Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Праздничный вечер, посвященный единству народов Казахстана

Праздничный вечер, посвященный единству народов Казахстана


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан

1-жүргізуші:

Бірлік пен ынтымағы халықтың

Көгімізде жарқыраған жарық күн

Ырыс, даулет бақытты үшін халқымның

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! Дей келе Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік жиынға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Болсын жер мен су ортақ

Болсын бізге ну ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

1-жүргізуші: Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достық пен ынтымақ елі. Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілі бар. Олар бір ананың баласындай, бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Осының айғағы ретінде біз бүгін халықтар достығы мерекесіне келіп отырған ұлт өкілдерін ортаға шақырайық.

2-жүргізуші: 5 сынып Өзбек ұлтынан келіп отырған қонақтарды ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: 6 сынып Орыс ұлтты

2-жүргізуші: 7 сынып Жапон ұлтты

1-жүргізуші: 8 сынып Украина ұлтты

2-жүргізуші: 9 сынып Қазақ ұлтты

1-жүргізуші: 10 сынып Кавказ ұлтты

2-жүргізуші: Басқада ұлт өкілдерінен келген қонақтарымызды шақырайық. ( 1-4 сынып әдеби монтаж)

1-жүргізуші: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар елімізде ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ, бірлігі үшін шаттанамыз. Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық.

ҚР-ның Гимн

2-жүргізуші: Бұл халықтардың бәрі де түріне, нәсіліне қарамастан, теңдей білім алып, ҚР-ның Ата Заңына арқа сүйеп, қазақ еліне қызмет етіп келеді.








1-жүргізуші:

Бірлік пенен ынтымағы халықтың

Көгімізде жарқырады жарқын күн

Ырыс, даулет, бақытты үшін халқымның

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн

Қазақстан біздің еліміз, туған жеріміз. Біз арқашан Қазақстан жерінде туып, өскенімізге қуанамыз.

Әдеби монтаж (1- сынып)

2-жүргізуші: «Өзбек, қазақ бір туған» деп қазақ халқы өзбек халқын бауырына тартып, өзіне жақын санаған. Қойы қоралас, елі аралас халық. Ортаға 5 сынып Өзбек халқын шақырамыз.

1-жүргізуші:

Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қара, сарымыз

Қара жермен көк аспан

Ортақ дала тауымыз

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз!

2-жүргізуші:

Тыңда, тыңда тыңда мені

Ұлы жұртым- орыс халқым

Сен тербетіп өсіргенсің

Сенің даңқың- менің даңқым

Ортаға 6 сынып Орыс халқын шақырамыз.

1-жүргізуші:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың

Көгімізде жарқырайды жарық күн

Ырыс, даулет, бақыт үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн! деп ортаға 7 сынып Жапон ұлт өкілдерін шақырайық.

(2-4 сынып әдеби монтаж )

2-жүргізуші:

Енді бүгін қарасам

Айналам бақыт кең жатыр

Бір бірімен туысқан

Қол ұстасқан ел жатыр

1-жүргізуші:

Қырғыз,қазақ, өзбектер

Монгол, түрік, дүнгендер

Армян, тәжік, грузин

Терезесі тең жатыр- ортаға 8 сынып Украина ұлтты өкілдерін шақырамыз.

2-жүргізуші:

Ортақ жүтар ауамыз

Ортақ жарық күніміз

Ортақ туған анамыз

Жер ананың қызы- ұлымыз

1-жүргізуші:

Қазақ елі- қашаннан да жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі

Қазақстан аясында бұрынан

Талай халық бірге өмір сүреді деп ортаға 9 сынып Қазақ халқын шақырамыз.

2-жүргізуші:

Татардан, немістен, түріктен

Көп ұлтты шаңырақ біріккен

Бәрінің жүрегін жібіткен

Ынтымақ ұраны мекенім

Қосылды Кавказ бауыры 10 сынып Кавказ ұлтты

1-жүргізуші:

Алтай, Кавказ ұласын

Баурайы бүйрат кен жатыр

Бақыттың әні асқақтан

Құлаққа дауысы кең жатыр- ортаға 10 сынып Кавказ елінен келген қонақтарды шақырамыз.

2-жүргізуші: Халқымыздың қанға еңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса біледі. Жеңістен жеңіскке жеткізеді.

1-жүргізуші: Бірлік- халық салтты. Халқымыздың бірлік салтты отбасынан басталып, бүкіл ел, барлық адамзат баласының бірлігімен ұласады.

2-жүргізуші: Тәтті күй, сұлу әнмен сусындадың

Бүгінгі кеш ой да қалар қол соғайық

Шаттықпенен ән салып, би биледік

Достық туын көтерді барша халық «Атамекен» әні барлық оқушылар шығады

1-жүргізуші: «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік жиынымыз аяқталды. Сіздерге көп рахмет.

Бірге: Қош сау болыңыздар.
















Әуезов орта мектебі










«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН»










орындаған: Тубекбаева А.К





















2015 оқу жылы


Автор
Дата добавления 17.08.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров179
Номер материала ДA-007014
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх