Инфоурок / Другое / Конспекты / Поурочное планирование по казахской литературе

Поурочное планирование по казахской литературе


библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Бастаушы ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Байкубинова Роза Картаевна


Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.М.Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту,оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.

Дамытушылық.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.

Тәрбиелік. Оқушылардың елін,жерін, Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті,ақындықты оқушы санасына ұялату.

Сабақтың әдісі: RWST («Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Кубизм», «INSERT», «5 жол өлең») т.б.

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих,биология.

Сабақтың жабдығы:ватман,маркер,сындырма бетше,электронды оқулық.


Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

Махамбет Өтемісұлы туралы білетіндерін жеке қағазға түсіруге 3-4 минут.

Жұпта талқылау.Топта бөлісу.Ортақ пікірді тақтаға жазу.


hello_html_m58953625.gif

Махамбет –халқын сүйген,халық мұңын жырлаған,елім деп еміренген ақын.Махамбет поэзиясы өз дәуірінің,сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні.Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған,еңбекші шаруалардың жыршысы.Езуші таптың жауыздығын тайынбай әшкерелеп өткен реалист.Өмірінің ақырғы минутына дейін жақсылықты алдағы өмірінен күтіп,ұрпақтарды хан, патша, би,сұлтандарға қарсы күреске шақырып кеткен романтик.Ол – асыл сөздің кені,көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшісі.

- Ендеше балалар, патриот деп қандай адамды айтамыз ?

Патриот - өз Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам.

Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады. «Қызғыш» сөзіне түсініктеме беріледі. Қызғыштай – қызғыштай қорыды, (қорғады) – қорғаштады, ара тұрды .

(Оқушыларға мәнерлеп оқыту)

Көрнекілік арқылы өлеңнің идеясына тоқталу.


  • Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне,халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.

Ақын адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеуді шебер қолдана отырып,қызғыш пен өз тағдырын салыстырады.Қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса,ақынның туған елінсіз,туған топырағынсыз тіршілігі жоқ.

Махамбет көл қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі.Қызғыш құстың жауы – лашын, ал Махамбеттің жауы – Жәңгір.Елінен айырып,қуғынға ұшыратқан да – Жәңгір.


Көрнекілік: Адам және табиғат


hello_html_m2d8794c2.gif

hello_html_m1dee85d6.gif




Сондықтан да ақын :

Аспанда ұшқан қызғыш құс !

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні ;

Мені елден айырған –

Хан Жәңгірдің екпіні –

деп, қас жауының кім екенін айқын аңғартады.Немесе :

Айтып – айтпай немене ?!

Құсалықпен өтті ғой ,

Махамбеттің көп күні !!! –

деп , елі үшін қабырғасы қайысады, құсалықпен күн кешеді.

Сөздікпен жұмыс

Құсалық – құса болғандық (уайым , шер) , қасіретке батушылық.

Құстар галереясы

Қызғыш – желкесінде қара қауырсынды айдары бар , кішкентай қоңыр

ала құс.

Лашын – тепкіні қатты тегеурінді құс.


Топпен жұмыс


- Махамбеттің тағы да басқа қандай өлеңдерінен құстар бейнесін көре аламыз?

«Соғыс» (Қызғыштай болған асыл ер)

«Арғымақтың баласы» (Сұңқарлар үлгі алар деп)

«Мұнар күн» (Лашын қуға төнген күн)

«Орай да борай қар жауса» (Лашын , сұңқар жүн төксе, далада қалған сүйек деп,шеніне қарға жолар ма)

«Аймақ көл» (Егізімнен айырылып, мен де бір аққу болдым халықтан соң)

«Қаршыға деген бір құс бар» (Қаршыға деген бір құс бар, қанаты айдың астында)

( Осы өлеңдерден оқушылар үзінді оқып, мысал келтіреді,құстарды мысал оқып болғаннан кейін құстарды тақтаға іледі )

- Махамбет поэзиясында самғай ұшқан , шүйілген, еріксіз егіліп , мұңға

батқан, шырқай көтерілген құстар бейнесі – аса жиі бейнеленетін көркем образ.

Ендеше, Махамбет өлеңдерінен аққудан қызғыш құсқа дейінгі аралықтағы қанаттылар галереясын таба аламыз.

Өлеңге композициялық талдау жасау.

Өлеңді салыстыру.

«Соғыс» өлеңі «Қызғыш құс» өлеңі hello_html_m57b407df.gif

Шумағы:

Тармағы

Буыны:

Ұйқасы:

Өлеңдегі бейнелі сөздер:


«5 жол өлең» құрастыру

1.Махамбет Өтемісұлы

2.ақберен ақын , адал дос

3.өлең жазды , күресті , өкінді

4.сегіз қырлы , бір сырлы

5.батыр

Бекіту сұрақтары:

  1. Махамбет Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?

  2. Махамбет қай жерде жерленген? ( Қараой)

  3. Жергілікті ақын-жазушылардың Махамбетке арнаған қандай шығармаларын білесіңдер?


Сабақты қорытындылау

  • Бүгінде , құдайға шүкір, заман – біздікі ! Дәуір де өзіміздікі ! Ғасыр да біздің игілік ғасырымыз болуға тиіс. Қазіргі таңда Қазақстан – егемен ел,өз еркі өзіндегі азат, өз алдына дербес мемлекет.Бүгінде біздің басшымыз қазақ елінің еркіндігіне тұсау етіп қарауылға қойған құқықсыз хан емес,өзіміз қалап, сайлап , ел еркіндігін қорғайтын мәртебелі Президент.

Ақыры жетті күн бүгін,

Ақырып теңдік сұраған.

Түнектің түріп түндігін,

Ат міндің сұлу құладан.


Парызың бүгін өтелген,

Әр ізің жатыр жаңғырып.

Азаттық туын көтерген,

Ақынның жыры мәңгілік!

Бағалау.

Үй тапсырмасы : өлеңді жаттау, тірек сөздерді пайдалана отырып «Махамбет- патриот ақын» тақырыбында шағын шығарма жазу



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-237366

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG