Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Поурочный план "Өзін-өзі тану"

Поурочный план "Өзін-өзі тану"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_№4

Мерзiм_20.05.2014

_9

Тақырып Әдептілік-әдемілік.

Құндылық__сүйіспеншік

Қасиеттер:

  • Әдептілік

  • Сыпайылық

  • Сыйластық

  • Ізеттілік

  • адамгершілік

Мұғалiм_Жанабаева М.К.

Сынып 1 «А»

Оқушылар саны__26__


Сабақтың мақсаты:оқушыларға әдептілік,сыпайылық,ізеттілік адами қасиеттерін «Сәлемдесу» мәтіні арқылы түсінік бере отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамыту,дұрыс әрекетке үйрету..



Міндеттері:

- әдептілік,сыпайылық,ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру:

-сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту

- ізеттілік, сыпайылық, әдептілікке тәрбиелеу:














Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Үнпаста.сынайы сөздер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.»Нұрға бөлену»

  1. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



  1. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Сәлемдесу»

1.Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?

2.Сіздер қалай сәлемдесесіздер?

3.Қай кезде сәлемдесу керек?

4.Сәлемдесуді қалай түсінеміз?

5.Қалай ойлайсыңдар,.сәлемдеспеуге бола ма?

Балалар жауаптары тыңдалады.

Сәлемдесу түрлері айтылады. Балалар қайталайды.

-Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкумассалам!

,-Сәлеметсіз бе?

-Амансыз ба?

-Аман-есенсіз бе?

Өте жақсы. Демек балалар сәлемдесу әдептілік белгісі.

-Ассалаумағалейкум!-«Алланың ңұры жаусын!»

-Уағалейкумассалам!-«Өзіңізге де соны тілеймін»-деген мағынаны білдіреді.

Біз бір-бірімізге әдепті екендігімізді көрсете білейік.

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.-деп халқымыз бекер айтпаған.

Ой түйіндеу.



Сәлемдесу тәрбиелілікті білдіреді.Үлкенмен де кішімен де көрген кезде сәлемдесу керек.










Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз. «Сәлемдесу- әдептілік бастауы»



Ой түйіндеу: Адамдар бір- бірімен сәлемдескенде бір-біріне ылтипат білдіре отырып, күнделікті өмірінде амандық-саулық тілейді











  1. Әңгiмелеу Әдептілік әліппесі..Ә. Асылбеков.

Атам менің әрқашан

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.



Атам менің әрқашан

Мейірімді бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Жасы үпкенге жол берем.



Атам менің әрқашан

Ынтымақшыл бол деген.

Бірлік болса адамда,

Шын бақыт қой ол деген.

Ой қорыту.

Балалар өлеңде қандай әдептілік белгілері айтылған?

-Мақтаншақ болмау

- Жасы үлкенге жол беру

- Кішіпейілділік

-. Бірлік туралы айтылған.

Демек балалар жасы үлкенге жол беру яғни сыйлау,

мақтаншақ болмау,бір-бірімізге қамқор, дос болуымыз керек екен.



Түйін сөз.

Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.Айдос пен Марат бір партада отырады .Мараттың қаламы үйде қалып қойған.Ал Айдостың алдында екі қалам тұр. Марат үндеместен Айдостың бір қаламын алады да жаза береді.

Мұғалім:

Мараттың істегені дұрыс па?

Балалар жауаптары тыңдалады.

2.Айнұрдың кітабы жерге түсіп кетті.Оны көріп тұрған Бекжан жүгіріп келіп, кітапты көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты. Айнұр үндеместен кетіп қалды.

Мұғалім:

Айнұр не деп айтуды ұмытты?

Балалар жауаптары тыңдалады

Мұғалім тақтаға Рұқсат па ?, Алуға бола ма?,Рахмет-деген сөздерді жазып қояды. Балалар қайталайды.



Дәптермен жұмыс Суреттерді бояу.Сурет бойынша әдепті бала әңгімесін құрастыру

Қарияны жолдан өткізу. Қарияның алғыс айтуы.



Ой қорыту.

Балалар бұл жерде үлкенді сыйлау, құрметтеу, жол беру,үлкеннің батасын алу , ризашылыққа бөлену туралы айтылған.



Түйін сөз.

Жаңбырмен жер көгерер.

Батамен ел көгерер.





























  1. Топпен ән айту. Не деу керек ? Ә.Дүйсенбаев.

-Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай.

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол.

Жөн еді не айтқаның.



Ой қорыту.

Балалар сыпайылық сөздерді атаңдар:

-Рахмет,кешіріңіз.

Демек балалар сыпайы сөйлеп үйренейік.Сонда ғана сен сүйкімді бала бола аласың.Сыпайылылық та әдептілікке жатады.





  1. Үй тапсырмасы. №10 «Әдет» 41 б.















  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Қане балалар еркін отырып, ,денемізді тік ұстаймыз..

Бәріміз бірге айтамыз.

Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық,

Тыныштық бар жерде тыныштық

Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық

Тыныштық бүкіл әлемде.

Ой қорыту.

Тыныштық бар жерде деніміз сау,күніміз көңілді болады.Әрқашанда тыныштығымызды сақтайық.












Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров238
Номер материала ДВ-025320
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх