Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Поурочный план по казахскому языку в 3 классе на тему "Сүт тағамдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Поурочный план по казахскому языку в 3 классе на тему "Сүт тағамдары"

библиотека
материалов

Раисова Ж. Ж.

Қостанай қ.

1 мектеп – лицейі

қазақ тілі пәнінің мұғалімі


3 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының сүт тағамдары туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдар туралы  ұғымдарын кеңейте отырып, олардың дайындалу тәсілдері, сақталуы жайында  ,оларды өндіруші адамдар мен үй жануарларына  қамқорлық туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөйлесім әрекеттері арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Оқушылардың тіл байлығын байыту.

Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық тағамдарын білу және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі, сұрақ жауап, сұрау әдісі

Жабдықтау: үй жануарларының, сүт тағамдарының суреттері


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.

- Сыныпты түгендеу.

Сабақтың ұраны: «Кел, бала, сабақ баста.

Жаз, оқы, сөйле, тыңда!

Айт, зертте, сұра!

Шаршама да, дем алма!

Қазақ тілін үйренсең,

Көп ұтасың сен ертең!»


ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Сен қайда тұрасың?

- Сенің жасың нешеде?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз айлары қандай?

- Қазір қандай ай?

- Бүгін нешесі?



ІІІ. Үй жұмысын тексеру. Слайд: нанның суреті.

Оқушылар нан туралы дайындаған мақал – мәтелдер, өлеңдер, диалог, нақыл сөздерді айтады.


1-оқушы.

Нан - ардақты адал ас

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.


2 - оқушы

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

 Береке кетер асыңнан.

3- оқушы

Ей, балалар, балалар,

Бар қасиет нанда бар.

Нан қоқымын шашпандар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


4-оқушы Нақыл сөздер:

Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек. Таңертең нан ауыз тимей үйден шықпау керек.

5-оқушы

Мақал – мәтелдер:

1. ,,Нан – береке бастауы’’.2. ,,Нан – күш-қуат көзі’’ 3. ,, Ас атасы – нан’’.

4. Қоныс көркі – там.
Дастархан көркі – нан.

6-оқушы

Мақал – мәтелдер:

1. ,, Нан – дастарқанға сән! ’’ 2. Нан көп болса, қарның тоқ болар.

3. Нан – адам баласының басты байлығы.

4. Нан – тамақтың атасы.


7-оқушы

Мақал – мәтелдер:

1. Қырман басы – береке
Көп жүрген жер – мереке.
2.Егін ексең – тыңға.
Шықтым дей бер шыңға.
3. Тістем нанның қадірін
Тарыққанда білерсің.


8-оқушы

Нақыл сөздер.

1. –Нанды бір қолыңмен үзбе.
2. Нанды аяқпен баспа.
3. Нанның қиқымын баспа.
4. Бірінші дастарханға нан қойылады.


9-оқушы

Диалог

Вова: Сәлем Айдана!

Айдана: Сәлем Вова!

Вова: Айдана, сен нан дүкеніне барасың ба?

Айдана: Иә барамын.

Вова: Қандай нан аласың?

Айдана: Ақ нан мен дәмді тоқаш аламын.

Вова: Ал мен батон мен қара нан аламын.

Айдана: Онда бірге барайық.

Вова: Жақсы, жүр бірге барайық.



Жаңа сабақтың тақырыбы шығу үшін сөзжұмбақты шешкізу.

Интерактивтік тақтаға назар аударту.

Сөзжұмбақты шешу.

1. класс

2. магазин

3. булочка

4. чистый Сүт тағамдары

5. хлеб

6. часы

7. ноябрь

8. мягкии

9. мяч

10. дедушка

11. снег

12. зима


ҮІ. Сабақтың мақсатын жариялау.


Оқушыларды тақтада ілулі тұрған критерий арқылы бағалаймын.

Әр тапсырмадан кейін оқушыларды жұлдысшамен бағалаймын. Мысалы жасыл жұлдысша-5, көк жұлдысша-4, қызыл жұлдысша-3, қара жұлдысша-2 деген бағаны білдіреді. Сабақтың соңында жинаған жұлдысшалар арқылы бағалаймын.


Ү. Жаңа сабақ.


Тыңдалым әрекетін іске асыру.

Жаңа сөздермен танысу:

Қымыз-кумыс

Шұбат-шубат

Құрт-курт

Әзірленеді-готовят

Дәрумендер-витамины

Пайдалы-полезно


а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.

в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.

г/ Бір сөзге ауызша дыбыстық талдау жасату.


Мұғалімнің сөзі:

Сүтті төрт түлік малды асырап аға, апаларымыз терісін, сүтін пайдаланған. Мысалы жылқының сүтінен қымыз. Түйенің сүтінен шұбат, сиырдың сүтінен май, ірімшік, қаймақ, құрт, айран жасаған. Балалар сендер сүт ішісіңдер ме? Біз қандай қалада тұрамыз? Дұрыс Қостанай қаласында тұрамыз. Қостанайда қандай сүттер өндіріледі. Дұрыс айтасыңдар «Деп», «Новый день», «Мое молоко» сүттерін шығарады. Ал сендер қандай сүтті ішесіңдер?


Слайд. Интерактивтік тақтаға назар аударту.

Тақтадан жануарлардың суретін көрсету.





Мысалы жылқының сүтінен қымыз жасайды.


hello_html_m4464e5b5.jpghello_html_m21a5efb4.jpg



Түйенің сүтінен шұбат әзірлейді.


hello_html_461c85d1.jpghello_html_6fd0c77d.jpg


Сиырдың сүтінен май, қаймақ, құрт, айран, ірімшік жасайды.


hello_html_71a585b7.jpghello_html_365254a3.jpg


hello_html_1b32ccab.jpghello_html_21d60180.jpg


hello_html_28fec46f.jpghello_html_4bfc430.jpg



« Мое молоконы » қалай жасайтының видео роликтан көрсету.


1 – тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақ қою.


Сүт тағамдары

Сүт тағамдары – айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт. Сүт тағамдары өте пайдалы. Адам сүтті күнде ішеді. Жылқының сүтінен қымыз жасайды. Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Сүттің құрамында көп дәрумендер бар. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Балалар сүтті жақсы көреді.


Сұрақ – жауап. Сандықшаға сұрақтарды жазып, ішіне салып қоямын.

Оқушылар сұрақтарды бір-бірден алып жауап береді.


  1. Сүт тағамдарын ата

  2. Сүт тағамдары пайдалы ма?

  3. Жылқының сүтінен не жасайды?

  4. Түйенің сүтінен не жасайды?

  5. Сүттің құрамында нелер көп бар?

  6. Сүт тағамдары қайда сатылады?

  7. Балалар сүтті жақсы көреме?


2 – тапсырма. Тақтамен жұмыс. Грамматикалық тапсырмалар беру. Интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу. Кестедегі сөздерді тәуелдеу.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі тақырыпты жазып алыңыздар.

1 – оқушы:

Бір оқушы тақтаға шығып мына сөздерді тәуелдейді. « Қымыз », «жылқы »

2 – оқушы:

Шұбат – сөзіне фонетикалық талдау жазады.

3 – оқушы:

Қымыз – сөзін көпше түрде тәуелдейді

4 – оқушы:

Сүт – сөзіне баспалдақ сөйлемдер құрастырады.



Сергіту сәті.


hello_html_m2166fab4.jpg


Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.


3 – тапсырма. Ойын: « Дүкенде » сүт тағамдарына қатысты диалог құрастырып, өзара сөйлесу. 1- оқушы сатушы, 2 – ші оқушы сатып алушы болады.

1 – ші оқушы

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе!

- Сүт бар ма?

- Ия бар.

- Қандай сүт керек?

- Мое молоко сүті керек.

- Алыңыз.

- Қанша тұрады?

- Сүт жүз сексен теңге тұрады.

- Рахмет.

- Сауболыңыз!

- Сауболыңыз!

2 – ші оқушы

- Сәлеметсізбе!

- Сәлеметсізбе!

- Сіз не аласыз?

- Мен сүт тағамдарын аламын.

- Бізде айран, ірімшік, қаймақ бар.

- Маған ірімшік, қаймақ керек. Ірімшік қанша тұрады?

- Ірімшік 200- екі жүз теңге тұрады.

- Қаймақ қанша тұрады?

- Қаймақ 250 – екі жүз елу теңге тұрады.

- Рахмет, сау болыңыз!

- Сау болыңыз!



4 – тапсырма. Интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу.

« Ойлан, тап! » ойынын өткізу.


Екі қатарға бөліп апару.

« Ойлан, тап! »


Менің Сенің


Қара наным

Жылы сүтің

Қатты құртым

Жұмсақ ірімшігін

Суық айраным

Ақ бауырсағың

5 – тапсырма. Интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу.

« Дұрыс па, бұрыс па? » ойыны.

  1. Сүтте көп дәрумендер бар.

  2. Сүтті ішуге болмайды.

  3. Сүт пайдалы тағам.

  4. Жылқының сүтінен шұбат әзірлейді.

  5. Сүттің түсі ақ.

  6. Сүт тағамдары – алма, алмұрт, жүзім.



ҮІ. Сабақтың қорытындысы. Сүттің адамға қандай пайдасы бар?

« Дастархан мәзірін жасау »



  • Нені білдік?

  • Нені үйрендік?

Тақтада берілген көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

Интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу


Сүт тағамдары ........................ , .................... , ..................... , ................... .

Жылқының сүтінен ..................... жасайды. Түйенің сүтінен .................... жасайды. Сүттің құрамында көп ....................... бар.

Сү тағамдары ..................... және ..................... сатылады. Балалар .................

жақсы көреді.

Керекті сөздер: ( айран, қымыз, шұбат, ірімшік, шұбат, қымыз, дәрумендер, базарда, дүкенде, сүтті )


ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үй жұмысын беру: сөздерді жаттау,

Қоштасу.
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Раисова Ж. Ж.

Қостанай қ.

№1 мектеп – лицейі

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

3 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының сүт тағамдары туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдар туралы ұғымдарын кеңейте отырып, олардың дайындалу тәсілдері, сақталуы жайында ,оларды өндіруші адамдар мен үй жануарларына қамқорлық туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөйлесім әрекеттері арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Оқушылардың тіл байлығын байыту.

Тәрбиелік:қазақ халқының ұлттық тағамдарын білу және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі, сұрақ жауап, сұрау әдісі

Жабдықтау:үй жануарларының, сүт тағамдарының суреттері

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.

- Сыныпты түгендеу.

Сабақтың ұраны: «Кел, бала, сабақ баста.

Жаз, оқы, сөйле, тыңда!

Айт, зертте, сұра!

Шаршама да, дем алма!

Қазақ тілін үйренсең,

Көп ұтасың сен ертең!»

ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Сен қайда тұрасың?

- Сенің жасың нешеде?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз айлары қандай?

- Қазір қандай ай?

- Бүгін нешесі?

Автор
Дата добавления 10.12.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1251
Номер материала 183018
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх