Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация ашық сабақ "иманым - парызым"

Презентация ашық сабақ "иманым - парызым"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация ашық сабақ "иманым - парызым""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ашық тәрбие сағаты.

Тақырып: Иманым- парызым.

Өтілген сынып: 9“Б”.

    1 слайд

    Ашық тәрбие сағаты.

    Тақырып: Иманым- парызым.

    Өтілген сынып: 9“Б”.

  • Сабақтың мақсаты:  адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді
 басшылыққа ала отырып,...

    2 слайд

    Сабақтың мақсаты: адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді
    басшылыққа ала отырып,оқушыларды инабаттылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке,
    жанашырлыққа, жастарды қазіргі қоғамға лайықты
    дарынды да қабілетті тұлғаларды, сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі толып кеткен діни ағымдардың қаншалықты қоғамға кері әсерін тигізіп жатқандығын айта отырып, әртүрлі ланкестік әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

    Сабақтың көрнекіліктері: презентация, бүктеме қағаз,
    үнтаспа, қабырғаларға жазылған даналық сөздер, иман жайлы қосымша кітапшалар, журналдар, газеттер.

    Сабақтың әдісі: әңгімелесу, пікір алысу, ой толғау.

  • укпупуКіріспе: мұғалімнің сөзі.
    Аяулы ұстаздар, ардақты оқушылар!”Иманым-...

    3 слайд

    укпупу
    Кіріспе: мұғалімнің сөзі.
    Аяулы ұстаздар, ардақты оқушылар!”Иманым- парызым” атты ашық
    Тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Бірде Пайғамбарымыз( с.а.у.)адамдардаң
    Арасында отырғанда бір кісі(адам кейпіндегі Жебірейіл періште) оның алдына
    Келіп: “О,Расулаллаһ, иман деген не?”- деп сұрапты. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.)
    Былай деді: “Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, Пайғамбарларына,
    Ахирет күніне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһ тарапынан
    Болатынына иман келтіруің”. Иман- сенім деген мағынаны білдіреді.Өмір заңдылықтарына
    Сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай
    Орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды иманды адам дейміз. Ал енді
    Оқушылар сендер иманды қалай түсінесіңдер өз пікірлеріңді білдіріңдерші.
    Осыдан кейін оқушылар өз ойларын айтады.
    Мұғалім сөзі: иә оқушылар түсініктеріңді білдік.Ал қазір Айманның дайындап келген
    Иман жайлы баяндамасына құлақ түрейік.

  • Айманның баяндамасы оқылады.Баяндама:
Бүкіл әлемдердің раббысы Аллаһқа мақтау...

    4 слайд

    Айманның баяндамасы оқылады.Баяндама:
    Бүкіл әлемдердің раббысы Аллаһқа мақтаулар,
    Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у.)салауаттар
    мен сәлемдер болсын.
    Адам баласын надандық қараңғылығынан нұрлы
    білімге, нұрлы өмірге шығарушы Аллаһ, Өзі жаратқан
    пенделерін жаратып қана қоймай оларға бұл өмір және
    ахирет дүниесінде бақытқа кенелу үшін ең соңғы ізгі де
    хақ дін етіп Исламды таңдады. Ислам дінінде жүрген пенде
    өзін толғантқан барлық сұрақтарға Құран мен пайғамбарымыздың
    сүннетінен қанағаттанарлық жауап таба алады әрі бұл діннің ізгілігіне
    тазалығына көз жеткізе алады.
    Аллаһ Тағала жақсылықты да жамандықты да сынақ үшін жіберіп өз
    пенделерінің иманын сынап отырады. Сол үшін пенделер жамандық
    келсе сабыр қылып жақсылықтан үміт етіп дұға құлшылығын арттырып
    үмітсіздікке салынбау керек, әдетте жеңіс сабыр қылушылармен бірге
    жақсылық келсе шүкіршілік етіп астамшылық қылмау керек.
    Аллаһ Тағала әрбір ісімізге қайырлық берсін.
    Рахмет ден қойып тыңдағандарыңызға.

  • 5 слайд

  • Көрініс. «Ақшаға айырбасталған уақыт.»
Мұғалім сөзі.
Ия, оқушылар бұл көрініс...

    6 слайд

    Көрініс. «Ақшаға айырбасталған уақыт.»
    Мұғалім сөзі.
    Ия, оқушылар бұл көріністен не байқадық? Жүректе иман жоқ мына кейіпкеріміз адам өмірінен ақшаны бірінші орынға қойып, уақыттың қадіріне жетпей, соңында өз бауыр еті баласынан айырылып қалды.Әрине бұл өкінішті. Мұндай жағдайлар қазіргі кезде өте көп кездесетінін біз естіпте, көріпте жүрміз. Ал иманды адам мұндай сұмдыққ бармас еді. Мұсылмандарда адам өмірі маңызды. Мұсылмандарға үлгі боларлықтай ұлы тұлға ол Пайғамбарымыз (с.а.у.)
    өмірі.Ал балалар Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан өсиеттері, іс- әрекеттері жайлы, яғни хадис білетініміз бар болса ортаға салайық.

  • 7 слайд

  • Исламның 5 парызы:
 
1.Аллаһтың барлығына бірлігіне иман келтіру.
2.Намаз оқу...

    8 слайд

    Исламның 5 парызы:

    1.Аллаһтың барлығына бірлігіне иман келтіру.
    2.Намаз оқу.
    3.Ораза ұстау.
    4.Қажылыққа бару.
    5.Зекет беру.

  • Иманның 6 шарты:

1.Аллаһ тағалаға иман келтіру. 2.Періштелерге има...

    9 слайд

    Иманның 6 шарты:

    1.Аллаһ тағалаға иман келтіру. 2.Періштелерге иман келтіру.3.Кітаптарына иман келтіру. 4.Пайғамбарларына иман келтіру. 5.Ақирет күніне иман келтіру. 6.Жазмыш пен қазаға иман келтіру.

  • 1.Аллаһ Тағалаға иман келтіру.
Аллаһ біреу.Ол бәріненде пәк, сипатында ешқанд...

    10 слайд

    1.Аллаһ Тағалаға иман келтіру.
    Аллаһ біреу.Ол бәріненде пәк, сипатында ешқандай нұқсан жоқ. Ешкімге де ұқсамайды, мұқтажсыз. Жаратушы, жоқтан бар етуші. Бәрін де біледі, естиді, көреді.

  • 2.Періштелеріне иман келтіру.
        Ең ұлы 4 періште бар, олар:
    1.Жебір...

    11 слайд

    2.Періштелеріне иман келтіру.
    Ең ұлы 4 періште бар, олар:
    1.Жебірейіл- Хақ тағала атынан жіберілген кітаптар мен бұйрықтарды пайғамбарларға жеткізіп тұрады. Аллаһпен арадағы байланысшы, сенімді хабаршы.
    2.Мекайыл- табиғат күшін, жауын, жел, егіншілік т.б. Құбылыстарды бақылайды.
    3.Исрафил- Қиямет күнінде жел тұрғызып дауылдатады, адамдардың қайта тірілуін баөылайды.
    4.Әзірейіл- ажалы жеткендердің жанын алады.

  • 3.Кітаптарына иман келтіру: 
Аллаһ тағала Жебірейіл арқылы 104 түрлі жаз...

    12 слайд

    3.Кітаптарына иман келтіру:
    Аллаһ тағала Жебірейіл арқылы 104 түрлі жазбалар мен кітап түсірген.100жазба; Адам, Шиш, Ідіріс, Ибраһим пайғамбарларға жіберілген. Кітаптар: Тәурат- Мұса ғ.с. түскен. Зәбур- Дәуіт ғ.с., Інжіл- Иса ғ.с., Құран- Мұхаммед с.а.у. түскен.

  • Исламның қасиетті кітабы- Құран.
       Құран- (оқығанды қайталау, қайта айту...

    13 слайд

    Исламның қасиетті кітабы- Құран.
    Құран- (оқығанды қайталау, қайта айту мағынасында).Мұхаммедтің(с.а.у.) 40 жасында жұма күні түнде (“Қадір түні”)көктен Аллаһ әмірімен түсе бастаған қасиетті кітап(23 жыл бойы түсіп болды). Алғаш рет кітап етіп бастырған Осман халифа.
    Құранда 114 сүре, 6288 аят, 77439 сөз, 325743 әріп бар.

  • 4.Пайғамбарларға иман келтіру:

 Пайғамбар – инабат, қайырымдылық қысиетт...

    14 слайд

    4.Пайғамбарларға иман келтіру:

    Пайғамбар – инабат, қайырымдылық қысиеттері, өзгеден артық білім, бедел- белгілерібар адам. Ол адамдардың ең ұлысы, ізгі жандысы, ақылдысы, алдағыны болжағышы және ең білгірі.Пайғамбарды Аллаһ тағайындайды.

  • 5.Ахирет күніне иман келтіру.
 
   Исрафил дауылынан кейін өлгенд...

    15 слайд

    5.Ахирет күніне иман келтіру.

    Исрафил дауылынан кейін өлгендердің тірілетініне, адамның тірі кезіндегі жақсылық, жамандықтарының есептелетініне жіне қыл көпір, жұмақ, тозақ ақиқаттығына сену, және оған иман келтіру. Исрафил дауылынан кейінгі күнді Ақырзаман дейді. Бұл жер бетіндегі тіршіліктің соңғы күні. Бұдан кейін қиямет қайым яғни өлгендердің бәрі тіріліп, махшар алаңына жиналып, әр адам амалдары, істеген істері үшін жауап береді.

  • 6.Жазмыш пен қазаға иман келтіру.
    Жазмыш- Аллаһ тағаланың пенделерін...

    16 слайд

    6.Жазмыш пен қазаға иман келтіру.
    Жазмыш- Аллаһ тағаланың пенделерінің өміріне белгіленген, маңдайна жазған қуанышты әрі қайғылы тағдыры.Әр мсұсылман оған мойын сұнып, сенуі, төзуы керек.Жазмыш кітабын Лаухул мағбуз деп атайды. Лаухыл махбузда жазылған деген сөз осыдан шыққан.

  • Артынан оқушылар хадистер айтады.Хадистер:

1)«Адамдар екі нәрсенің қадірін б...

    17 слайд

    Артынан оқушылар хадистер айтады.Хадистер:

    1)«Адамдар екі нәрсенің қадірін білмейді, ол, бірінші- денсаулықтың, екіншісі – бос уақыттың.»
    2) «Қателік жасау барлық адам баласына тән, бірақ сол қателесушілердің ең ізгісі – қателерін түсініп, түзете білгендері.»
    3) «Ислам діні кез келген ата- анаға мынадай үш міндет жүктейді: біріншісі –балаға көркем ат қою, екіншісі – діннің әдепті тәрбиесін сіңіру, үшіншісі- тәрбиелі отбасымен құда болып, баланы айттырып үйлендіру. Ешқандай әке баласына сыйлық жасай алмайды.Әкенің бұл өмірде баласына сыйлайтын сыйлықтарының ішінде ең қымбатты және ең баға жетпесі – көркем әдепті тәрбие.»
    4) «Жеңіс сабырлықпен бірге, жұбаныш қайғымен бірге, жеңілдік қиындықпен бірге келетінін біл.»
    5) «Мұсылман мұсылманның бауыры, оған зұлымдық қылмайды, оны көмексіз тастамайды және оны кемсітпейді.»

  • Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Адам баласы өзіне мынадай сұрақтарды жиі қояды
“М...

    18 слайд

    Мұғалімнің қорытынды сөзі:

    Адам баласы өзіне мынадай сұрақтарды жиі қояды
    “Мен неге мына өмірге келдім? Жалпы адам қалай жаратылды?
    Дүниеге келгендегі мақсат не? Қарама қайшылықтар неге орын алады?
    Осы сұрақтарға кім жауап береді?”. Міне осындай түсініспеушіліктер кез келген
    жанның көкейтесті міселесі болып табылып жатады.Ал осы сұрақтарға дін ғана жауап қата алады. Яғни сенім, құдіретті күштің барлығына кәміл сенген адам ғана дәл жауап алуны мүмкіндігі бар. Діндердің хақы Ислам, сондықтан адаспай дұрыс жолдытаңдау әркімнің өз қолында.
    Ислам - татулыққа, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке
    жетелейді.
    Аллаһ Тағалам барлық мұсылмандарды екі дүниеде бақытты етуге нәсіп етсін.Амин!
    Бүгінгі сабағымызда маңызды мағлұматтар айтылып, болашақта қажетті дүниелерді қамтып өттік деген сенімдемін. Рахмет.

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 269 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 1792
    • PPTX 1.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сансызбаев Елжан Жүнісұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сансызбаев Елжан Жүнісұлы
    Сансызбаев Елжан Жүнісұлы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17065
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой