Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация "АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту"

Презентация "АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация "АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту""

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды...

    1 слайд


    АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

  • Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгеле...

    2 слайд


    Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің т...

    3 слайд



    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

    Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
    Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
     
    Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

    Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші
    Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.


  • Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделінен тұ...

    4 слайд

    Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделінен тұрады:
    І.Қызығушылықты ояту
    ІІ. Мағынаны тану
    ІІІ. Ой-толғаныс.

  • Қызығушылықты  ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұшта...

    5 слайд

    Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.

  • 1. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой. Қай сөз табында тұрғаны...

    6 слайд

    1. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой. Қай сөз табында тұрғанын анықта.
     
    Айдын хайуанаттар бағына ... . Бақты аралап, ... ... аңдарды көрді. ... маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар ұнады. Ол ... тор ішіндегі қимыл-қозғалыстарын қызықтап ұзақ қарады. Оған ... тордағы аңдардың қимыл-қозғалыстары қатты ұнады.


    2. Есепте
    Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болды. Түлкі сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлсейші дейді.Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын пайдаланып былай бөліпті: Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған. Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?

    3. Жұмбақты шеш:
    Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

  • ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен таныс...

    7 слайд

    ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

  • көздеутырнала1. Зат есімдерден етістік жасақолдауүтіктесабындагүлдеутістеумақ...

    8 слайд

    көздеу
    тырнала
    1. Зат есімдерден етістік жаса
    қолдау
    үтікте
    сабында
    гүлдеу
    тістеу
    мақтау
    2. Мәтін бойынша кестені толтыр
    Оқушылар х түп шие және 20 түп қарақат ағашын отырғызды. Егер шие ағаштарының санын 3 есе кемітсе, онда қарақат пен шие ағаштарының саны бірдей болар еді. Оқушылар қанша түп шие ағашын отырғызған?

    3. Теңдеу құр және оны шеш:

  • ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту проце...

    9 слайд









    ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.




  • «Теңдеу» тақырыбына «Бес жолды өлең» құрастыру.
1.Зат есім
2 .Сын есім
3.Етіс...

    10 слайд

    «Теңдеу» тақырыбына «Бес жолды өлең» құрастыру.
    1.Зат есім
    2 .Сын есім
    3.Етістік
    4. Сөзден құралған сөйлем
    1.Синоним
    1. “Етістіктің тілдегі қажеттілігі” балық сызбасын толтыру
    Мәтін бойынша РАФТ кестесін толтыр.
     

  • Рефлексия1. Сіз үшін қиындық туғызған тапсырма...
2. Жаңа ақпарат
3. Қай кезе...

    11 слайд

    Рефлексия
    1. Сіз үшін қиындық туғызған тапсырма...
    2. Жаңа ақпарат
    3. Қай кезеңдегі тапсырмалар ұнады?
    4. Сіздің алған әсерлеріңіз...
    5. Ұсыныcтарыңыз

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Мақсаты:Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін сабақтың кезеңдерінде тиімді пайдалануды іске асыру.

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Суреттер арқылы мұғалімдерді топтарға бөлу.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға толы. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Менің өзіндік білім көтеру тақырыбым- АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау (СТО) дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Оқушы –ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім-әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса, сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші. Сыни ойлау –өзіндік ойлау. Сыни ойлау-сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін мәселерді айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау-әлеуметтік ойлау, бірлесе оыту идеясы. Қай саланы алсақта айқын мақсатта ойлану қажеттігі керек. Ойлау үдерісі нақты мақсат пен міндеттер анықталғанда жүреді. Кіші жас мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерінің сын тұрғысынан дамуы- бұл қазіргі таңда өзекті мәселе, оны шешу біздің міндетіміз. Себебі ойлау арқылы қиын міндеттерді, мәселелерді шеше аламыз. Сол себепті сын тұрғыдан ойлау технологиясы таңдадым. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

3 жыл бойы бастауыш сыныпта «СТО» технологиясының элементтерін қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында кеңінен қолдандым.Осы технологияны іс- тәжірибе барысында көрсеткім келеді.

Сіздерді 3 топқа бөлгім келеді. Ол үшін суреттерді таңдай отырып топтарға бөлінеміз.

1-кезең – қызығушылықты ояту

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”, "Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Осы кезең бойынша тапсырмалар:

«Қазақ тілі» тобына

Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

Айдын хайуанаттар бағына ... . Бақты аралап, ... ... аңдарды көрді. ... маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар ұнады. Ол ... тор ішіндегі қимыл-қозғалыстарын қызықтап ұзақ қарады. Оған ... тордағы аңдардың қимыл-қозғалыстары қатты ұнады.

-Қандай сөздерді қойдыңдар? Сөздер қандай сұраққа жауап берді? Қай сөз табына жатады?

«Математика» тобына

Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болды. Түлкі сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлсейші дейді. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын пайдаланып былай бөліпті: Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған. Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?

«Дүниетану» тобына

Жұмбақ шешу

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа)

Оқушыларға жаңа сабақты бастар алдында осындай тапсырмалар қолданған дұрыс. Логикалық тапсырмалар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, ребустар т.б. тапсырмаларды орындағанда оқушылардың қызығушылығы артады.

2-кезең – мағынаны тану

Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін”, ― - "мен үшін түсініксіз”, + - "мен үшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

«Қазақ тілі» пәні тобына

«Өрмекші» кестесін құру.

  • Ø Заттың, адамның іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
  • Ø Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап береді.
  • Ø Дара, күрделі етістік болып бөлінеді
  • Ø Негізгі, туынды етістік
  • Ø Болымды, болымсыз етістік
  • Ø Септелмейді, жіктеледі.

«Математика» тобына

Теңдеу құр және оны шеш:

Оқушылар х түп шие және 20 түп қарақат ағашын отырғызды. Егер шие ағаштарының санын 3 есе кемітсе, онда қарақат пен шие ағаштарының саны бірдей болар еді. Оқушылар қанша түп шие ағашын отырғызған?

«Дүниетану» тобына

«Ауа» мәтіні беріледі, өздері оқып, кестені толтырады.

Ауа және оның қасиеті

Жер шарын жан-жағынан біртұтас, ауа қабаты қоршап тұрады. Ауа кез келген затта, топырақта, суда, тіпті біздің денемізде де бар. Ауа мөлдір, түссіз болады. Ауаның тағы бір қасиеті-жылуды нашар өткізеді. Аңдардың жүнінің, құстардың мамығының арасында да ауа бар, сондықтан олар суықтан тоңбайды. Қыста қар астындағы өсімдіктер мен жануарлар да суықтан қорықпайды, себебі қарда ауа бар. Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы зор. Ауасыз адам, жан-жануар және өсімдік тіршілік ете алмайды. Адамға тыныстау үшін ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен, көл жағалауында ауа таза болады. Ал жер бетіндегі ауа құрамында адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар да араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындарының мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтынатын қондырғылар орнатылады.

Сондықтан айналаны көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.

Білемін

Мен үшін түсініксіз

Мен үшін жаңа ақпарат

Мені таң қалдырды

Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Салыстырып, талдап, қорытынды шығара алады.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең”, "Венн диаграммасы”, "Еркін жазу”, "Семантикалық карта”, "Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады.

«Қазақ тілі» тобына

«Етістіктің тілдегі қажеттілігі» тақырыбына «Балық» сызбасын толтыру.

Себептерін, шешу жолдарын толтыру.

«Математика» тобына

«Теңдеу» тақырыбына «Бес жолды өлең» құрастыру

«Дүниетану» тобына

  • Мәтін бойынша РАФТ кестесін толтырды.
Рөл Аудитория Формасы Тақырып
  • оқушы
Сынып жетекшісіне Түсініктеме хат Ауаны ластамау

Рефлексия

Мұғалімдерге алақан таратылады. Әр саусақтарға өз пікірлерін, ойларын жазады.

1. Сіз үшін қиындық туғызған тапсырма...

2. Жаңа ақпарат

3. Қай кезеңдегі тапсырмалар ұнады?

4. Сіздің алған әсерлеріңіз...

5. Ұсыныcтарыңыз

Сабақта сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланғанымда, оқушының терең білім алып, берілген жауаптарға күмәнмен қарай отырып, өз шешімін қабылдауға, өзін-өзі реттей отырып, тәртіптілікке дағдыланатынын байқадым. Оқушының бойындағы сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығын, берілген тапсырмаларға бірлесе жұмыс істей алатынын, іскерлік пен ізденімпаздық қасиеттердің бар екендігін аңғардым. Менің өткізілген сабақтарымда оқушылардың осындай іс-әрекеттерін көре отырып, бұл тәсілдің бізге қажет екендігін түсіндім. Берілген тапсырмаларды оқушылар жұптасып, топтасып, ауызбіршілікпен орындап отырғаны, мені қатты қуантты. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап бере алды. Оқушылар әрбір берілген тапсырмаларды шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып орындады. Әсіресе топтың спикерлері постерлерін қорғауға шыққан кезде, мен күтпеген жауаптар мен сөздерді айтқанда, олардың тіл байлығы мен ойлау қабілеті ересектерден кем емес екенін байқадым. Психолог Жан Пиаже когнитивті дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни, бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталатынын түсіндім.

Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.Болашақтың бәсекесіне қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз- ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 4101
    • PPTX 345.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Гулден Конысбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Гулден Конысбайкызы
    Султанова Гулден Конысбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7126
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1181 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 547 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек