Инфоурок / Музыка / Конспекты / Поурочное планирование по музыке "ДосМуқасан" 3 класс

Поурочное планирование по музыке "ДосМуқасан" 3 класс


библиотека
материалов

САБАҚ ЖОСПАРЫ

3-сынып, 3-тоқсан, 9-сабақ, күн реті:

Сабақтың тақырыбы: «ДосМұқасан»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ эстрада саласындағы ең алғашқы топ ДосМұқасанның құрылу жолын түсіндіре отырып,оның жаңа дәуір заманындағымузыкамен байланысын көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: ДосМұқасан тобының оындауындағы музыкалық шығармалардың көркемдік ерекшелігін тыңдау, талдау және орындау барысында оқушыларға түсіндіру

Дамытушылық: Музыкалық шығармаларды тыңдау, орындау арқылы баланың іс- қимыл әрекетін , қиялын дамыту

Тәрбиелік: Қазақ өнеріндегі эстрада саласындағы алғашқы топқа, олардың орындауында тыңдаған және үйренген музыкалық шығармаларға деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен

жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер,

сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано

Музыкалық материалдар: «Битлз» тобының орындауында «Letod be»

Поляк халық әні «Сұлу қыз».ДосМұқасан

тобының орындуында.

Б. Бейсенован «Құтты болсын әз-Наурыз!»


Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу (әндете) , оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау:Сен қандай халық әндерін білесің?

Халық әндерін кім шығарады?

Эстрада әндерін кімдер шығарады?

Эстрада жанрының негізгі бағытарын ата?

Музыка тыңдау:

«Битлз» тобының орындауында «Letod be»

Жаңа сабақ: Ансамблді политехникалық институттың студенттері ұйымдастырған болатын. Ал ансамблдің атауы ансамбль құрамындағы студенттердің атының бір буынынан құрылған еді. «Дос» - Досым Сүлеев, «Мұ» - Мұрат Құсаинов, «Қа» - Хамит Санбеев, «Сан» - Саня Летвинов. Ансамбль мүшелері ән айтып, бірнеше аспапта ойнай білетін. «Дос Мұқасан» ансамблі халық әндерін өңдеп, орындай бастайды. Электро аспапты өңдеумен орындайтын халық әндері жаңаша бояумен халықтың жүрегіне бірден жол табады. «Дос Мұқасан» халықтың сүйіп тыңдайтын ансамбліне айналады. Ансамбль мүшелері кәсіби музыканттар болмаса да, олар өздері халық әндерін өңдеумен қатар жаңа әндер де жазады. «Дос Мұқасан» орындауындағы «Той жыры», «Құдаша», «Сұлу қыз», «Куә бол» сияқты көптеген әндер бүкіл Қазақстанға кеңінен тарап, әр тойдың, мерекелік концерттер мен кештердіңсәніне айналады. «Дос Мұқасан» ансамблі әлі күнге дейін өз тыңдарманын тауып, миллиондаған көрерменге қуаныш сыйлап келеді.

Музыка тыңдау:

Поляк халық әні «Сұлу қыз»

Дос Мұқасан» ансамблінің ізін жалғап Қазақстанда көптеген жаңа топтар дүниеге келді. «Ұлытау», «МузАРТ», «Жігіттер» сияқты ансамблдер ұлттық нақыштағы ансамблдерге айналды. «МузАРТ» тобы қазақтың жанына жақын әндерді кәсіби аранжировкаларымен халыққа ұсынса, «Ұлытау» этно-рок жанрында танылды. «Ұлытау» домбыра, скрипка, гитара аспаптарында қазақтың күйлері мен әндерін өңдеп жаңаша орындады.


Ән үйрену:«Құтты болсын әз-Наурыз!»


Құтты болсын Наурыз-жылдың басы!

Самарханның еріді бүгін тасы

Жиылған жұрт көрісіп,тілек айтып

Бата сұрар үлкеннен ауыл жасы.

Қайырмасы:

Наурыз,Наурыз,халалаку-ләйлім.

Наурыз,Наурыз,лилалаку-ләйлім.

Ұлыс күні оң болсын!

Дастарқаның мол болсын!

Құтты болсын әз-Наурыз!


Ақ түйенің қарны жарылған күн,

Өкпе-нала болса егер,арылған күн.

Наурыз көже әр үйден дәмін татып,

Ақ дастарқан кеңінен жайылған күн.


1.Әннін сөзін кім жазған?

2.Әннің әуенін жазған кім ?

3.Ән не туралы? (әннің мазмұнына көңіл бөлу)

4.Ән қалай орындалып тұр? (әннің орындалу жылдамдығына)

5.Ән қандай көңіл – күйді білдіріп тұр? ( әннің характері)

6.Ән неше бөлімнен құралған? (әннің құрылысына – шумағы мен қайырмасы бар, неше бөлімнен тұрады? )



Сабақты қорыту:

  1. «Дос Мұқасан» ансамблі қалай құрылды?

  2. Не себепті «Дос Мұқасан» ансамблі елге танымал болды?

  3. «Дос Мұқасан» орындаған қандай әндерді білесің?


Үйге тапсырма:.«Құтты болсын әз-Наурыз!» әнін жаттап келу,ДосМұқасан туралы қосымша мәлімет жинау.

Бағалау:Сабаққа ынтамен қосылып отырған балаларды бағалау




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-514592

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG