Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация қазақ әдебиетінен "Айтыс"

Презентация қазақ әдебиетінен "Айтыс"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация қазақ әдебиетінен "Айтыс""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Айтыс

    1 слайд

    Айтыс


  • Өз пікірін, ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көрк...

    2 слайд

    Өз пікірін, ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі, нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы - айтыс.
    Айтыс:
    - ой жарысы;
    - сөз жарысы;
    - көркем сурет кестесі;
    - қолма-қол тауып айта алу шеберлігі;
    - қоғам, ел мүддесін өлеңмен жеткізу өнері.

  • Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың 
бірнеше түрі бар: 
1. Бәдік. 
2. Жар-жар....

    3 слайд

    Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың 
    бірнеше түрі бар: 
    1. Бәдік.
    2. Жар-жар.
    3. Жануарлар мен адамның айтысы.
    4. Өлі мен тірінің айтысы.
    5. Жұмбақ айтысы.
    6. Салт айтысы — қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы.
    7. Осы күнгі айтыстар.
    Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіңдік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.

  • Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі — айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның таби...

    4 слайд

    Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі — айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.
    Атам заманғы ертегілер, мифтер, аңыздар туралы айта келіп, М. Горькийдің: "Бұлардың (ертегілердің) мағынасы ертедегі жұмыс адамының еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін арттыруға, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы құралдануға талпынуында және де сөз күші арқылы, "үшкіру", "аруақты шақыру" әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде болып отыр", — деген сөздерінің "бәдік" жырына тікелей қатысы бар.

  • Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп о...

    5 слайд

    Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. "Үшкіру", "шақыру" арқылы сол іңдеттерден құтылуға болады деп білген.
    Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет — айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы-- оның иесі  бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған.
    Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,                    
    Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.          
    От оттамай, су ішпей жата берсе,
    Бәдік емей  немене бір кәдікті,                     
    Көш! Көш!

  • Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын а...

    6 слайд

    Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін, иесі мен сиырының айтысын алайық.
    И е с і:
    Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?
    Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
    Биылғы жыл соғымға сойып алып,
    Танабайға жаяңды қояйын ба?
    С и ы р ы:
    Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,
    Қу шолақты соялық дескеніңде,                              
    Қу шолақты соғымға сойып алып,
    Бұржекейден көрермін көшкенінді.
    Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

  • Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі — жұмбақ  айтысы. Ж...

    7 слайд

    Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі — жұмбақ  айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ой-санасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан, ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ой-сананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл — бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері — соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.
    Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан, жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.

  • Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты,...

    8 слайд

    Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне қарай, айтқан жұмбағының мағынасы кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жұмбақтардың шешуіне қарағанда, жасырушының да, шешушінің де әр алуан құбылыстарды көп білетіндігі таң қалдырады.
    Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі — Сапарғали мен Нұржан айтысы. Бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан. Сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау етеді. 

  • Сапарғали:
Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,         
Адамнан еш уақытта...

    9 слайд

    Сапарғали:
    Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,         
    Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,
    Ұшырса, қондырса да еркі адамда
    Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп.
    Н ұ р ж а н:
    Мысалы жайса зонтик құс секілді,
    Тетігі қолда болған іс секілді,
    Жауса пана, күн шықса көлеңкесі,   
    Достығы бейне сіз бен біз секілді.       
    Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.
    Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да кездеседі.
    Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ой-санасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше.

  • Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы...

    10 слайд

    Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.
    Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.
    Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ, кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.
    Қыз бен жігіттің айтысы - салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.
    Сауық құрған жастар қыздарды мақтап не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқыштыққа құрылады.

  • "Омарқұл мен Табияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған т...

    11 слайд

    "Омарқұл мен Табияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.    
                                                                        
    О м а р қ ұ л:                                                        
    ...Ақылың болса сөзді аңғар деймін,
    Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін.
    Сергелдең сенің үшін болдым талай,
    Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...
    Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін.
    Т а б и я:
     Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің,                 
    Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін.         
    Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын,
    Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім,             
    Арасын екі ауылдың болжал етіп,
    Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.
    Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,
    Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім...
    Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады.

  • ОСЫ  КҮНГІ АЙТЫСТАР
Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әле...

    12 слайд

    ОСЫ  КҮНГІ АЙТЫСТАР
    Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты —Қазақстанның 60 жылдығына арналған, Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың 150 жылдығы, Жамбылға арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді. Сонымен бірге, енді ғана қанат жайып келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген талапкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады.
    Айтыс — поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген.
    1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты. 

  • Айтыскер ақын Әселхан Қалыбаева (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевке сұрақ...

    13 слайд

    Айтыскер ақын Әселхан Қалыбаева (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевке сұрақ қояды:
    Қайнысы жеңгесіне абай болар,
    Кезегі бұдан соң да талай болар.
    Бір сұрақ сынау үшін берейінші,
    Жақсы өлең, жаман өлең қалай болар?!
    Әзімбек:
    Қайныңды жеңіп таста шыдамасаң,
    Алдында жеңгетайлап құламаса.              
    Жаман өлең жеңеше сол болады,         
    Апырым-ай, бар халыққа ұнамаса —
    деген орынды жауап қайтарады. Халық сынынан өту үшін үлкен жауапкершілік, талант пен қабілет керек екенін білдіреді. Ауызба-ауыз айтысып отырғанда қойылатын сұраққа сол сәтте мүдірмей жауап қайтару ақынның дарындылығын танытады.

  • Айтыс сөз тапқырлығының ғана жарысы емес. Қалың жұртқа жеке де, қоғамдық та м...

    14 слайд

    Айтыс сөз тапқырлығының ғана жарысы емес. Қалың жұртқа жеке де, қоғамдық та мәселенің неше алуанын батыл да, айқын жеткізе алатын мүмкіндік тек айтыста ғана бар.
    Демек, айтыскерге қойылатын талап та өте жоғары. Олар:            
    - Өмірді  өзіндік  көзқарасымен  пайымдай  алатын дарындылық пен білімділік;
    - Жүйелі сөз, ұтымды, ойлы шумақтар төгілетін асқақ шабыт пен қабілеттілік;
    - Батылдық, өткірлік, шындыққа толы көркем бейнелі сөздер табу;
    - Жаттанды сөздерге бармау, жасанды ұйқасқа жоламай, уақыт мөлшеріне сыйғызып айтысу;
    - Мәдениеттілік, әдеп, сыпайылық, бір-біріне құрметпен қарап бағалай білу.
    Айтыс барысында қарсыласының сөзіне бірден тура жауап қайтарып, тойтарыс жасай алмаса, айтыс кұны төмендейді. Ол үшін ақындар бойынан жоғарыда көрсетілген қасиеттер табылуы керек. Сонда ғана айтыстың мәні мен мағынасы сонылығымен тыңдаушыларға қызықты болады.

  • "Айтысқа түсіп жүрген суырып салма ақын тегінде өлең таба алмағандықтан, ұйқа...

    15 слайд

    "Айтысқа түсіп жүрген суырып салма ақын тегінде өлең таба алмағандықтан, ұйқасты сөз құрай алмағандықтан жеңілмейді. Олар жеңілгенде ұтымды дәлелден жұтап, жүйеге жығылып барып жеңіледі. Жеңуші адам өзінің қарсы ақынына бет бұруға, жалтаруға ерік бермей, нақты дәлелдермен тұсап, тұқыртып буып тастайды", — деген М. Әуезов сөздері ақындар айтысының өзіндік сипатын танытады. Бұл — бүгінгі айтысқа да толық қатысты шарт-талап.
    Бүгінде сөзге, ойға жүйрік ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл-қалжындарымен таныла бастады. Бұл жолдағы талмай ізденіс, жасқанбай ойларын ашық айту, толғағы жеткен мәселелерді жұртшылыққа орнымен жеткізу айтыстың пәрменділігін, әсерлілігін арттырады. Мысалы, ақын Мэлс Қосымбаевтың Дәулеткерей Кәпұлымен айтысында, мынандай:
    Жүргенде басың қатып саудаменен,      
    Жаныңды алсын бүгін баурап өлең.
    Орақпенен орылып күні кеше,
    Балғаменен соғылып қалған өлең..., —
    жолдарында астарлы ой ұшқыны көрінеді. Мэлс өлеңдеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселелер, ащы шындық көрінісі кімді болса да ойлантады.

  • Айтыс өзінің биік шыңына намысты қамшылап, егес тартыста шыңдала отырып жетед...

    16 слайд

    Айтыс өзінің биік шыңына намысты қамшылап, егес тартыста шыңдала отырып жетеді. Ақынның әрбір сөзі халық алдында бірден төгіле жырланып, әлеуметтік те, эстетикалық та міндетін орындап отырады.
    Мэлс Қосымбаев пен Мұхамеджан Тазабековтың айтысында бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы қамтылып, шебер өрілген айбынды сөз көрініс тауып, нағыз айтыстың қиындығы мен қызықтығын таныта түседі.

  • Көнеден қалған сөз өнеріміздің бірі - айтыс. Оны жоғалтпай жандандырып дамыту...

    17 слайд

    Көнеден қалған сөз өнеріміздің бірі - айтыс. Оны жоғалтпай жандандырып дамыту, ұлтымыздың мақтанышына айналдыру — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
    Бүгінде халықтың қалың ортасынан жарып шыққан, ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып, жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды жастарды танып, тауып тәрбиелеу ісі маңызды мәселелердің біріне айналуда.
    Айтыс өнері — бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер - ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға ауысып өрісі ұлғайып ілгерлеп дами береді.
    Нағыз айтыс ақынына тән қасиеттерді жинақтап төмендегідей үлгіде көрсетуге болады.
    Парасат, білім
    Сөзге тоқтау                        
    Намыс, жігер, қызу шабыт        
    Талант, арқа тән қасиеттер          
    Тапқырлық, ұтымды ой, қолма-қол суырып-салушылық

  • "Біржан мен Сара" айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан...

    18 слайд

    "Біржан мен Сара" айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.
    Біржан мен Сара жайында. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1887 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласынын, жанында. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, "әнші, ақын, сал Біржан" деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.
    Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.
    Біржан көптеген ән шығарды. Оның "Көкшетау", "Жанбота", "Ләйлім шырақ", "Айтпай", "Адасқақ", "Жамбас сипар" сияқты әндері — қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.
    Біржанның басқалардан ерекшелігі — ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Бірақ, ол тек әнді шығарушы әрі тамаша орындаушы ғана емес, ол әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Оның ән мәтіндері мазмұны, көркемдігі жағынан шебер.

  • 19 слайд

  • 20 слайд

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 999 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 8312
    • PPTX 1.8 мбайт
    • 316 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримшикова Нодира Исломшиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20132
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 42 регионов

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 38 регионов
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции