Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі ғылыми жоба 28 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі ғылыми жоба 28 бет

библиотека
материалов


Мазмұны


I Кіріспе ........................................................................................................... 3



II Негізгі бөлім


2.1 Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы жайлы түсінік ....................5


2.2 Ағашты көркемдеп өңдеу барысында еңбекте, қоғамда қолдану

тәсілдері ...................................................................................................8


2.3 Ағаш ою-өрнегі және оюлардың үлгілері ............................................15


2.4 Қазіргі таңдағы адам өміріндегі қазақтың ұлттық қолөнерінің,

ағаш ою-өрнегінің маңыздылығы .......................................................19



III Қорытынды .............................................................................................. 22


IV Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................24




















206 «Жиделіарық» орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ізімханқызы Айдайдың ғылыми зерттеу жұмысы жайлы

К Ү Н Д Е Л І Г І

(2014 жыл)


Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетекші қолы

Нәтижесі

1

Тақырып таңдау, жоспар құру

Қыркүйек -желтоқсан,

2013 ж


«Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этно-мәдени қызметі» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Қазақтың ұлттық қолөнері, ағаш бұйымдарындағы ою-өрнектер туралы мағлұмат жинау

Қаңтар-ақпан 2014 ж.


Ауыл ақсақалдары мен ұста шеберлерден сұхбат

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу


Наурыз-сәуір

2014 ж


Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

Мамыр

2014 ж.


Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім .










Жетекшісі: Г. Шойбекова





206 «Жиделіарық» орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ізімханқызы Айдайдың «Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этно-мәдени қызметі» атты ғылыми жобасына


Пікір


Ізімханқызы Айдайдың «Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этно-мәдени қызметі» тақырыбындағы ғылыми жобасына кіріспеден, зерттеу бөлімінен және оны нақтылау, қосымша материалдар негізінде тұжырымдама жасауынан тұрады.

Өздеріңіз білетіндей мәдени жұмыстарының бағыты мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы болып табылады. Ел басының қолдауымен Қазақстан аумағындағы мәдени құндылықтардың бүгінгі күн сұранысына қызмет ету үшін ауқымды істер жасалуда.

Бірқатар мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама тармағының көкейкесті мәселелеріне оқушы Ізімханқызы Айдайдың ғылыми еңбегі арналған.

Ғылыми жоба авторы қазақ еліне кеңінен танымал болып келген ою –өрнек пен ағаш бұйымдарына тоқтала отырып, әлі де болса зерттелмеген мол тұстары бар екендігін, тіпті талас туғызар пікірлердің барлығын негізге ала отырып, тақырыпты таңдаған еді.

Жұмыс бар жағынан ойдағыдай орындалған деп айтсақ артық болар еді. Себебі, оқушы өз мүмкіншілігінше деректерді тауып, ағаш бұйымдарындағы ою-өрнектерге зертеу жүргізгенінің өзі үлкен жетістік. Жас зерттеушінің ғылыми жұмысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстарын жан-жақты келтіре білді.

Ізімханқызы Айдайдың ғылыми жоба жұмысы еліміздің мәдени құндылықтарын, ұлттық өнерін танып-білуге, болашақта ұлттық мәдениетіміздің, қолөнеріміздің жоғары дәрежеге көтерілуіне көмектесері даусыз.








Жетекші: Шойбекова Г.








Аннотация


Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының ұлттық мәдениетіндегі ерекше орын алатын ою-өрнек ағаш бұйымдарының этно-мәдени қызметінің кешегісі мен бүгінгісін зерттеу, салыстыру арқылы әлеуметтік этностық тұрмыстық жағдайды ағаш пайдалану барысындағы тиімділігін арттыру.

Зерттеудің болжамы: Егер де ұсынылған қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этно-мәдени қызметі қолға алынатын болса, біріншіден европаланып бара жатқан ағаш жиһаздарымызға деген сұраныс тоқтайды, өз өнімдерін ұсынып отырған ағаш шеберлерінің жұмысы өркендейді, сонымен қатар ұлттық мәдениетіміздің дамуында, халықтық ою-өрнек пен ағаш жиһаздарына сұраныс артар еді.

Зерттеу барысы мен кезеңдері:

І кезеңде ел арасындағы ақсақалдар мен ұста шеберлермен кездесіп, мәлімет жинау, ағаш бұйымдарындағы ою-өрнектерде қалай орналастыру мүмкіндіктерімен танысу.

ІІ кезеңде ағаш бұйымдарын ою-өрнек эскиздерін орналастыру ерекшеліктері айқындалды.

Зерттеу жаңалығы: Бұл зерттеудің жаңалығы европалық жиһаздарымен қатар өз еліміздің жиһаздарының дәрежесін көтеру және ұлттық мәдени құндылықтарымызды жаңарту, жаңғырту.

Зерттеу нәтижесі: Еліміздің ағаш бұйымдарының этно-мәдени қызметінің дамуы, сонымен қатар ағаш жиһаздарға ою-өрнектің салынуы, онын қолдану аясын кенейтуі, ағаш ұсталарының жұмысын жандандыруға және өз ағаш бұйымдарымыздың басқа ел жиһаздарымен ерекшеленуі дәлел бола алады.

Практикалық мәні: Халқымыздың қолөнерін паш ете отырып, оның қолданысын кеңейту, жаңа кәсіп етушілерге бағыт-бағдар беру.













КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын, бірлігімізді, ұлтаралық және дінаралық татулығымызды, саяси тұрақтылығымызды сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ – өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» – деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайларды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.

Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негіздегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгі, бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н. Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» Бағдарламасында: «Балалар мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген.

«Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнек құдыретті өнер. Бұл өнер халықтың болмысымен бірге жасайды. Қазақтың ұлттық қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зеттеулердің нәтижесінде анықталған ежелден туып, бірге қайнасып келеді.

Түркілер ою-өрнекті айрықша қастерлеген халық. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып келе жатқанына мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Кең байтақ Қазақстан Республикасы жерінде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы.

Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнері дамуын этнографиялық тұрғыда зеттеудің ғылым үшін маңызы өте зор. Өйткені қазақ халқының қолөнері – жалпы алғанда халық мәдениетінің ішіндегі негізгі саласы.

Осы жерде, неліктен ағаш ою өрнегіне тоқталғанымды айта кететін болсам, адам өмірі үшін ағаштың маңызы өте зор. Әр адам әр түрлі мақсатта 300-400-ге дейін ағашты қажет етеді екен. Мұның өзі орман емес пе? Ағаш – адамның ежелгі адал досы, ата-бабамның қолға алған алғаш қаруы да, отыны да. Әрине, одан бері ағаштың міндеті, қызметі кеміген жоқ, жылдар өте одан әрі артты. Әсіресе, қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының орны ерекше.

Мыңдаған жылдар бойы еңбектенген жүздеген жүйрік ойшылдардың зерттеуіне қарамастан, әлемде терең сырлар мен соншалықты асқақ ойлар жатыр. Әлі де болса оларға терең бойлағанымыз жоқ, сондықтан да шығармашылық ізденістер мен жаңалық ашу қуанышы әрі қарай жалғасуда. Сондай-ақ, Қазақстанның болашағы, келешекте еліміздің дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, өркениетті елдердің бірі болуы, өркендеп өсуі, ілгері дамуы – жастардың және келешек ұрпақтың қолында. Сондықтан да, менің негізгі ой-мақсатым мемлекетімнің жан-жақты дамуына өз қомақты үлесімді қосу. Соның ішінде, ұлттық мәдениетімізді көтеру, оған біріншіден, халқымыздың әрбір азаматы ұлттық мәдениетімізді қадірлей, қастерлей білуі қажет. Мәдениетімізге, тарихымызға тереңірек үңілсек ілгері дамуымыз жемісті болар еді. Мысалы, қазіргі қылқалам иелері, суретшілеріміз байырғы қазақтың ою-өрнек өнерінің үлгілерін жетік білмесе ұлттық шынайы өнер туындысын тудыра алмас еді.

Өнердің барлық саласы адамға этно-мәдени қызмет атқарады. Соның ішінде, адамның қажеттілігіне қызмет ететін ағаш бұйымдары. Яғни, менің тоқталатыным ағаш ою-өрнегінің кешегісі мен бүгінгісін зерттеу, салыстыру, этно-мәдени қызметінің маңыздылығына тоқталу болып табылады.

Сонау, жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда-ақ өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «ағаш ою-өрнегі» деген сөз сол ерте заманда қалыптасқан ұғым. Демек, бұдан да қазақ халқының ою-өрнек өнері де осы тұста басталғанын білеміз.






Негізгі бөлім


2. 1 Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы жайлы түсінік


Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тікелей сабақтас. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.

Үй іші деп негізінен киіз үй сүйегін, немесе кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын ісмерлерді оймашы деп таныған.

Ағаш құрауымен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, тағы сондай түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатында түрлі бөлініс болған.

Ал, ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы, ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан нағыз ұста ұсталық өнердің жоғарыда аталған түрлерін жетік менгеретін болған. Он саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халық ұста деп таныған. Атап айтқанда, үлкен ұсталардың қолынан шыққан заттарды ырым етіп ілу күні бүгінге дейін ел арасында сақталған. Көшпенділер кәдімгі ағаштың өзін әулие көрген.

Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов «Тәңір» атты еңбегінде біздердің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе: «Алайда дара өскен ағаш тәу етіп, әлем бойлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді, басына құрбандық шалады», - деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын «Қорқыт ата кітабында»:

«Атың ағаш десем шамданба, ағаш»

О, Мекке мен Мәдиненің есігі болған ағаш!

Құдаймен тілдескенде Мұсаның ағасы болған ағаш!

Ерлердің ері Әлидің дүлдүліне ер болған ағаш!

Зұлыпқарға сап болған ағаш!

Хасан мен Хұсайынға бесік болған ағаш!

Басыңа қарасам төбең көрінбес ағаш!

Түбіңе қарасам тамырың көрінбес ағаш!

Мені саған асар болса, құлап түс ағаш!» – деп келетін, тікелей ағашқа бағышталған айшықталған айшықты сөз бар. Бұл толғамнан біз ағаштың адамзат тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылыс орнымен қатар, оның ата-баба таным-түсінігінен алар жүйесін де айқын байқай аламыз.[1]

Осы бір асыл сөз «Қорқыт ата кітабында» Сыр бойын мекендеген оғыз ұлысының бегі Қазанның бел баласы Ораздың аузымен айтылады. Әсті жырдың бұл жолдары бертінірек, яки, ислам дінінің қуат алған кезеңінде үстінен өңделсе керек. Әуелгі түпнұсқа, эпостық жырда Ағаш көк тәңірдің бірі ретінде алынуы хақ. Себебі, мұсылмандық ықпал ете қоймаған шаман діні кееңіндегі көшпенділер ұғымында:

«Ғарыштан ғарыш, ғалам бар,

Ғаламдар сайын әлем бар;

Сол әлемнің тұрақтайтын мекені

Тәңірге тәңір – Көктөбе!

Көктөбенің шоқтығы ұлылықтың боп шыңы

Жайқалып өскен жападан-жалғыз Бәйтерек.

Ол Бәйтерекпен шендесер,

Бұл әлемге кезіге қойсын қай терек.

Сол Бәйтерек бұтағымен көк тірер.

Тамырымен жер тірер,

Жапырағымен желпінер,

Желпінер де сілкінер,

Сілкінген кезде жел тұрар,

Қара дауыл құтырар,

Алып тауың арқырар,

Аузынан от шашырар,

Суың тасып дүркірер.

Қара аспаның күркірер

Төрт бұрышты жерінде төрт құбыла,

Құбыла сайын Көктеңіз,

Көктеңіз сайын Тәңіртау...

Осының бәрін көтеріп тұрған Көкөгіз!» – деген түсінік болған. Мұның мәнін былай түсінуге болады.

Біздің жыл санағымыздан бұрынғы V-IIІ ғасырлар аралығында Алтай өңірінен Қаратеңіз төскейіне дейінгі даланы қоныстаған түркі халықтарының түп аталары – байырғы сақтар әлемдік мәдени өмірде өнердің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған. Оны ғылымда «аңдық стиль» деп атау қалыптасып кеткен. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда, бұл атауды жан-жануар көп бейнеленген өнер кезеңі деп түсінуімізге болады. Академик Ә.Марғұлан айтылмыш өнер кезеңіне «аңдабы мәнер» деп ат берген. Есік обасынан қазылып алынған «Алтын адам» киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған. «Алтын адам» тәжіндегі өрнектерде жоғарыда келтірілген сарында аталып өткен «Көктеңіз» (Мұхит), Тәңіртау «Бәйтерек» (ғылыми тілде «Өмір діңгегі» өрнегі) бейнеленген. Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері, осылайша, түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейкейлерімен тікелей сабақтасып отырады.

Халық аузында: «Жандыда жайын үлкен, жансызда қамыс үлкен» деген ұғым бар. Бұл аталы сөздің төркіні де жаратылыстағы табиғи үйлесімді мадақтау мен қастерлеуден туған. Себебі, адам мәңгі-бақи табиғатпен етене қатыстылықта болып келді. Табиғат дегенде, оның бір бөлшегі ағаш адамзат баласының бөлінбес жан серігі десе болғандай.



Оқушы ғылыми жобасы туралы

Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіре аласыз!


11



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров148
Номер материала ДБ-143152
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх