мұқият байыппен қарар болсақ, бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады. Осы ерекшеліктерді есте сақтаған жөн. Адамның скелеті оның қаңқасы болып табылады. Скелет, омыртқа желісімен біріктірілген сүйектерден тұрады. Иілмелі омыртқа жотасы қозғалмайтын ірі үш бөлікті -басты, көкірек клеткасын, жамбас сүйектерін біріктіреді. Көкірек клеткасымен екі қол байланысқан. Әрбір қол негізгі үш бөліктен тұрады, олар: қолдың басы, білек, қар. Жамбасқа екі аяқ жалғасқан, аяқ та үш бөліктен тұрады: сан, сирак, табан. Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн. Бейнелеу өнері жанрларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және ол суретшінің айрықша дарынды болуын тілейді. Кhello_html_m26cbb88e.jpgүрделі де қиын жанрлардың бірі - портрет. Портретте ұқсастығын ғана беріп қоймай, суретші сонымен бірге бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек. Суретші адамның келбеттік тұлғасын бейнелеуде терең зерттеп, жан-жақты ізденуі тиіс. Ең алдымен адамды қай тұрғыда бейнелеуге ерекше назар аудару керек. Оның өзіне тән қимыл ерекшелігі көркем шығармада дәл берілуі қажет. Сонда ғана нақты бейнеленетін адам өмірге шынайы жақын болып шығады. Бір қызығы, өнер туындысында портреті салынған кісі өзіне-өзі өмірдегіден гөрі көбірек ұқсайтыны бар. Бұлай болатын себебі: суретші оның қимыл-қозғалыс, айналымдарының ішінен, бет құбылысы ішінен ең лайықтыларын тап басып, тауып сала алады. Ол үшін портретін салатын кісіні жақсы білуі керек, оны әр қилы жағдайда бейнелеу керек, оның бойынан әлдебір нәрсені аңғарып бере білуі керек. Адамның ішкі дүниесін көре білуінен, адамның арғы түкпіріне көз жіберу қабілетінен портретшінің дарыны байқалады. Суретші адамның негізгі қасиетіне бойлап, оны ұқсата алғанда ғана, оның ішкі дүниесін ашқанда ғана елмейтін жаңа шығарма жазады. Дүниені өзінше көре білу — суреткерлік талаптың маңызды бір ерекшелігі. Бізге, көрерменге дүниені сол бір өзінше көре білуін жеткізе отырып, суретші біздің әлі өзіміз байқамаған нәрсеге көбірек көзімізді ашып, рухани дүниемізді байытады.

Сhello_html_76fd44d0.jpgондықтан суретші адамның келбетін, тұлғасын бейнелеу үшін ең алдымен адам анатомиясын жақсы білу керек. Пластикалық анатомияны зерттеп оқу адамның дене құрылысын дұрыс белгілеуге үйретеді. Әрі әрбір адамға тән өзіндік дене құрылысының сипатын жақсы білуге, дәл ұқсатып бейнелеуге жаттықтырады. Сендер жалаңаш адамды бейнелеуді этикаға жатпайды деп үғынбаңдар. Өйткені адамның ішкі дене құрылысының сұлулығын сезінбей тұрып, жақсы портрет жазу мүмкін емес. Ұлы суретшілердің өзі пластикалық анатомияны оқып үйренуден бастаған.

hello_html_2a0c0786.jpghello_html_m52d47af8.jpg

hello_html_14281b7.jpg



















Үйге тапсырма беру: Адам басын бейнелеп үйрен.










Сабақ: №16

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық киім киген адамның тұлғасы.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің

түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы

түсінік беру.


ә) Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық

киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын,

қиялын, тілін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге,

мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Суретшілерге адамдарды тек тыныш тұрған кезде ғана емес, қимыл-қозғалыста да бейнелеуге тура келеді. Леонардо да Винчидің өзі де олардың жан дүниесінде де болып жататын көңіл күйдің қаншалықты алуан түрлі болатыны сияқты адамдардың қимыл-қозғалыстары да соншалықты алуан түрлі деп атап көрсеткен болатын. Адамның көзге көріне бермейтін алуан түрлі қимыл-қозғалыстарының бәрінің ішінен мейлінше жиі мейлінше күнделікті өмірде кездесетін және локомоторлық қимыл-қозғалыстар деген атқа ие болған негізгі тобын бөліп алуға болады. Адам денесінің мұндай қимыл-қозғалыстарына жүру, жүгіру, секіру және тағы басқа бірқатар қимыл-қозғалыстар жатады. Мұндай жағдайларда суретшінің міндеті – көрерменге өз қиялында қимыл-қозғалыстың қалған барлық фазаларын елестетуге мүмкіндік беретін ең ұрымтал сәтті бере білу. Дененің еш уақыта жерден толық бөлінбей, кез-келген сәтте оған не бір аяғымен, не екі аяғымен сүйену жүрудің негізгі ерекшелігі болып табылады. Жүру адамның аздап алға еңкейіп, оның ауырлық центрі тірек алаңының шеңберінен шығудань басталады. Құламау үшін адам бір аяғын алға созып, жаңа тірек жасайды. Қадам осылай жасалады. Жүріс кезінде аяқ пен қолдың үйлесімдіқимылы болып отырады. – оң аяқ алға созылғанда сол қол керісінше кетеді. Жүрістің алуан түрлі фазалары кезінде белгілі бір бұлшық еттер жиырылып отырады. Аяқтардың ааға қарай қимыл-қозғалысы кезінде санның алдыңғы жағындағы бұлшық еттер жиырылады.





hello_html_4fa874b7.jpgҚазақы киімді кастерлеу әрі құрмет тұту елдің кемеліне келген өскелең өмірін танытады. Онын, қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім-кешегі - ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген мұра. Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады. Соның ішінде сәукелеге тоқталайық. Сәукеле - киелі деп есептелетін, ерте заманнан бері келе жатқан қалындықтың бас киімі. Ол жөнінде көптеген дастандарда, аңыздарда
айтылған. Сәукелеге ұқсас бас киімдерді археологтар ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтанатына арнап қалыңдықты жасандырғанда әдетте оның басына маңдайлық, желкелік, жанамалар қыстырылатын қатырма ретінде биіктігі 20-30 см болатын бағалы аң терісімен көмкерілген сүйір бөрік кигізетін де, үстін сәукеленің өзін қондыратын болған. Сәукеле інжу, маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленеді. Алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек жабылатын болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып, төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішінін өте нәзік, сымбатты етіп көрсетеді. Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтар бола бермейді. Салтанатты киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқайма, биік өкшелі, қайқы тұмсықты, таптаурындаған, түрлі түсті қайыспен, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Оның үстіне салтанатты киім-кешекті алтын, күміс жалатқан қапсырма, белдік, алқа, шолпы, сақина, білезікпен киетін болған. Күнделікті киімге тоқыма шекпен, қолда бар мата - бөз, кенеп, шыт, сөтен, қолдан ұқсатылған тері, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.

Енді ұлттық киім киген тұлғаларды бейнелеп көрейік.

hello_html_m623a5bdc.jpg










Үйге тапсырма беру: Ұлттық киім үлгісінде адам тұлғасын бейнеле.

Сабақ: №17

Сабақтың тақырыбы:

Сүйікті кейіпкерлерді бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының

анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің құрылысын тұрғызуға көшеміз. Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарына сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз, көлеңкесін айқындаймыз. Адам тұлғасының өн бойын мұқият байыппен қарар болсақ, бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады. Осы ерекшеліктерді есте сақтаған жөн. Адамның скелеті оның қаңқасы болып табылады. Скелет, омыртқа желісімен біріктірілген сүйектерден тұрады. Иілмелі омыртқа жотасы қозғалмайтын ірі үш бөлікті – басты, көкірек клеткасын, жамбас сүйектерін біріктіреді. Көкірек клеткасымен екі қол байланысқан. әрбір қол негізгі үш бөліктен тұрады, олар: қолдың басы, білек, қар. Жамбасқа екі аяқ жалғасқан, аяқ та үш бөліктен тұрады: сан, сирақ, табан. Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн. Бейнелеу өнері жанрларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және ол суретшінің айрықша дарынды болуын тілейді. Портретте ұқсастығын ғана беріп қоймай, суретші сонымен бірге бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек.

Енді өздерің қалаған сүйікті кейіпкерлеріңді таңдап, олардың тұлғасын, бет-әлпетін ұқсатып бейнелеуге тырысамыз. Сүйікті кейіпкерлерге қазақтың ақын-жазушылары, әншілер, кино актерлері және тағы басқа тұлғалар жатады. Оқушылар өздеріне ұнайтын сүйікті кейіпкерлерін таңдап, оны салуға ынтасымен кіріседі. Сонда ғана оқушылар адам тұлғасының ұқсастығын көрсете алады.


Үйге тапсырма беру: Сүйікті кейіпкеріңді бейнеле.

Сабақ: №18

Сабақтың тақырыбы:

Сәндік қолданбалы өнер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы

оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру.

ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау

қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке

тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_5f600d47.jpgҚазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Қазақ халқының қолөнері түрлерімен кең көлемде танысқыларың келсе, этнографиялық әдеби кітаптар оқыңдар. Бұл салада ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә. Марғұлан, зерттеуші этнографтар С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, X. Арғынбаев, Д. Шоқпаров, т. б. «Қол өнер - мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы мен дәлдігі, олардың жарасымды болып жасалуы суретшілік көзбен қаралуы тиіс. Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.


hello_html_3dfa2fca.jpg




Үйге тапсырма беру: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен танысу.






















Сабақ: №19

Сабақтың тақырыбы:

Түрлі-түсті қағаздар, қатырма қағаз, мата, табиғи материалдармен жұмыс істеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Табиғи материалдардың және басқа да экологиялық

материалдардың қажеттілігін, олардан түрлі заттар жасауға

болатынын оқушыларға көрсету.

ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау

қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке

тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, түрлі заттардан жасалған заттардың үлгілері, табиғи материалдар, түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, өшіргіш, қайшы, желім және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сhello_html_14c4bda5.pngабақтың барысы:

Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың табиғатты қорғау мен экологиялық жағдайларды шешуде үлкен рөл атқарады. Қажетсіз яғни, қалдық заттардан әр түрлі бұйымдар жасап шығаруға болады. Оның ішінде жарамсыз қалған қағаздардан да бұйымдар шығаруға болады. Мысалы, оригами тәсілімен әр түрлі заттарды, жаңа жыл шыршаларын безендіруге ойыншықтар, түрлі жан-жануарларды, гүлдерді жасауға болады. Бұл оқушыларды айтарлықтай қызықтырады, дүниетанымын кеңейтеді. Қалдық заттардан жасалған үлгілерге қарап бұйымдар жасап көрелік.


hello_html_m76df2ad7.jpghello_html_5e1fb0c2.jpg

hello_html_m1815455f.jpghello_html_240448e3.jpg

hello_html_m154bf762.jpg























Үйге тапсырма беру: Табиғи материалдардан бұйым жасау.

Сабақ: №20

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсіру.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, ұлттық киім үлгілері, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Қазақы киім - көненің көзі. Ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оны қалпына келтіріп, баламаларын көптеп шығару басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбайды. Мәселен, ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық экспозициялар арқылы іздестіріп, киім-кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын, жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның өзінде, олардың білетіндерін, әке-шешелерінен, ата-әжелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басымен шектеледі. Республиканың мұражай қорында да негізінен осы кезеңнің киімдері сақталған. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің кемеліне келген
өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім-кешегі - ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген мұра. Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады. Соның ішінде сәукелеге тоқталайық.

Сәукеле - киелі деп есептелетін, ерте заманнан бері келе жатқан қалыңдықтың бас киімі. Ол жөнінде көптеген дастандарда, аңыздарда
аhello_html_6e7fe871.jpgйтылған. Сәукелеге ұқсас бас киімдерді археологтар ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтанатына арнап қалыңдықты жасандырғанда әдетте оның басына маңдайлық, желкелік, жанамалар қыстырылатын қатырма ретінде биіктігі 20-30 см болатын бағалы аң терісімен көмкерілген сүйір бөрік кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған. Сәукеле інжу, маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленеді. Алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек жабылатын болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып, төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішінін өте нәзік, сымбатты етіп көрсетеді. Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтар бола бермейді. Салтанатты киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқайма, биік өкшелі, қайқы тұмсықты, таптаурындаған, түрлі түсті қайыспен, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Оның үстіне салтанатты киім-кешекті алтын, күміс жалатқан қапсырма, белдік, алқа, шолпы, сақина, білезікпен киетін болған. Күнделікті киімге тоқыма шекпен, қолда бар мата - бөз, кенеп, шыт, сәтен, қолдан ұқсатылған тері, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.

hello_html_24c555ef.jpg



















Үйге тапсырма беру: Қазақтың ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсір.

Сабақ: №21

Сабақтың тақырыбы:

Киіз үйді бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, киіз үй бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Кhello_html_37b52d7c.jpgиіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Киіз үйдің негізгі қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық сүйегі деп аталады. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді. Киіз үйдің жабуы:туырлық керегенің іргесінен уықтың орта шеніне дейінгі жерді; үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты; түндік шаңырақты; киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үй көлемінің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Екі керегенің сағанағын кіріктіріп тұратын өрнекті жіңішке құр болады. Басарқан- керегенің басын сыртынан бастырып, орап тұратын қыл арқан. Белбау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастыра буатын қыл арқан. Шалма -уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Оны уық шалғыш, иық бау деп те атайды. Жел-бау - өрнекті, төгілме шашағы бар құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті - боран, дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегені байланыстырады.

hello_html_m535d50df.jpghello_html_10cf4665.jpghello_html_m1f8e3983.jpghello_html_m30dde82f.jpgБұл ерекше баспана туралы қызықты да ұзақ әңгіме қозғауға болады. Қазақ халқы осы дәстүрлі, көнеден келе жатқан баспанаға деген ыстық ықыласын бүгінгі күнге дейін аялап жеткізе білді. Киіз үй қазақ халқы үшін тек жеңіл де қолайлы баспана ғана емес, сонымен қатар ол - халық мұрасы. Киіз үйдің құрылысы аса күрделі емес. Негізінен ол кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Бұлардың бәрі қайың, терек сияқты ағаштардан жасалынады. Киіз үй құралдарына айналмас бұрын ағаш бұтақтары ұзақ та тиянақты дайындықтан өтеді.Киіз үйдің дайын бөлшектері көбінесе өсімдік бояуы - қынамен боялады. Үйді тіккеннен кейін керегенің сыртынан әсем тоқылған ши жүргізіледі. Содан кейін тұтастай бор ерітіндісімен суарылған киізбен жабылады. Бұл киізді ағартып, беріктігін арттыру үшін жасалынады. Бұған қосымша киіз ұлттық нақышты өю-өрнектер түріндегі жібек немесе мақта матадан ойылған оюлармен безендіріледі. Одан кейін іші-сыртынан ағаш және киіз бөліктер әдемі басқұр, жел баулармен бекітіп байланады. Киіз үйді құру дәстүрі де бағзы заманнан бері өзгермей келе жатыр. Үй тігіліп жатқанда отбасына бақыт пен қуаныш орнасын деген ниетпен әрқашан көңілді әзіл-күлкі толастамайды. Киіз үйдің есігі, әлбетте, шығысқа қарап тігіледі. Себебі ақын жанды қазақ үйге бірінші қонақ - күннің сәулесі түсуі тиіс деп санаған. Шаңырақ – отбасылық қасиетті реликвия. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер құрастырса, шаңырақты көтеру – отағасының немесе рубасының міндеті.

Шаңырақ көтерілгеннен кейін оның шеңберіне әткеншек ілініп, оған қыз бен ұл баланы отырғызып тербетеді. Бұл бір жағынан құрылыстың беріктігін тексеру болса, екіншіден, ертеден келе жатқан сенім бойынша, балалардың күлкісімен жаңа қонысқа байлық пен бақ орнайды. Киіз үйдің барлық бөліктері жарамсыз болып қалса, олар ауыстырылып, шаңырақ сақталып, ол кенже ұлдың меншігіне қалдырылған. Келген қонақтар алдымен кенже ұлдың үйіне түсіп, содан кейін оның ағаларының үйіне баруы тиіс. Бұл шаңырақты құрметтеу болып табылады. Шаңырақтың ортасындағы күлдіреуіштің төрт ұшы әлемнің төрт жағын көрсетіп тұрады. Ертедегі көшпенділер шаңырақ ортасында жұлдыздардың орналасуына қарап, бір жайылымнан екінші жайылымға көшу уақытын анықтап отырған.

Киіз үйдің ішкі көрінісі

Сен киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? Оның ішінде ерекше тыныштык пен жайлылық әлемі орнап тұрғандай сезінесің. Киіз үйдің іші бірнеше бөліктерге бөлінеді. Кіре беріске қарама-қарсы жақты төр деп атайды. Бұл құрметті
қонақтарға арналған орын, сондықтан ол сәндеп безендіріледі. Үйдің оң жағы ер адамдардың, сол жағы әйелдердің үлесі болып табылады. Киіз үйдің ортасы
- ошақ орны. Ошақ орны қасиетті деп саналады, сондықтан оның орнын баспай айналып өту керек. Киіз үйдің ішкі керегелері мен едені түкті және тықыр кілемдермен, алаша, түскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендіріледі.

hello_html_m62d7a53d.jpg
































Үйге тапсырма беру: Киіз үйді және оның ішкі көріністерін бейнеле.


Сабақ: №22

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың төсеніш бұйымдарын бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, қазақтың төсеніш бұйымдары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_m26c85070.jpgТұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады. Оған киіз үйіміздің бүкіл құрылысы мен жиһаздары, ыдыс-аяқтарымыз, қару-жарақтарымыз, киім-кешектеріміз бен өрнектеріміздің барлығы жатады. Басты түрлері: киіз басу, кілем тоқу; алаша тоқу; ағаш өңдеу, ер-тұрман жасау, зергерлік өнері және былғары өңдеу өнері. Кілем тоқу өнерітұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қол кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілемдер тоқығандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Олар әндіжан кілемі, бұхар кілемі, түрікмен кілемі, парсы кілемі, араб кілемі, т. б. деп аталады.

Түкті кілем. Жоғарыда аталған кілемнің барлығы түкті кілемге жатады. Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек.

Тақыр кілем - жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан-ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жбіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Қазақ халқы кілемді жайсаң - төсеніш, ілсең сән деп бекер айтпаған. Бұл кілемді тоқу үшін көптеген кілем жабдықтары керек. Олар: адарғы тарақ, тартпа, отырғыш, кесермен пышақ,қайшы, желі жіп, арқау, түкті жіп, түкті жүндер, т. б.

Кhello_html_m2f0e3e2a.jpgестелеу өнері - қолөнерінің ежелден келе жатқан бір түрі. Кесте тігу үшін зер немесе басқа әдемі жіп, мата, ине, қайшы, оймақ, біз және кергіш қажет. Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне байланысты болады. Жіптің ұзындығы 50-60 см-ден артық болмауы керек. Кергіште кестелеген кезде оймақтың кажеті жоқ. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см-дей болғаны дұрыс. Кестені ілмелі бізбен кестелейді. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селбір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Кейінгі кезде көркем кестелеу өнері өте жақсы дамып отыр. Әсіресе Қытай мен Монғолияда өмір сүрген қазақ халқының ісмерлері көне көз кестелерімізді көркем шығармаға айналдырып, жаңа бағытта дамытуда. Мысалы, Монғолиядан келген суретші З. Мұхамеджанұлы қазақтың көне кесте өнерін жаңа стиль болмысы бойынша қазіргі заман қолөнерімен үндестірді.

hello_html_m4cd8f58e.jpg























Үйге тапсырма беру: Қазақтың төсеніш бұйымдарын бейнеле.

Сабақтың тақырыбы:

Суретті кілем. Гобеленмен танысу. Талдау.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, гобелен бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Гобелен өнерінің шығу тарихы 15 ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Мұнда гобелен тоқуға негізінен кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланылды. Балтық жағалауы суретшілері гобелен тоқуда көбінше толқын тәрізді табиғат көрінісін бейнелесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды бейнеледі. Ресей суретшілері тықыр кілем үлгісімен суреттер салып тоқыды. Сонымен, гобелен дегеніміз - сурет салып тоқылатын кілем. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері қатарында: Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема,

Ө. Бапанов, С. Бапанова, К. Жұбаниязова, А. Иханова, Н. Павленко, Б. Өтепов,

Ш. Қожанов, Г. Өмірбекова, Ш. Рызубаева, Г. Қастеева, Р. Базарбаева,

Г. Қабижанова, М. Бектасова, т. б. атауға болады. Ә. және С. Бапановтардың «Саяхаттау» атты гобеленінің композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдері қазақ халқының тұрмыс, салт-дәстүрімен сабақтасып жатыр. Төрт түліктің бірі түйемен дүние жүзін аралаған қазақ өмірі сыр шертеді. Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы Жібек жолын еске түсіреді. Түйе глобус тәріздес карта сияқты. Оның ішкі көріністерінен өмір шындығы мен табиғат көріністерін байқауға болады. Күн әлем шуағын баяндаса, түйе мойнындағы қоңырау дарқан даламызбен үндесіп жатыр. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтасып, қызмет етуі тиіс. Гобелен кілемі - сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден аhello_html_53c55761.jpgйырмашылығы - суреті мен колориттік түстерінде.





Үйге тапсырма беру: «Менің Қазақстаным» атты гобелен эскизін орында.










Сабақ: №24

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнерімен танысайық.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы

оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.

ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,

ой- өрісін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман

мінездерден жиренуге әдеттендіру.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сhello_html_m35cc4f07.jpgабақтың барысы:

Мүсінді «скульптура» деп те айтады. Ол – латынның sculptura деген сөзі, «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал - аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікте көруге, жан-жағынан толық карауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст- кеуделік мүсін; статуя - адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы композиция - бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма. Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың бетінен аз шығып тұрса, барельеф деп аталады, ал жазықтың жартысынан көбірек, дөңестеу шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден келе жаткан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер. Атап айтканда, Египеттегі «Аменемхеттің статуясы», Греция мүсіншілері Миронның «Дискоболы», Поликлеттің, «Дорифоры», т. б. Мирон өз күшіне сенімді, ер жүрек, дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон оз өhello_html_m534862d3.jpgнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды. Ал Поликлет атақты найзагер жігіт - Дорифорды кереметтей сомдап көрсетеді. Бұл бейне адам денесіндегі мінсіз сұлулық пен рух үйлесімдігін паш етіп тұрғандай. Мүсінші мінсіз сұлу адамның дене мүшелерінің арақатынасын дәл белгілеуді мақсат етеді. Поликлет өзінің ойлары мен тұжырымдамаларын «Канон» деп аталатын теориясында баяндайды. Соған сәйкес мүсінделген әйгілі еңбегі «Дорифор» болып табылады. Бұл мүсіндер - көлемді дөңгелек мүсін, мүсіннің көне түрі. Үнді және Қытай жерлерінде жақсы дамыған. Шағын формалы мүсіндер өте ерте замандардан басталған. Дүниежүзілік мұражайлардан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шағын статуялар мен барельефтерді кездестіруге болады. Шағын формалы мүсіндер деп пластикалық тілі бар, өзіндік заңдылықтары бар, дербес мүсіндерді айтамыз. Шағын мүсін ерекше қозғалымды. Ол өзінің орнын жиі ауыстыра алады, кез келген жерге қоюға өте қолайлы әрі сән бере алады. Шағын мүсін кішкентай ескерткіш сияқты асқақ болып қабылданады, оған бөлмеге қойылатын зат деп жай қарауға болмайды. Мүсін өте шағын болғанымен мазмұны терең, үйлесімдік ерекшелігі мол шығарма болып табылады. Шағын мүсіндер көбінде фарфор, сүйек, ағаш, темір, мыс, т. б. заттардан жасалады. Композициялық мүсіндер үйреншікті өмірдің көп саласын, оның күнделікті образдарымен, яғни қиял-ғажайып, юморлық көріністерімен бейнелей алады. Шағын мүсін талапкер жас мүсіншілер үшін өте қызықты. Қазақстан Республикасының мүсіншілері мүсін өнерінің түрлерін терең меңгеріп, үлкен шығармашылық табысқа жетті. Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісі X. Наурызбаев бастаған мүсіншілер тобы дүние жүзіне танылды. Атап айтқанда олар: Е. Сергебаев, Т. Досмағамбетов, Еhello_html_7e0f795d.jpg. Мергенов, Н. Журавлев, Б. Төлеков, Б. Әбішев, т. б. мүсіншілер еді. Мүсіншілер көлемді көркем шығарма сомдауда әр түрлі жобаларын саз балшық арқылы жасап іздейді. Саз балшық - мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың жобасын жасауға мүмкіндік беретін ең алғашқы материал. Саусақтарымен жұмыс істегенде пластикалық материалды түйсіне, сезіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан мүсін формаларын бейнелік жағынан көріп тұрғандай қабылдайды. Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті-оның ырыққа көнгіштігі. Мүсін жасайтын саз балшықтың сапасын жақсарту үшін оған үпілмәлік майын, крахмал желімін қосу әдісі қолданылады. Сұр-жасыл, сұрғылт-ақшыл, «күміс» саз балшықтар жұмыс істеуге мейлінше қолайлы. Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы пластилин болып табылады. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушы Д. Вазарий пhello_html_68f7694b.jpgластилиннің орта ғасырларда пайда болғандығын дәлелдейді. Пластилин технологиясын атап өтуді жөн көріп отырмыз. Мысалы, қатқыл пластилин жасау керек болса, балауызды балқытып, оған ерітілген шайыр, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады. Мүсін тек пластилин мен саз балшықтан ғана жасалып қоймайды. Сонымен қатар ол ағаш, темір, мәрмәр, қола, мыс, сүйек, гипс, тастан да жасалады. Саз балшық, пластилинмен жұмыс істеу кезінде қаңқа (каркас) пайдаланған орынды. Өйткені оны пайдаланбаса сомдалатын заттың формасы бұзылып, өзгеріп кетіп отырады. Мүсін жасауда адам тұлғасының сипатын, оның пропорциялары мен қимыл-қозғалысын бірден ұстап қалуға тырысу керек. Ол үшін жалпыдан бастап жеке бөлшектерге көшу керек. Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып-жағдайын саз балшықта сіріңке талшықтарымен белгілеп алу керек. Содан кейін әсерлі нәрсені бөле көрсету қажет. Жұмыс жасауда үлкен форманы жhello_html_m2b887497.jpgасай отырып, барлық жағынан қарау керек.

hello_html_m35f92323.jpg

hello_html_m7131022c.jpghello_html_44b87b97.jpg















Үйге тапсырма беру: Ермексаздан адам тұлғасының мүсінін жаса.


Сабақ: №25

Сабақтың тақырыбы:

Ертегі кейіпкерлерін мүсіндейік.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер

иллюстрацияларымен таныстыру. Бейнелеу өнерінің

түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы оқушыларды

таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.

ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,

ой- өрісін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман

мінездерден жиренуге әдеттендіру.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, ертегі кейіпкерлерінің иллюстрациялары, ертегі кейіпкерлерінің мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, ермексаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қандай ертегіге арнап мүсін жасау керек екендігін айтады. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген «Қобыланды батыр» жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан-жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды мүсіндеу үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.


Үйге тапсырма беру: Аңыз, ертегілер мазмұнына арнап шағын нобай иллюстрациялар жаса, мүсінде.

Сабақ: №26

Сабақтың тақырыбы:

Адамның тұлғасының мүсіні.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы

оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру. Адам тұлғасының өн

бойымен яғни, адам тұлғасының анатомиясымен

оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,

ой- өрісін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман

мінездерден жиренуге әдеттендіру.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Адамның тұлғалық формасын дұрыс мүсіндеу үшін оң бүйір, сол бүйір, алдынан, ту сыртынан қарап жасау арқылы нақтылай түсу қажет. Мүсін - ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Әр өнердің бізді қоршаған дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояу, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта ғана кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей етіп, толық мүсіндейді. Кенеп бетіндегі суретті біз үнемі бір қырынан, бір қалпында ғана көреміз, ал мүсінді жан-жағынан әр қалыпта көреміз. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады. Металдан мүсін сомдау үшін оның моделі жасалады, сонан соң сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын қондырғы және монументтік түрге бөлінеді. Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.



Адамның тұлғалық мүсінін жасау үлгісі

hello_html_m7ec1002f.jpg




































Жас суретшілердің мүсіндік қолтаңбасы

hello_html_6051cf53.jpg















Үйге тапсырма беру: Адамның тұлғасының мүсінін жасап көр.


Сабақ: №27

Сабақтың тақырыбы:

Сәулет өнерімен танысайық.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде

маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер

жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру.


ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту,

жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып,

жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.


б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа

жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_m5dd45057.jpgСәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қазақстан сәулет өнері қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстанда 6-18 ғасырлар аралығында ғажайып сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады. Атап айтқанда: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолы бойында ерекше сән-салтанатқа ие болады. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. 8 ғасырда Фараб деп аталған. Ол - ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің туған жері. Қазба жұмыстар нәтижесі Отырарда сәулетті сарай, мешіттер болғанын дәлелдейді. Отырар - қазақ халқының көне тарихының көзіндей ежелгі қаланың бірі. Тараз. Таразда 5-18 ғасырларда тұрғызылған сәулетті сарайлар, мешіттер сақталған. Қазіргі Алматыдағы «Арасан» моншасының шығыс бөлігі осы Тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған. Айша Бибі кесенесі - 12 ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны.

Тараз қаласы аймағында ертерек пайда болған ескерткіш - Бабажа хатун кесенесі (11ғ.). Ескерткіштің құрылысы өте қарапайым, ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жасалған. Бұл ескерткіш - көшпенді халықтың талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс.

Түркістан қаласы қазақ хандығының орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі осында орналасқан. Ғимараттың ішкі-сыртқы беті жылтыр, түрлі түсті мозаикалар өрнектерімен әшекейленген. Қазақ сәулет өнерінің дүние жүзіне танымал, классикалық көне ескерткіші. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрылыстарға байланысты бірнеше атауларға тоқталып өтейік.

Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.

Медресе - мұсылмандардың ең жоғарғы рухани мектебі.

Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты.

Мозаика - түрлі түсті ұсақ тастардан, боялған әйнектен, смальтадан, жылтыр керамикадан құрастырылып, сыртқы қабырғаға салынған сурет, өрнек.

Мұнара - көк аспанмен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыс.

Жалпы қазақ халқының сәулет өнерінде ғимараттар мен кесене құрылыстары күмбезделініп салынады.

Күмбез өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар: шеңберлік күмбез, сына бейнелі күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез, т.б.

hello_html_m1b432696.jpgСәулет өнеріндегі түр-түс сәулеттік (архитектуралық) көркемдікке қол жеткізу құрылыстарының бірі болып саналады. Сәулеттік ғимараттардың көркем безендірілуі басты рол атқарады. Орта Азия мен Қазақстан жерінде шаһарлар (қалалар) ежелден-ақ пайда болған. Бұл - сәулет өнерінің куәсі. Атап айтқанда олар: Бұхара, Самарқан, Отырар, Баласағұн, Түркістан, Тараз, Құлан, т. б. Әсем қалалар халықтың көңіліне ұялап, еңсесі биіктей түсті. Қазақ халқы үшін екінші Меккеге айналған Түркістан шаһары болды. Түркістан төңірегінде Қарнақ, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзкент, Созақ, Шолаққорған, Құмкент, Бабаата, Саудакент, Сүткент тәрізді үлкенді-кішілі қалалар болған. Мұның бәрі - сәулеттік салтанатты өнеріміздің даму ерекшелігінің тарихы. Кезінде атақты суретші В. Верещагин Түркістан қаласының көрінісін бейнелеп, көркем шығарма жазған. Түркістан қаласында орналасқан сәулет ғимараты үйлесімді жоспармен салынған. Бұл тек зират болуымен шектелмейді, мешіт, медреселік қызмет атқарған. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелерінің төбесі көлденең аркалармен жабылған. Негізгі бөлімдерде - қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт-төрттен ойықшалар жасалған. Кесененің қабырғаларының көркемделуі үш бөліктен тұрады. Қазандық, көрхана мен мешіт қабырғаларының төменгі жағы алты бұрышты көгілдір түстермен көмкеріліп, мозаикалық өрнектермен шектелген. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен нақышталған. Есік жұқа темірмен қапталып, оған алтын жазулар түсірілген. Мешіт қабырғаларына жыланкөз жалатылған алты қырлы көгілдір тақтайшалар ұсталған. Мұндай сәулеттік әсемдеу көне сәулет өнеріміздің әдіс-тәсілдерін көз алдымызға елестетеді. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін тұрғызған Ақсақ темірдің есімі әлемге әйгілі. Бұл ғимарат ұрпаққа куә болып қала бермек. Сәулет өнері ежелден келе жатканбейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Сәулет өнері - адамдардың өмірі мен кызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар. Шағын формалы мүсіндер және әр түрлі көлемді мүсіндер қала құрылысы мен бақтың, парктің композициясын сәулеттік жағынан толықтырады. Сәулеттік ансамбль көрермендік қабылдау бірлігін туғыза алатындай белгілі бір идеялық көркемдік ой көздеу негізінде тұрғызылған. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы ансамбльдер. Қазіргі сәулет өнеріне байланысты бірнеше ғимараттарды атап көрейік. Олар: Шығыс моншасы, Оқушылар сарайы, Цирк үйі, Анкара ко- нақ үйі, т. б. Үлы Қытай қорганы - Солтүстік Қытайдағы бекіністі қабырға және коне қытай сәулет өнерінің орасан зор ескерткіші. Адмиралтейство - орыс сәулет өнерінің Сhello_html_199abb79.jpgанкт-Петербургтегі аса көркем ескерткіші.

hello_html_m33e960b0.jpg








hello_html_e1b6911.jpg





















hello_html_1b2bd2a2.jpg





hello_html_1ed46a16.jpg

































hello_html_m15b57bf3.jpg

















hello_html_1091b46c.jpg






















hello_html_mcd2e110.jpg


























Үйге тапсырма беру: Белгілі сәулет өнерінің ескерткішінің бірін бейнеле.

Сабақ: №28

Сабақтың тақырыбы:

Дизайн өнері.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен

таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен

тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін

оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс

жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.


б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_4398aeb8.jpgБейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл - «дизайн» өнері. Суретшілер қарапайым заттардың жаңа формасын іздестіруді ойластырды. Әрбір бұйымның өте қарапайым әрі әдемі болуын қарастырды. Жаңа тұрмысқа лайықты жаңалықтар енгізуге көңіл бөлді. Мысалы, конструктор-суретші үстел мен орындықтың небір түрін жасауды меңгерді. Мұның технологиялық тәсілі адам денесінің құрылысына ыңғайлы түрде істелді. Дизайнның ең алғашкы түрі 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Мұнда бірнеше дизайндық фирмалар құрылды. Сол кезден бастап дизайн жаңа қызметтің түріне айналды. ТМД елдерінде 1962 жылдан бастап дизайн өнері ене бастады. 1987 жылдан бастап Дизайн одағының шығармашылық ұйымы құрылды. Дизайн өнерін елімізде дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды. Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен-ақ қалыптаскан. Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару-жарақ, ыдыс-аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері, т.б. бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтың дәлелі бола алады. Ал бүгінгі 21 ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Әлемдік мәдениет қатарына қосылу үшін дизайнды жаңа тұрғыдан қарастыру көзделіп отыр. Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар. Атап айтқанда: статика, ритм, контраст, динамика, симметрия, метр, асимметрия, июанс, контраст, т. б.

Сhello_html_2e8729a2.jpgтатикалық үйлесім тұрақты нәрсені көрсетеді.

Ритм - ырғақты үйлесімдік.

Контраст - қарама-қайшы түстердің бірден айқын болып көрінуі.

Динамика - қозғалыстық үйлесім, қимылдық іс-әрекетті көрсетеді.

Симметрия - тепе-теңдік үйлесім.

Асимметрия - екі нәрсенің бірін-бірі қайталамауындағы үйлесімділік.

Метр - ара қашықтығы бірдей орналасқан үйлесім заңдылығы.

Июанс - композициялық үйлесімдіктің сәтті шығуы.

hello_html_m4194d12a.jpgЖалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады. Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады. Бұл да жетістік болып табылады. Дегенмен бүгін біз өз еліміздің, Орта Азия мен Қазақстанға тән ортақ дизайн үлгісінің әдіс-тәсілдерін іздеуге жаңа ықпал жасауымыз керек. Әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақтың сән- салтанатты тұрмысының құрылымдық ерекшелігі әдемі болуы тиіс. Дизайн дегеніміз - кез келген бүұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек.

hello_html_m18f707e6.jpg


































hello_html_m34a87e3d.jpg


































hello_html_369e1cd1.jpg

















hello_html_4a7be53.jpg


Үйге тапсырма беру: Дизайн өнеріне байланысты үйлесімдік заңдылықтарын меңгер және жобалық суретін сал.



Сабақ: №29

Сабақтың тақырыбы:

Перспектива заңдылықтары.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды перспектива туралы мәліметтермен

толығырақ таныстыра отырып, олардың қандай түрге

бөлінетінін түсіндіру, перспектива заңдылықтарын сақтай

отырып, сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа баулу.


ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен

жұмыс істеуге, біліктілік дағдыларын, танымдық

қызығушылықтарын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_4912d1ec.jpgПерспектива латынның "регsрісіо" деген сөзінен шыққан. Яғни арғы-бергі жақты айқын көру деген ұғымды білдіреді. Перспектива заңдылығын зерттеуге кезінде неміс суретшісі Альберхт Дюрер үлкен үлес қосқан. Перспектива сызықтық және ауалық деп бөлінеді. Мысалы, поезд рельстері бізден ұзаққа барып, көкжиекте бір нүктеге түйіседі. Сызықтық перспективаның заңдылықтары. Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтық өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы, телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтары төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады, бәрі көкжиек сызығында түйіседі.

Сhello_html_59752820.jpgызықтық перспективаны бейнелеу ережесі.

Бақылаушыдан алыстан тұрған заттардың өлшемдері әрдайым кіші болып бейнеленеді. Табиғаттың көкжиек сызығы қағаз бетінде көкжиек сызығына параллель болып бейнеленеді. Конус, цилиндр формасы, геометриялық заттар бойындағы шеңберлер перспектива заңдылығы бойынша овал болып бейнеленеді.

hello_html_m35ca5187.jpg





































Реңдік және түстік қатынас перспективалары

hello_html_m462837e1.jpg












































Үйге тапсырма беру: Перспектива заңдылықтарын сақтай отырып, тақырып бойынша сурет сал.




Сабақ: №30

Сабақтың тақырыбы:

Ауа перспективасы.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды перспектива туралы мәліметтермен

толығырақ таныстыра отырып, олардың қандай түрге

бөлінетінін түсіндіру, перспектива заңдылықтарын сақтай

отырып, сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа баулу.


ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен

жұмыс істеуге, біліктілік дағдыларын, танымдық

қызығушылықтарын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ауа перспективасының заңдылықтары.

hello_html_4e359829.jpgКөрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың түстері солғын түрінде қабылданады. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, алыстағылар бұлыңғыр, яғни көмескі болып көрінеді. Жақындағы заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданады. Ал алыстағы көріністің ішінде біреуі басым болып көрініп, қалғандары соған жақын түстерге айналады. Мысалы, алыстағы таулар көгілдір немесе күлгін болып келеді. Қашықтағы тұрған заттардың түстері өз түсіне қарағанда қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді.

Жhello_html_m51437e5c.jpgарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары.

Жарық көзінен қашықтықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзінен алыс тұрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып көрінеді. Егерде бақылаушы заттар мен түсетін жарық көзінің ортасында болса, онда заттардың бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді. Оқушылар бейнелеу өнерін оқуда, перспектива заңдылықтарын үйренуде мынандай қағидаларды жақсы меңгеруі керек: перспективаны бейнелеудің негізгі тіректері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі және т. б.

Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі.

Картина жазықтығы дегеніміз - бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.

Көкжиек сызығы- суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.

Көру нүктесі - сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.

Шығу нүктесі - өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.

Көру деңгейі- суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.

Оқушылар нұсқаға қарап және тақырып бойынша сурет салуда перспектива заңдылықтарына үнемі сүйеніп отыруы керек. Белгілі перспектива заңдылығына байланысты әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланған жөн.

Ауа перспективасының бейнелеу ережелері.

Затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар солғын бейнеленуі қажет. Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғылау заттар сәл жарық болып бейнеленуі тиіс. Жақындағы заттар көлемді болып бейнеленсе, алыстағы заттар жазықтау болып бейнеленеді.

Жақындағы түстер - ашық, ал алыстағы түстер солғын болып жазылуы тиіс. Мұның бәрі перспектива заңдылық ережелеріне сәйкес жұмыс жасауды міндеттейді.

Жарық пен көлеңке перспективасын бейнелеу ережесі.

Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда жақын тұрған зат бетінің жарығы өз деңгейінен артық бейнеленеді. Әсіресе үй ішінің көрінісін бейнелегенде бүйір қабырғалар, алдыңғы заттарға қарағанда алыстағы заттар кішірейіп көрінеді. Перспективадағы сызықтардың бәрі соза берсе бір орталық нүктеде түйіседі.

А. Нақысбеков өзінің көркем шығармасындағы басты тұлға С. Қожамқұлов пен немересін үйдің ішкі интерьерінде перспективалық заңдылықтарға сүйене отырып бейнелеген. Ал С. Чуйковтың «Таулы аймақтағы таң» атты көркем туындысында ауа перспективасы мен жарық-көлеңке перспектива заңдылығы ұтымды орын алған. Суретшінің көріп қабылдауындағы белгілі тәртіппен бейнеленетін жазықтық картиналық жазықтық деп аталады. Суретші өзі таңдап алған көру нүктесінен заттар мен көріністер қалай көрінсе, солай бейнелеуге тырысады.

Пhello_html_m1b30430a.jpghello_html_m376629d9.jpghello_html_m584e232d.jpgерспектива заңдылығы бойынша сурет салғанда шартты кеңістік моделіне сүйенген дұрыс. Сонда ғана сауатты сурет салып, шынайы көркем шығарма беруге болады.

hello_html_7827bffe.jpghello_html_m64b93d65.jpg











hello_html_m3b79ddae.jpg




Үйге тапсырма беру: Перспектива заңдылықтарын сақтай отырып, тақырып бойынша сурет сал.


Сабақ: №31

Сабақтың тақырыбы:

Интерьер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға интерьер жайлы мағлұмат беру, интерьер

көріністері бейнеленген шығармалардың мазмұнын

ұғындыру, теориялық білімін практикамен ұштастыру.


ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.


б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, интерьер көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Интерьерге композициялық іздеу. ХХ ғасырдың бас кезінен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына орай пайда болып, қалыптаса бастаған өнер саласының ерекше бір түрі – интерьер дизайн. Ол - адам тіршілік ететін, қызмет істейтін ортаның, тұтынатын бұйымның жарасымды сән-салтанаты, қолдануға ыңғайлылығы, әдемілігін әспеттейтін өнер түрі. Бұл күндері дизайншы шеберлігінің ыдыс-аяқты сәнді етуден бастап, үй жиһазы мен интерьері, автокөлік пен ұшақ, ғарыш кемелеріне дейін қажеттілігі бар. Осы дизайн өнерінің қазақ даласында өркендеуіне, әсіресе оны ұлттық сән үрдісіміздегі әлденеше мыңжылдықтар бойында жүйеленген дәстүрлер мен машықтарға қабыстырып, әдемі үйлесім иірімдерін табуға мол үлес қосып жүрген әйгілі этнодизайншы, профессор Аманжол Найманбай еңбегі ерекше атауға лайық. Қазақстан Дизайншылар одағы құрылған күннен бастап этнодизайн секциясын басқарып келе жатқан ол, бүгіндері қазақтың киіз үйін нағыз ұлттық нақышта жасау, жасау-жиһаздарымен жабдықтау және музей дизайнын дамытудың айтулы шеберіне даусыз айналып отыр. Алматыдағы «ЭтноДизайнҚазақ» мекемесінің басшысы, биыл алпыс жастың асқарына шыққан А.Найманбай бастаған он қолынан өнер тамған шеберлер тобы осыған дейін әлемнің Франция, АҚШ, Түркия, Ресей және тағы басқа да елдерінде ерекше сәндеп дайындалған киіз үйлер тігіп, Отанымыздың мерейін әлденеше рет көтерді. Шынына келсек, қазақтың киіз үйі тұнып тұрған дизайн.

Интерьер композициясын салу. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Киіз үйдің осы ғажайып бітімі 1992 жылы Ла-Манш бұғазы жағалауында өткен орыс-француз соғысының 180 жылдығына арналған шара кезінде де талғампаз француз жұртшылығын таңғалдырған еді. Сол шараға А.Найманбай апарған әсем киіз үй соғыс шайқастары өткізілген театрландырылған көріністердің ең төрінде көздің жауын алып тұрыпты. Айналаға ерекше сән берген киіз үйді француз тарабы әскербасылар кеңесетін бас штаб жасауға арнайы қалап сұрапты. Таң-тамаша қалып жатқан өзге жұрт қаншама. Олар киіз үйден бізді қоршап тұрған ғаламшардың синкреттік көшірмесін көргенін айтыпты. «Осындай өнері бар қазақ деген халық, қандай ұлы халық еді», деп қайран қалысыпты. Содан кейін француздар аттай қалап, сол жылдың қазан айында киіз үйді Парижге арнайы алдырып тағы көрсетіпті. Сол ықыласты қатынас одан кейін де үзілген жоқ. Арада 10 жыл өткенде, 2002 жылы Франция қазақ киіз үйінің құдіретін тағы бір мойындады. Сол елде өткен Қазақстан мәдениетінің күндеріне «ЭтноДизайнҚазақ» мекемесі қазақтың қолтума өнерімен, жасау-жиһазымен жабдықталған арасында он екі қанатты ақ ордасы, тоғыз қанатты қонақ үйі, алты-жеті қанатты ақ шаңқан үйлері , сондай-ақ асханасы, аңшылар үйі бар, барлығы - он үйді, тұтас бір этноауылды Париждің төріне апарып тікті.

Бояу түрін іздеу. Заттардың жарасымдығы бояу түстеріне байланысты. Түр-түсті танудың адам үшін қажетті үш элементі бар екен. Біріншісі – тағдырдың адамға сыйлаған тартуы – көзі, әлемге жарық шашушы – Күн, үшіншісі - бізді қоршаған табиғат, тіршілік болмыс. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Табиғаттағы, қоғам өміріндегі бірде-бір құбылыстың бояусыз, реңсіз, өңсіз, түссіз болмайтыны бәрімізге белгілі. Бірақ сол бояу-реңдерді өмірдің қай саласында қалай қолдануды бәріміз біле бермейміз. Интерьер дизайн дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Бояу түстерін өзара үндестігімен сөйлете білген суретшілердің бірі – А. Ақанаев. Ол кейінгі шығармаларында ұлттық үндестігі бар бояу түстерінің символдық мәнін ашуда. Белгілі суретші

Е. Төлепбаевтың картиналарында сарғылт, қоңыр, қызыл түстердің үйлесімділігі өзгеше орын алады. Бояулар реңінде әсерлі сыпайылық, ішкі қуат сезімі байқалады. Бояу әсемдігі ең алдымен олардың үйлесімдігіне, белгілі бір түс нюанстарының қайталауына байланысты. Нәзік үйлесімділік көңілге тез қонады, толықтырып тұрады немесе кейде қарама-қайшылық та туғызады, көңіл күйге ықпалын тигізеді, яғни онда қуаныш пен шаттықтың белгілері бар. Мұндай сезім көбінесе ақшыл бояулардан және жарықтың әсерінен туындайды. Ал күңгірт түстер уайым, қайғы-мұң, тіпті кейде үрей де туғызады.

Интерьер композициясын бояумен аяқтау. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарама-қайшы түстерді қолданады. Дизайн - ежелгі өнер ...Бізге ұлттық дизайнды өзіміздің ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып, кешегі көшпелі қазақтың емес, бүгінгі отырықшы қазақтың әлемдік мәдениетпен байланысқан рухани, тұрмыстық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп қайта қалыптастыру керек.



Үйге тапсырма беру: Қазақтың ұлттық киіз үйінің интерьер композициясын бейнеле.


Сабақ: №32

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат көрінісін бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,

суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.


б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сhello_html_2be54508.jpgабақтың барысы:

Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуде алуан құбылыстарды бақылауға дағдыланады. Әсіресе бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдерін табиғат көрінісін бейнелеу барысында одан әрі жетілдіре түседі. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі табиғатта серуендегенде оны көзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан өзін қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, көркем бейнелеуге тырысады. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады. Оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маман мұғалім болып табылады. Пән мүғалімі оқушыларды этюд жhello_html_m7083b985.jpg
азып орындауға үйретуі керек.

hello_html_m42bf4ec5.jpg

Этюд орындау үш топқа бөлінеді:

а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;

ә) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;

б) түстік бояу шешімін табу.

Оқушы ең алдымен табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерді міндетті түрде есте сақтап қалуға дағдылануы керек. Әдетте, оқушылар тылсым тыныштықтағы саялы табиғат көрінісін бейнелеуді ұнатады. Кейбір жағдайда оқушылар пән мұғалімімен тікелей пікір алмаспайды, соның нәтижесінде табиғат көрінісін бейнелеуде қиыншылыққа кездеседі.

Табиғатты бейнелегенде бірқатар кемшіліктерді байқауға болады, олар мыналар:

1) табиғат көрінісін таңдаудың кездейсоқтығы;

2) қағазға үйлесімді шешімінің табылмауы;

3) негізгі қатынастардың бояу үйлестігінде дұрыс табылмауы (аспан, жер, су);

4) алыстағы көріністердің шамадан тыс көрсетілуі.

hello_html_13b2639b.jpgТабиғат көрінісін бейнелеуде түстік бояу кұрылымын карастыруды шартты түрде екі буынға бөлуге болады. Біріншіден, табиғат көрінісін бейнелеуде жылы және суық түстердің арақатынасының басты ерекшелігін таба білу. Екіншіден, табиғат көрінісіне байланысты құраушы бояулар тобын таңдап алу. Фотосуреттер мен кинокадрлардан гөрі тірі табиғат аясында алған әсер әрбір оқушы бойына шабыт береді. Табиғат көрінісін бейнелеуде суреттің ролі зор. Дайындық суреттің бастамасы кәдімгі қарындашпен бейнеленген нобайлар болып табылады.

Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда негізгі үш талап қойылады.

1. Қағазда суреттің үйлесімдік шартын жоғалтпау.

2. Заттардың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.

3. Тепе-тендік сақтауда сызықтық және ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу.


Күзгі көріністі бейнелеу үлгісі

hello_html_m60b8350a.jpg


















Жhello_html_m60b8350a.jpgазғы көріністі бейнелеу үлгісі





















Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.


Сабақ: №33

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттың жеке бөлшектерін салу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,

суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.


б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

hello_html_m71aceba3.jpgТабиғатта зат неғұрлым қашық болса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығармаларды талдау жасауға үйрену керек. Картинада қай аймақтың табиғат көрінісі бейнеленген және жылдың қай мезгілін бейнелеп көрсеткен? Осы мәселелерге айрықша назар аудару керек. Табиғат көрінісін бейнелеуде оқушылар жарық күшінің өзгеруін бақылай алады, яғни табиғат бояуларының түстік және реңдік қатынасының ашық немесе солғын болуын байқайды. Таңертеңгі немесе кешкі мерзімде бейнеленген табиғат көрінісінен гөрі тал түсте орындалған көркем шығарманың түстік реңі ашық болады. Ал бұлтты күні бейнеленген көркем шығармада түстік рең солғын болады. Себебі күн көзінен сәуле, яғни жарық ашық, айқын түспейді. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелегенде ауа райының өзгеруіне байланысты жарық күйлерінің сипатын сақтай білу керек. Оқушыларды мүмкіндігінше табиғат аясында сурет салуға баулу қажет. Сонда олар табиғатпен, қоршаған ортамен тікелей араласады, белгілі әсер алу арқылы дағды қалыптастырады.

hello_html_m32809cab.jpghello_html_m2fdca929.jpghello_html_mb3e60b7.jpgЖалпы табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау қерек. Мысалы, аспан жерге қарағанда жарықтау, тау бөктерін қарағанда басқа жер жарығырақ болып көрінеді. Өйткені күн көзінің сәулесі тау бөктеріне қарағанда басқа жерге тура, тіке түседі. Енді табиғат жыршысы И. Левитанның «Көктем» шығармасына бір сәт көз тастап көрейікші. Онда жерге қарағанда су қараңғылау. Ал жерге қарағанда аспан ашықтау. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуде салыстырмалы түрде бейнелеуге дағдыны қалыптастырған жөн. Оқушыларға табиғат көрінісін тұтас бейнелеуді үйреткенде оларды оның жеке бөлшектерінен қысқа мерзімді жұмыс жасауға жаттықтыру керек. Мысалы, аспан мен жер, жер мен су, тау мен жер, аспан мен тау, т. б. Табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйрену арқылы табиғат көрінісін тұтастай бейнелеуге дағдыланады. Әр түрлі сипаттағы табиғат бөлшектерін салмас бұрын, оларды бүтін зат ретінде көріп тану керек. Табиғат көрінісін бакылап, оның ішінен ең басты көріністі таба білу алғашқы ықпал болып табылады. Табиғат көрінісін бейнелеуде алғашқы әсерді есте сақтап, дәл көрсету-оқушы үшін табылмайтын асыл қасиет. Табиғаттың әуенін іздеуде көптеген суретшілер табиғат аясында жүріп сурет салуды ұнатады. Ол - барлық суретшілерге тән нәрсе. «Табиғат пен адам егіз ұғым» деген пікірді ұлы суретші Леонардо да Винчи айрықша атаған. Суретшілерді дарынды, жеке-дара етіп тәрбиелейтін күштің бірі - туған табиғаты. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуге үйрену арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Табиғат көрінісін бейнелеу арқылы табиғи бояу түстерін анық біле аламыз. Әсіресе атқан таң, қызарып батқан күн адам баласына айрықша әсер етеді. Осындай сәттерді оқушыларға бейнелеуге тапсыру арқылы оларды табиғатты жете бақылауға баулуға болады. Табиғат көрінісін айнытпай бейнелеуде оқушылар өздерінің қабылдау сезімдерін ашуға тырысады. Ойланып көріп, бақылап сурет салуға жақсы дағдыланады. Сондықтан оқушыларға табиғатта серуендеуді ұйымдастыра отырып, оларды сурет салуға үйретудің маңызы зор демекпіз.



Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.

Сабақ: №34

Сабақтың тақырыбы:

Көрме ұйымдастыру.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды көрме дайындау жолдарымен таныстыру,

өздері бейнелеген шығармаларының мазмұнын ашу,

талдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.


б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, көрме дайындауға арналған керекті құрал-жабдықтар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Kөркем-сурет көрмелері - мәдени шара, ұлттық бейнелеу және қолөнерінің белгілі бір кейінгі кезеңде көтерілген деңгейін, бағыт-бағдарын көпшілікке насихаттау әрі өнер ықпалы арқылы еңбекшілердің дүниетанымын адамгершілік рухта қалыптастыру мақсатымен 1920 жылдардың соңында ұйымдастырыла бастады. 1929 жылы Алматы қаласында "Жетісу суретшілерінің көшпелі көркем-сурет көрмесі" өтті. 1931жыл Алматы қаласында өткен көшпелі көрмеде көрнекті орыс суретшілерінің туындылары қойылды. А.В.Куприн, К.С.Петров-Водкин, В.А.Фаворский, А.А.Дейнеканың – әлеуметтік өмірдің жарқын көріністерін бейнелеген еңбектері елдің назарын ерекше аударды. Қазақстан Суретшілер одағы 1933 жылы алғаш рет тақырыптық сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұған Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылар Ә.Ысмайлов, Қожақмет пен Құлахмет Қожықовтар қатысты. 1934 жылдан көркем-сурет көрмелері өткізіліп тұрды. 1934 жыл Алматы қаласында өткен халық шеберлері слеті қарсаңында ашылған көрмеге Ә.Қастеев "Мектепке", "Көгілдір киімді қазақ қызы", "Түрксіб" атты суреттерімен қатысты. 1935 жылы Орталық мұражайда ұйымдастырылған "Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына 15 жыл" деген көрменің негізінде қазақтың көркем-сурет галереясының (қазіргі Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы) негізі қаланды. 1939 жылы мұражай 32 суретшінің 200 еңбегін Алматы қаласының жұртшылығына таныстырды. Қастеев, ЬІсмайлов, А.И.Бортников, Н.И.Крутильников, О.Таңсықбаев, т.б. шығармалары мәдени өміріміздің өскендігін, өміршеңдігін көрсетті. 2-дүниежүздік соғысы жылдары эвакуациямен келген танымал суретшілер Д.И.Митрохин, П.Н.Крылов, т.б. Алматы қаласында 2-дүниежүз. соғысы тақырыбында бірнеше көркем-сурет көрмелерін өткізуге ат салысты. Көрмеде Мәскеуліктердің 51, украиндықтардың 40, ленинградтықтардың 15 жұмысы қойылды. Л.П.Леонтьевтің "Майданға шығарып салу", Б.Урманченің "Жеңіспен оралыңдар", О.Д.Кужеленконың "Алматы соғыс жылдарында", Р.В.Великанованың "Ескі және жаңа Алматысы" дүниеге келді. 1948 жылы Алматы қаласында КСРО Суретшілер одағы мен КСРО көркем-сурет қорының көшпелі көркем-сурет дирекциясы кеңес кескіндемешілері мен суретшілерінің 200 шығармасынан тұратын көшпелі көрмесін өткізді. Бұл жаңа дәстүр 1956 жылы Бүкілодақтық көрменің жетістігін насихаттаумен жалғасты. Осы көрмеге "Қазақстан суретшілерінің тақырыптық картиналары" деген атпен көркем-сурет институттарынан білім алған жаңа тол-қын (Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, А.Ғалымбаева, т.б.) қатысып, ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. Мерекелер мен жиындар қарсаңында тақырыптық негіздегі көркем-сурет көрмелерін ұйымдастыру өрістеді. Көркем-сурет көрмелері Е.М.Сидоркин, С.Айтбаев, М.Қисамединов, т.б. суретшілерді даралай түсті. Алматы қаласында 20 ғ-дың 70-жылдары Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы мен ҚР Мәдениет Мин-лігі көрме залының ашылуы және Қазакстан Мемлекеттік өнер мұражайы жаңа ғимаратының іске қосылуы — көркем-сурет көрмелерін ұйымдастыруға кең жол ашты. Осы арнаулы орындарда такырыптық ("Еңбек даңқы", "Ел мен Жер", т.б.) көркем-сурет көрмелері өтіп тұрады. Бұл көрмелерде еңбек тақырыбы, замандас бейнелері елеулі оры алды.

Балалар суреті - бейнелеу өнерінің әр түрлі саласымен шұғылданатын балалар шығармалары. Сурет салу өнерімен шұғылдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері, көркемдік және эстетикалық талғамдары, байқағыштық, қабылдау, қиял сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар сурет салу, мүсіндеу, қолөнермен шұғылдану барысында өзін қоршаған орта, табиғат сұлулығы, оның құбылыстары туралы білімдерін арттырады, бейнелеу өнерін игеруге қызығады. Балалар суреті түрлеріне қарындашпен, түрлі-түсті бояу қарындаштармен, сулы бояумен, гуашь бояуымен салынатын суреттерді, мүсінді, қолөнерді, т.б. жатқызамыз. Балалардың бейнелеу өнеріне машықтануы балабақшаларда, мектептерде, оқушылар сарайларында, лицейлерде, гимназияларда, көркемсурет мектептері мен колледждерінде жүзеге асырылады. Республикамыздың облыс және аудан орталықтарында 70-тен астам бастапқы білім беретін көркемсурет мектептері жұмыс істейді. Алматы қаласында Республикалық көркемсурет колледжі ашылған (1988). Бұлар Қазақ мемлекеттік өнер академиясының құрамына енеді. Балалар суретін дамыту мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен дарынды балаларды қолдайтын мемл. “Дарын” бағдарламасы қабылданды (1996). Балалар суреті — өнер мен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Осыған орай әр елдерде Балалар суреті көрмелері, дүниежүздік көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда 1945 жылдан Балалар суретінен көрмелер ұйымдастырылып келеді. Қазақстанда балалардың суреттері жинақталған 2 томдық кітап жарық көрді (1999). Балалардың қабілеті мен білімін дамытуға арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, сурет дәптерлері жасалған. Орта мектепке арналған “Бейнелеу өнері” оқулығы қазақ, орыс және ұйғыр тілінде жарық көрді.

Бhello_html_5a59d072.jpghello_html_m5136daf.jpgалалар көрмесі
















































Үйге тапсырма беру: Көрме ұйымдастыруға қажетті шығармаларыңды дайында.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров315
Номер материала ДВ-370993
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх