Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация қазақ тілі пәнінен 6 сынып "Қазақ халқының салт-дәстүрі"

Презентация қазақ тілі пәнінен 6 сынып "Қазақ халқының салт-дәстүрі"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

 Қазақ халқының салт - дәстүрі
Мақсаты Осы бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің ежелден келе жатқан салт...
Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не? Салт – әр ұлттың , халықтың діні мен с...
Салт – дәстүр түрлері Сүйінші Сәлемдеме Көрімдік Базарлық Жеті ата Қыз ұзату...
 Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуан...
 Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұту...
Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау...
  Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс...
Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың...
Тұсаукесер  – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасал...
«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қ...
Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаст...
Назарларыңызға рахмет!!!
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Қазақ халқының салт - дәстүрі
Описание слайда:

Қазақ халқының салт - дәстүрі

№ слайда 2 Мақсаты Осы бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің ежелден келе жатқан салт
Описание слайда:

Мақсаты Осы бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің қыр – сырымен, олардың шығу тарихымен таныстыру. Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі – қасиеттерін, инабаттылық , іскерлік дағдыларын, салт – дәстүрлерді бойына сіңіру.Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртып отыруымыз қажет.

№ слайда 3 Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не? Салт – әр ұлттың , халықтың діні мен с
Описание слайда:

Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не? Салт – әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс –тіршілігіне, құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. салт – дәстүр

№ слайда 4 Салт – дәстүр түрлері Сүйінші Сәлемдеме Көрімдік Базарлық Жеті ата Қыз ұзату
Описание слайда:

Салт – дәстүр түрлері Сүйінші Сәлемдеме Көрімдік Базарлық Жеті ата Қыз ұзату Тұсау кесер Сүндет той Бесікке салу

№ слайда 5  Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуан
Описание слайда:

 Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. Сүйінші

№ слайда 6  Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұту
Описание слайда:

 Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.  

№ слайда 7 Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау
Описание слайда:

Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады.  Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. Көрімдік Базарлық

№ слайда 8   Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс
Описание слайда:

  Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: Бала. Әке. Ата. Арғы ата. Баба. Түп ата. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі. Жеті ата

№ слайда 9 Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың
Описание слайда:

Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің? Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?

№ слайда 10 Тұсаукесер  – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасал
Описание слайда:

Тұсаукесер  – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсаукесер

№ слайда 11 «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қ
Описание слайда:

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады Қыз ұзату

№ слайда 12 Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаст
Описание слайда:

Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған. Сүндет той

№ слайда 13 Назарларыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!!!


Автор
Дата добавления 07.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров563
Номер материала ДВ-236797
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх