Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары (8-сынып)

"Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары (8-сынып)



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 29.09.2015

5 сабақ

Сыныбы: 8

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы:

Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, информатика оқулығы Е.Шевчук, Н.Кольева, әдістемелік құрал, нұсқаулық

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар: қосу, азайту, көбейту, бөлу туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, сандарды бір жүйеден екінші жүйеге көшіру тәсілдерін меңгерту.

Түйінді идея:

Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар жайлы түсінік қалыптастыру

Оқыту нәтижесі:

  • Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру тәсілдері жайлы түсініктерін кеңейтеді;

  • Сандарды бір жүйеден екінші жүйеге көшіру тәсілдерін меңгереді;

  • Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдармен, олардың орындалу ретімен танысады.

Ақпарат көздері:

Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар

Іс-әрекет түрлері:

1. «Сәлемдесу» тренингі.

2. «Кір жаятын жіп» стратегиясы.

3.Жаңа сабақ таныстырылымы.

4. Практикалық жұмыс.

5. Кластер құрастыру.

7. Рефлексия «Қоржын»

  • Топты бағалау.

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналған

Сабақ кезеңдері

Оқытуда қолданылатын модульдер

Мұғалім іс-әрекеті

Уақыт

Оқушы іс-әрекеті

1. Білу











Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер





Сыни тұрғыдан ойлау





Сыни тұрғыдан ойлау;

АКТ;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Сәлемдесу» тренингі. Оқушыларды тренингтің мақсатымен таныстырады да тренингті жүргізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

1,2,3 деп санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөледі. Топтарды африкандықтар, жапондықтар және еуропалықтар деп атайды да 3 түрлі тәсілмен сәлемдесуді ұсынады.




Топқа бөлу

Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға қағаз қиындылары таратылып беріледі. Топтасуды оқушыларға тапсырады. Шағын топтарға оқушылардың қалай топтасатынын бақылайды, көмек керек болған жағдайда бағыт-бағдар береді.


«Кір жаятын жіп» стратегиясы арқылы өткен тақырыптарды естеріне түсіру. Топтарға бір-бір конверттен таратып береді де ойынның шартымен таныстырады. Конвертте өткен тақырыпқа қатысты сөздер берілген сол сөздерді ретімен қойып, анықтама шығару қажеттілігін түсіндіреді. Жауаптарды түзетуге болмайтындығын, түзету жасалса қате болып саналатынын ескертеді.


3










2







3

Оқушылар жартылай шеңбер құрып тұрады. Тренингке қатысып, сабаққа деген жақсы көңіл-күйлері қалыптасады. Тренинг аяқталғаннан кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, тренингке деген көзқарастарын білдіреді.

африкандықтар – табандарын түйістіру,

жапондықтар – иілу,

еуропалықтар – қол алу арқылы амандасып шығады.


Оқушылар музыкалық аспаптардың түрлері бойынша топтасады.





Оқушылар конверттегі сөздермен мұқият танысып шығады да, талқылау жүргізеді. Сөздерді ретімен қойып, операциялық жүйелерді қалай баптауға болатындығы жайлы пікірлерімен бөліседі.


2.Түсіну


Сыни тұрғыдан ойлау;

АКТ

Жаңа сабақты түсіндіру: Мұғалім жаңа сабақты таныстырылымның көмегімен түсіндіреді.

Оқушыларға түсінікті болуы үшін позициялық санау жүйесінде арифметикалық амалдарды қолдану ережесіне бірнеше мысалдарды тақтада талдап, көрсетеді.


5

Оқушылар жаңа сабақ бойынша негізгі ұғымдар мен мысалдарды дәптерлеріне түсіреді.

3.Қолдану


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

Практикалық жұмыс.

Топтарға оқулық бойынша тапсырма береді. Есептерді жұпта талқылауды ұсынады.

Топтар орындаған практикалық жұмыстардың дұрыс бұрыстығын тексеріп, саралайды, бағыт береді.

  1. Қосуды орындаңдар:


0110

+

0110

1101

+

0110

11001

+

10111

1010

+

0111

0101

+

0010

10001

+

11011

1000

+

1001

  1. Сандарды қосыңдар, содан кейін сәйкес ондық қосуды орындап, нәтижелерін тексеріңдер:

а) 10111012 мен 11101112;

ә) 1011,1012 мен 101,0112;

б) 10112,112 мен 111,12 ;

в) 10112, 11,12 мен 1112.


  1. Азайтуды орындаңдар:

    11010

    -

    01101

    1101

    -

    0110

    1101

    -

    111

    1010

    -

    0111

    0101

    -

    0010

    10001

    -

    1011

    1000

    -

    0001

  2. Сандарды азайтындар, содан кейін сәйкес ондық азайтуларды орындап, нәтижелерді тексеріңдер:

а) 1112 -ден 10100 2;

б) 10,112 -ден 100,12;

в) 111,12 -ден 100102;

г) 100012 -ден 1110,112.

  1. Жоғарыда келтірілген ережелерді қолдана отырып, екілік сандарды көбейтуді орындаңдар, содан кейін сәйкес ондық көбейтулерді орындап, нәтижелерін тексеріңдер.

а) 1011012 мен 1012;

ә) 1111012 мен 11,012;

б) 10112,112 мен 101, 12;

в) 1012 мен 1111,0012 .

  1. Ережелерді қолдана отырып, бөліңдер де, бөлгішті бөліндіге көбейтіп, нәтижені тексеріңдер.

100101102–ды 10102–ға

100110101002–ды 11002–ға бөліңдер, содан кейін сәйкес ондық бөлуді орындандар.

  1. Келесі сандарды ондық санау жүйесінен екілік жүйеге ауыстырыңдар да, бөлуді орындаңдар:

а) 15-ті 3-ке; ә) 45-ті 5-ке; б) 81-ді 9-ға; в) 77-ні 7-ге;

г) 480-ді на 6-ға; д) 5865-ті 115-ке; е) 3125-ті 625-ке; ж) 357-ні 7-ге;

з) 1080-ді 120-ға; и) 570-ті 30-ға;



17

Тақырып бойынша оқулықтан топтық тапсырма алады. Алдымен жұпта талқылайды да бірлесе отырып, есептерді шешеді.

Тақтаға жаза отырып, басқа топтарды жұмыстарымен таныстырады, есептің шығарылу жолын түсіндіре отырып, дәлелдейді.

4.Талдау


5.Жинақтау



Сыни тұрғыдан ойлау



Кластер құрастыру

Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау үшін топта «Санау жүйелері» тақырыбында кластер құрастыруды тапсырады.

Оқушылар құрастырған кластерлерді тыңдайды, кемшіліктері болса түзету жолдарын көрсетеді, бағалайды.


10

Оқушылар жұптаса отырып, кластер құрастырады. Өзара бір-бірінің кластерлерін тыңдайды, саралайды.

Топтар құрған кластерлерді «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясының көмегімен бағалайды.

6.Бағалау



Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топтық бағалау

Топ төрағаларына сөз береді. Топ төрағаларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.


Рефлексия: «Қоржын» тәсілі

Қоржын бір оқушыдан екінші оқушыға жағалай ауысып отырады. Әркім тек жетістігін айтып қоймайды, сондай-ақ мысал келтіреді. Егер оқушы не айтарын білмей қалатын жағдай болса, ойын жинақтау үшін «жүрісті өткіземін» деп айтуына болады.


2






3





Топ төрағалары бағалау парақшасы бойынша топ мүшелерін критериалды бағалайды.






Әр оқушы өз біліміне саралау жасай отырып, не үйренгендігін, нені меңгергендігін алдыға қарай ілгерілеу бар ма соны айтады.

Пайдаланылған құралдар:

Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер

Нақты үйге тапсырма:

§4 оқу.















Тексерілді:______________________




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров191
Номер материала ДВ-352337
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх