Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Поурочный план.Детская литература."Произведения Т.Молдагалиева" 2 курс. "Балалар әдебиеті."Т.Молдағалиев"2 курс.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Поурочный план.Детская литература."Произведения Т.Молдагалиева" 2 курс. "Балалар әдебиеті."Т.Молдағалиев"2 курс.

библиотека
материалов


Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date: 09.12. 15

Топ / Группа / Group: Т -22

Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Балалар әдебиетінің қаламгері: Т.Молдағалиев

Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Практикалық сабақ

Мақсаты / Цели занятия / Objectives:

-білімдік / образовательная /educational: Студенттердің Т.Молдағалиетің шығармаларының идеясы мен мазмұнын сезіне білуге қалыптастыру. Т. Молдағалиевтың шығармалары мен әңгімелерінің тәрбиелік мәнін студенттермен ашу. Балаларға арналған шығармаларына талдау жасау, мәнерлеп оқудың әдісін қолдануға тәрбиелеу.

-дамытушылық / развивающая / developing: Шығармалары мен өлең,әңгімелерін талдау және мазмұнын ашу арқылы студенттердің дамытушылық қабілеттерін қалыптастыру.

-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: Интерактивті тақта, видео, үлестірмелі тапсырмалар,әдеби кітаптар,суреттер.

Сабақтың жоспары / План занятия / Plan


I.Ұйымдастыру

II. «Өз жұбыңды тап» шаттық көңіл – күй

IIІ.Мақсатқа жету

IV. Жаңа тақырыпты хабарлау.

V. Студенттермен жұмыс

VІ.Бекіту

. Үйге тапсырма

VІІ.Рефлексия

Сабақтың барысы \ Ход занятия

І.Ұйымдастыру : Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning.

Күнді,аптаны сұрап және оқушылырдың үсті-басына көңіл аудару.

ІІ. «Өз жұбыңды тап» шаттық көңіл – күй.Қазір әр студент тақпақ, ертегі немесе жаңылтпаш айта бастағанда кім біледі сол бірден жалғастырып айтып кетсе, сол өзінің жұбын тапты деген сөз.Міне біз өз жұбымызды таптық.Енді бүгін біз сендермен жұппен жұмыс жасаймыз.Әр жұп өздеріне фишка алу үшін бірге жұмыс жасау керек.Қай топ бірге 10 фишка алса «5», 8 фишка алсаңдар «4», 6 фишка алсаңдар «3».

ІІІ. Мақсатқа жету:

Самуил Яковлевич Маршак«Балалар кітабы адамдарға, тарихқа, әлде жануарларға, кімге арналғанына қарамастан, тек көркем кітап болғанда өзінің маңызды міндетін атқарады».


Т.Молдағалиев әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жетік көңіл бөлді Талантты — сыршыл лиризмді дамытқан ақын.

Жоспармен студенттерді таныстыру.Жоспарды дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Жоспар:

  1. Т.Молдағалиевтің – балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

  2. Балаларға арналған шығармаларына талдау жүргізізу.

  3. Балаларға арналған шығармаларын мәнерлеп оқу ,тәрбиелік мәнін ашу.

  4. ҰОӘ-н үзінді қарау, онда қолданған әдіс – тәсілдерге талдау жасау.

IV. Флирчатпен жұмыс: Интерактивті тақтада табло шығады.Ол таблоның астында сұрақтар болады.Сол сұрақтарға жауап алу:

V. Т.Молдағалиевтің тақпақтарын мәнерлеп оқу.
 VІ. Аудио :«Ана» өлеңін тыңдау және оған талдау жүргізу

 VІІ. Видео : ҰОӘ үзінді қарау.

 VІІІ. Балалар кітапшасы мен жұмыс жүргізу.

ХІ. Рефлексия

Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.

IV. Флирчатпен жұмыс: Интерактивті тақтада табло шығады.Ол таблоның астында сұрақтар болады.Сол сұрақтарға жауап алу:

10 - Т.Молдағалиев өзінің шығармашылық еңбек жолын қайдан бастады?

12 – 1970 -1973 жылдар аралығында қандай журналдың жауапты хатшысы болды?

15 - Т.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі қай жылы жазылып,қашан жарияланды?

18 – Ақын балаларға арнап қай тақырыпта көп жазған?

20 – Т. Молдағалиев қай әндердің авторы?

1 – Т. Молдағалиевтің шығармалары басқа ақын шығармаларынан ерекшелігі неде?

7 – Ақынның тағы басқа қандай тілде қай жылдары жинақ кітаптары шықты?

3 – Т. Молдағалиев кім және қандай жазушы?

16 – 1971 – 1974 жылдары ақынның тағы қандай кітаптары жарық көрді.

25 – Т.Молдағалиев қандай ақынның шығармаларын қазақ тіліне аударды?

5 – Ақын кімге арнап тағы көптеген өзінің өлеңдерін жазады ?

6 – Т.Молдағалиев нені жақсы көрді және қандай әдебиетті сүйіп оқитын?

V.Т.Молдағалиевтің мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған өлеңдерін жаттап келуге берген едім,кәне кім айтып береді? Тақпақтар 3 тілде оқылады.

ЖАПЫРАҚТАР

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.

Т. Молдағалиев

ЖАҢБЫР

Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр,

Дала шөлдеп тұрғанда.

Шайылып қыстан қалған кір

Жайнасын гүл қырларда.

Жаңбыр, жаңбыр, төгіп өт,

Жайқалтып кет, бағымды.

Бір мәз болсын төңірек,

Естіп сенің әніңді.

Т. Молдағалиев

Мұңаймашы, асыл досым серігім

Мұңаймашы, асыл досым серігім,

Сену керек – жоғалмасын сенімің.

Сену керек – жақсылықтың барына

Күту керек – жақсы адамның келуін.


Мұңаймашы, тәтті әуен боп тербейін

Тербейін де қиянатқа бермейін.

Бақытты алдау өзін алдау екенің.

Әттең, әттең түсінеді ол кейін.

Мұңаймашы өз қасыңа күнде кеп,

Жақсылықтан жеткізейін бір дерек.

Бар мұңыңды маған – ақ бер ақынға,

Ақылды өмір сүру үшін мұң керек.

Туған күн

Т.Молдағалиев

Туған күнім менің бүгін ,

Күліп жүрмін , күліп жүрмін.

Достар түгел келіп жатыр,

Сыйлық әкеп беріп жтыр.

Жайраң қағып Галя келді,

Бір ойыншық ала келді.

Шолпан келді,Мәкең келді,

Бір –бір кітап ала келді.

«Спутник» кораблін

Берді папам маған бүгін.

Дастарханда дәмді ет те мол,

Қанша жесең, конфет те мол.

Әнді де айттық, тақпақ айттық.

Мәз боп үлкен апам да жүр,

Бізбен билеп папам да жүр.

Алты жаста едім бұрын,

«Жетідесің» , - дейді бүгін,

Туған күнім бола берсе,

Үйге достар тола берсе.

Менің оқуым

Т.Молдағалиев

«Балдырғанды» береді де:

«Оқы!» - дейді әжем күліп,

Жалған айтып, керегі не,

Мен алғашта қалам тұрып .

Суреттерге қарап алып,

Судырлата жөнелемін.

Кәдімгідей маған нанып,

Отырады әжем менің.

Оқымасам, әжем маған

Ренжи ме деп ойлаймын.

Хат жазған боп кешеке таман

Қағазды да шимайлаймын.

Бір оқыған жерлерімді

Оқытады қайтадан ол.

«Алданышым» - дейді мені,

Алдаған соң айтады-ау ол.

Кімнен тудың?

Т.Молдағалиев

-Кімнен тудың қарағым,

Айтшы маған соныңды-

Деп әжесі қарады

Құралайға көңілді.

Көп ойланбай Құралай:

-Сеннен тудым, -деп қалды

Жауабымен мынадай

Риза ғып қарт жанды.

Риза ғой дәл маған

Қайран анам, жан анам

Қарт көңілін таба алған

Тәтті не бар баладан.


Ракета ұшырдық- 

Көкке ұшам 
¥шқыш бала боламын 
Соңына ерем 
Гагариндей ағаның. 
Батыр болам- 
Көк аспанды сүйемін 
Жұлдыздарға 
Барып келіп жүремін-
Шақырады көгіміз, 
Бәрімізді космонвт 
Сайрап жатыр жолымыз, 
Самғайды алыс жас қанат.

Жұлдыздарға ұшамыз,

Ағаларға еріп біз.

Айда,
Оқу оқып біз ,
Өнер сырын түсіндік. 
Сонау алыс жұлдызға, 
Ракета ұшырдық- 


Қысқы орман

Қалғиды қысқы орман 
Мүлгиді қысқы ораман 
Айрылып қалған соң, 
Жаздағы құстардан 
Қарағай, емен бақ 
Ортаға қайынды ап 
Бір - бірін аялап 
Бір - бірін түр қорғап-


Көктем

Гүлін ашты алма ағаш; 
Майға тарту етем, - деп 
Үшып келді қарлығаш: 
-Майды көрсем екен,-деп 
күліп қағып түр дала: 
-Сен де мендей қуан - деп 
Май алдынан шығам деп.
-Көктем деген немене?

-Көктем деген көп жаңбыр. Әнге салып
Көктем деген қыстағы, 
Әніміз ғой айтатын. 
Көктем деген құс та ғой, 
Туған жерге қайтатын – 

Т.Молдағалиевтің

«¥лымен сырласу»
Алдыңнан қашан шығайын, 
Ауылға қашан келесің. 
Айқаста жүрмін жыл асты, 
Жақын түр, жақын жеңісім. 
Артыма ерген Тұмаштың, 
Тұлымын сипа мен үшін. 
Сақтайды мені сол тілеу, 
Жеңіспен елге барам мен. 
Сен үшін жауды өлтірем, 
Сен үшін тірі қаламын! 

Гүлдер

Гүлдер бүгін оянды, 
Қар астында дем алған 
Қызыл түсті бояуды 
Күн көзінен жер алған 

Кең жазық далада,

Өседі гүлдер құлпырып.

Гуілдеген желменен

Тербеледі оңға,

Тербеледі солға

Жайқалған гүлдерді

Аялап отырдық.

Мать

Когда тоскую по степи зеленой, 
Где бабочки весенние летают, 
И думаю с тревогой затаенной, 
Что мама мне вестей не посылает, — 
Приди ко мне, единственный мой друг! 
Когда усталым я вернусь с работы, 
И грустно от удач и невезенья, 
И липнут бесконечные заботы, 
И кажется — иссякнет вдохновенье, 
Приди ко мне, единственный мой друг! 
Приди ко мне с лучистою улыбкой, 
Мой верный, мой бесценный, долгожданный! 
Мои сомненья, горести, ошибки 
Развеешь ты, как пелену тумана. 
И вдруг услышишь: сердце встрепенулось, 
Доверчивая песня зазвучала, 
Как будто детство милое вернулось, 
А жизнь начинается сначала.… 

 VІ. Аудио : «Ана» өлеңін тыңдау және оған талдау жүргізу. Ал енді жиналып отырдық.Мен қазір сендерге Т.Молдағалиевтің өлеңін қосамын, мұқият тыңдаймыз.

Тыңдап болғасын кім туралы жазғанын айтып, талдау жасаймыз:

Тақырыбы:

Идеясы:

Композициясы:

Сюжеті:

Кейіпкерге мінездеме:

Теңеу:

Көркем сөз

 VІІ. Балалар кітапшасы: Оқушылар үйден алып келген кітапшаларыңды тақтаға алып келіп іліңдер, келген қонақтар қарасын.Мен сендерге тиісті бағаларыңды қойдым.Қазір әр жұп өзіне фишка алады.Кітаптарыңды жәй ілмей әркім Т.Молдағалиевтің қандай шығармасын алып, кітапша жасағандарыңды айтып және ол шығарманың балаларға қандай тәрбие беретінін айтып барып іліңдер.

 VІІІ. Видео : ҰОӘ үзінді қарау.

Бұл ұйыдастырылған оқу іс –әрекетінде шығарманы оқу кезінде қандай әдіс – тәсілдерді қолданды.Дұрыстап қарап алып, сосын талдаймыз? (студенттердің алдына сұрақтар қою)

Т.Молдағалиевтің «Жапырақтар» өлеңінен ҰОӘ бақыладық.Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде өлеңді таныстыру кезінде қандай әдіс- тәсілдерді қолданды? Кім айтады? Фишка беру жақсы айтқандарға.

Х. Бағдарлама бойынша шығармаларын топтастыру:Бүгін біз сендермен Т.Молдағалиевтің шығармаларын мектеп жасына дейінгі балалрды тәрбиелеуге маңызды екенініне көзімізді жеткіздік.Қазір тақтада Т.Молдағалиевтің өлеңдері шығады соларды біз «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламасына бөлеміз.Неге «Алғашқы қадам» жоқ, өйткені ол топта Тұманбай ағамыздың өлеңдері берілмеген.

Ортаңғы топ : Ересек топ:

ХІ. Рефлексия : «Кәрзеңке» бүгінгі сабақтан Т.Молдағалиев ассоцация не білгендеріңді стикерге жазып кәрзеңкеге жапсыру.

Үйге тапсырма:




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров313
Номер материала ДВ-270483
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх