Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Поурочный план по самопознанию на тему "Сен де бір кірпіш дүниеге..." (8 класс)

Поурочный план по самопознанию на тему "Сен де бір кірпіш дүниеге..." (8 класс)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

8-сынып


8-сынып. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

Сабақтың тақырыбы:

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Мақсаты:

Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту

Өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беріледі;

Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйренеді;

Оқушылар өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болу дағдысын үйренеді.

Түйінді идеялар:

АКТ, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту

Ұйымдастыру кезеңі

«Өміріңді аяла» әнін шеңбер жасай тұрып орындау (Компьютер пайдалану).

Топқа бөлу:

«Өмір мәні», «Өмір өзен», «Нағыз өмір» топтарына бөлу.

1-топ: Ә.Тәжібаевтың «Өмірді аяла» өлеңін мәнерлеп оқиды және түсіндіреді.

2-топ: орындаған ән мен оқылған өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

3-топ:

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?

  • Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Адам өз өмірінің қожасы

Мәтінмен жұмыс:

Оразақын Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін өзім дауыстап оқып беремін.

ДЖИГСО әдісі арқылы топта өз бетінше оқып талдау ұсынылады. Төмендегі сұрақтарды басшылыққа алып, өлеңнің негізгі ойына назар аудару.

  • Өлеңдегі «нағыз өмір», «тіршілік ету», «күн көріс» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің кімдердің өмірін үлгі етер едіңдер?

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпаратпен оқушылар өз бетінше оқып танысып, ондағы әрбір айтылған тұжырымның мағынасын ой елегінен өткізеді.

«Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана отырып, өзінің өмір жолын табуға ұмтылады.

Әр адам өз өмірін ақ ниет, адал істерге бағыттап, рухани-адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады».

Ойланып көрейік

Халқымыздың, дүние жүзінің белді ғалымдары мен әйгілі өнер қайраткерлерінің, танымал ақын-жазушыларының рухани-адамгершілік құндылықтар туралы ой-тұжырымдары беріледі. Оқулықта берілген көрнекті түрколог, академик Әбдуали Қайдардың өмір туралы, өмірдегі жақсылық пен жамандық туралы ой-толғауын оқып шығу тапсырылады.

Тыныштық сәті

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәптермен жұмыс

  • Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында оқулықта ұсынылған тапсырманы орындау сұралады.

Кері байланыс

«Ұжымдық сурет» стратегиясы арқылы сабақты қорыту

Сабақты бағалау

Ауызша сабақты әр топтан бағалайды.

Жүректен жүрекке

Кезекпен ойды жалғастыру тапсырылады:

Өмірге келдім анамды көрдім, деді ол маған ...

Өмірге келдім атамды көрдім, деді ол маған ...

Өмірге келдім ұстазды көрдім, деді ол маған ...

Өмірге келдім туған даламды көрдім, деді ол маған ...


Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров32
Номер материала ДБ-058071
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх