Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / Презентация қазақша тақырыбы "Жануарлар әлемінде"(5 сынып)

Презентация қазақша тақырыбы "Жануарлар әлемінде"(5 сынып)

  • Биология
Жануарлар әлемінде
Құстар Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы  бар жануарлар). Ола...
Жүгіретін құстар Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы...
Африкалық түйеқұс (страус), Америкалық түйеқұс (нанду), Австралиялық түйеқұст...
Жүзетін құстар Галапагос пингвині Сандер пингвиндері Корольдік пингвині Магел...
Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауынд...
Ұшатын құстар Тырна Қоқиқаз Қаз Бірқазан Ұшатын құстар тіршілік ететін орта ж...
Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман қ...
1.Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды. 2.Шынайы гүлдің иісін, Бұлбұл ған...
Шымшық ұя салса – қыс қатты болады. Қарға қарқылдаса – қар,жаңбыр  жауады . Қ...
Құс – табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы. Құс...
Назарларыңызға рахмет! Жануарлар әлемінде
Дайындаған: Қарағанды қаласы №16 ЖББ орта мектеп 5 сынып оқушысы Карашина Жан...
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жануарлар әлемінде
Описание слайда:

Жануарлар әлемінде

№ слайда 2 Құстар Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы  бар жануарлар). Ола
Описание слайда:

Құстар Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы  бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. Қазақстанда  құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған.  Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар:қыртөссіздер  (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер (ұшатын құстар).

№ слайда 3 Жүгіретін құстар Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы
Описание слайда:

Жүгіретін құстар Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ ашық алаңқай жерлерде өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін  түйеқұстар жатады.

№ слайда 4 Африкалық түйеқұс (страус), Америкалық түйеқұс (нанду), Австралиялық түйеқұст
Описание слайда:

Африкалық түйеқұс (страус), Америкалық түйеқұс (нанду), Австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады.Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетеді. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг). Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдамжүгіреді. Оның 2 түрі бар. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен,бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады.Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкісаусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және солмаңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді. Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы - 45 - 50 кг. Жұмыртқасын қоразы шайқайды (басады). Көбіне жемістерменқоректенеді. Қолда өсіріледі.

№ слайда 5 Жүзетін құстар Галапагос пингвині Сандер пингвиндері Корольдік пингвині Магел
Описание слайда:

Жүзетін құстар Галапагос пингвині Сандер пингвиндері Корольдік пингвині Магеллан пингвині Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды.

№ слайда 6 Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауынд
Описание слайда:

Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Ұядарын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразымен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің құрсағында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып тұрады. Жұмыртқасын көбіне жарғақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетеді. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин). Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели). Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері(галапагоский пингвин) кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.

№ слайда 7 Ұшатын құстар Тырна Қоқиқаз Қаз Бірқазан Ұшатын құстар тіршілік ететін орта ж
Описание слайда:

Ұшатын құстар Тырна Қоқиқаз Қаз Бірқазан Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар.

№ слайда 8 Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман қ
Описание слайда:

Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ұзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары зиянды бунақденелілермен қоректеніп, үлкен пайда келтіреді. Тотықұс Жапалақ Тоқылдақ Көкек

№ слайда 9 1.Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды. 2.Шынайы гүлдің иісін, Бұлбұл ған
Описание слайда:

1.Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды. 2.Шынайы гүлдің иісін, Бұлбұл ғана сезеді. 3.Аттың бәрі тұлпар емес, Құстың бәрі сұңқар емес. 4.Топтасқан сауысқан, Қазды да жем етер. 5.Ер елге паналайды, Аққу көлге паналайды. Құстар туралы мақал-мәтел

№ слайда 10 Шымшық ұя салса – қыс қатты болады. Қарға қарқылдаса – қар,жаңбыр  жауады . Қ
Описание слайда:

Шымшық ұя салса – қыс қатты болады. Қарға қарқылдаса – қар,жаңбыр  жауады . Қарлығаш өрлеп ұшса – күн жылы, құрғақ болады, Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады. Сауысқан шықылдаса – қонақ келеді. Құстар туралы болжамдар

№ слайда 11 Құс – табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы. Құс
Описание слайда:

Құс – табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы. Құс – табиғат көркі. Халық  - күміс көмей әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, сұлуын аққуға, жігерсіз, намыссыз жігітін жапалаққа теңеген.

№ слайда 12 Назарларыңызға рахмет! Жануарлар әлемінде
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет! Жануарлар әлемінде

№ слайда 13 Дайындаған: Қарағанды қаласы №16 ЖББ орта мектеп 5 сынып оқушысы Карашина Жан
Описание слайда:

Дайындаған: Қарағанды қаласы №16 ЖББ орта мектеп 5 сынып оқушысы Карашина Жания Дерек көздері: Интернет ресурстары Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Балалар әлемі журналы

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров245
Номер материала ДВ-424570
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх