Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация "Біздің ауыл мақтаныштары"

Презентация "Біздің ауыл мақтаныштары"


библиотека
материалов
БІЗДІҢ АУЫЛ МАҚТАНЫШТАРЫ
АБЕШОВА АЙГҮЛ ШӘРІПҚЫЗЫ Абешова Айгүл Шәріпқызы 1947 жылы 6-қазанда туған. Н...
СУЮНДИКОВ МЕРХАТ МӘДЕНИҰЛЫ Суюндиков Мерхат Мәдениұлы 1959 жылы 19 маусымда...
ТОҚТАРБАЙ СҮЛЕЙМЕН Тоқтарбай Сүлеймен 1960жылы 22ақпанда дүниеге келді. 1982...
Зейтова Шолпан Сериковна Туған жылы, күні 1982ж., 16 қаңтар Ұлты қазақ Мекен...
БАЛТАБЕКОВ АСХАТ СЕКЕРБАЕВИЧ Физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD д...
ҚОЖАХМЕТОВА (АБЕШОВА) ГҮЛСАРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ 	Қожахметова (Абешова) Гүлсара А...
САРПЕКОВ АЗАТ ТОЛКЫНОВИЧ 1995-2006 ж.ж. А.Быхин атындағы орта мектепте білім...
НЫҒЫМЕТОВ АҒЫБАЙ ТЕҢІЗҰЛЫ 14.04.1993ж. Қарағанды облысының туризм, дене щынық...
 НЕСІПБАЕВА БЕКЗАТ САРСЕНОВНА ҚҰЛМЫШЕВА БЕЙБІТГҮЛ ШАКАРИМОВНА
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
11 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 БІЗДІҢ АУЫЛ МАҚТАНЫШТАРЫ
Описание слайда:

БІЗДІҢ АУЫЛ МАҚТАНЫШТАРЫ

№ слайда 2 АБЕШОВА АЙГҮЛ ШӘРІПҚЫЗЫ Абешова Айгүл Шәріпқызы 1947 жылы 6-қазанда туған. Н
Описание слайда:

АБЕШОВА АЙГҮЛ ШӘРІПҚЫЗЫ Абешова Айгүл Шәріпқызы 1947 жылы 6-қазанда туған. Нағашы шешесінің тәрбиесінде болып, сол үйдің кенжесі болды. Мектепті ағасы Шарипов Қаридың қолында оқып, Егіндібұлақтың мектеп интернатын «Алтын медальға» 1965жылы бітірген. Мектеп тарихында «Алтын медальдың» тұңғыш иегері екен., Ағасы Қари оқуға Москваға не Алматының нархозына жіберуді жөн көрген, бірақ оған шешесі ауырып және жас бауырлары Дәулет пен Бигүлдің жағдайын ойлап жақын жердегі Семей пединститутына түскен. Пединститутының «физика-математика» мамандығы бойынша 1969 жылы бітіріп, Егіндібұлақ ауданының Қоянды 8-жылдық мектебінде еңбек жолын бастаған. 1975 жылы жолдасы Абешов Аманның қызмет бабымен сол ауданның Абай совхозына көшіп барып, Абай орта мектебінде еңбек етті. 1979 жылдан Доғалаң мектебінде математика мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі, кейінгі жылдары директор болып қызмет етіп, 2006 жылы зейнеткерлікке шыққан. Мектеп мұғалімдері, Абыралы өңірінің мектеп директорлары, Семей қалалық оқу бөлімі, Семей қаласының әкімшілігі, Алғабас ауыл әкімшілігі құрметтеп, шығарып салған. Қазір еңбегінің зейнетін көріп, «жазушылықпен» айналысып жүр.

№ слайда 3 СУЮНДИКОВ МЕРХАТ МӘДЕНИҰЛЫ Суюндиков Мерхат Мәдениұлы 1959 жылы 19 маусымда
Описание слайда:

СУЮНДИКОВ МЕРХАТ МӘДЕНИҰЛЫ Суюндиков Мерхат Мәдениұлы 1959 жылы 19 маусымда дұниеге келген. Әкесі – Сүйіндіков Мәдени. Ол кісі – қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің үздік мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болған. 26 жыл завуч болған. Анасы- Иманқұлов Қазыкен. Ол кісі – Зайсан қаласында кітапханашы болып істеген, бірақ үйленгеннен кейін бала тәрбиесімен айналысқан. Отбасында 8 бала болған: 6 ұл, 2 қыз. 1- сыныпқа 1966 жылы барып, 1976 жылы мектепті бітірген. Мерхат аға негізінде Сүйіндік ата мен Бәшен апаның қолында кенжесі ретінде болған. Мектептегі ұнатқан пәндері: математика, химия, физика, әдебиет, тарих, сурет салу, ән күй сабақтары. 1976-1981 жылдар аралығында Қарағанды Политехникалық институтында оқыған. 1983-89 жылы Москва Автомеханикалық институтында тағылым танушы, зерттеуші, Аспирантурада оқыған. 1990 жылы Павлодар Индустриялық Институтында жұмыс істеді. Кейіннен Павлодар С.Торайғыров атындағы институтында жұмыс істейді.Кейіннен ассистент, профессорға дейін, факультатив орынбасар деканына дейін көтерілген. 12 жыл кафедра меңгерушісі болған. Атағы – Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері. Павлодар Металлургия Инстиутының еңбек сіңірген медальмен марапатталған. Павлодар металлургия Университетінің үздік кафедра меңгерушісі атағымен 2007 жылы марапатталған. Хоббиі: мүсін жасайды. Мүсіндері: Қаныш Сәтбаев, Әл-Фараби, Жүсіпбек Аймауытов, Машһүр Жүсіп, шағын мүсіндер металдан жасалған. Ән айтады, өлең шығарады, шежіре жинайды, бильярд ойнайды. 1993 жылы 17 сәуірде үйлі болады. Жұбайы –Марғизат Сүйіндікова. Ол кісі саясаттанушы, магистрант. Павлодар қаласындағы «Ой –сана» оқу орталығының директоры. Ұлы – Нұртас. Ол 2000 жылы дүниеге келген. Павлодарда Абай атындағы №7 Барынды балаларға арналған лицей мектебінің 6 сынып оқушысы. Оқу үздігі, шахматтан, музыкадан облыстық бәсекелердің жүлдегері.

№ слайда 4 ТОҚТАРБАЙ СҮЛЕЙМЕН Тоқтарбай Сүлеймен 1960жылы 22ақпанда дүниеге келді. 1982
Описание слайда:

ТОҚТАРБАЙ СҮЛЕЙМЕН Тоқтарбай Сүлеймен 1960жылы 22ақпанда дүниеге келді. 1982жылы академикЕ.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетін үздік бітіріп, ауыл мектебінде жұмыс істеді. 1985 Қазақ ҚССР Ғылым академиясыХимия -металлургия иниститутының жоғары кремнийлі материалдардың химиясы мен технологиясы зертханасына инженер қызметіне орналамты. 1986жылы Мәскеу, электрондық техника иниститутының аспирантурасына түсіп, 1989 жылы кандидаттық ғылыми дәреже алды. 2004жылы Мәскеуде «Реттелмеген жүйелердегі таяу тәртіптің кваннтвқ химиялық табиғаты» атты тың тақырыптадокторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады. Тоқтарбай Сүлеймен 1996-2009жылдары республика ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң иниститутында жетекші ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі болды. Ол үнемі наноғылым және нанотехнология бойынша іргелі ғылыми жобаларға жетекшілік етті.80-нен астам іргелі ғылыми еңбек жазып, нәтижесінде 2004 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Ол 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университитетіне қызметке ауысып, ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры ретінде халықаралық ғылыми жобаларға да жетекшілік етті. Оның зайыбы Лиза Темірханқызы да физик-педогог болатын. Ол 30 жылға жуық Қарағанды қаласының білім орындарында,ал соңғы кезде елордадағы орта мектепте ұстаз болып істеді. Өткен жылдың 31желтоқсаны күні ерлі зайыпты сүлейменовтер Қарағанды-Астана тас жолы бойында көлік апатынан қаза тапты.Олардың артында үш қызы мен ағайын туысы жәнедос жарандары аңырап қалды. Марқұмдардың топырағы торқа, иманысаласат болсын. «Бұл өмір қарап тұрсаң шолақ екен» деген сөз рас екен.Онсыз да қамшының сабындай қысқа ғұмыр ғалым Тоқтарбай Сүлеймен мен оныңзайыбы Лиза Темірханқызы үшін қасқағым болды.          

№ слайда 5 Зейтова Шолпан Сериковна Туған жылы, күні 1982ж., 16 қаңтар Ұлты қазақ Мекен
Описание слайда:

Зейтова Шолпан Сериковна Туған жылы, күні 1982ж., 16 қаңтар Ұлты қазақ Мекенжайы Павлодар қ., Ак. Ә. Марғұлан к., 343 үй, тел. 63-16-67, 87778680558 Отбасы жағдайы тұрмыста, екі балам бар Азаматтығы Қазақстан Республикасы Білімі Жоғары Бітірген оқу орны 2003ж., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Мамандығы математика және физика пәндерінің мұғалімі, физика магистрі Жұмыс тәжірибесі 2003ж.-2004ж. – Ақсу қаласы Құркөл ауылы, С. Дөнентаев атындағы орта мектебі; 2004ж. қыркүйек – С. Торайғыров атындағы ПМУ, ассистент; 2004ж.-2007ж. С. Торайғыров атындағы ПМУ аспиранты; 2008ж.-2013ж. С. Торайғыров атындағы ПМУ, Физика және аспапжасау кафедрасында оқытушы; 2011ж. -2013ж. С.Торайғыров атындағы ПМУ, физика мамандығының магистранты;

№ слайда 6 БАЛТАБЕКОВ АСХАТ СЕКЕРБАЕВИЧ Физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD д
Описание слайда:

БАЛТАБЕКОВ АСХАТ СЕКЕРБАЕВИЧ Физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор. 28.07.1980 жылы Қарағанды облысы, Талды ауданы, Алғабас селосында тудым. 1986 жылы Қарағанды облысы, Талды ауданының №13 орта мектептің табалдырығын аттап, 1997ж. – Быхин атындағы орта мектепті тәмамдадым. 1997-2001ж.ж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша аяқтап шықтым. 2002-2004ж.ж. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ магистратурада, 2005-2007ж.ж. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ аспирантурадаоқыдым. 2005-2007ж.ж. ҚазтұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінсырттай оқу бөлімінде «Заңгер» мамандығы бойынша оқып шықтым. 2008-2011ж.ж. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ PhD докторантурада «6D060400-Физика» мамандығы бойынша оқып шықтым. 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде кандидаттық, ал 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде PhD докторлық диссертацияларын сәтті қорғадым. Ғылыми-зерттеу бағытым – диэлектрик кристалдардың радиациялық қасиеттері. Еңбек жолдарым: 10.2001-08.2002ж.ж. Физика пәнінің мұғалімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Абыз ауылының №27 негізгі мектебі. Магистратураға түсуіме байланысты, өз еркіммен жұмыстан шықтым. 09.2002-09.2008ж.ж. Инженер. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ жалпы және теориялық физика кафедрасы. 09.2011ж. Аға оқытушы. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ жалпы және теориялық физика кафедрасы. 24.02.2014 жылдан бастап Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Технологияларды коммерцияландыру орталығының жетекшісі. Еліміздін, алыс жане жақын шетелдердің басылымдарында 50-ге жуықғылыми мақалаларым жарыққа шыққан. 1 инновациялық патенттің иегерімін.

№ слайда 7 ҚОЖАХМЕТОВА (АБЕШОВА) ГҮЛСАРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ 	Қожахметова (Абешова) Гүлсара А
Описание слайда:

ҚОЖАХМЕТОВА (АБЕШОВА) ГҮЛСАРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ Қожахметова (Абешова) Гүлсара Амангелдіқызы 1972 жылы 25 қаңтарда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Қоянды ауылында дүниеге келді. Әкесі – Абешов Амангелді мал маманы. Шешесі – Абешова Айгүл – математика пәнінің мұғалімі. Мектепке барғанға дейін Қоянды, Абай ауылдарының балабақшаларында тәрбиеленді. 1979 жылы Доғалаң ауылындағы №13 орта мектептің 1-сыныбына оқуға барды. Алғашқы ұстазы – Есімбекова Қадиша. Мектепте оқыған кезінде жақсы оқуы және үлгілі тәртібі үшін жыл сайын мақтау грамоталарымен марапатталып отырды. Талды аудандық оқу бөлімінің «Үздік оқушы» төсбелгісімен марапатталды. Ағылшын тілінен ұстаздары Ажар Ережепова мен Бақыт Сейітжановтың дайындауымен аудандық, облыстық олимпиадаларға қатынасып, жүлделі орындар алып отырды. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. Мектеп комсомол комитетінің хатшысы болды. Талды аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен «Бригантина» жазғы оқу-демалу орнына жіберілді. 1989 жылы мектеп Доғалаң орта мектебін «Күміс медальмен» аяқтап, Алматы қаласының Шет тілдері институтына түсті. Институтты 1994 жылы үздік аяқтады. Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Көктас ауылының орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. 1995-2001 жылдар аралығында Қарағанды облысының Абай қаласында, Топар поселкесінде, Алғабас ауылындағы өзі оқыған Быхин атындағы орта мектептерде ұстаздық қызметті абыройлы атқарды. 2002 жылдан Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университетте шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы. 2011-2013 жылы екі шет тілі бойынша магистратураны аяқтады. Университетаралық байланыс жобасы бойынша Ұлыбританияның Лондон, Эдинбург қалаларында тәжірибелік курстарда болып қайтты. Бірнеше халықаралық және республикалық конференциялар басылымдарында мақалалары жарияланды және «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» мамандығының бакалавриат студенттеріне арналған «БАҚ тілі» оқу құралын жазып, 2011 жылы баспаға шығарды. Отбасында үлгілі ана. Ұлы Қожахмет Қазыбек Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейін 2013 жылы үздік аяқтап, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университетте радиотехника факультетінде оқиды.  

№ слайда 8 САРПЕКОВ АЗАТ ТОЛКЫНОВИЧ 1995-2006 ж.ж. А.Быхин атындағы орта мектепте білім
Описание слайда:

САРПЕКОВ АЗАТ ТОЛКЫНОВИЧ 1995-2006 ж.ж. А.Быхин атындағы орта мектепте білім алды. 2006-2009 ж.ж. Семей қаласындағы «Электротехника колледжі» КМҚК «Электрлік және электромеханикалық жабдықтарды техникалық күту, жөндеу, пайдалану (сала бойынша)» мамандығын игерді. 2008-2009 ж.ж. «ҚТЖ ҰК» АҚ Семей электрмен жабдықтау дистанциясында тарату құрылғыларының электрмеханигі. 2009-2012 ж.ж. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті,электрэнергетикасының бакалавры. «Электротехника колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері. 2012 ж. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті «Жылу энергетикасы» мамандығының магистранты. 2012-2013 ж.ж. «Электротехника колледжі» КМҚК оқу-өндірістік шеберханаларының меңгерушісі. 2013ж. «Электротехника колледжі» КМҚК директордың кәсіптік білім беру жөніндегі орынбасары. 2013 ж. 16 желтоқсанынан «Электротехника колледжі» КМҚК директоры. Марапаттары:  Астана қаласында өткен «Expo -2017 міндеттерін шешуді ерекше есекерумен ұзақмерзімді Қазақстан-Герман ынтымақтастығы шеңберінде білім беру технологиясы саласындағы трансфер» атты халықаралық конференция (Сертификат). «Дуалды оқыту- қорлар саласы бойынша Қазақстан-Герман ынтымақтастығы (Су қорлары/энергия)» атты Халықаралық семинар (Сертификат). Халықаралық қатысумен кәсіби шеберлік сайысында «Жаңа заманның шебері» аталымының жеңімпазы. «Ең үздік «Электр монтері» атты кәсіби шеберліктің облыстық сайысында Гран-при (Сериков Ж., ЭПП-236 тобы), 1 орын (Бопабаев Е., ЭПП-236 тобы). Талдықорған қаласында өткен «Ең үздік «Электр монтері»атты кәсіби шеберліктің Республикалық сайысында – 3 орын (Сериков Ж., ЭПП-236 тобы)

№ слайда 9 НЫҒЫМЕТОВ АҒЫБАЙ ТЕҢІЗҰЛЫ 14.04.1993ж. Қарағанды облысының туризм, дене щынық
Описание слайда:

НЫҒЫМЕТОВ АҒЫБАЙ ТЕҢІЗҰЛЫ 14.04.1993ж. Қарағанды облысының туризм, дене щынықтыру және спорт басқармасының бұйрығымен ҚР-ның “КАНДИДАТ МАСТЕР СПОРТ” 18.11.2013ж.

№ слайда 10  НЕСІПБАЕВА БЕКЗАТ САРСЕНОВНА ҚҰЛМЫШЕВА БЕЙБІТГҮЛ ШАКАРИМОВНА
Описание слайда:

НЕСІПБАЕВА БЕКЗАТ САРСЕНОВНА ҚҰЛМЫШЕВА БЕЙБІТГҮЛ ШАКАРИМОВНА

№ слайда 11 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Описание слайда:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-364545

Похожие материалы