Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Конспекты / Практический урок на тему "Жіппен бейнелеу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Практический урок на тему "Жіппен бейнелеу"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жіппен бейнелеу

(практикалық сабақ)



Сабақтың мақсаты: 1. Әр түрлі жіптер дизайнымен

танысу, жіппен бейнелеу тәсілі және

сәндік көркем өнер шығармалар

құрылымының жасалу тәсілін игеру.



2.Өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу

дағдысын, ойлау, қабылдау, салыстыра білу,

шығармашылық қабілетін дамыту.



3.Қолөнерге деген қызығушылығын оятып,

талғампаздық пен шеберлікке,ұқыптылыққа

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.



Сабақтың әдісі: 1.Суретті – түсіндірмелі.

2.Сұрақ – жауап , СТО дамыту әдістеру.

3. Топтық, сарамандық, өзін – өзі басқару.



Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика.



Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, эскиздер, үлгілер, нұсқау

картасы.



Керекті құрал – жабдықтар: сызғыш, қалам, ирис жіп, циркуль,күйтабақ

ине, түрлі әшекей бұйымдары.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі



а) оқушылармен амандасу.

ә) жоқ оқушыларды белгілеу.

б) жұмыс орнын сабаққа даярлау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (графикалық диктант)



Қызығушылығын ояту – графикалық диктант



1.Жіппен бейнелеу алғаш XVI – ғасырда Англияда дамыған.



2.Жіппен бейнелеу жұмысына тоқыма жіптерді қолданады.



3.Жіппен бейнелеу – құрақ түрі.



4.Жіппен бейнелеу тәсілі – жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі.



5. Жіппен бейнелеудің бес әдісі бар.



6.Жіппен бейнелеу нүктелерді санап тесу арқылы орындалады.



7.Жіппен бейнелеу тігін машинасымен тігіледі.



8.Жіппен бейнелеуге бұрышты,шеңберді толтыру әдістері қолданады .



9.Жіппен бейнелеу ирис жібімен тігіледі.



10.Жіппен бейнелеу ұлттық қолөнерге жатады.













1 2 3 4 5 6 7 8 9 10





Біздің бүгінгі сабағымыз екі бөлімнен тұрады.



1. Теориялық

2. Шығармашылық

Теориялық бөліммағынаны тану (сабақтың мақсаты мен жұмыстың

орындалу тәртібін түсіндіру)



Жіппен бейнелеу – әр түрлі жіптерді пайдалана отырып қосу арқылы

жасалынады. Өткен сабақтарда біз жіппен бейнелеудің шығу тарихымен

бейнелеу әдістерінің технологиясымен танысқанбыз. Енді осы алған білімімізді

жүйелеп іс – әрекет арқылы іске асырайық. Ол үшін жұмыстың орындалу

технологиясын меңгеру керек.



Жұмыстың орындалу тәртібі (3 кезеңнен тұрады)



  1. Жіппен бейнеленетін бұйымның үлгісін қағаздан жасау.



  • күйтабақты алып, қағаз бетіне қойып, айналдыра сызу , дөңгелек шығады.



  • дөңгелектің диаметрін сызғышпен өлшеп аламыз d=12 тең.



  • дөңгелекті 12-ге бөлу керек. Ол үшін дөңгелек центрін тауып аламыз.



  • центр арқылы перпендикуляр түзулерін жүргіземіз.



  • 4 бөлек пайда болды, әр бөлік 90 градустан.



  • табылған бөліктерді теңдей үш бөлікке транспортир көмегімен бөлеміз, яғни әр қайсысы 30 градусқа тең.



  • барлығы 12 – бөлік шығады.









  • дайын үлгіні күй табаққа бастырып, инені қыздыру арқылы

нүктелерді тесу.



- 1 – 12 дейін нөмірлеп шығу.

hello_html_m3b1787a3.jpg



  1. Жіппен бейнелеу жұмысын бұрышты, шеңберді толтыру екі әдісін қолдана отырып, тігу ерекшілігін түсіндіру.

hello_html_36f301fc.jpghello_html_420410ea.jpg





  1. Күйтабақтың ортасын , шетін түрлі әшекей бұйымдарымен әсемдеу ерекшелігін ұғындыру.



hello_html_m7f0c3b31.jpg



Шығармашылық бөлім – Сарамандық жұмыс.



1. Қауіпсіздік ережелерді қайталау.

2. Нұсқау карта бойынша жұмысты орындау.

3. Сарамандық жұмыс кезіңде төмендегі талаптарды сақтау:

а) тігістің әдемілігі.

ә) түстердің үйлестірімділігі.

б) нүктелердің дұрыс түсуін қадағалау.



hello_html_235ecd37.jpg



Сергіту сәті: оқушылар көзді, қолды демалдыруға арналған

жаттығулар жасайды.



Көз жаттығуы

  1. Көзді барынша ашу

  2. Басты қозғалтпай барынша 1-2 сек. ұстау

  3. Көзді барынша ашып оңға, солға қарау

  4. Көздерді алақанмен 1 минут қараңғыда демалдыру



Саусақ – қол жаттығулары

Қолымызды айқастырып, қолды сырт жағынан бір-біріне жақындатып

ұстау.Саусақтар тік тұрады. Алақанымыз тік, саусақтар бүгілмейді. Жылдам-

жылдам қимылмен қолымыздың басын қозғаймыз.



Көбелек бейнесін салу.

Ақпын сары көкпін

Түрлі-түсті көппін

Жүрем өзім жайнап

Ортасында шөптің.



Оң қолдың , сол қолдың саусақтарының ұшын столға ұру

Жаңбыр – жаңбыр

Жау – жау!

Егін – егін

Өс – ос!

Қыздар ,сендер жіппен бейнелеу тәсілдерін қолдана отырып өз

қолдарыңмен жұмыс жасадыңдар. Жұмысты тиянақты, жинақы , жан –

жақты ерекшеліктерді ескере отырып орындадыңдар.

  • Ал енді сөзжұмбақты шешу арқылы не біліп, үйренгендеріңді анықтай отырып, жіппен бейнелеу әдісінің қай өнерге жататын білесіңдер.



Ой толғаныс. «Сөзжұмбақ»



1.Еңбек сабағында қолданылатын құрал (нұсқау)

2.Жұмыстың соңғы түрі (әсемдеу)

3.Ең алғаш жіппен бейнелеу қай елде пайда болды? (Англия)

4.Жұмыс барысында қандай ереже сақталады (қауіпсіздік)

5.Дайын сызба не? (үлгі)

6.Түстер үйлесімі қалай аталады? (колорит)

7.Жіппен әсемдеу түрі (көбелек)

8.Істі немен тігеді? (ине)

9.Жіппен бейнелеу қанша әдістен орындалады? (екі)

10.Үлгіні жылжытпайтын құрал (түйреуіш)



hello_html_b259e75.jpg

Қорытынды:



1.Оқушылардың жұмыстарын тексеріп,жіберілген қателерін түзету.



2.Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.



Үйге тапсырма:



Жіппен бейнелеу тәсілдерін тігіп үйрену.



Жұмыс орнын жинау.


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров103
Номер материала ДБ-221164
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх