Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Поурочный план "Жіктеу есімдігінің септелуі" (5 сынып)

Поурочный план "Жіктеу есімдігінің септелуі" (5 сынып)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 12.03.2015 жыл бейсенбі

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің септелуі.


  • Білімділік: Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуін зат есімнің септелуімен салыстыра отырып меңгерту, жіктеу есімдігінің тілде атқаратын қызметін байқату, оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.


  • Дамытушылық: Оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерді есімдіктермен алмастырып қолдануға дағдыландыру, ой-өрісін, тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге, шығармашылыққа баулу.



  • Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптасуына ықпал ету.


  • Сабақ түрі: Жарыс сабақ.

  • Әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

  • Көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, интерактивті тақта.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, сабақты бастамас бұрын өлкеміздің жаңашыл педагогы марқұм Ш Әленовтың тәлім сөзімен бастайық:


- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.


Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпекші, әр қатар атсалысып, білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

  2. Жіктеу есімдігін үш жақта жекеше түрде жікте.

  3. Жіктеу есімдігін үш жақта көпше түрде жікте.

  4. 498-жаттығу

  5. Карточкамен жұмыс.










Өткенді пысықтау:




Белгісіз

дік

Болым

сыз

дық

Жалпы

лау

Өздік

Сұрау

Сілтеу

Жіктеу

Есімдік













































ІІІ. Жаңа сабақ: Жіктеу есімдігінің септелуі.

Жіктеу есімдіктері жекеше, көпше түрде жіктелуін үйрендік, енді бүгін сабақта жіктеу есімдігінің септелуін үйренеміз. Тақтаға назар аударайық.


491-жаттығу.

Жалбыз наурыз айының аяғында өсе бастайды. Ол дымқыл, шалғынды жерлерде көп кездеседі. Оның дәрілік маңызы зор. Оны бүйрек ауруына, суық тигенде ем үшін қолданады.

Мен ауырғанда оның тұнбасын іштім. Жалбыз маған ұнайды.


ІV. Тақтамен жұмыс.

492-жаттығу

Оқы. Зат есім мен есімдіктің септелуін салыстыр. Олардың септелуінде қандай өзгешелік бар?



Септіктер

Сұрақтары

З. Е. септелуі

Есімдіктің септелуі

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.


кім?

кімнің?

кімге?

кімді?

кімде?

кімнен?

кіммен?


Сәуле

Сәуленің

Сәулеге

Сәулені

Сәуледе

Сәуледен

Сәулемен

онымен


ол

оның

оған

оны

онда

одан




V. Сергіту сәті:

Біздер тату баламыз,

Гүлдей жайнап, жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Жоғары қолды созамыз,

Аяқ ұшында тұрамыз.

1,2,3,4.


VІ. Тақтамен жұмыс.

493-жаттығу

Мен, сен, біз есімдіктерін септеп жаз,септік жалғауларын ата.

Үш қатардың оқушылары осы есімдіктерді тақтада септеп жазады.


VІІ. Шығармашылық жұмыс.

494-жаттығу.

Нан ардақты, адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастарқан үстінде

Қол жумай оны ұстамас.

(Ө. Тұрманжанов)

А)Тапсырмалар:

1-қатар: Өлеңнің мазмұнын сөйлеп береді.

2-қатар: Өлеңнен есімдіктерді табады, қай септікте тұрғанын сұрақ қою арқылы анық

3-Қатар: «Ас атасы-нан» тақырыбында шағын шығарма жазу

Ә) Нанға байланысты тыйым сөздерді оқушылар тақтаға жазады.


VІІІ. Ойлан тап!

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қою, қай септікте тұрғанын анықтау.

496-жаттығу.

..... мектепке де бірге бардық. Ол - бір үйдің еркесі. ..... атасы мен әжесі бар. ..... апам ғана бар. Әкем әскерге кеткен. Апам жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Ол кез қиын уақыт еді.


ІХ. Қорытынды:

  • Есімдік дегеніміз не?

  • Есімдіктің қандай түрлері бар?

  • Жіктеу есімдіктерін айт.

  • Мен жіктеу есімдігін септеп бер.

  • Біз есімдігін жатыс септігінде айт.



Х. Үйге тапсырма:

496 – жаттығу.

Қобыз” атты мәтінді көшіріп жазу, есімдіктердің қай септікте тұрғанын айт. Септеліп тұрған есімдіктің атау септіктегі түбірін ата.


ХІ. Бағалау.


Математика 12.03.2015 жыл бейсенбі

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту

  2. Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін – өзі бағалай білуге үйрету;

  3. Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру


Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, кестелер, суреттер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: ана тілі


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

1. Амандасу, оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Балалар, алда қай ай келе жатыр?

  • Наурыз айында қандай үлкен мереке бар?

  • Дұрыс айтасыңдар 22 наурыз жаңа жылымыз тойланады. Олай болса бүгінгі сабағымыз осы мерекеге тікелей қатысты болады. Бұл мерекеде алдымен үлкендер не істейді?

Есқуат: наурыз туралы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу, тілектер айту.


5 тапсырманы тексеру. Ауызша.

250*6+550*6=4800 552*2+248*2=1600 (356+444)*8=6400

3600*2+805*2=8810 (125+875)*24=24000 (176+24)*450=90000

Интер тақтадан тілектер жазылған карточкалар шығады.


ІІІ. Жаңа сабақ

«Шашу» бұл қандай дәстүр?

  • Қай қатар тез әрі көп орындаса шашуды көп тергені болады.


8 тапсырма. 2 бала тақтаға, қалғандары дәптерге орындайды.

138 276 : 46 =3006 458 687 : 229 =2003 382 925 : 425 =901

55 590 : 545 = 102 738 123 : 123 =6001 172 216 : 824 =209

685 828 : 218 =3146 305 584 : 142 =2152 215 292 : 132 =1631

- Наурыз тойында қандай ұлттық тағам жасалады?


9 тапсырма. Тақтаға орындау.

  • Балалар, наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады. Бүгінгі тапсырмаларды орындау арқылы сол ойындарға тоқталамыз.



(498+4578) +422= 5 498 7896 +(2100+4)= 10 000

78987-(7887+400)= 70 700 87896-(796+83000)= 4 100

399968+(4524+32) =404 524 789654-(80654+9000)=700 000


«Көкпар» ойыны.

  • Бұл қандай ойын? Қазір №10 тапсырманы қай қатар бірінші орындаса көкпарда сол қатар жеңеді.

2 оқушы тақтаға орындайды, қалғандары дәптерге орындайды.

141 715 : 46 = 3080 (35) 374 699 : 82 =4569 (41)

273 712 : 34 = 8050 (12) 927 561 : 203=4569 (54)


Сергіту сәті: Бөрше Сымбат: «Наурыз» С .Сейфуллин


«Бәйге» ойыны

  • Бұл қандай ойын? Қазір №11 және №12 тапсырмаларды орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.



11 тапсырма. Тақтаға орындалады

А) 1 тәсіл 365 * (50+30) =29200 тонна

2тәсіл 365*50+365*30=29200 тонна


Ә) 250:5 =50 қорап сүт

350:5=70 қорап ашыған сүт

50*7=350 қорап сүт

70*7=490 қорап ашыған сүт


12 тапсырма

а) 16 326 : 6 =2 721 (авт) – кызыл

2752 + 2721 =5473 (авт) – қызыл және жасыл

16326 – 5473 = 10 853 (авт) – ак

ә) 236 * 425 =100 300 (бөлшек) – барлық жұмысшы жасап шықты

100 300 : 25 = 4 012 (бөлшек) – сатуға жіберілді

100 300 – 4 012 =96288 (бөлшек) – қалғаны

96 288 : 2 = 48 144 (бөлшек) – машина жасайтын зауыт сатып алады


«Қыз қуу» ойыны.

  • Бұл қандай ойын? Қазір №13 тапсырманы орындау арқылы жеңімпазды анықтаймыз.


13 тапсырма

14 728 : 28 : 2 + 78 336 : 306 + 1005 : 5 * 9 = 2328


«Айтыс» ойыны

  • Бұл қандай ойын? Қазір №14 тапсырманы орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.

14 тапсырма

А) түсіндіру

Ә) 225: (3*5)= 15 210: (3*7)=10 18006: (3*2)=3001

9120: (5*3)=608 900: (5*9)=20 80000: (5*8) =2000


Б) 360: (8*9) =5 189: (7*3) =9 720: (9*5)=16

2100 : (6*7)=50 315: (5*7)=9 432: (9*8)=6


Сабақты қорыту:

Электрондық оқулықтан тест орындау.

Рефлексия:

  • Оқушылар енді алдарымызда жатқан суреттерге қарайық. Кім «мен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстым. Бәрін түсіндім.» дегендерің күліп тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 5 деген баға.

  • Ал «мен бүгінгі сабаққа жақсы түсіндім. Сабаққа жақсы қатыстым. Бірақ дұрыс жауап бере алмадым. Келесі сабақта жақсы қатысам» дегендерің жайдары тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 4 деген баға.

  • Ал «мен сабаққа дұрыс қатыса алмадым» дегендерің мұңайып тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 3 деген баға. Бірақ бұл суретті ешкім көтермейді деп ойлаймын. Өйткені барлықтарыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: «Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу» тақырыбы бойынша 6 мысал дайындау


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 27.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров314
Номер материала ДВ-012986
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх