Инфоурок Другое Другие методич. материалыПоурочный план по тему "салт дәстүр" (5класс)

Поурочный план по тему "салт дәстүр" (5класс)

Скачать материал

     

«Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт»                                                                                     В.В.Радлов.

«Ата мұраң-асыл қазынаң»

 

 

 

«Салт-дәстүрін ел                                                     бұзбас,

Уәде-сертін ер бұзбас»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстыру

 

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,

 Биік қойған жанынан бала  арын!

Бала  өсірген қазақтың қайғысы осы,

Қатал сынға салатын әр қадамын!

Таныстырып  өтейін сыныбымды

Көбіков мектебінің 5а тобымыз

19  -оқушының бәрі озат ,бәрі білгір

Тәртібі мен мәдениеті өрге озар

Үлгі алдық шаршамастан апайлардан

Сусындатар әлі де тәрбие мен біліммен

Осындай ұстаздардың арқасында,

Көпшіліктің көңілі тояр маған! 

Мемлекеттік рәміздер

Елтаңбасы елімнің ,

Көк байрағы жерімнің ,

Асқақтата шырқайтын Гимні

Құрмет тұтар   піріміз

Біздің сынып білімді,

Құрметтейді әрдайым

Рәмізін елімнің

Көк Туды желбіретіп

Алдыңызға біз келдік.

 Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,

 Ақылы озық - біреуге күң болмайды!

Анасы  дана  болған қазағымның,

Балалары  өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым

 Ұлықтап қазағымның Мемлекеттік Рәмізін!

Топтан   озу мақсатымыз  болмаса да,

Алға  шығу  мақсатымыз   инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!

Бейне бір жауатұғын қармысыздар.

Сыныптарға  әділ баға беретұғын,

 Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,

 Өнеріммен одан да таң қалдырайық

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып,

Сахнаның төрінде сән құрайы

 

 

    

 

 

 

 

Тексерілді                                                                      Бекітемін

  ДТІЖО  Көкшебаева Р.Т.                                         Мектеп директоры Абдилдаева Б

 

     «Х.Көбіков атындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен»

                                          коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                                                         

 

 

 

 

 

 

«Салт-дәстүр-асыл қазына»

 

 

 

 

 

 

5 А  СЫНЫП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі    А.Н.Касымова

 

 

 

 

 

 

 Тақырыбы: « Салт-дәстүр-асыл қазына»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бес жолды өлең,.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,
 Нақыл сөздер: «Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов.

 «Ата мұраң-асыл қазынаң», «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде-сертін ер бұзбас».

   Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады    Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар.

  Барысы 1.Ұйымдастыру: а) қонақтар шақыру; ә) бөлмені даярлау, безендіру. Көрмелер, бұрыштар ұйымдастыру.

1        Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу- әрқайсысымыздың борышымыз. Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2        2    «Сәлем -сөздің анасы, сөз- сарасы» . Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі.«Ауылдан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз

Ой-шақыру:

І.              , атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?
Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй

ІІ.                 Оны ел, ағайын - туыстары «киелі үй» деп құрмет тұтады Алтын орда,білім мекені біздің қасиетті қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Салт – дәстүр - асыл қазына » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 
сынып о
қушыларын екі топқа  бөлу

І. «Салт»

ІІ. «Дәстүр »

 «Жұмбақ сыры» танымдық ойын

 І. топқа  Жаңа шаңыраққа кірерде босаға майлар деген ырым бар.

 Босаға майлар шаңырақ шайқалмасын, босағасы козғалмастай берік болсын деген ырым

ІІ. топқа  Дәстүріміздің тағы қандай салт, ырымдарын білесіздер? Аластау(салт,ырым) «Алас,алас,пәле-жаладан алас». Аластау ғұрпы от тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата дұғалап,»алас, ауру-сырқаудан алас», деген сияқты тілек сөздермен жасалады. Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады. 

     1-жүргізуші:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

      2-жүргізуші:

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

. 1.    16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді.Тура осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік РеспубликаларОдағының құрамында болған.1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды.Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы,Әнұраны, Конституциясы бекітілді.

2.         Мемлекеттің және халықтың өміріне көп өзгеріс енді. Балалар құқығы туралы заң қабылданды.

Қазақстандықтар тұңғыш рет өз Президентін сайлады. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Жаңа Қазақстан мемлекетін дүние жүзінің жүздеген аса елдері таныды.Халықаралық ұйымдар өз құрамына қабылдады.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Тәуелсіздік мерекесінің 25  жылдығына арналады


1-жүргізуші:

Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі салт-дәстүр арқылы танылады. 
І.   1-оқушы: Салт - халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Мысалы, наурыз көже, қыз ұзату, қонақасы, шашу, ерулік ата салтымыз болып саналады. Қазақтың өмір салты, өнер салты - тарихи мәдени мұра.

ІІ.  2- оқушы: Дәстүр - мәдениеттілік белгісі. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу т.б дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай. әдет, ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ тамшылары болып саналады. 
3-оқушы: Әдеп  « Әдепті дегенше, әдемі десейші» (мәтел) үлкен-кіші болсын әдеп сақтау халықтың тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі. Мысалы үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, ата алдындағы иба, халық ортасындағы инабат, мешіт ішіндегі әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгершілік,, сыйлау, сыйласу, халқымыздың ертеден келе жатқан әдет әрі ғұрпы.

1            Қазақ халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрдің бір түрі - қонақжайлылық. Қонақ десе,қоң етін кесіп беретін қазақпыз.

2            4-оқушы: Қазан шегелеу (салт) өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып»жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді 

3            5. оқушы: Қонақасы (дәстүр) қазақтың тарихи аңыз-әңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс,, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде , өзіне тиісті еншісін «бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір - біріңе қайырымды болыңдар. Алыстан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі - қонақасы болсын» деп әруақты атамыз батасын берген екен.. 

4            6. оқушы: Ауыз тию(дәстүр,ырым). Ақ дастархан үстіне келген дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде, ауыз тиеді. 

әнҚазақы дастарханым».

 

Ж   Балалар, қазақ халқының ұлттық ойындары бар. Қандай ойындарын білесіздер, және ол ойын қалай ойналады?
7-
оқушы: Атойнақ-ерлі-ерсіз ат үстінде қамшы, сойыл, шоқпар, найза, сүңгі, сере, қайтыпкел, қылыш, сияқтылармен ұру, соғу, ілу, сүңгу, шаншу, түйреу, шабу, серте кезеу, сілтеу, сермеу, лақтыру кезінде дәлдік пен шеберлікті де ат үстінде көрсету.
8-
оқушы:Таған ойыны-ат үстінде ойналатын футболға келіңкірейтін спорт түрі. Допты атпен қуалап жүріп ойнайды. Бұл ойын қазір Әзірбайжан жақта жақсы дамыған. Бізде тоқтап қалды
Ж  . Ою-өрнек-ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. Қазақта өрнек нақыштары кездеспейтін бірде-бір бұйым жоқ. Заман алға жылжыған сайын жаңаша сипат алып, халқымен бірге жасап келеді.. Ал енді қонақтарға халқымыздың сан алуан өнерінің ішіндегі ою өнері жайлы білгендерімізді көрсетейік
-Балалар, ою дегеніміз не? Оюды тұрмыста қандай заттарды безендіруге қолданылады?
9- оқушы: Ою-өрнектің бір түрі. Латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөз. Оюдың әрбір элементінде, көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынатын ою бір басқа да, жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше. Ұзатылатын қызға арналып басылған текемет пен сырылған сырмақ, тігілген көрпе түрлері, олардың бояулары да өзгеше болып келеді. Мысалы, қошқармүйіз элементінен құралған төртқұлақ оюы текемет, сырмақ ортасын, кебеже, сандық, жүкаяқ беттерін , батырлар сауытының жотасын, қалқандарының сыртын, кейде шалбардың тізе тұсын әсемдеуге қолданылады.
10- оқушы: «Қошқар мүйіз» өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар-отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты білдіреді. «Қос мүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді ұқтырады. «Сұңқар мүйіз» оюы қонақжайлылықты білдіреді. 
11- оқушы: Түйе оюы. Кисек киіміміз, сатсақ ақша, жесек тағамымыз, ең ақыры баспана іскерлік еңбегінде (текемет,сырмақ,киіз, кілем бетінде өнер туындысына айналдыра білген.

 Тұйық оюы қазақ халқының белгісі

. Ақ найзасы болмаса, Ерді қайдан танырсың,

 Ен таңбасы болмаса, Малды қайдан танырсың.

Дегендей еліміздің көк байрағында, ел қорғаған батырдың иығы мен қалқанына, дуалы ауыз билердің жауырын тұсына салынған. «Тұйық оюы» бақыттың, достықтың, мәңгіліктің айғағы. 
Ж   «Домбыра-қазақтың қасиетті дүниесі, өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл! Себебі, баланың бойында халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Оны қастерлемеген қазақтың баласы туған халқының жанын түсінбейтін , тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді. Ендеше, ізгілікке барар жол бастауы- халық музыкасы», деген екен Б. Момышұлы. Қазақ музыкасын әуендетіп жүрген ұлттық аспаптарымызға тоқтала кетейік.
12- оқушы: Қазақта бірнеше ұлттық аспап бар. Олардың ең көнесі - қара қурайдан жасалған сыбызғы. Одан әрі домбыра, қылқобыз, шаңқобыз болып жалғаса береді. Кеңес өкіметі тұсында ұлттық аспаптар шетке қағылды. Қылқобыздың өзі мүлде сахнаға шығарылмады. Оның орнына төрт темірлі шекті қобыздар әкелінді. Домбыраның ішегі малдың ішегінен жасалушы еді. Бұрын ойма шанақты домбыра болушы еді, оның орнын қима шанақты домбыра басты.
Ж   -Балалар, сіздердің жастарыңыз нешеде?

Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелмен есептеледі. 1-мүшел-балалық, 2-мүшел-жігіттік шақ, деп әр мүшел сайын 12 жыл қосып отырады екен. Енді сандар сырына тоқтала кетейік.
13-оқушы – Үш санына байланысты: Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ. Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім, Үш із-бала, байлық, бақыт. Үш қасиет - өліде аруақ, малда кие, аста  ниет. Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар. Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет. Үш тәтті - жан, мал, жар. Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.

14-оқушы: Төрт санына байланысты: Төрт түлік-түйе, жылқы, қарамал, қой-ешкі. Әлемнің төрт негізі- от, су, ауа, топырақ. Төрт құбыла- батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік. Төрт мұхмт- Үнді, Атлант; тынық, Мұзды. Төрт  мезгіл- көктем, жаз, күз, қыс.
15-оқушы: Алты санына қатысты; Алты алаш, алты айлық, алты арыс, алты құлаш, алты қанат, алты батпан, азуы алты қарыс,
16-оқушы: Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар.  

Жеті жұрт- Үрім, Қырым, Қытай, тұран, шам, Мысыр, Шын - Машын, .

Жеті  қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ілім -білім, жүйрік ат, Құмай тазы, қыран бүркіт, түзу мылтық.

Жеті жетім- тыңдалмаған сөз, иесіз жер, киюсіз киім, басшысыз ел, жерінен айрылған ер, замандасы жоқ адам, аққу-қазсыз көл.

 Жеті ата - әке, бала, немере шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті жұт - құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су., зілзәла.

Жеті жоқ - жерде өлшуіш, аспанда түйреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ.

Жеті жаста баланың тісінің түсуі,, бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді. Табиғаттағы жеті қазына: көк аспан, Күн, От, Су, Ит, Жер., Ай.
17-оқушы: Бес санына қатысты: бес қару- садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Бес саусақ- басбармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ. 
19-оқушы: 40-санына байланысты   нәресте өмірге келгенде қырқынан шығару, адам өмірден кеткеннен кейін қырқын беру деген дәстүрлер бар.

1         Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерде де исламның рөлі ерекше. Қазақ халқы от пен үй ошағын құрмет тұтады. Жаңа жылдық дәстүрлі әндер «жарапазан» секілді мұсылмандық жаңа әуен шығарылды.

2         Қазақ халқы Аллаға сыйынады, табынады. Солардың бірі - табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Табынудың тасаттық беру, құрбандық шалу, қайыр-садақа беру тағы басқа жөн-жосықтары мен ырым - тыйымдары, өзгеше көріністері де бар.
20-оқушы: Қазақтар арасында жаңбыр шақыру үшін тасаттық жасау дәстүрі бар. Бұл дәстүр құрғақшылық әдетте мамыр айында өткізіледі. Бұл шара да адамдар құрбандыққа мал шалып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар Алла тағаладан «Жауын жау, Жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынатын малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.. құрбандық шалу кезінде: жүгірген жүй»рік, ұшқан құс, құрт-құмырсқа тілеген, Алла нұрыңды бер! Деп тілек білдірген.

1            Балаларға қатысты салт-жоралары:

21-оқушы Нәресте өмірге келген күні қалжа үшін сойылған қойдың мойын омыртқалары қайнатылып пісіріледі. Сонан соң, жиналған әйелдер омыртқа еттерін тістерімен емес, саусақтарымен жұлып жегеннен кейін омыртқа сүйегін кіре берістегі есіктің, маңдайшасына іліп, «Баланың мойны қатсын», дейді. Осы омыртқа нәресте мойны қатқанға дейін тұрады. 

22-оқушы: жаңа туған сәбиге ат қою-ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып батасын алуды да ұмытпаған. 

23- оқушы: Шілдехана (салт)-өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі..Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. Сүйінші сұраушылар ұл туса-«атұстар», қыз туса-көйлек тігер» деп хабарлайды. Бесікке салу. 

24-оқушы: Тұсаукесер. Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей жылдам басатын әйелге қидырады. 

25- оқушы: Кәде (дәстүр) айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәдеге тоқтау жоқ,дәлел жүрмейді, кәде беру-міндет. «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері: тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік,тәбәрік, жыртыс, сарқыт. 

26- оқушы: Байғазы(дәстүр) балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый. Тәбәрік (дәстүр,ғұрып) біреу ойын, тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан жанындағыларға үлес беруі керек.

2- жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты болу үшін келесі танымды ойынға берейік.Мына қоржынға асықтар салынған.Ол асықтар бетіне сан жазылған.Қоржыннан кез-келген асықты аласыңдар.Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз ,кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ.

Он атаны таратып беріңіз.

(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жегжат,жұрағат,жамағат.

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету.

Дау мақсаты – біту.

Сауда мақсаты – ұту.

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз.

Күлкі арсыз

Тамақ арсыз.

4 Үш биді атаңыз.

Төле би

Әйтеке би

Қазыбек би

5-сұрақ Үш жүзді атаңыз

Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.

6-сұрақ Үш арыс

Сәкен Сейфуллин,

Бейімбет Майлин,

Ілияс Жансүгіров.

7-сұрақ Үш сауап

Шөлге құдық қазған

Жолға ағаш еккен.

Өзенге көпір салған

8-сұрақ Үш байлық

Денсаулық,Ақ жаулық,Он саулық

10- сұрақ Төрт қонақ

Арнайы қонақ,Құдайы қонақ,Қыдырма қонақ,Қылғыма қонақ.

11-сұрақ  Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі- Ойсыл қара,Жылқы пірі- Қамбар ата,Сиыр пірі- Зеңгі баба, Қой пірі- Шопан ата,Ешкі пірі- Сексек ата.

12-сұрақ  бес қымбат   Алтын ұя- Отан қымбат.Құт –берек атаң қымбат,Мейірімді –анаң қымбат,Бәрінен де –ұят пенен ар қымбат.

13-сұрақ Бес дұшпан

Өсек.Өтірік,Мақтаншақ,Еріншек,Бекермал шашпақ.

14- сұрақ Бес асыл

Талап,Еңбек, Терең ой,Қанағат.Рақым.

15- сұрақ Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық,Садақ,Найза,Қылыш,Айбалта.

16-сұрақ Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын,Ақылшы болса-апайың жақын,Бауырмал болса-інің жақын,Инабатты болса келінің-жақын,Алдыңа тартқан адал асын,Қимас жақын қарындасың.

1-жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз,ал халайық,

Қанатты сөз,мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі -мақал» деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді,мақалдап сөйлеу кезегіне де кезек берейік.Қане екі жақтан кім жарысқа шығады?

 

1.-Ассалаумағалейкум,қарсыласым.

«Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыстағы шал сәлем береді» деген сәлем беруге келдім.

2.- Амансың ба ,достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген,тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3.- «Сыйлап берген су,сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

4.- «Сыйға сый,сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе де риза болып қайттық қой.

5.- «Аз да бітер,көпте бітер,татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

 

6.- «Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой о не дегеніңіз.

7.-«Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз,бірлік болсын.

8.- «Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең,көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

9.- «Әңгіме әңгіме дегізер ,әңгіме бұзау емізер» қой қайтайын мал келетін уақыт болды.

10.- «Тау тауға қосылмас,адамға адам қосылар» деген ,әлі кездесерміз,сау бол!

 

2-жүргізуші:Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы ,тәрбиелі ,мәні зор,астарлы.

 

Оқушылар сөзжұмбақты  есептеулер арқылы  шешу  және  өтілген тақырыпты постер арқылы қорғау тапсырылады. тапсырылады. Осы уақытта қонақ кәде ұйымдастырылады.

КЕЛГЕН   ҚОНАҚТАРҒА

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты.Қазақта қонақ кәде деген бар.Мына  үзік-үзік сөздерден мақал құрастыруымыз керек.

 

1.Ұяда... ұшқанда...

(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

 

2.Ата... бала...

(Ата -бәйтерек,бала-жапырақ)

 

3.Ер... ез...

(Ер бір өледі,ез мың өледі)

 

4.Өле... бөле...

(Өле жегенше,бөле же)

 

5.Таяқ...сөз...

(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

 

6.Мал... жер...

(Мал баққандікі,жер жыртқандікі)

 

7.Тентек...ақыл...

(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

 

8.Сүйіндіреді...күйіндіреді...

(Жақсы сөз сүйіндіреді,жаман сөз күйіндіреді)

 

9. Мысық... тышқан...

( Мысыққа ойын керек,тышқанға  өлім керек)

 

10.Мектеп... білім...

(Мектеп- кеме, білім-теңіз)

 

 

2-жүргізуші:Құрметті оқушылар,бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

1-жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін.тілінің,салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

2-жүргізуші Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда,құрметті оқушылар!

 

ән :« Қазақтың дәстүрлері»

 

 

1-жүргізуші:  Ұлы халқым кісі келсе текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген.

Мың бәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген, дегендей бүгінгі сабақты ақ батамен  қорытындылағанымыз жөн болар. Бата беріледі

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по тему "салт дәстүр" (5класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 857 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2016 657
    • DOCX 49.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қасымова Алия Нургазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қасымова Алия Нургазиевна
    Қасымова Алия Нургазиевна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6062
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой