Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Презентации / Презентация биржа сайыс сабақ

Презентация биржа сайыс сабақ


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
Өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген трейдерлерді қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік:
Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Географиядан және биологиядан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.Сөздік қорларын байыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тест тапсырмалары, жауап парақтары.
Техникалық құрал: компьютер, проектор, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойында 7 сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.
Ендеше ойын шартымен таныстырсақ:
Ойынға
әр сыныптан екі оқушыдан он оқушы қатысады.

Ойын 5 турдан тұрады.
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. «Эрудиттер сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды.

IV тур «Сөз ойла, тез ойла». Бұл тур бойынша әр топқа берілген сөздердің ішінен бірнеше сөз биология және география тұрғысынан сөз ойлап шығару.Әр сөзге он ұпайдан беріледі.

Ү тур. Сыйлықтар аукционы. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
«Болашақ » тобы.

Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.


«Эврика» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.
«Білімділер» тобы

Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

«Алғырлар» тобы

Ұраны:

Біз алатын асу көп, күшті болсан озып шық


Әр топтың жинаған капиталын есептеп отыратын экспертпен танысып алайық (Экспертті таныстыру).
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни.
Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

I тур. Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға
география пәнінің «Африка» құрлығына саяхат жасаймыз. Африка құрлығы бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға 1. Африка құрлығы қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Сұрағы: Африканың шеткі нүктелерін ата?
Жауабы:

солтүстікте – Бен секка

оңтүстікте - Ине

батыс - Альмади

шығыс – Рас хафун



2. Аукционға Биология пәнінен «Буылттық құрттар» тарауы бойынша сұрақ қойылады. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Сұрағы: Шұбалшаңның қан тарату жүйесі және тыныс алу мүшесін ата?
Жауабы: Шұбалшаңның қан тарату жүйесі тұйық, бүкіл денесімен тыныс алады


3. Аукционға 6 сыныптың биологиясындағы «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы қойылады. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.

Сұрақ: Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауабы: Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Наурызым, Ақсу –Жабағлы, Барсакелмес, Марқакөл, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай.


4. Аукционға «Аустралия» құрылығы бойынша сұрақ қойылады. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Сұрақ: Аустралияны ашқан кім және «кенгру» сөзінің мағынасы қандай?
Жауабы: Дж Кук, «мен сені түсінбедім»


5. Аукционға «Қоғам» бойынша сұрақтар қойылады. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Сұрақ: Қазақ халқы жігіт адамның үш жұрты бар есептеген. Оларды ата.
Жауабы: Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Біздің екінші турымыз
«Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Олар бірлесе отырып тапсырманы орындайды. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Ендеше,
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз.
Дайынбыз ба?
ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.
Тест тапсырмалары:
1.Елді кім басқарады?
А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.
2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.
4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы.
А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.
5. Антарктида мұзының орташа қалыңдығы

А)1720м Ә)1620м Б)1520м

6. Емін еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі

А) сиыр цепені Ә) ақ сұлама Б) ішексорғы

ІІ – тур қорытындысын шығару. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту) .
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
ІІІ – тур «Таңдау - табыс» деп аталады. Тақтада 1-ден 6-ға дейінгі сандар орналасқан. Әр топ ретімен кез-келген санды таңдайды. Ол санның артында сұрақ жасырылған. Таңдау жасаған топ өз бағасын жасырын түрде ұсынады. Сұраққа дұрыс жауап берсе, қорларына қойған бағалары түседі. Егер дұрыс жауап бере алмаса топ қорларынан сол баға шегеріледі.

1.2009 жылы 20 қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы- еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл -ғасырдан ғасырға , атадан балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтік биіктігі 91 метр.
Сұрақ: Монумент қалай аталады?

Жауап: Бұл монумент «Қазақ елі» деп аталады.


2.Қазақстанның жер көлемі Батыс Европадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай 5 мемлекеттің немесе Ұлыбританиядай 11 мемлекеттің, Жапониядай 17 мемлекеттің жерімен пара-пар.
Сұрақ: Қазақ жері қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?
Жауап: 2,7миллион шаршы км ( 2724,4 мың шар¬шы км).
3. Сыйлық. Сұраққа жауап бермей-ақ 50 теңге қоржындарыңызға түседі. Құттықтаймын.


4
. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар өздерінне жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан.
Сұрақ: Бұл денелер қалай аталады?

Жауап: Бұл денелер планеталар деп аталады. Грек сөзінен аударғанда жұлдыз деген мағына береді.


5. Бұл қала 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы болған. Бұл қаладан Мадина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Батырхан Шөкенов сынды тагы да басқа атақты адамдар шықты.
Сұрақ: Бұл қай қала?
Жауап: Бұл-Қызылорда.

Кезекті экспертке берсек (Топтардың қорытынды капиталын жариялау) .

IV тур «Сөз ойла, тез ойла». Бұл тур бойынша әр топқа берілген сөздердің ішінен бірнеше сөз биология және география тұрғысынан сөз ойлап шығару.Әр сөзге он ұпайдан беріледі.

  1. Саңырауқұлақтар

  2. Антарктида

  3. Эвкалипт


Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.


Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр суретте жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бағасы – 30 теңге.

1.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/


2. Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/


3. Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты
/өшіргіш/


4. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
/қалам/


5. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/


6. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі
./қарындаш/


7. Басы да екеу,
Аяғы да екеу.
(Қайшы)


8. Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды.
/дәптер/


Көрермендермен сайыс Ең, ең, ең,....

1. Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималай

2. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал - Гренландия

3. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл - Каспий

4. Дүние жүзіндегі ең кішкентай материк - Аустралия

5. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама - Анхель

6. Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл - Сахара

7. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен - Ніл

8. Дүние жүзіндегі ең кішкентай мемлекет - Ватикан

9. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма - Мариан

10. Дүние жүзіндегі ең терең көл - Байкал

11. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз - Қызыл теңіз

12. Дүние жүзіндегі ең суық материк - Антарктида

13. Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек - Арабия

14. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит - Тынық мұхит

15. Дүние жүзіндегі ең үлкен ел - Ресей Федерациясы


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.
Бүгінгі зияткерлік сайсқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Топтарды марапаттау)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз.
Білім алудан кеш қалмаңыздар!
РАХМЕТ!


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров128
Номер материала ДВ-331811
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх