Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Поурочный по самопознанию "Жүрек жылуы"

Поурочный по самопознанию "Жүрек жылуы"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Жүрек жылуы

Мақсаты:1. оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым- қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

2. жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту;

3. қайырымды болуға, үлкенге,кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу:

Picture 5

І.Шаттық шеңбері

Қуан шаттан,қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Тыныштық сәті:Бір сәт тыныштықта отырамыз.Біраз қиялға шомыламыз.Балалар,сендер өздеріңді, бір үлкен бұлттың ішінде,өмір сүретін тамшы түрінде елестетіп көріңдерші.Бұл кішкентай тамшылар, өте көңілді,әрі қуанышты.Барлығына жақсылық жасайтын,су тамшысы болған қандай жақсы.Сендердің әр қайсыларың кішкентай, сиқырлы тамшыдан,жаны жақсылыққа толы, балаларға айналып сыныпқа оралдыңдар.Жайлап көзімізді ашамыз.

-Ал, балалар көз алдарыңа не елестеді?

Әңгімелесу:

-Жақсы,ендеше балалар сендер жақсылық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-Басқаларға жақсылық жасаған кезің болды ма?(Бұлт тамшыларына, өмірде өздері істеген істерінің біреуін ғана жазып тақтаға іледі.)

II.Шығармашылық жұмыс

Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар,жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?Оны сендер айтпайсыңдар,қазір мынадай шығармашылық жұмыс жасаймыз.

1топ жақсылық үйін құрастырасыңдар.Ол үйге жақсылық жасайтын адамның қасиеттерін жазасыңдар.

2топ жақсылық гүлін құрастырасыңдар.Жақсылық гүлінің әрбір күлтешесіне адамның бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыңдар.



III.Мәтінмен жұмыс

«Жай ғана әжей»

В.Осеева

Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді.Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан.Бір кезде әжей сүрініп кетіп,жығылып қалды.

Абзал:

-Сөмкемді ұстай тұршы!-деді де,қарт кісіге көмектесуге жүгіріп кетті.

Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:

-Бұл сенің әжең бе?-деп сұрайды,

-Жоқ,-деп жауап береді Абзал.

-Мамаң ба?

-Жоқ.

-Ендеше көршің шығар?

-Жоқ.Ешкімім емес.Жай ғана қарт әжей ғой,-деп жымиды Абзал.



  • Сендердің де осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

  • Бұл оқиғадан не үйрендің?

  • Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?







IV.Дәйексөз

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзімен таныс болайық.

Табиғаттағы барлық жылу-күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан.

М.Пришвин

-Осы дәйексөз арқылы кім, қандай пікір айта алады?



V.Жағдаяттарды талдау

  1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

  2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың,ал досыңның ролигі жоқ...

  3. Анаң ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті...

VI.Ойланайық,пікірлесейік

1.Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

2.Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

VIІ.Жүректен-жүрекке

Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.Келген қонақтарға өздерінің жылы лебіздерін айтып,жазып тақтаға іледі.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров33
Номер материала ДБ-007870
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх