Сабақтың
жоспары
Поурочный
план
The
plan of the lesson
Күні /
Дата / Date:
Топ /
Группа / Group: Т-22
Пән /
Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың
тақырыбы / Тема занятия / Theme: 20-ғасыр
басында қазақ балалар әдебиетіне өз үлесін қосқан жазушы С.Көбеев.
Сабақтың
үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың
түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс
Мақсаты /
Цели занятия / Objectives: Қазақ балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын
С.Көбеевтың шығармаларымен таныстыру және әңгімелеріне талдау жүргізу.
-білімдік
/ образовательная /educational: Сөйлеу техникасының ережелерін сақтай
отырып,танымдық іс-әрекеттерін дамытып отырып өз ана тілінде таза сөйлеуге
қызуғушылықтарын дамыту.
-дамытушылық
/ развивающая / developing:Өз беттерінше ізденуге және көркем сөз
тазалығы мен мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
-тәрбиелік
/ воспитательная / bringing-u: Көбеевтың шығармаларының тәрбиелік мәні
балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар / Оборудование / Resources :әңгіме
үлгісі,мақал-мәтел,суреттер.
Сабақтың
жоспары / План занятия / Plan
I.Ұйымдастыру
кезең
IІ.Үй тапсырмасын
сұ рау
ІІІ.Мақсатқа жету
ІV.Практикалық
сабақ ( жоспары салынған )
V. Студенттермен
жұмыс
VІ.Рефлексия
VІІ. Үйге тапсырма
Сабақ барысы \ Ход занятия
I.Ұйымдастыру
кезеңі: 3
тілде амандасу,күні мен айын ату
IІ.Үй
тапсырмасын сұрау: М.Жұмабаевтың алып келген әңгімелеріңе талдау.
Бағалау
критерилері: Бүгін мен сендерді фишканың көмегімен бағалаймын.
Егер 3 фишка алсаң
– «5
Ал екі фишка алсаң
– «4»
Ал бір фишка алсаң
– «3»
ІІІ.
Мақсатқа жету: Көбеев ұзақ жылдар бойы
ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды,
қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та
жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында
баяндады. Мұнда автор өз көзімен көрген екі өмірдің қарама-қарсы бейнесін,
басынан кешірген оқиғаларды баяндау арқылы көрсетеді , сол себепті бізде
қаншалықты Көбеев туралы білетінімізді айтайық.
ІV. Д»ріс: (мазмұны
салынған)
Жоспар:
1. С.Көбеев-ағартушы,педагог жазушы.
2. «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржімә» атты оқу құралдары.
3. Әңгімелеріндегі бала тәрбиесі. «Қайырымды бала», «Түлкі
мен бөдене»,т.б.
V.
Студенттермен жұмыс:
1. «» әңгімесіне
талдау.Конспекті құру.
2.«» мазмұнын
айтқыу, талдау.
3. Топпен жұмыс :
3 қатарға әңгіме беріп,конспекті құрастыру.
VІ.
Бекіту: - С.Көбеевтың
шығармалары ?
-
Әңгімелерін
атап беріңдер?
-
Кіші,ортаңғы
және ересек топтардағы балаларға арналған шығармаларын атап беріңдер?
-
«Үлгілі
тәжірибе » әңгімері қандай?
-
Шығармаларының
идеялық мәні неде?
VІІ.Үйге
тапсырма: «Қаңбақ
пен бидай» әңгімесіне технологиялық карта құрастыру.
IV.
Әдебиет / Литература / Literature: Б.Баймұратова Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту.А-91 Тихеева Е.И.Развитие речи детей М-81,РРДДВ
Ф.А.Сохина М-84.
Тақырып: 20-ғасыр
басында қазақ балалар әдебиетіне өз үлесін қосқан жазушы С.Көбеев.
Жоспар:
4. С.Көбеев-ағартушы,педагог жазушы.
5. «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржімә» атты оқу құралдары.
6. Әңгімелеріндегі бала тәрбиесі. «Қайырымды бала», «Түлкі
мен бөдене »
С. Көбеев
өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол
үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі
үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары
Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр
Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей
байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға
көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары»
романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен
табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам
мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан.
С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала» атты
хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа енді.
Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен
айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде
орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек
жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Мұнда автор өз
көзімен көрген екі өмірдің қарама-қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды
баяндау арқылы көрсетеді.
Кітаптың революция алдындағы қазақ өмірі
шындығының талай-талай көріністерін және сол оқиғаларға жазушының өзі қалай
араласқанын, оның қандай көзқараста болғанын байқауға болады. Мемуардың соңғы
тарауы жазушының совет дәуіріндегі өмірі мен еңбегіне арналған.
С. Көбеевтің жарық
көрген шығармалары
Ø С. Көбеев. Үлгілі тәржімә. Қазан, 1910; Үлгілі
бала. Қазан
Ø 1912, Қалың мал (Роман). Қазан, 1913; Алматы
Ø 1953. Орындалған арман. Алматы, 1951 1954
Ø Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1960.
Спандияр
Крылов мысалдарын ақындығы ұстап , ақындық өнер , өлеңнің үлгісін көрсетейін
деген мақсатпен аударған жоқ . Бұл шығармалардағы ой мен идея жазушының бойын
да , ойын да билеп , аудармасқа амалы болмағандықтан аударды: халыққа орыс әдебиетінің
үлгілерін насихаттау , олар арқылы қазақ оқушыларына игі ой салу мақсатымен
аударды.
Мысал
өлеңдерінде И . А. Крылов аңдар, құстар , өсімдіктер жайын кеңес етеді. Сырттай қарағанда оның
мысалдары май ғана аңдар , құстар , өсімдіктер жөніндегі жеңіл күлдіргі ертек ,
әңгіме сияқты көрінеді. Ал, анықтап , мағынасына үңілсек , Крыловтан мысалдары
адам жөніндегі , адам қоғамы жөніндегі күлдіргі , өткір сықақ болып шығады.
Мысалы , Крылов « Бүркіт пен көр тышқан» деген өлеңінде патша мен бұқараны
мысал етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. «
Аққу шортан һәм шаян» деген мысалында патшаның мына түрлерін әжуа етеді .
С.Көбеев өзінің « Үлгілі бала» деген оқу кітабын
Л.Н. Толстойдың «Новая азбука» , « Русская книга для чтения» , К. Д.
Ушинскийдің « Детский мир» , Ы. Алтынсариннің « Мактубат» , « Қырғыз
хрестоматиясы» деген кітаптарында үлгілі бойынша жасады: негізгі материалдарды
солардан алды . « Мектепте һәм үйде оқу үшін әр тілдердегі тәуір оқу
кітаптарынан алынып, қазақша жазылды» -деп жазды автордың өзі кітаптың басында
.
Спандияр Көбеевтің балаларға арналған әңгімелері:
Қайырымды бал» , « Біздің көрші» , « Ит пен
қайыршы» , «Түскі тамақ пен кешкі тамақ» , « Анасы мен немересі» , « Әкесі мен
баласы» , «Құстың ұясы» , «Өрмекші мен құрт» , « Сауысқан мен қарға» ,
«Құмырсқа мен көгершін» . Үй хайанаттары , «ар» , « Есек» , «Сиыр» , « Екі
шыбын» , « Түйе» , « Қойлар» , « Кесірткелер» .
«Қалың мал» романы (1913)- қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармаларының алғашқы
үлгілерінің бірі. Жазушы –педогог ұстаздық қызметін жалғастыра отырып, Түбек,
Бурабай, Ақсуат мектептерін ұйымдастыруға белсене қатысты. Өз өмірі мен
ұстаздық, жазушылық жолы оның “Орындалмаған арман” атты мемуарлық кітабында
баяндалған.
Спандияр Көбеевтің әңгімелері
мен аудармалары.(Әңгімелерін оқып, талдау, мазмұнын ашу.
Балалар
мен мұғалім
Екі бала келе жатып бір кітап
тауып алды. Бірі айтты: «Кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын көрдім».
Бірі айтты: «Жоқ кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп
алдым». Осылай балалар кітапқа таласып жатқанда оларға бір мұғалім келді де,
балалардан сұрады: «Оқи білесіңдер ме?» – деп.
Балалар: «Жоқ оқи білмейміз», – дейді. «Егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге
неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе беремін», – деді.
Қайырымды
бала
Бір кісінің баласы мектептен үйіне
қайтып келіп, әкесіне сабағын тыңдатты. Баласы сабағын жақсы білген соң, әкесі
баласын қуантайын деп он тиын күміс берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бір
нәрсе сатып алу үшін базарға шықты. Жол үстінде ол бір аш, жалаңаш қайыршы
шалды көрді. Бала ойлады: Керек нәрсем болса, сатып алуға әкем ақша берер. Бұл
ақшаны орынсыз жерге жұмсамайын, - деді де,әлгі қайыршыға берді. Үйіне келіп
еткен ісін әкесі мен шешесіне айтты.
Ит пен қайыршы
Бір ит үйді күзетіп жатыр еді. Қораға бір қайыршы шал кірді. Ит оны көріп үре бастады. Шал айтты: Ая, мен ашықтым.
Ит оған жауап берді: Мен үргенде соның үшін үрем, менің дауысыммен үйден шығып,
сені көрер де, тамақтандырар деп.
Түскі
тамақ пен кешкі тамақ
Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде
отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді, бала сорпаны
татып қарады да: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», – деді. Шешесі айтты: «бұл дәмсіз
болса, кешке дәмді сорпа пісіріп берермін», – деп.Түскі тамақтан соң әкесі шөп
тасыды. Баласы аттың басына мініп, шөптің төбесіне шығып, бек шаршап, кешке
үйіне келді. Кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарханның үстіне
қойды. Баласы сорпаны татып байқады да айтты: «түстегі сорпаңнан мына сорпа
дәмдірек», – деп.
Сонда шешесі айтты: «бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді
болғаны – сен түстен кейін жұмыс қылып бек шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз
үйде тек отырған соң ас саған дәмсіз көрінді». – деп.
Атасы
мен немересі
Ата қартайып күші кеміді; нашар
көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін
десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен
келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман
дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба
деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп: «Шырағым, не
ғып жатырсың?» - дейді. Сонда баласы айтады: «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен
екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін», –
дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді
қойды.
Студеенттермен
қлеңін оқып, мазмұнын талдау.
Мектепке шақыру
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке».
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес надан кісі алар текке.
Ертеңгі шақыруымен әтеш, құстың
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып терезеге сәуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе.
Адам да, аңдар-дағы, құстың бәрі
Әрқайсысы қызметінде келгенше әлі,
Қалбаңдап көбелек те тек жүрген жоқ
Бал жинай кетіп барады ұшып ара.
Тоғайдың қызығына тоймастай жан,
Орманда қыбырлаған әртүрлі аң.
Тұра сап тоқылдақ та тек жүрген жоқ,
Ертемен құстар сайрап салады ән.
Шөпшілер тоғайда жүр шөбін шауып,
Қол күші еңбегімен пайда тауып.
Балықшы ауын қарап қайыта жүр,
Ден сауда жұмыс та бір қызық сауық.
Қарасақ әр мақұлық қызметінде
Көрінеді осылайша күнде-күнде.
Ынтамен сабағыңызға қол қойыңыз,
Надан боп жұрт болмассың тек жүргенде
Бекіту: -
С.Көбеевтың
шығармалары ?
-
Әңгімелерін
атап беріңдер?
-
Кіші,ортаңғы
және ересек топтардағы балаларға арналған шығармаларын атап беріңдер?
-
«Үлгілі
тәжірибе » әңгімері қандай?
-
Шығармаларының
идеялық мәні неде?
Үйге
тапсырма: «Қаңбақ
пен бидай» әңгімесіне технологиялық карта құрастыру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.