Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПраздничное мероприятие "Ана -өмір бәйтерегі" 1-9 сыныптар

Праздничное мероприятие "Ана -өмір бәйтерегі" 1-9 сыныптар

Скачать материал

Павлодар облысы   Баянауыл ауданы   Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің  тәрбие ісінің меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі Махсум Саулегул

 

Өтілген  күні:7 наурыз 2016жыл

 

Тақырыбы: Ана өмір бәйтерегі!

 

8- Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның сценарийі

 «АНА  - ӨМІР БӘЙТЕРЕГІ»

(Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан оқылады.

 

Музыка

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз-апайлары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Құрметті аналар, ұстаздар, ару қыздар! Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің  өнерлі оқушылары өздеріңізге арнап дайындаған «АНА ӨМІР БӘЙТЕРЕГІ!» атты мерекелік бағдарламаны  тамашалауға ұсынамыз!

1-жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры ның міндетін атқарушысы  Смекенова Р. Б.  ға береміз.

ӘН 2-3 сынып ұлдары

 

2 жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып, ортаға аналарына арнаған өлең жолдарымен  0-1- сынып оқушыларын шақырамыз.

Тақпақтар:

ДИНА:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

Біржан:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Нұрайым:

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Айбек:

Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Аянат:

Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан

Расул:

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Асылай:

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп

Қайрат:

Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс

Азат:

Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс

Абдулғазиз:

Ақ кимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
Бізді жақсы көрген
Ертегі айтып берген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай

Мөлдір:

Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Азамат:

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

 

Би  5- сынып қазақша

 1-жүргізуші:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар-дей отырып,   аяулы аналарды, ардақты әжелерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

  3-4 сынып оқушылары құттықтау тілектері:   «АЯУЛЫ АНАШЫМ МЕРЕКЕҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!»

Назерке:

Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.

 

Гауһар:

Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман-сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.

Аркаша:

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.

Айгерім:

Сізді бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпағайсыз.

Оразбек:

Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн.

 

 2-жүргізуші: Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, ұлдардың дайындаған әзіліне құлақ түрсек.

КӨРІНІС  6-9 СЫНЫП ҰЛДАРЫ

 1- жүргізуші:

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын.  

Көңілің алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.        

 

ӘН  7- СЫНЫП ҚЫЗДАР

 

2 -  жүргізуші:

 Ең күшті нәрсе не? – десе, 

- Әйелдің әмірі! – дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім.

Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

1- жүргізуші:

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Тал бойыңызға ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілейміз. Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! 

Ойын АНАЛАР МЕН

 

2- жүргізуші:

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,

Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.

Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,

Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,  

 

 БИ 7-8 сыныптар

1-жүргізуші: 
Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.

Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

3. Өлең айтып бере аласыз ба?

4. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

5. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтайды?

6. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

 

ӘН АРМАН МЕН ИСЛАМ

 

1-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

2-жүргізуші:

Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

ХОР   «АНА ТУРАЛЫ ЖЫР»  НАЗГҮЛ  МЕН  ИСЛАМ

 

ХОР КЕЗІНДЕ ҮЛКЕН СЫНЫПТЫҢ ҰЛДАРЫ АНАЛАРЫН ОРТАҒА АЛЫП ШЫҒЫП БІРАЗ БИЛЕП, СОСЫН САХНАНЫҢ АЛДЫНА ЖЕТЕКТЕП АПАРЫП ҚОЯ БЕРЕДІ. 

 

1-жүргізуші:

Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!    

2-жүргізуші:  

Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен мерекелік бағдарлама аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 1-2 жүргізуші бірге

 Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік іс шара:

 

 

 

 

«АНА - ӨМІР БӘЙТЕРЕГІ»

 

 

 

 

 

ӨТКІЗГЕН: АБУСЕИТОВ Б. Қ.

НУРМАКОВ А.Б.

 

 

 

 

 

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Праздничное мероприятие "Ана -өмір бәйтерегі" 1-9 сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 539 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 689
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махсум Саулегул Махсум. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махсум Саулегул Махсум
    Махсум Саулегул Махсум
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8774
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 75 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 766 человек из 71 региона

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции