Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Поурочное планирование по развитию речи на казахском языке

Поурочное планирование по развитию речи на казахском языке

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Сауат ашу

Күні;

Сабақтың тақырыбы; Л дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты; Білімділігі; Балаға сөз сөйлеу,сөйлем құрау , сөзді буынға бөлу, байланыстырып сөйлеу арқылы Лдыбысы мен әріпімен таныстыру.

Дамытушылығы;Баланыңсөздік қорын , ой-өрісін , есте сақтау қабілетін дамыту,

Тәрбиелігі;Ізетілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; ЖАҢА

Сабақтың әдіс-тәсілі; сұрақ-жауап, ойын,тақпақ айту

Сабақ көрнектілігі:Төрт- түлік суреттері

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу,

2.Белсендіру кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақтың бастау

3. Әрекеттік кезең.Психологиялық дайындық: Балалар шеңберге тұрып . бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Қандай әріп, дыбыстармен таныспыз? - А әрпі мен дыбысы

Ата, зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында

Неліктен «А» тұрады?-

Деп бір күнісұрадым.

Атам менің сауатты

Былай деді жауапты:-

-Ата,Ана,Ақыл,Ар,Адам,..

А –дан бәрі басталар

Содан шығар, құрбаным,

«А-ныі»алда тұрғаны!

Т әрпі

Тауық теріп тезекті

Таспақаны көрмепті

Тышқан өткен жерлерді

Бұл не қылған із депті.

П әрпі

Патрада жатқан кітапты

Піл парақтап қарапты

Кіпаптан алған білімі

Пайдасна жарапты.

Н әрпі

Найзасын алып қолына

Назар батыр қатулы

Намысын бермен жауына

Найзағайдай атылды.

Ғ әрпі

Ғалым болам десеңіз

Білімді жина басыңа.

Ғарышқа ұшам десеңіз

Шынықтыр денені жасыңнан.

Р әрпі

Радионың құлағын

Ерте тұрып бұраған.

Хабар алып құлақ тос

Содан кейін қолың бос.

«Төлдерді ата»

Үй жануарлары төлдерінің атын атау. Төрт түлік

Шопан ата өсірген қойдың төлі-қозы,

Қамбар ата өсірген жылқының төлі- құлын

Зеңгі баба өсірген сиыр төлі- бұзау

Ойсылқара өсірген тұйенің төлі- бота

Сексен ата өсірген ешкінің төлі- лақ.

2. жаңа сабақ.

Ойын «Сөз ойла, тез ойла»

-Л әрпі бар сөздерді ата,.

-Лақ, лимон, орамал, алма,алмұрт т.б,

Лақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Л-дыуыссыз дыбыс

А-дауысты дыбыс,

Қ-дауыссыз дыбыс.

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым!

Секектеме, беміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Лақ сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

Менің аппақ лағым бар. Лақтар үнемі секіріп жүреді.

Сергіту сәті. Секен секен ей лақ

Жүрмін саған кейіп-ақ

Тыным тапсаң болмай ма?

Секірмей-ақ кей уақ.

Л-әрпін ауада жазу,дәптермен жұмыс.

Қортынды;

-Л дыбысы қандай дыбыс, дауысты ма. Дауыссыз ба?

Лашын құсым смғай бер,

Шынықсың жас қанатың,

Секіріп лағым ойнай бер

Шыңдалсын мықтап тұяғың,

Ал енді мен сендерге үй жануарлардың бірі «Лақтар мен қасқыр» ертегісін айтып берейін.

Ертегі ұнады ма?

Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Үй тапсырмасы; Л дыбысына сөз, сөйлем ойлау. Л әрпін жазу, оқу.













Пәні; Сауат ашу

Күні;

Сабақтың тақырыбы; В әрпі мен дыбысы.

Сабақтың мақсаты; Білімділігі; В дыбысы мен әрпін таныстыру.

Дамытушылығы; Сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Мәдениетті сөйлеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша ойын топтастыру,түсіндіру,дәптермен жұмыс.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі;Амандасу.Оқушыларды түгелдеу,

Белсендіру кезеңі.Үй тапсырмасын тексеру.

2.Қызығушылығын ойату.

1-тапсырма: жұмбақтар шешу.Ақ қар еріп,су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Ағаш басы бүршік жарып

Гүл бәйшешек ашады,

Балаларым айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?(көктемде)

-Қазір қай мезгіл? Кқктемү

-Көктемнің нешінші айы? –бірінші айы,

-Қалай аталады?-Наурыз

-Аптаның қай күні?

2.тапсырма.Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,

Қоссүрлеумен әрі бері жүр көшіп (вогон)

3-тапсырма Ән салады чемодан

Ішінде жүр көп адам

Естімейді сөзіңді,

Сқйлесеңде сен оған.(телевизор)

4-тапсырма;Түрлі-түсті балықтар,

Әйнек үйде қалықтар (аквариум)

-жақсы балалар бірінші тапсырманы орындадық .

3,Мағананы табу.

-Венера сөзі қандай дыбыстан басталады?

-В дыбысынан.

-В дыбысы қандай дыбыс

-Дацуыссыз дыбыс.

2-тапсырма;В дыбысына байланысты «топтастыру»ойыннын ойнатыу.

Вогон

Ваза в телевизор

Велосипед

3-тапсырма; Жаңылтпаш айту

«Волгасы» бар құланға

Венга бойы ұнайды-ақ

Вогон тіркеп қыранға

Великпенен жүр айдап.

2.Володя «Шебер мен»-дейді

Вогондарды жөндейді.

Вадим «Волгамен»

Варонежді аралады.

Сергіту жаттығулары.

5.Ойтолғау.

«Жалғасын тап» ойыны

Вогондар тұр------------(тізәліп)

Волдодя тұр---------(қызығып)

Вокзал басын------(қызықтап)

Валяда жүр---------(аралап)

5тапсырма.Суреттен жұмыс; Көктем келді. Күн жылынды. Жер көгерді. Құстар ұшып келді. Т.б.

6-тапсырма;Әріптердің элементтерін жазып .үйренеміз.

  1. Ауада жазу

  2. Діптерге жазу

  3. В дыбысы бар сөздер ойлап , қаттесіз жазу.

Қортынды;Біз қандай дыбыспен таныстық?

Бағалау: жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Үйге тапсырма: В дыбысы мен әрпін жазу, оқу, сөз,сөйлем құрау.









Пәні;Сауат ашу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы; А дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:А дыбысының баспа түрімен танысу.дыбыстың айтылу ерекшелігін менгерту. Буын туралы түсініктерін кенейту.

Дамытушылығы:Балалардың тәл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: тазалыққа,әсемдікке, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап, түсіндіру,ассациация.

Сабақ көрнектілігі:Суреттер,д/м,оқулық,кеспе әріптің баспа түрі, жазба түрі, текшелер.

Сабақтың барысы:

IҰйымдастыру кезеңі,Педпсихологиялық кезең

Армысың,асыл күн!

Армысың,асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым!

Үй тапсырмасын тексеру.Әріптер сыры.

I.Жаңа сабақ.

1.Аа дыбысы мен әрпі.А дыбысы кедергісіз айтылатындықтан,дауысты дыбысенін түсіндіру.Баспа және жазба түрі тақтаға ілініп көрсетіледі.Тақтаға А а әрпінің элементтерін салып көрсету.

Алма

Ана А а арба

Ата ара алша

2.Суретті әліппемен жұмыс. Алма,ай, ат.

3.Дыбыстық талдау жасау,Алма сөзінде А дыбысы сөздің басында, соңында тұрады.Ал-ма екі буынға бөлінеді,Ай ,ат сөздерінде а дыбысы сөздің басында тұр. Бұлар бір буынды сөздер.Оқушыларға хормен А дыбысын айтқызу.

II.Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атып,

Түтін тіке ұшады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады,

III.Белсенділік орталықтарымен жұмыс.

Оқу орталығы.

Оқу орталығындағы балаларға А дыбысы бар суреттерге сөйлемдер құрап, ребус шешіп А дыбысының орнын анықтайды.

Жазу орталығы.

Жазу орталығындағы балалар А әрпінің баспа түрін тақтайшаға жазып үйреніп,дәптерге жаздыру .

Өнер орталығы.

Өнер орталығында балалар А әрпі бар сөзердің суреттерін салады.

Мысалы:алма,ай,ат,арба,алмұрт т,б,

Соңында әр отралықтың жасаған жұмысы таңдалып қортындылады.

IV.Қортынды: «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнату арқылы балаларға А дыбысы бар сөздерді айтқызып сабақты аяқтау.

  1. Бағалау: жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

  2. Үйге тапсырма:А дыбысын оқу, жазу сөз,сөйлем құрау.

































Пәні:Сауат ашу

Күні;

Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Е дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай отырып Е дыбысынан сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіру.

Дамытушылығы:Балалардың ой-өрісін . шығармашылығын дамыту.Сөз қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.

Тәрбиелігі:Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылқтарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, ойын, ребус құрастыру,

Сабақ көрнектілігі:Суреттер,жазу үлгісі,әлпеби,текшелер,түсті кубиктар.

Педагогикалық техналогия:Сын тұрңысынан ойлауды дамыту.Ой қозғау,топтастыру.

I.Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Белсенділік кезеңі.

1. Сәлемдесу.

Сәлем бердік Ашық аспан!

Сәлем бердік Алтын күн!

Сәлем бердік Жер –ана!

Сәлем бердік баршаңа.

2.Жылулық шеңбері

Дос болып біз жүрейік

Ойнайықта, күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне, тұрмыз жараса!

II.Өткен сабақты қайталау.

1.Ойын «Кім зейінді?»

Мақсаты:Есту қабілетін дамыту.Дыбыстарды ажырата білуге баулу.

2.Ойын «Әріп тастамақ»

Мықсаты: буын туралы білімдерін тереңдету.

III.Жаңа сабақ.

1.Ой толғаныс.

Жұмбақ шешу

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секіруді қоймайды.(ешкі)

Ойын: «кел танысайық»

Мақсаты:Балалардың танымын, ой-өрісін дамыту.Сөздердің мағынасын түсңнуге үйрету.

Ешкі –үй жануары

Егеу-еңбек құралы(араны,тбалтаны егеумен қайрайды.)

Ертұрман-ертоқым-ат әбзелі

Етік-аяқ киім

Екі –сан(екі санына байланысты дене мүшелеріміз:екі құлақ, екі кқз, екі қас,екі иық, екі қол, екі аяқ.)

-Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

-Е дыбысынан.

-Бүгін біз жаңа Е дыбысымен танысамыз.Кәне бәріміз хормен айтайық.-Е-е-е(ерніміз кейін қарай кетеді, ауыз қуысында кедергі жоқ, созылып,әндетіп айтылады.)

-Айтылуына қарай қандай дыбыс (дауысты)

-Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?(қызыл текшемен)

-Е дыбысы дауысты дыбыс, бір өзі буын құрайды.

3.Ойын: «Жаңылмай айт»

Мақсаты:тіл жаттықтыру.

Есет атам, ет асатар,

Ет асатса,бес асатар.

IV.Топтық жұмыс.Сайыс түрінде өтеді.

1-топқа «Шапшаң ойла»ойыны.

Мақсаты:балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.

2-топқа «Ғажайып ағаш» ойыны.

Мақсаты:Қиынды бөлшектерден түтас бейнені құрастыру іскерліктерін дамыту. «Емен –емдік қасиеті бар ағаш».Қай дыбыстан басталып тұр? –Е дыбысынан басталып тұр.

3-топқа. «Сиқырлы кесе»ойыны.

Мақсаты:Кеспе әріптерден сөз, сөйлем құрап айтуға даңдыландыру.Сойлемді моделдеу.

IV.Сергіту сәті.

Жай орырған қалпымда

Айдын көлді кешемін

Екі қолым алдымда.

Былай ескек есемін.

Ойын. «Көңіл бөлейік»

Мақсаты:Жаңа әріппен баспа,жазба таңбасын таныту,есте сақтауын жетілдіру.

VI. Оқулықпен жұмыс.

Ойын «мен қандай дыбыспын?» - Е

Е Ш К І К Ү Р Е К К Е С Е

Мақсаты:сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.Дыбысқа сәйкес текшені көрсету.
VII.Дәптермен жұмыс.

Ойын: «Қарындашпен жұмыс».

Мақсаты:Е әрпінің баспа таңбасын үлгідегідей етіп бастыру, жазуға үйрету. Қол қимыл-қозғалысын дамыту.

Е е

Ойын: «Буын құрау».

Мақсаты:тірек –сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөздер құрау.

Р

Л

Е Т

М

С

VIII.Қортынды: Ойын: «Жаңа сөзді тап».

Мақсаты:ребусты шешу арқылы жаңа сөзді табу,мағанашын ашу.

С Ш

Кеше-өткен күн.

1Х.Бекіту.(топтастыру)

Ойын «сиқырлы кубиктар».

Мақсаты:Е әрпін кубиктардан құрастыру, білімдерін байқау.

Бекіту:топтастыру әдісі.

Қызыл текше ескек

Е ертұрман

дауысты екі

дыбыс емен

етік

егеу

Өзін-өзі бағалау.(балалардың пікірін тыңдау)

Қоштасу. Жылу шеңбері.

Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Үй тапсырмасы: Е дыбысы мен әрпін оқу, жазу.



























































Пәні:Сауат ашу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорын молайту.

Дамытушылығы:Аталған дыбыстар сөздің қай буында кездесетінін білдіру.Ойын арқылы игерген білімдерін бекіту.Сөзге дыбыстық талдау жасау.

Тәрбиелілігі:Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қзығушылықтарын қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнектілігі:Суреттер, жазу үлгісі, текшелер, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

11. Белсендіру кезеңі.Үй тапсырмасын тексеру.

111. Әрекеттік кезең. Педпсихологиялық жатығу.

Жаңа сабақ

-тук-тук-тук-тук-

-Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты, кәне есікті қарайық.

-Ой бәрекелді, балалар, бізге қонақ келді!

-Бұл кім балалар?Ұлу екен ғой.Ұлуды біздер білеміз бе?

Биыл жаңа жылда қай аң келіп еді?-ұлу

-Бүгін ұлу көп қонақтармен бірге келіпті, бізге көп сұрақтар ала келіпті, біз қалай сұрақтарға жауап береді екен,-деп тұр. Жақсы сабақ айтқан балаларға өзінің қолынан жасап әкелген сыйлықтары бар екен.

Алдынғы сабақта қандай дыбысты өтіп едік?

-З дыбысы мен әрпі.

Үйге З дыбысынан басталатын буындарды, сөздерді бергенмін.Балаларды тексеру.

-Ұлудың 1-ші тапсырмасы.

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі,

Қай әріптен басталған,

Аты не, кім шешеді?(гүл)

2. тапсырма.Гүлге байланысты мақал-мәтел айту.

-гүл –жердің көркі.

-Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты- Еңбек.

Еңбек туралы мақал –мәтел айтып жарысады.

1.Енбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2. Еңбек етсең емерсің.

3. Еңбексіз рақат келмас,

Машақатсыз бақыт келмес.

4. Еңбек түбі-береке.

Өте жақсы ,балалар.

-Гүл деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

-Кәне бәріміз бірге Г дыбысын айтып көрейік

-Г дыбысы кедергіге ұшытап тұр ма? Г дыбысы дауысты мадауыссыз ба?

-Ал егер дауыссыз болса қандай текшемен белгілейміз?

Г дыбысын көк текшемен белгілейміз, көк үйге саламыз.

Ойын: «Кім зейінді?»

Тақтадағы суреттерді көрсетіп Г дыбысы кездесетінін айту.

Сутеттің атын айтып берген бала марапатталады. Тақтаға сауат ашу пәнінен жазып алынған буын және сөздерді оқып шапалақтап буынға бөліп, неше буын екенін айырамыз.Гүл-жан екі буыннан тұрады.Кө-гер-шін-үш буыннан тұрады.Г дыбысы ортасында тұр.

Дәптермен жұмыс.Г дыбысының таңбасынүзік сызықтармен берілген параққа әдемі жазып орналастыру.

Бір,екі үш,

Жинап алп күш

Қолға қалам аламыз,

Тап-таза етіп жазамыз.

Ойын: «Адасқан әріптер»

Шарты:Балаларға кеспе әрәптерді таратып, сол әріптен басталатын сөз құрастыру.

Сергіту сәті.

Гу-гу. Гу-гу гуілде,

Қалып қайма бірің де

Пш-пш,пш-пш біз кеттік,

Жүрісті біз үзеттік.

Қортынды: Біз бүгін қандай әріп өттік?

Бағалау: Жақсы қатысқан балаларға силық тарату.

Үй тапсырмасы:Гүл туралы шеғын әңгіме айтып келу.









Сауат ашу

Күні;

Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ә дыбысы мен әрпін таныстыру.

Дамытушылығы:Ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Тілдерін, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Үлкендерді силауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойлау.

Технология:сыни тұлғыдан ойлау техналагиясы.

Көрнектілігі: кеспе әріптер, сөз жұмбақ текшелер, көркемсуреттер(алма ағашы,сиқырлы пеш,өзен, төрт түлік, әже)

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.

Белсенділік кезеңі. Психологиялық дайындық.Үлкенге де -сіз

Кешіге де –сіз

Қонақтардың бәріне

Бас иеміз –біз.

Ой шақыру стратегиясы

-Өткенде қандай әріппен таныстық.

-І дыбысымен әрпімен таныстық.

-Қане сол І әрпіне сөз құрайық.

-Іні,ін, ілгіш, із т.б.

-І дыбысы қандай дыбыс, дауыстыма, дауыссыз ба?(дауысты)

Ережені есте сақта.

-Дыбыс деген не? Әпіп деген не?

-Дыбысты естиміз, айтамыз, Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Сызбамен жұмыс талдау,жинақтау.

Із іні ірімшік

Әскер ІН ілгіш

І11. Жаңа сабақ.Ой толғаныс.

-Біз бүгін жаңа әріппен танысамыз.Бүгінгі сабақ ерекше.Бүгін бізге қонаққа қоян келіпті.

Ол өзінің үйінен адасып кетіпті.Қәне біз қоянға көмектесейік.Қоян келе жатса , алдынан өзен шығыпты. Қоян өзенненөткезу үшін біздер тапсырма орындауымыз керек. «ӨЗЕННЕН ӨТУ»

1-денгей тапсырмасы. «Миға шабуыл»страегиясы.

Сөзжұмбақ шешу арқылы «әліппе» сөзіне мағлұмат беру.

1.Әкенің анасы кім болады?- әже

2.Ешкінің төліната- лақ

3.Тышқанның үйін ата - ін

4.Ірі жануарды ата- піл

5,Жеті күн қалай аталады- апта

6,Шай ішетін ыдыс түрін ата- кесе

Қандай сөз шықты ? «әліппе» Бұл кітаппен бірінші сыныпқа барғанда оқып үйренеміз.

Әліппе сөзі қай дыбыстан басталып тұр ?(ә дыбысынан)

-Бүгінгі өткен тақырыбымыз

-Ә дыбысы мен әрпі, кәне Ә-Ә-Ә-Ә денәндетіп айтып көрейік

-Қандай дыбыс екен?

-Дыуысты.

-Олай болса , ол әріпті дауыстылар қатарына қосайық.

Қоян әрі карай өзенен өтіп келе жатса алдыннан «Алма ағашының алмасын жинау» тапсырмасы шығады.Кәне,балалар осы тапсырманы орындапкөрелік.

Тапсырма:Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап буынға бөлеміз.Ә-теш, әй-нек, әп-ке, ә-ке, ә-же,т,б.

Шә-лі әп-ке сән сә-лем ә-же

Ә-ке БУЫНҒА БӨЛУ әй-бат



Әй-нек ә-теш ән-ші

-Өте жақсы

-Ауада Ә әрпін жазамыз

Сергіту сәті.Қоян үйіне асығып келе жатса, алдыннан «сиқырлы пеш»тапсырмасы шығады.Кәне балалар, соны орындап көрелік.

-Әтеш шақырады | | | |

-Әліппе –әйбат кітап | | | | | |

-Әжем ауылдан келе жатыр | | | | | | | |

Шығармашылық тапсырма.

Әр балаға өзінің әжесі туралы шағын әнгіме құрау.

Қортынды.

-Міне , балалар , қоян аман –есен үйіне жетіп, көжектерімен табысады.

Бағалау:Сабаққа жақсы қатысқан балаларға қоянның сыйлығын тарату.

Үйге тапсырма: Ә әдыбысы мен әрпін оқып, жазып келу.









Пәні; Сауат ашу

Күні;

Сабақтың тақырыбы; Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты ; Білімділігі;Ұ әрпінің жазылуын оқылуын үйреру .Буын туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылығы: Сурет бойынша сөйлеуге, сөз буын құрауға, оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелілігі :Ұқыптылыққа ,әдептіліке, тазалыққа, ұйымшылдыұұа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап ,түсіндіру,ойын

Сабақтың көрнектілілігі :кеспе әріптер, суреттер, буындар, үлестірмелңк матералдар, текшелер

Сабақтың барысы;

  1. Өткен сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталау(Е дыбысы мен әрпі)

Сурет бойынша жұмыс.ЕР,ешке,есек сөздеріне дыбыстық талдау жасау,буынға бөлу. «Түлкі мен ешкі» ертегісін байандау, рольдерге бөліп ойнатуарқылы үй тапсырмасын бекіту, қорту,

  1. Жаңа сабақ:Қане балалар жұмбақ шешейік.

Ұя,ұлу,ұшақтың

Басын бастап беремін

Құс, жұмыртқа,бұтақтың

Ортасында келемін(Ұ дыбысы

Ұя,ұшақ,ұлу,ұршық(суретін көрсету) сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ұ дыбысынан

Ендеше бүгінгі қонаққа келетін дыбысҰ дыбысы екен.

Ұ дыбысы дауысты ,жуан дыбыс

Оның жазба, баспа түрлерін кқрсетін , дыбыстыңайтылу артикуляциясына көңіл бөлу.

-Дауысты дыбыстар қандай текшемен беріледі?

-Қызыл.

-Бүгін бізде қонақта Ұ дыбысы(оқушылар қол соғып қуана қарсы алады.

Сергіту жаттығуы:Кәне қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Тік ұста бойыңды

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да

Жеткез жираф мойынына

Дәптерме жұмыс:Ұ дыбысын жазу

Қол жаттығуларын жасау,жазу үлгісін ескерту

Жаза,жаза жазуды,

Талып кетті қолымыз.

Жақсы жазып жазуды

«5» аламыз бәріміз

«Құстың ұясы»ертегісін оқып беру.Мазмұнын сұрақ арқылы сұрау

-Балалардың ісі дұрыспа?

-Құстарға қандай қамқорлық жасау керек?

Балалар,қазір біз құстарға қамқорлық жасап, «ұя» салып берейік(геометриялық пішіндерден) үлестірмелі дайын матералдардан жапсыру әдісі арқылы ұя жасапамын.(Үнтаспадан «Құстар» әніайтылады)

Жақсы жасалған «ұяны» балаларға көрсетіп,мадақтап, бағалаймыз.

Сергіту сәті «Ұшты-ұшты» ойының шартын түсіндіреміз

Ұшты-ұшты қарға ұшты

Ұшты-ұшты кітап ұшты

Ұшты-ұшты сұнқар ұшты

Ұшты-ұшты ұшақ ұшты т.б .

Жаңа сабақты қортындылау:сұрақ-жауап әдісі арқылы.

1,Дыбыс дегеніміз не?

2.Әріп деп нені айтамыз?

3.Бүгін қай әріппен таныстық?

4.Өткен әрәптерден сқз ойла

Суретке сөз құра.

Үйге тапсырма. Ауыша оқу, жазу


























Пәні;Қуыршақ театры

Күні;

Сабақтың тақырыбы;Л дыбысын дұрыс айтуға үйрету

Сабақтың мақсаты;Білімділігі;Дыбысты дүрыс айтуға қажет сөйлеу мүшеслерінің қалпын анықтау.

Дамытушылығы:Тілдің дағдылары дұрыс қалыптасу үшін қимыл-қозғалысын дамыту.

Тәрбиелілігі:Әдептілікке.силастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әбіс-тәсілі:Әңгімелесу,сұрақ- жауап

Көрнектілік;Суреттер,Л дыбысына буындар

Сабақтың барысы:-Еріннің қалты Л дыбысынан кейінгі дауысты дыбысқа байланысты өзгеріп тұрады. Тілдің ұшы жоғары күрек тістерге қарай көтерінкі.Тістің екі жақ шетімен азу тістердің түбір жағы көтерінкі, Л дыбысын айтқанда төмен қарай түсірінкі.Дауыс желбезегі бірккен және дәрәлдеп тұрады.Жұмсақ таңдай көтерілңп, мұрынға баратын ауа жолын жабады.

Даңдылар дұрыс тез қалыптасу үшін жаттығуларды ойын түрінде күніне 3-5минуттан бірнеше рет қайталау керек.Айнаның алдында бақылап отырып жасау керек.Әр жаттығуды төмендегідей кезекпен жүргізген тиымды.

-Жасайтын жаттығуларды түсіндіру.

-Ойын түрлерін әңгімелеу

-айнаның алдында орындауы

-Жаттығуды қалай орындағанын тексеріп, қателерін көрсету.

-жаттығуды айнаға қарамай орындау.

1. Тыңдамайтын тілді жазалау

Мақсаты: Тілдің бұлшық етін босаңдату.

Орындауы: Тәлдә жалпақ етіп,қозғалмай ұстап тұру үшән ,ауызды кең ашып ,тілді астынғы ерінге қойып шығарып ұстап пя-пя-пя деп 5-10ға дейін санап айтқызу керек

Көңіл бөлу керек;тіл жалпақ,тілдің екі жағы ауыздыңекі шетіне тиып тұруы керек.Демді ұстап тұрмай,толық дем шығарған кезде пя-пя-пя бірнеше рет кайталау керек.

2.Жалпақ тіл

Мақсаты:Тәлдә босаңсып тыныш ұстап тұруға дағдыландыру.

Орындауы: Ауызды ашып,ерінді жимып ашып,жалпақ тілді астынғы ерәнге тигізіп, осы қалыпта5-10-ға ұзақ ұстап тұру.Жаттығуды орындау барысында қадағалау қажет;-Ерінді тым кең созбау керек

-Тілді көп алға шығармау керек,тәл тек астынғы ерінді жауып тұру керек . Тілдің екі жақтары ауыздың екі шетініне тиіп тұруы керек.

3. Тәтті шырын

Мақсаты:Жалпақ тілдің қимыл –қозғалысын дамыту.

Орындау:Ауызды аздап ашып , тілді жалпақ ұстап жоғары ерінді жалау.

1.Тек қана тіл қимылдау керек ,астынғы жақ қимылдамай бір қалыпты тұру керек

2.Тәл міндетті тұрде жалпақ болу керек .

3.Егер жалпақ ті жоғары кқтерілмесе, шпательмен жоғары көтеріп ұстап кқмектесу қажет.

4.Ат шауып келеді.

Мақсаты: Тілдің бұлшық еттерін дамыту және тілді жоғары көтеріп тұру дағдысын қалыптастыру

Орынндау:Ат шауып келеді дегенде,бала аузын кең ашып , тілдің ұшымен таңдайды тақылдатады.1.Басында жаттығу баяу орындалады,сосын жылдам орындалады.

2.Астыңғы жақ қозғалмайды, сосын жылдам орындалады.

3.Егер бала таңдайын тақылдата алмаса,тілдің ұшын тандайға жапсырыпұстап тұру керек.

5.Тоқылдақ

Мақсаты. Тілді жоғары көтеріп ұстау және л дыбысын айтқанда тілдің шетін ,орнын анықтау.

Орындау: Тілдің ұшын қатты тандайға үнсіз соққылау.

1.Тілдің ұшы үстінгі азу тістердің артына қатты тандайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды,

2.Тілдің ұшын бүкпей ,түзу ұстау керек.

3.Астынғы жақ пен ерін қимылдауы өажет,

6. Л дыбысын дұрыс айтуға дағдыландыру

Жеке Л дыбысын айтуға дағдыландыру кезеңінде әр түрлі ойын түрлерін пайдалану тиымды.

Ескерту!

Л дыбысын жеке немесе бында дағдыландыру кезеңінде тілдің ұшы қатты тандайға тиіп ,қозғалмай тұратыны ескерту қажет және дыбысты созып айту керек.





























Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы:Дыбыс,Буын,Сөз,Сөйлем.

Сабақтың мақсаты:Балалардың сөз cөйлем,буын туралы ойларын қалыптастыру. Оларды жеке талдап,жұмыспен дәлелдеп көрсету. Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын,тәлән дамыту. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сөйлем құрастырып оны талдайбәлуге дағдыландыру.

Көренкі құралдар:Кеспе әріптер,сөз сөйлемге арналған қиылған карточкалар.

Әдіс-тәсілдері:әңгіме,түсіндіру,ойын.Ата-аналардан әділ қазылар сайланады.

Сабақтың барысы: l. Ұыймдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Үленге де сәз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Отырған қонақтарға және өз ата-аналарымызға қолымызды кеудемізге қойып, басымызғады иіп амандасамыз.

ll.Өтілген әріптерді еске түсіру.

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

-Дыбысты естиміз,әріпті көреміз,жазамыз.

Әріп деген не десең?

Ол- дыбыстың таңбасы.

Оқып,біліп үйренсең,

Боласың сен сауатты.

«Доп лақтыру»ойыны арқылы өткен дыбыстарға сөз ойлау.

- Балалар,енді мен сендерге қазір сөз тізбек айтамын, ол неге қатысты екенін сендер табасыңдар?

- Шана,суық,тайғақ, қар, аққала, боран - неге байланысты?

-Ауа-райы,қыс мезгілі.

- Мектеп, аурухана, байланыс бөлімшесі, мұражай, мәдениет үйі.

-Бұл тізбек неге қатысты айтылған?

- Ғимараттар.

Балалар әрбір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жеоі,мекені болады екен.

Мысалы адамдар үйлерінде, құстар қясында, малдар қорасында, ал андар өз апандарында өмір сүреді екен.

Ал дыбыстар қанда өмір сүреді екен, мен қазір сендерге сол туралы ертегі айтып берейін.

Олай болса мұқият тындайык.

Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес тура өзіміздің аузымызда өмір сүріпті. Олардың үйі осы аузымыз болыпты.Үйдің төбесі таңдай, еден дегеніміз төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағы болыпты. Ал үйдің есігі екі ерін, оның ішінде есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар бар екен, ол - тістер. Бір күні осы үйге, яғни ауызға жылан кіріп орнығып алады,сөйтіп ол зұлымдық істерін жасай бастайды. Көңіл-күйі жақсы болғанда ол дыбыстарды емін-еркін өткізіп жібереді,мысалы былай А,О,Е,И,Ы,У,.Бұл дыбыстар үстінеқызыл көйлек киіп есіктен емін-еркін өтіп шығып жатады. Ал кейбір дыбыстардың жолына сұр жылан түрлі кедергілер жасап шығуына бөгет болады, не есікті жауып қояды. М-м-м,Н-н-н,Т-дыбысы шығар кезде тіпті тандайға жабысып қалады.(қане,осы дыбыстарды бәріміз қайталап айтып көрейік, бұл дыбыстар есікиен сыртқа өте алмай тұр). Сөйтіп сұр жылан дыбыстарды ысылдауға,шырылдауға,қырылдауға мәжбүр етеді. Біресе сұр жылан дыбыстарды құйрығымен ұрады Р-р-р. Бұл дыбыстар айыздан емін-еркін шыға алмайды,сондықтан олар көк киіп шығады. Сонымен, емін-еркін шыққан дыбыстар дауысты, қысылып шыққан дыбыстар дауыссыз болып екіге бөлініп қалады. Қызыл көйлек киген дауысты дыбыстар өз-өздерімен жүріп жатады. Оларды жекелей ешкім түсінбейді, сондықтан олар бәрі бірігіп буын құрайды, жеке буын да түсәнәксәз болады, сөз құралады, жалғыз сөздің де мәнісі юолмайды, сонымен бәрі ақылдасып сөзден бір ойды білдіретін сөйлем жасайды. Міне, содан бері балалар, дыбыстардың адамға пайдасы тиіп әлі күнге дейін тіл құралы болып келе жатыр екен.

- Ал енді балалар, сендер ге ертегі ұнаждыма, ертегіде не туралы айтылған екен?

- Ал онда балалар, біз қазір дауысты,дауыссыздар болдып екі топқа бөлінейік.

Дауыстылар бірінші қатарға дауыссыздар екінші қатарға отырайық.

- Ертегіде айтылған дыбыс,сөз,сөйлем,буын туралы біз қазір жұмыс істейміз.

Ата-аналар балаларды түсті дөңгелекшелермен бағалап отырады.

- Қызыл өте жақсы, көк жақсы.

1-тапсырма: Неге дауысты дыбыс дейміз? Дауысты дыбыстар тобы мысал келтіріп айтыа береді.

2-тапсырма: Қазір мен екі топқа ір түрлі буындарды беремін сендер сол буындардан сөз құрайсыңдар, қай топ тез және көп құрайды сол жеңіске жетеді.

lll. Сергіту жаттығуы

Буындармен қосылып ән салу до-ре-ми-фа-соль-ля-си-до.

до-си-ля-соль-фа-ми-ре-до.

3-тапсырма: Енді мен сендерге екі сөз дайындап қойдым, сендер сол сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар.Сөзді буынға бөлесіндер,әрі қанша дауысты,дауыссыз,барлығы неше дыбыс болғанын ажыратамыз.

4-тапсырма: Топта «Ауыл мен қала» бейнесін бейнелейтін мазмұнды суреттерге қарап әңгіме құрастыру. Ал әңгімеміз сөйлемнен тұрады, сөйлем сөзден тұрады. Дауыстылар қалаға, дауыссыздар ауылға. Жолақшамен белгілеп отыру.

IV. Сергіту сәті.

5-тапсырма: Екі топтан екі бала шығып ауада нұсқағыштың көмегімен кезек-кезек жазады,дуыстылар тобы дауыссыздардың жазғанын, ал дауысыздар жауыстылардың ауада жазған әріптерін табады.

6-тапсырма: Диктант жазу: Ана, ата, шана, қыс.

7-тапсырма: Жұмбақ шешу.

Көрмеде бар,өрмеде жоқ,

Әкеде бар,әжеде жоқ (К)

Білезікке қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?(С)

Ғарышта бар,

Жұлдызда жоқ

Ғалымда бар,

Менде жоқ.(Ғ)

V.Қорытынды:Барлық жинаған ұпайларын есептеп, балаларды мадақтап, марапаттау.















































Ф ф дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Оқушыларға Ф дыбысы мен әрпін таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы

сөздік қорын байыту.

Тәрбиелігі:Ұқыпты ,таза жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ойын сабақ

Әдісі:түсіндіру, сұрақ –жауап,көрнектілік.

Көрнектілігі:кеспе әріптер,телеэкран.

Сабақ барысы:

А. Ұйымдастыру кезеңі: а)Сәлемдесу. ә)Оқушлардың назарын сабаққа аудару.

Ә.Психологиялық сәт.

Армысың ,асыл күн,

Армысың, асыл жер,

Армысың жан досым.

Армысың көк аспан,

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

Б.Өтілген сабақты еске түсіру.

В дыбысына сөз құрау.Дауысты ма, дауыссыз ба ?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс деген не?

-Ойын: «Орамал тастаақ»Вәрпі кездесетін сөздер ойлап табу, айту.

Балалар мына сөзге қарап әңгіме құрастырайық.

Талғат пен Қанат вогзалдың қасында келе жатқан әжейдің ауыр жүгін көтеріп,автобусқа шығарып салды. Әжей «Көп жасаңдар» деп бата берді.

-Батаны әр уақытта береді. Дастарханға бата береді.

-Өздерің қандай бата білесіңдер.

Жақсы болса бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз

Өнер –білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз!

Әмин!

Мақал:

-Үлкенге құрмет-кішіге міндет.

-Үлкен бастар,кіші қостар.

-Үлкен кешіріммен қарағаны,

Кішінің үлкендікке жарағаны.

-Үлкенді сыйласаң-қадірлі боларсың,

Кішіні силасаң-құрметті боларсың.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қпян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Жаңа сабақ.

-Балалар сендер не естідіңдер?(Шапалақтау, Үстелді тықылдату,т.б.)

-Дыбыс естідік

-Дыбысты тағы фон деп те атайды.

Дыбысты құралдармен де естейміз.Микрофон, телефон, магнитофон( фон сөзін оқшыларға айтқызу.

-Фон сөі қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ф дыбысы-тіс пен еріннің жуысуынан жасалатын ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.

Баспа, жазба түрін көрсету.

Алыстағы атамен

Әскердегі ағамен

Сөйлестіріп тұратын

Бұл ен?(телефон)

Қос бүйірін таянып,

Тұратығын қай әріп? (Фф)

-Мына суретке қарап сөйлем құрайық

Балалар футбол ойнап жүр.

  1. Футбол деген сөз қандай дыбыстан басталаып тұр?

  2. -Футбол сөзін буынға бөлейік.

  3. Дәптермен жұмыс.

  4. Ф әрпін ауада, тақтада жаздыру.Дәптерден Ф әрпін бастырту,әрі қарай толтырту.

  5. Бекіту.

  6. -Мұнау не ? құлақ

  7. -Құлақпен не естейміз? Дыбыс.

  8. -Дыбысты тағы қалай атаймыз? Фон

  9. -Дыбысты қандай құралдармен естейміз?

  10. Микро

  11. Теле---------- фон

  12. Магнито

  13. Ендеше «телефон» ойынын ойнаймыз. Екі бала телефон арқылы Ф дыбысына байланысты сөздер айтамыз.

  14. -Балалар микрафон не үшін керек?

  15. Жұмбақ : Судан шашақ шашылар

  16. Су тоқтаса, басылар. (Фонтан)

  17. Фотоаппарат не үшін керек?

  18. Суретке түсу үшін қажет.

  19. Суретті тағы қалай атаймыз?

  20. Фото деп атаймыз.

  21. Фото сөзін дыбыстық талдау жасаймық

  22. Ф-дауыссыз дыбыс

  23. О-дауысты дыбыс

  24. Т-дауыссыз дыбыс

  25. О-дауысты дыбыс.

  26. Фото деген сөз екі буыннан ,4 әріптен , 4 дыбыстан тұрады.Ендеше бүгінгі күннен естелік қалсын деп бәріміз фотаға түсейік. Мадақтау.Үй тапсырмасы.


















































  1. Сауат ашу

Күні:

  1. И дыбысы және әрпі

  2. Сабақтың мақсатты: Білімділігі:И дыбысы мен әрпін таныстыру . И дыбысы бар сөздерге талдау жасау. И дыбысы мен әрпінің ұқсас Й әрпінен айырмашылығын түсіндіру.

  3. Дамытушылығы: И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту.Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу.

  4. Тәрбиелігі:Өз ойын еркеі айтуға дағдыландыру, шапшаңдыққа ,тапқырлыққа тәрбиелеу.

  5. Түрі:Жаңа сабақ.

  6. Әдіс-тәсілі:Жұмбақтар, сұрақ-жауап, ребустар, суретпен жұмыс.

  7. Көрнектілігі:теледидар, кеспе әріптер, сиқырлы қапшық.

  8. Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:Шеңберге тұрып ,қол ұстасып, «Дос болайық бәріміз»өлеңінің бір шумағын бірігіп айту.

  9. Дас болайық бәріміз,

  10. Жарасып тұр әнәміз.

  11. Тыныштықты сақтасақ,

  12. Келіспейме әніміз.—

  13. Балалар қазыр сауат ашу сабағын бастаймыз.

  14. Қазір жылдың қай мезгілі?-Қыс

  15. Қазір қай ай?

  16. Қаңтар

  17. Ауарайы қандай?

  18. Салқын суық, аяз.

  19. 2. Өткен сабақты пысықтау.

  20. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

  21. Дыбысты естейміз,айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.

  22. Балалар менде сиқырлы қапшық бар, қапшықтан әріптер табасыңдар.Егер дұрыс айтсаңдар қол соғамыз, ал дұрыс болмаса аяқпен тарсылдатамыз.

  23. 3. Жаңа сабақ.

  24. «Кім жылдам?»ойынын ойнатаотырып, жұмбақ шешуін табу.

Тұмсығына жібін байлаған

Сүңгіп батып, бір мықты,

Бүтіндейді жыртықты(ине)

Алты аяқты, төрт қанатты

Елестетер тікұшақты (инелік)

-Ине, инелік, ит сөздері қандай дыбыстан басталады?

-И дыбысынан

-Балалар ,бүгін біз и дыбысымен танысамыз.

Енді И дыбысын айтып көрейік

-И-и-и

-Қалай айтылады екен

-Созылып айтылады.

-Демек ,бұл қандай дыбыс?

-Дауысты дыбыс

-Оны қандай текшемен белгілейміз?

-Қызыл текшемен.

Электрондық кітаптан сөздерді қайталау ит,ине.инелік,итмұрын,иіс,ителгі,итбалақ.

И дыбысы сөздің басында, ортасында кездесеті.

И дыбысы бар сөзді ойлату, буынға бөлу.

-Балалар осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық.

-Й әрпі

И мен Й айырмашылығын түсіндіру

4.Тайақшамен жұмыс. И әрпін құрастыру.

5. Дәптермен жұмыс

1)Инелік. Ине деген сөзді жаздыру

2)И әрпін ауада жаздыру. Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерді қиғаш қою ережелерін ескерту,

Әдемі жазуға бейімдеу

3)И дыбысының әріп таңбасын жаздыру

6.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз.

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрылмай оңға бір

,Бұрыламыз солға бір

Бір, екі үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз.

1)Берілген сөздерді хормен оқыту

2) «Кім тез?» ойын ойнату. И дыбысына сөздер айтқызу

3)Ребус шешу, итмұрын, инелік

4)Сөйлемдер құрастыру.





8.|қортындылау

-қандай дыбыспен таныстық

-и дыбысы қандай дыбыс











Пәні: Сауат ашу

Күні:

Сабақ таөырыбы: Т дыбысы мен әріпі

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Т дыбысы мен әрпін таныстыру.Т дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Т дыбысы сөздің басында, ортасында,соңында келетінін түсіндіру.Әріптің баспа түрін жаздыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:көрнектілік, сөздік,сұрақ-жауап, прпктикалық

Көрнектілігі:текникалық құралдар, кеспе әріптер, магнит тақта.сауат ашу дид/матирал,сауат ашу ә/д

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Көжектерім тұрыңдаршы,

Беттеріңді жуыңдаршы

,Айнаға қараңдаршы,

Шаштарыңды тараңдаршы,

Қане сабаққа қараңдаршы

«Қайырлы күн» деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер кұніміз.

2.Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстарды ата?

-Әріптерден не құралады?

-Сқздерден не құралады?

-Ә дыбысына сқз ойлау

Енді балалар күнделікті өзіміз алып жүрген бағалар туралы өлеңді жалғастырып ойнайық.

Бір дегенім- жаман баға,

Алады оны жаман бала.

Екі дегенім- нешер баға,

Інішегім нашарлама.

Үш дегенім- орта баға

Сапасы да орта ғана

Төрт дегенім-жақсы баға

Алады оны жақсы бала,

Бес-үздік баға,

Оқимыз тек үздік қана.

3.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты менгерту,

-Бүгін біз тағы бір жаңа әріппен танысамыз.Ол үшін жұмбақ шешейік

Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айғайда шу (түлкі)

-Алғашқы дыбысы қандай?

-Т дыбысы

-Теледидардан Т дыбысынан басталатын суреттерді көрсету

Торғай, түлкі, тал, тоқылдақ,трактор, тігінші, тауық, тышқан ,түйе, тау, тас т.б.

Осы сөздерді айтқанда бірінші қай дыбыстан естіп тұрамыз?

-Т дыбысы(хорменайту)

Т дыбысы дауыссыз көк текшемен белділейміз.

4. Оқулықпен жұмыс: сауат ашу дид. матиралмен жұмыс

Т дыбысынан басталатын буындар мен сқздерді оқыту.

Та, тау, ат, тас, от,тар,тал.

Сурет бойынша сөйлем құрастыру.

6,Сергңту сәті

Апам үшін күнде мен (әндете)

Отынға ағаш жарамын (қимыл жасау)

Су құйамын гүлге мен

Дүкенгеде барамын

Сыпырамын үйді мен

Жуам ыдыс –аяқты

Жылай қалса бқбегім

Жұбатамын ойнатып.

6.Дәптермен жұмыс:

Т әрәпәнәң баспа түрін жаздыру.

7.Ойын «Сөз ойла ,тез ойла»

Шарды лақтыра отырып Т дыбысына қатысты сөздер айтқызу

7.Тәрек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сқз құрау



ат

А на

ла

па

Топтастыру әдісі арқылы қорту.

Тиын

Көк текше торғай

Т

Дауыссыз

Дыбыс тал түлкі

Мадақтау

Үй тапсырмасы: Т әрпін жазу ,оқу, сөз,сөймем ойлау.





































Пәні: Сауат ашу

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:Р дыбысын таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыруын қадағалау, дыбыстық талдау жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілі:көрнектілік , ойын

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Психологиялыұ сәт.

-Балалар, күн нұрына қарай қолсозып алақанды жайып:

Куан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді!

Күліп шықтыыыыыкүн бүгін

Ұайрлы таң!

Қайырлы күн!

«Сәлеметсіздер ме!»-деп бір-бірімен,апайлармен амандасады















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров170
Номер материала ДВ-379840
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх