Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Презентация "Бізді қоршаған орта"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Презентация "Бізді қоршаған орта"

библиотека
материалов

hello_html_m4e7794b.gif




hello_html_1e423192.jpg





hello_html_13aabf5d.gif


1-класс


hello_html_53b4f46a.gif


1-бөлім


hello_html_1f0e4173.jpg

Табиғат

Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,

Мамырда жасанды гүлдеп ертең.

Сылдырлап бұлақ ағып сай-саладан,

Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.


Табиғат күлімсіреп күніменен,

Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.

Көркіне көз тоймайды табиғаттың,

Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

Аманжол ҚАДЫРБАЕВ




Өлеңді жаттап ал.

Табиғатты бейнелеп суретін сал.


hello_html_m26f5790b.gif



hello_html_m7c8cc0a9.gif















Табиғат туралы жұмбақтар


Бейне мақта, сабалақ...

Ешкіммен жоқ шатағы.

Көк аспанды жағалап

Жосып бара жатады.


Көрінбейді аяғы,

Аузы да жоқ,білдің бе?

Салып кетіп барады

Баяғы ызың, гу-гуге!



Әр қадамын есептеп,

Талай жандар таптайды.

Жақындарға ол жетектеп,

Алыстарға ол бастайды.

Ал, керемет бұл қандай?

Төгіледі төбеден.

Көк теңізден құйғандай-

Көл-көсір су не деген?!


Жұмбақтарды сәйкестендір, ұнаған жұмбақты жатқа айт.


hello_html_m465c4578.jpg hello_html_24c9e035.jpg




hello_html_283563a6.jpg hello_html_m609af937.jpg


Күн қайдан шыққан?


Біздің сөз еткелі отырғанымыз Күн планетасы емес. Бір күн дейтін уақыт. Осы уақыт – мерзім аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады. Ол – сағаттың өлшемімен алғанда 24 сағат.

Кешкілік көк күмбезді аспаннан самсаған сан жұлдыздарды көреміз. Келесі сол жұлдыздар тағы сол жерде пайда болады. Бұл екі аралықта 23 сағат 56 минут 4,09 секунд уақыт өтеді. Бұл жұлдызды күн деп аталады.

hello_html_m1fadbe56.gifhello_html_6413ef68.gifhello_html_m278ab859.gif




1.Бірінші торға күннің суретін салып, боя.

2.Екінші торға ай, жұлдыздардың суреттерін салып, боя.

Аспан әлеміндегі қызықтар

Бұлт - судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп,

буға айналған түрі, атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің жиынтығы. Бұлттар түсіне қарай әр түрлі болып келеді.

Ақша бұлт – ашық күндері аспанда қалқып жүретін түйдек – түйдек ақ бұлт.

Ала бұлт – шумақ – шумақ, лек – лек болып жөңкіле көшеді.

Жаңбырлы бұлт – қабатына ылғал сіңірген қою қара бұлт.

Жылауық бұлт - әлсін - әлсін, тамшылай қайта – қайта жауады.

Зілмәуір бұлт – аспан күмбезін түгел жабады.

Қазбауыр бұлт – ондаған шақырым биіктікте ұсақ мұз түйіршіктерінен пайда болады.

Қатпарлы бұлт – қалың қабатты қоңыр ала болып келеді.

Қауырсын бұлт – тарам – тарам жеңіл бұлт.

Көшпелі бұлт – көкжиектен саумалай көтеріліп тез көшетін бұлт.

Кілегей бұлт – жұқа, сирек келеді.

Сұр бұлт – аспанды жаппай торлап, төрт – бес шақырым биіктікте жүзетін тұнжыр бұлт.

Тұман – бұлт тәрізді көшіп жүретін сұрғылт түсті табиғат құбылысы.

Соқыр тұман – аяқ астын көрсетпейтін, көзге түртсе көргісіз қалың тұман.



Суретті мазмұнына сай боя, толықтыр!


hello_html_392e3e50.png

Жаңбыр неге жауады?

Күнделікті өзіміз дем алып жүрген ауа ешқашан құрғақ болмайды. Оның құрамында өсімдіктерден бөлініп шыққан бу болады.

Жылы ауа, сол сияқты жылы бу ауаның ең жоғарғы қабатына көтеріледі. Көтеріліп бара жатқан жылы ауа мен бу cуық ағысымен кездеседі. Сол кезде су буының ұсақ түйірлері бір–бірімен қосылып, қоюланады. Содан кішкентай су тамшылары пайда болады. Олар көбейе келе бұлтқа айналады. Ауаның жоғарғы қабатындағы температура сәл төмендеп, суыта бастаса, миллиондаған тамшылардың салмағы будан ауырлап, олар жерге қарай құлайды. Міне, жаңбыр осылай пайда болады.



hello_html_13552520.gif

Жаңбыр неге жауады?


hello_html_e837491.gif

Cloud


























Кемпірқосақ

Кемпірқосақ – жаңбырдан кейін аспан күмбезінде түрлі–түсті доға түрінде көрінетін жолақ, атмосферадағы оптикалық құбылыс.

Қос кемпірқосақ – күн сәулесі жаңбыр тамшысына белгілі бір бұрыш жасай түсіп, оның ішінде екі рет қабаттаса түскен екінші кемпірқосақ.

Ай кемпірқосақ – түнгі ай сәулесінің әсерінен пайда болған кемпірқосақ.


1.Кемпірқосақ түрлерін ата.

2.Кемпірқосақтың суретін салып, боя.

3.Кемпірқосақтың қасына тағы нелер салуға болады?




hello_html_m538abc98.jpg















Кемпірқосақ сал және боя.


hello_html_m12f69613.gif










hello_html_m6f45d6e6.png


Қар қалай пайда болады?


Егер қарды микроскоппен қарайтын болсаң, өзіміз суреттен көріп жүргендей, әдемі екенін байқаймыз. Бұл мұз түйіршіктері жерге құлап келе жатқан жолында су буымен араласып, жерге қар болып түседі.



hello_html_43fec074.gif

Қар қалай пайда болады? hello_html_m344b617a.gif


Қардың суретерін неше түрлі етіп сал және боя немесе қардың суретін қиып алып, терезеге жапсыр.

Қар

Ақша қар – жаңа жауған таза қар.

Ала қанат қар – бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге алалай түседі.

Жапалақ қар – ірі түйіршікті, жапырақтап жауады.

Көбік қар – жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күртік қар – беті қатқан, жаяу жүргенде асты ойылатын қалың қар.

Қасат қар – ұзақ жатқан қалың қар.

Қырбақ қар – жұқа жауған қар.

Мұздақ қар – үстін мұз жапқан, көкшіл түсті беті жылтыр, сырғанақ келеді.

Омбы қар – ат бауырлайтын қалың қар.

Сіреу қар – ұзақ мезгіл мызғымай жатқан, аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу, қатты, қалың қар.

Ұлпа қар – түйіршіктері үлбіреген үлпек қар.


1.Қар түрлерін айтып көр.

2.Әр түрлі қар қиыршықтарын қиып жапсыр.


Суретті мазмұнына сай бояп, толықтыр.


hello_html_731beef0.png

hello_html_m10a72f4c.gif


Шаймерден Әлдибекұлы

Желтоқсан

Ойын ойнап міне біз,

Қыс қызығын көреміз.

Шанаға да мінеміз,

Шаңғыны да тебеміз.

Қаңтар

Аппақ ұлпа қары бар,

Қаңтардың өз әні бар,

Айналаңа құлақ түр,

Болсаң егер ән ұғар.

Ақпан

Ақ сүт жағып алғандай,

Ең қысқа ай – Ақпан ай.

Күндер тез – тез, тез өтеді,

Суықты алып кетеді.

hello_html_m1100d907.jpg


Суретті мазмұнына сай боя, өзіңше толықтырып көр.


hello_html_m1adb94f6.png


Наурыз

Жасандырып жас талды,

Көктем айы басталды.

Білеміз бе, біз бәрін:

Қызыл гүлдей қыздардың,

Ақ көйлекті ананың,

Кимешекті әженің,

Қарындас пен әпкенің

Мейрам айы екенін.

Сәуір

Ғарышқа жол салынған

Сәуір айы – тәуір ай.

Ұлт, ұлыстар қуанған,

Туыстасқан бауырдай.

Сәуір айы – тәуір ай.

Мамыр

Жер – дүние жасанды,

Келіп сұлу Мамыр ай.

Төлдер туа бастады,

Қозы – лақтар маңырап.

Ақ таң күліп атады,

Қызыл - жасыл төңірек.

Дала жайнап жатады,

Тулар көкте желбіреп.

hello_html_mb436e00.jpg


Суретті мазмұнына сай боя, толықтырып салып көр!


hello_html_f84d8e5.png


Маусым

Жаз келіпті, қараңдар,

Көлге үйрек, қаз қонды.

Асыр салып балалар,

Суға түсіп мәз болды.

  1. Маусым, балалар,

Қорғайтын күн сендерді.

Нұр кіреді далаға,

Гүл көмкеріп белдерді.

Шілде

Барып жасыл жайлауға,

Жаз қызығын көріңдер.

Асыр салып ойнауға,

Кел балалар, келіңдер.

Тамыз

Енді жүрме сен текке,

Жаздың соңғы айында.

Барар болсаң мектепке,

Әліппеңді дайында.

hello_html_3a06130.jpg


Суретті мазмұнына сай бояп, өз қалауың бойынша толықтыр!


hello_html_m3fea15a0.png


Қыркүйек

Жеміс берер осы күн,

Көктемдегі еккенің.

Айқара ашар есігін

«Хош келдің» деп мектебің.

Қазан

Қарбыз, қауын піседі,

Соғады ептеп жел үріп.

Қой жайлаудан түседі,

Ала жаздай семіріп.

Қараша

Тұруға үйрен ертемен,

Еңбек әнін бастайды.

Аппақ ақ қар - көрпемен,

Даланы орап тастайды.

hello_html_428f2380.jpg


Суретті мазмұнына сай боя, толықтырып сал!


hello_html_19b4e2b1.png


Халық ауа – райын қалай болжаған?

Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.

Бал аралары топтанып шырын жинауға аттанса – күн ашық, егер ұясынан ұзамаса, ауа райында өзгеріс болады.

Егер ара жұмысын ерте бастап, кеш аяқтаса, жауын – шашын ұзаққа созылады. Ал ұяларынан шықпай, ызыңдап отырып алса, көп ұзамай жаңбыр жауады.

Аралар омартадағы өздері кіріп–шығатын тесігін жартылай жапса – қыс суық болады, ашық қалдырса, қыс жылы болады.

Жауын құрты жер бетіне шықса – жаңбыр жауады.

Балықтар су бетіне шығып, шапшып ойнай бастаса–жауынның белгісі.

Жазда күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын жауады. Өлара (өлі ара) жауын–шашынды болса, жаңа ай шаруаға жайсыз болады.

Күн бұлтқа батса, келесі күні жауын–шашынды болады, ашыққа батса, күн ашық болады.

Қараторғай топтанып ұшып аспанда түрлі қимылдар жасаса – күн ұзаққа созылады.

Жылан мезгілінде ұйықтамаса – күз ұзақ әрі жылы болады.


1.Есіңе осы айтқандарды сақтап ал.

2.Ата – анаңнан болжамдар туралы сұрап ал.


Суретті мазмұнына сай боя!


hello_html_m5445de3d.png


Су – су – су....

Адам баласы орта есеппен күніне 2–3 литр су ішу керек.

Ағзадағы судың қалыптылығы жетіспеген жағдайда ас қорыту мен қан айналымының процестері нашарлайды. Сондықтан адам үнемі су ішіп тұру керек. Су бүйрек, ішек–қарын, өкпе, терідегі зиянды заттарды ағзадан сыртқа шығаруға көмектеседі. Егер ағзадағы су шамадан тыс аз болса, бұлшық еттердің қызметі әлсіреп, тері құрғап, босаңсып кетеді.

Ми қабаттарының 75 пайызы судан тұрады. Сол себепті таңертең ерте тұрып, бір стакан тұзды су ішкен абзал. Су неғұрлым көп ішілсе, соғұрлым ол ағзаға іштегі улы заттарды сыртқа шығаруға көмектеседі.


1.Судың пайдасы туралы ассоциация құр.


hello_html_4d8d7bd7.gif






2.Су туралы қандай мақал, жұмбақ білесің?

..................................................................................................

..................................................................................................

.......................................................................................................................................................................................................

...................................................................................................

...................................................................................................



Суретті боя, мүмкіндігіңше толықтыр.


hello_html_22e62d14.jpg


  1. бөлім

hello_html_cedecb.gif


hello_html_6c69f8bf.jpg



Табиғатпен тілдессең....

Құрттардан да досымыз бар

Қ

hello_html_7d92d010.png

ұрт десе аза бойымыз қаза болатыны рас қой. Мәселен, қойлардың бір жеріне құрт түссе, құжынаған құрттарды көріп, денеміз түршігеді. Сөйтсек, пайдалы құрттар да бар екен.

Жауыннан кейін жер бетінде әсіресе жұрт жүретін жол үстінде қып – қызыл болып, ирелеңдеп жатқан құрттарды көресіңдер. Бұларды шұбалшаң деп атайды. Мұндай құрттар күндіз інде болады. Сыртқа тек жауын жауғаннан кейін немесе түнде шығады.Сондықтан оны жауынқұрт деп те атайды.

Шұбалшаң жерге түскен жапырақтарды жейді. Жапырақтарды індеріне тасиды. Сөйтіп, ол топырақты тыңайтады. Топырақ тыңайтылса, өсімдік жақсы өседі. Шұбалшаң ін қазғанда, жерді қопсытып, босатады. Ондай топыраққа ауа мен су оңай сіңеді.


1.Түсінгеніңді айтып бер.

2.Жауынқұртты көрдің бе, қайдан көрдің, әңгімелеп бер.

3.Суретін сала алсаң, салып көр.

4. Төмендегі құрттар туралы не білесің?


hello_html_415b8f9e.jpg hello_html_6f34efb7.jpghello_html_m66c6eae8.jpghello_html_m3eab32f7.jpg

Бал арасы


Б

hello_html_7f094ecd.jpg

ал арсы бір келі бал жинау үшін 10 миллион гүлге қонып шығады екен. Сондай–ақ олар ондаған мың шақырым жерге ұша алады. Оған қоса сағатына орта есеппен алғанда 65 шақырым ұшып, 7 мың гүлге ұрық шашады.


Саратан қоңыз

Сартан қоңызы басқа жәндіктерге, тіпті жануарларға

қарағанда күштірек. Салмағы небәрі 14грамм құрайтын саратан 1580 грамдық жүкті көтеріп таси алады.

Математикалық есепке жүгінсек, сонда бұл жәндік өзінен 113 есеге жуық ауыр жүкті бағындырады. Салыстырмалы түрде алсақ, 70 келілік адам 7–8 тонна затты, яғни 2 пілді көтеруі ақылға сыймайды. Содан–ақ саратанның күшін бағалай беруіге болады–ақ.


Өрмекші

Е

hello_html_m55a180b0.jpg

ң жоғары биіктікте өмір сүретін жәндік - өрмекші екен. Тіпті 7500 метр биіктікте өмірін жалғастыра береді. Бұл жәндік жел айдап келген тамақпен ғана қоректенеді.

Өрмекші торлары бір–біріне ұқсас көрінгенмен, әрқайсысы өзінше бөлек екен, яғни бірін–бірі құрылысы жағынан қайталамайды.

Суретті боя, толықтыр, торын сал.


hello_html_53410adc.jpg

3-бөлім


hello_html_m4e57604.gif


hello_html_m2a669118.jpg


Құстар қалай ұшады?

Әдетте үлкен кісілер «Құс қанатымен құйрығымен қонады» деп жатады. Одан әрі талдап әуре болмайды. Ал ғалымдар не дейді?

Құстардың дене бітімінде адамдарға қарағанда көптеген артықшылықтар бар. Мысалы, олардың денесі өте жеңіл. Қалай?

Біздің сүйектеріміз – тығыз және ауыр, ал құстардың сүйектерінің іші қуыс, бос. Құстарда тіпті тіс те болмайды, ал қауырсындарының еш салмағы жоқ.

Кішкентай денелерімен салыстырғанда құстардың қанаты зор және қуатты болып келетіні және бар. Егер біздің иығымызға қанат бітер болса, оның көлемі басымыздың көлемімен шамалас болар еді.

Осындай алып қанаттың екпіні құсты ілгері итеріп, әуеге көтеріп әкетеді. Қанат жиі қағылған сайын жылдамдық та өсе береді.



hello_html_2fff1688.jpg


Суретті бояп, толықтырып көр!


hello_html_5951e757.jpg


Құстарға тұмсық не үшін қажет?


Жорғалаушылар мен сүтқоректілердің тістері бар, ал құстарда жоқ. Бірақ құстардың жақ сүйектері қоректің әр түрін тауып жеуге икемделген тұмсыққа айналған. Жыртқыш құстардың тұмсықтары етті жұлуға икемді иілген. Балықпен қоректенетін құстардың тұмсықтары ұзын және өткір. Дән шоқуға, жаңғақ шағуға, жемістерді жұлуға, жәндіктерді аулауға икемделген тұмсықты құстар да бар. Кейбір құстар тұмсықтарын ұя салтын немесе тесік оятын құрал ретінде пайдаланады екен.


1.Құстар қорегін немен жейді?

2.Балықпен қоректенетін қандай құстарды білесің?

3.Жәндіктермен қоректенетін қандай құстарды білесің?

4.Ағашқа тесік оятын құсты білесің бе?

5.Құстардың қандай пайдасы бар?

6.Сен қандай құстарды жақсы көресің, неге?

hello_html_62e8e988.jpg


Суретті бояп, толықтырып сал!


hello_html_m4cc13a0b.jpg


Құстар қандай үн шығарады?


Үй құстары

Тауық – қыт – қыттайды, қақылықтайды.

Үйрек – барқылдайды, қырқылдайды.

Қаз – қаңқылдайды, шаңқылдайды.

Күркетауық – күркілдейді.


Түз құстары


Қарға – қарқылдайды.

Аққу – сұңқылдайды, сыңқылдайды, қиқулайды.

Бұлбұл – сайрайды.

Торғай – шиқылдайды.

Сауысқан – шықылқтайды, сақылдайды.

Тырна – тыраулайды.

Бөдене – бытпылдықтайды, бытпылдайды.

Көгершін – уілдейді.

Әупілдек - әупілдейді.

Безгелдек – безектейді.

Тоқылдақ – тоқылдатады.

Бозторғай – шырылдайды, құйқылжытады.

Қарлығаш – шықылықтайды.

Көкек – көкектейді.

Құр – құрылдайды.

Тауыс – шақырады.

Шағала – шаңқылдайды.

Қырғауыл – құрқылдайды, шақылдайды.



Суретті боя және толықтыр!


hello_html_4e378328.jpg


Жыртқыш құстар

Бүркіт – шаңқылдайды, бістәктайды.

Сұңқар – саңқылдайды.

Байғыз – шұрылдайды.

Үкі – уілдейді, күрсінеді.


1.Аталған құстардың қайсысының дауысын естідің?

2.Саған қай құстың дауысы ұнайды?

3.Аталған құстардың суреттерін жинақтап, альбом жаса.



hello_html_73fa5c11.jpg


Суретті боя және қалай толықтырар едің?


hello_html_3e21e1a4.jpg


Қандай құсты білеміз?

Есентай Ерботин

А

Айдын көлде салқындап,

Аққу жүзді таранып.

Ауық – ауық жақындап,

Анадайдан қарадық.


Ә

Әтеш шығып шарбаққа,

Әдетінше жан – жаққа

Әдейілеп қарады

Бір жақтарға бармақ па?

Б

Бірқазанмен бөдене,

Байқамады дәнеңе.

Бүркіт алып екеуін

Бастамақ бір пәлеге.


Д

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті талғаған,

Дағдысынша Дуадақ,

Даланы еркін шарлаған.





hello_html_m2fd6897a.jpg



hello_html_69f87582.png


hello_html_m35398b9.jpg


hello_html_m77ed37d0.jpg


hello_html_m3a2ff038.jpg


hello_html_7caa90df.jpg


hello_html_7870853b.jpg


hello_html_m3ae51020.jpg


Ж

Жылқышы ұшып көл жақта

Жүр азығы мол жақта.

Жалпылдап тек Жапалақ

Жете алмайды ол жаққа.



И

Ителгі – құс пайдақор

Именіп көз талдырмас.

Италақаз айлакер

Ит – құсқа еш алдырмас.


К

Күйкентай мен Кекілік,

Көкекті ертіп қасына,

Келіп жетті секіріп,

Күркетауық қосына.




Қ

Құр Құзғынды оқытып,

Қызғыш құлақ түреді.

Қаз – Қарғаны тоғытып,

Қырғауыл қарқ күледі.


hello_html_4b8467f0.jpg


hello_html_m3958bbc7.jpg


hello_html_211f5131.jpg


hello_html_13d0cc3c.jpg


Л

Лашын құс биіктен

Лып етіп шүйілді.

Лақ ерткен киіктер

Лажысыздан жиылды.



С

Саралақаз інінен

Сығалайды сақтана.

Сұқтана оған үңілген

Сұңқар отыр оқтала.


Т

Тауқұдірет әзілдеп

Тырнаға «ән сал» - деді

Тоқылдауық: «Азық жеп,

Тойыңқырап ал», - деді.



Ұ

«Ұзақтар ұшып келуде,

Ұзақтар ұшып келуде»! –

Ұландардың дауысы

Ұласып жатыр шеруге.



hello_html_m3d4ba946.jpg



hello_html_de84baa.jpg


Ү

Үйрек дәйім тіледі,

Үлгілі үйрек болуды.

Үкімен бірге үнемі

Үрікпей дүру көңілді.



Ш

Шіл жайылып далада,

Шілде айында шәйлаған.

Шалқар көлде Шағала,

Шаңқылдаған, ойнаған.



  1. Аталған құстардың ішінде саған танысы бар ма?

  2. Құс туралы сен қандай өлең, ән білесің?

  3. Өhello_html_418dc87c.gifз қалауың бойынша бір құстың суретін салып, боя.










Суретті боя, өзің не қосар едің?



hello_html_m46780ef1.jpg


Үй құстары


hello_html_3a1ed194.jpg


hello_html_m4e7b8ab0.gifhello_html_49e42e63.jpg


Үй құстарының пайдасы туралы ассоциаия құр


hello_html_m31dc0a4.gifhello_html_3c597225.gif

hello_html_586093c0.gifhello_html_5da65c7a.gif



hello_html_613d423d.gifhello_html_m7657bcb0.gif

hello_html_m4d00a214.gif

hello_html_4dee6170.gifhello_html_6bf2a555.gif



Қаз - сақ құс

«Қаздар тек қана сергек емес, сонымен қатар өте аңғарғыш құстар». Жол бойындағы сәтсіздікті зерттеу нәтижесінде ғалымдар осылай тұжырым жасаған.

Жер шарында көптеген құстар мен аңдар жол бойындағы талай кедергілерге тап болатыны рас. Осы кездесулерде жол ережесін білмейтін және үйретуге келмейтін жануарлар жол бойында машиналармен қақтығысып, өледі. Әсіресе, бұғылар, түлкі мен борсықтар, кірпілер, көртышқандар, егеуқұйрықтар, ұсақ кемірушілер. Кейбір елдерде жыл сайын жол бойында миллионнан астам жануарлар өледі екен.

Көп хайуанаттың шығын болуы АҚШ зоологтарына ойсалып, олар әрбір хайуанаттың жолдан өтер кезіндегі сақтық ерекшеліктерін қаншалықты жоғары дәрежеде дамығанын зерттеген. Нәтижесінде, қаз бірінші орынға шыққан. Содан кейінгі орынға шошқа мен мысық ие болған. Келесі орындарды тауық пен ит еншілеген.

Ал адам ең соңғы орында екен.

1Қаз туралы білетініңді айт. 2.Қаздың суретін боя.


Суретті боя, толықтырып көр.


hello_html_m312abc47.jpg


hello_html_m5d9c73a7.png


Алуан – алуан құстар бар...

Пингвин

Пингвин – суда жүзгіш құс. Бір ерекшелігі – басқа құстар тәрізді ұша алмайды, себебі қанаттары кішкентай. Бірақ сол кішкентай қанаты олардың суда шапшаң жүзуіне көмектеседі. Пингвиндер жүзуді ғана емес, сүңгуді де тамаша меңгерген. Ол сағатына 30 шақырымға дейін жүзе алады.

Бұл құс көбіне Оңтүстік өңірлерді мекендейді. Империалист пингвиндер Антарктидада көп кездеседі.

Қыста ұрғашы пингвиндер мұз үстіне жұмыртқала - рын қалдырып кетеді. Ал олардың серіктері жұмырт - қаларды домалатып өз бауырларына қысып, құс бо – лып қанаттанғанша екі айға жуық баптайды.

1.Пингвин қандай құс?

2.Ол қандай жерлерде өмір сүреді?

3.Пингвинді кімге ұқсатасың?

4.Пингвин туралы қандай мультфильм көрдің, әңгімелеп бер.


hello_html_m228c9fb1.jpg

Суретті анықтап салып, боя, толықтырып көр.



hello_html_m5736abf9.png


Ақ шағала

Әр құстың өз ерекшелігі бар. Олардың бірі жылы жақты мекен етсе, кейбіреулері орман–тауда тіршілік етеді. Ал біз әңгіме еткелі отырған ақ шағаланың өмірі сумен тығыз байланысты. Үлкен топ құрап теңіз жағасына ұя салатын және қорегін сол жерден табатын ақ шағала күні бойы дауыс шығарып шаңқылдаудан танбайды. Қызығы, олар дауыстау арқылы өз тобына белгі береді екен.

Сәуір айының басында ақ шағала жұмыртқа салады. Олардың жұмыртқалары көлемді келеді. Ұзындығы – 75, ені–50 миллиметр. Кейбіреулерінің салмағы 90 грамға жетеді. Қызығы, аталық және аналық ақ шағалалар жұмыртқаларын кезектесіп күтеді екен. Өйткені ұясынан сәл көз жазып қалса, көршілес шағалалар бөгде жұмыртқаларды жеп қоятын көрнеді.

Шағаланың балапаны өмірге 25 күннен кейін келеді. Олар дүниеге епті және көздері ашық болып туады. Алғашында қозғалыссыз жататын балапандар 2–3 күннен кейін аса қатты шапшаңдыққа ие болады. Үйренісе келе ұясынан ұшып, суға да жүзеді екен. Тіпті, бір аптадан соң балық аулауды да үйренеді. Алайда ақ шағалалар балапандарын әбден қатайғанша қамқорлығына алады.


  1. Шағала туралы айтып бер.

  2. Шағаланы көрдің бе, ол қандай жерлерде өмір сүреді?

  3. Шағаланы сипаттап бер.


hello_html_m690a2da2.jpg


......................................................................................................


1. Бұл қай мультфильм кейіпкері, аты қалай аталады?

2. Мультфильмді есіңе түсіре отырып боя.


hello_html_m3d623182.png


Қоқиқаз


Қоқиқаз – ірі ұзын құс. Теңіз жағалауы мен жылы жерлерді мекендейді. Қоқиқаздың түсі көбіне өзгеіп отырады. Мәселен, ол кейде ашық қызыл, кейде қызғылт түсті болады. Басқа құстар тәрізді қоқиқаз да жай қозғалып, өзінің азығын судан аулайды және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Қоқиқаздар көбіне топ болып бірігіп ұя салады.


1.Қоқиқаз туралы түсінгеніңді айт.

2.Төмендегі қоқиқаздың суретіне қарап сипаттап бер.



hello_html_m2f6511b9.jpg


Суретті анықтап сал және боя, толықтыр.




hello_html_4913b300.png


Қырғи

Қырғи–қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Бұл құс көбіне еліміздің Жоңғар Алатауында, Тарбағатай, барлық тауларында кездеседі. Қырғидың еркегінен гөрі ұрғашысы ірілеу келеді және оларды мынадай белгілерінен ажыратуға болады: еркек қырғидың арқасы сұр, төбесі қара, көзінің айналасы ақ, ал бауыры сары, қоңыр дақты болады. Ұрғашысының арқасы мен бауыры қоңыр, құйрығының ұшы ақ болып келеді.

Қырғилар ұяларын белгілі бір жерге, орманға, шырша басына немесе өзен жағасына салады. Қызығы, былтырғы ұясының маңына жаңасын орнатады екен.


1. Қырғи туралы айтып көр.

2.Қырғи туралы үйіңдегі үлкендерден сұрастырып, түйгендеріңді әңгімелеп бер.




hello_html_m658bdb98.jpg


Мына құсты өз қалауың бойынша бояп көр.




hello_html_641769ef.jpg


Сақалтай

Сақалтай – ірі жыртқыш және отырықшы құстардың бірі. Тұмсығының астында алға қарай үрпиіп тұратын бір тұтас қауырсын сақалы болғандықтан халық аузында сақалтай атанып кеткен.

Сақалтай ұялары адам баспайтын тым биік құздарға, үңгірлерге және тік жартастардың қуыс–қуыстарына салынады. Бұл құс әуе кеңістігінде жеңіл ұшады, ал жерде жүргенде тастан–тасқа емін–еркін секіріп қозғалады. Екі ғана жұмыртқа салатын сақалтайдың бір жұмыртқасынан әдетте балапан шықпайды. Ал егер екі балапан шықса, соңғы әлсізін ата–анасы шоқып өлтіріп тастайды екен. Сақалтайлар негізінен түрлі тағы аңдардың өлекселерімен, көбіне жаңа өлген хайуанаттармен қоректенеді.


1.Сақалтай қандай құс екен?

2.Сақалтай туралы «ТИ» тізбегін құр.


hello_html_2d2ed908.jpg


  1. Бұл қай құстың балапаны деп ойлайсың, неге?

  2. Суретті боя және толықтырып көр.


hello_html_4c2bcf39.jpg


Ителгі

Ителгі - сұңқар тұқымдас құстардың ірі өкілі. Түр–түсі өзгешелеу ителгі көбіне кең атырапты орманды жерлерді мекен етеді. Арқасы күңгірт топырақ түстес келетін бұл құстың бауыр жақтары қара дақтармен көмкерілген ақ сары болып келеді.

Ителгі Қазақстанның көптеген жерлерінде кездеседі. Тау етектерін қоныс ететін ителгінің бір ерекшелігі – ол ұясынан тыс жерлерде жалғыз ұшып жүреді және даусын көп шығармайды. Көзге де көп түсе бермейді.

Негізінен, бұл жыртқыш құс тұқымы еліміздің таулы аймақтарында өте сирек кездеседі. Көбіне далалы жерлерде өзен жағалауларының тік жарларын, тасты жыраларын, биіктеу төбелерді, шөл мен шөлейт өңірлерде ертеден қалған тас үйінділерді қоныс етеді және сонда ұя салады. Немесе құзғын, қарға секілді құстардың дайын ұяларын да пайдаланады. Қанаттарын жылдам қағып қозғалатын бұл құс ұстайтын жемтігін жартасқа тығылып аулайды. Әрі тез шапшаңдықпен қағып алады.

Ителгі кептер, қарға, ұзақ, кекілік тәрізді құстар мен саршұнақ, қаптесер, құмтышқан сияқты кеміргіштермен қоректенеді. Мал жайылымы мен егістіктердің зиянкесі болып саналатын саршұнақтармен көп қоректенетін ителгі -өте пайдалы жыртқыш құс.


1.Ителгі қандай құс?

2.Ителгінің қоректерін санамалап атап айт.


Ителгінің суретіне қарап сипаттап көр.


hello_html_m10ccff81.jpg


3 – бөлім

Хайуанаттар

әлемі


hello_html_m71fc5094.jpg

Ребусты шешіп көр


hello_html_7f136b12.jpg



Төмендегі екі суреттің бір-бірінен

12 айырмашылығын тауып көр!


hello_html_m218883e1.jpg


Ұйқасын тап!


Көз алмай күнге алыс,

Қарады сұлу






Шабақ аңдып жағада,

Шарқ ұрады





Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы







Бәрі бірдей жұмысқа,

Асығады







hello_html_56f72b30.jpg



hello_html_7f29e755.jpg



hello_html_m42094e5e.jpg




hello_html_545a8ecd.jpg


Оқы, қызық!

Біліп ал және есіңе сақтағандарыңды айтып бер.

10 дерек

  • К

    hello_html_m63887141.png

    ірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады. Ол 236 тәулік ас ішпей жата береді.

hello_html_71402a3d.jpg


  • Егеуқұйрық бес қабатты үйдің төбесінен құласа да аман қалады екен.

  • hello_html_46b24130.jpg



  • Түйеге қарағанда керік шыдамды келеді.

  • К

    hello_html_m7b823d1d.jpg

    өртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.


hello_html_6f334384.png


  • И

    hello_html_173a1d20.png

    т онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс түрін шығара алады.




  • А

    hello_html_22ee85c2.jpg

    кула – бір мезгілде екі көзін бірдей жұма алатын жалғыз балық. Ол сондай – ақ судың 100 миллион бөлігіндегі қанның иісін сезе біледі екен.





  • Д

    hello_html_m48cc6598.jpg

    ельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды. Күн көзіне тік қарай алатын құс тек бүркіт.



  • Ә

    hello_html_4ae5bc9d.jpg

    теш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.
  • К

    hello_html_m1d3bddf4.jpg

    оала аюы тәулігіне 18 – 22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
  • Ж

    hello_html_m5c78f587.jpg

    ануарлардың ішіндегі тек жыланда ғана құлақ болмайды. Ол барлық дыбысты тек тілі арқылы ғана естиді.
  • Ал екі көзімен айналасына бірдей қарай алатын құс – үкі ғана көрнеді.

  • Ірі аңдар жайлы.....


hello_html_m2bd75ca7.jpg


Кадьяк аюы - жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Оның ұзындығы – 3 метр, салмағы – 700 килограмм. Арыстан аң патшасы болғанымен, оның жүрегі кодьяк аюына қарағанда кішкентай көрнеді.



Қ

hello_html_m19b0364b.jpg

hello_html_5e3c9098.png

одас – ірі аңның бірі.Бір қызығы, бұл аң түр – түсі жағынан басқаларға ұқсас келеді. Мәселен, оның басы сиырға, құйрығы жылқыға, қаңқасы бизонға ұқсас. Ал жүні ешкінікі тәрізді үлпілдек. Мүйізі де өгіздікіндей, сонымен қатар ол шошқа секілді қорсылдайтын көрнеді.




Піл ірі болғандықтан, оның терісі қалың деп ойлаймыз. Бірақ ол біз ойлағандай емес екен. Піл терісінің қалыңдығы – не бары 1,8 сантиметр, ал керіктікі – 2 сантиметр. Жер бетіндегі терісі қалың аң – нильдік бегемот. Оның терісінің қалыңдығы 2,5 сантиметрге жетеді.


Б

hello_html_m48a5057.jpg

ұлан - бұғы тұқымдасына жататын ірі аңның бірі. Еті мен терісі өте пайдалы.Бірақ біздің елімізде сирек кездесетін бұланды атуға тыйым салынған. Оларды арнайы қорықтарда өсіреді.

Бұланның биіктігі 2 метрден асса, салмағы 300- 600 килограмға жуықтайды. Ал терісінің түсі мезгіл сайын құбылады. Мәселен, жазда қара қоңыр болса, қыста ашық қоңыр түске енеді, басы мен аяғы ақ түсті болады және ол жалпақ, үлкен келеді. Қыс мезгілінде ағаштарды қорек етсе, жазда шөптерді жейді.


Мәтіннің мазмұнына сай суретті боя.


hello_html_1a91944e.png


Ұйқышыл аңдар:


Балпақ - ұйқыны өте жақсы көретін аңның бірі.Терісі аса бағалы бұл аңды қыстың күні ояту мүмкін емес. Әсіресе, сары балпақ тоғыз ай ұйықтайтын көрнеді.



К

hello_html_2c63e3f5.jpg

ит – алыптығына әрі сырт көзге қарағанда ебедейсіз қимылдайтындай болып көрінгенмен, керемет сүңгіп, жүзеді. Ол аз болғандай өте ауыр салмағымен судың бетіне атып шығып секіреді. Тереңдігі 1000 метрден асатын жерге дейін сүңгіп, сол жерде ұзақ болатын көрнеді. Тіпті өте терең аймақта қатты «бүркеніп» алып ұйықтайды екен.


hello_html_m18d18362.jpg


Ат жатып ұйықтағаннан гөрі тұрып ұйықтағанды жөн көреді. Бірнеше ай бойы мүлдем жатпай жүре алады.







hello_html_m3d8f2a43.jpg


Аю алты ай бойы ас–тұссыз ұйықтай береді екен.





hello_html_30b9a1eb.png


Қауіп төнгенін сезсе...


Тасбақа – бұл өте жай қозғалатын бауырмен жорғалаушы. Ол ыстық және салқын жерлерді талғамай ұзақ уақыт мекендейді. Тасбақаның 40–қа жуық түрі бар. Басына қауіп төнген кезде тасбақа басы мен аяғын тас сауытына салып жасырады. Ең үлкен тасбақалар 150 жыл өмір сүреді.


hello_html_m637dceee.jpg


1.Тасбақаны грек жаңғағы мен ермексазды пайдалана отырып жасап ал.

2.Тасбақа туралы қандай жұмбақ, ертегі, мультфильм білесің?


Сүйемқоңыз құрты қауіп төнген жағдайда, өзі жорғалап жүрген ағашының қураған бұтағына ұқсап қимылсыз қатып қалатын көрінеді. Бір қызығы, бұл құрт ағаш бұтағының бір бөлігінен аумайтын кейіпте қимылдамай бірнеше минут тұра алады екен.


Усыз жылан өзінен күш – қуат басым хайуандардың шабуыл жасайтынын сезсе, өтірік өлген болып созылған күйі жата қалатын көрінеді. Сонымен қатар өз денесінен өлексеге ұқсас жиіркенішті иіс шығарады екен.


Жылан туралы тағы бір дерек...


hello_html_497f926b.jpg

Жыланды боя.

hello_html_2553e699.png


Ор қоян

Ор қоян орман – тоғайлар мен далалы

hello_html_md93c334.png

жерлерді мекендейді. Ол - едәуір ірі аң. Оның салмағы алты килограмға дейін жетеді.

Қоянның жауы көп. Оны қасқыр да,

түлкі де, сілеусін де, үкі мен бүркіт те аулайды.

Дегенмен, ересек қоянды алу оларға үнемі оңай бола бермейді. Ол өзінің өмірі үшін шайқаса біледі.


Қорқақ қоян

(Дағыстан ертегісі)

Бір күні қоян өзімен - өзі сөйлесіп отырып: «Мен неткен бақытсыз едім! Адамдар маған тыныштық беретін емес. Не нәрседен болса да қорқып дірілдей- мін де жүремін. Сірә, жер бетінде менен өткен қор – қақ жоқ шығар. Бұлай өмір сүргенше өлгенім артық»! депті.

Сөйтіп, ол суға батып өлмек боп теңізге қарай жүгі-реді. Теңіз жағасына келсе, қойлар жайылып жүр екен. Қояннан үріккен қойлар дүркіреп қаша жөнеліп-ті. Бұларды көріп таң – тамаша қалған қоян қуанғаннан есі шығып:

  • О – о! Менен де асқан қорқақтар бар екен ғой! Ендеше, мен не үшін өлмекпін?–деп үйіне қарай жүгіре жөнеліпті.


  1. Ертегінің мазмұнын айтып бер.

  2. Ертегінің мазмұнына сай сурет сал.


Балалар, мына кірпілерді өз қалауларыңа сай бояңдар және бірдей екі кірпіні табыңдар.


hello_html_667ee060.jpg



Ғалам ғажаптары

hello_html_m2173e594.gif


  • Бегемоттар суда дүниеге келеді екен.

П

hello_html_m4dba7d70.jpg

hello_html_m719d9fbe.png

олярлық аюлар жылдамдықпен сағатына 40 километр жүгіре алады. Түйеқұстың жұмыртқасын пісіру өте қиын, оны кем дегенде 40 минут қайнату қажет.

Ұ

hello_html_364489c1.png

hello_html_m3853d515.jpg

луда 25000 – ға жуық тіс бар.

Құмырсқаның денесіне қарағанда, миы үлкен көрнеді.

М

hello_html_33a61f1f.jpg

hello_html_m66aeb6e1.jpg

асалар аяғын аспанға қаратып та ұша алады екен.

Бір ғана шыбын жәндігі жаз бойы сан жетпейтін тұқым таратып үлгеретін көрінеді.


hello_html_m60f14a16.jpg

Шегіртке артқа қарай ұша алады екен.

Жәндіктердің ішіндегі ең жылдам қозғалатыны–шегіртке. Ғалымдар шегірткенің сағатына 90 шақырым жылдамдықпен ұша алатынын дәлелдеп берген
Үлкен сандарды оқуда үлкендерден көмек сұра.

Біліп жүр!

Жануар төлдерінің атауы


Көл бетінде өріп жүр,

Аққу баласы – көгілдір.







Білесің бе оны жүрісінен сабырлы,

Қаз баласы – мамырды.


hello_html_6858a3da.jpg




Қасқыр баласы бөлтірік

Қозы қоймас өлтіріп,

hello_html_m7885c623.png




hello_html_f818273.jpg



Қорқып жұрттан безеді,

Қоян баласы – көжегі




hello_html_m1fec54e0.jpg




Қайдан білесің сұрамай,

Киік баласы – құралай.




hello_html_m41aa75ca.jpg




Жақындап саған келдік,

Елік баласы – еңлік.



hello_html_427492c4.jpg








hello_html_5d2030ea.jpg




hello_html_m4342bd79.png

















Болма оңайға, бала, таң,

Құс баласы – балапан.








Болма жалқау, інішек,

Түлкі баласы – түлкішек





Білгенің жөн оны да,

Марал баласы –қодыға.





Білесің бе оны сұрай – сұрай,

Құндыз баласы – құнай.





Не айтса да көндік,

Жолбарыс баласы шөнжік.





hello_html_m373b7091.jpg




Арыстан баласы - абдан

Есесін алар жауынан,

hello_html_84efbb4.jpg



Аю баласы – қонжық.

Өзі епсіз қоржық,




Жемдеп жібер сұлы сап,

Бұғы баласы – бұғышақ




Жаттап ал! Есіңе сақтап, білмегендерге айта жүр.

Аң ба, құс па?

( Жеті жұмбақ )

/Бейсебай Кірісбайұлы/


Сирағы ұзын, мүйізі қысқа,

Бұл өзі аң ба, құс па?

hello_html_3eac6861.jpg




Мойыны ұзын, аяғы қысқа,

Бұл өзі аң ба, құс па?




Тұмсығы ұзын, аяғы қысқа,

Бұл өзі аң ба, құс па?




Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені, орман – дала...




Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды кісіні.




hello_html_m2ac21d82.jpg










hello_html_m3e2d3674.jpg






hello_html_711561e5.jpg




hello_html_m24414a04.jpg

hello_html_659541a9.jpg

Жарық көрсе қашады, тығылады.

Қараңғыда ұшады, құбылады,


Құйрығы ұзын, тұмсығы сүйір.

Бұл өзі аң ба, құс па?


hello_html_3387f742.jpg



1.Жұмбақтарды жадыңа сақта.






















2.Өзің таңдаған жұмбақ жауабына сәйкес сурет сал және боя.





Сын жұмыстары.

  1. Әр тарау бойынша сұрақ – жауап алу.

  2. Тест түрінде алу.




«Бізді қоршаған орта» бағдарламасы.

(Аптасына 1сағат, барлығы 34сағат)

Тақырыптары

Сағ

саны

уақыты

I.

Кіріспе. Табиғатым- махаббатым.

12


1.

Табиғат

1


2.

Табиғат туралы жұмбақтар

1


3.

Аспан әлеміндегі қызықтар

1


4.

Жаңбыр неге жауады? Жаңбыр.

1


5.

Кемпірқосақ

1


6.

Қар қалай пайда болады? Қар.

1


7.

Он екі ай

4


8.

Халық ауа – райын қалай болжаған?

1


9.

Су – су – су....

1


II.

Табиғатпен тілдессең....

2


1.

Құрттардан да досымыз бар.

1


2.

Жәндіктер туралы...

1


III.

Қанатты достар.

11


1.

Құстар қалай ұшады?

1


2.

Құстарға тұмсық не үшін қажет?

1


3.

Құстар қандай үн шығарады?

1


4.

Қандай құсты білеміз?

1


5.

Үй құстары?Қаз – сақ құс.

1


6.

Пингвин

1


7.

Ақ шағала

1


8.

Қоқиқаз

1


9.

Қырғи

1


10.

Сақалтай

1


11.

Ителгі

1


IV.

Хайуанаттар әлемі

9


1.

Ребус.Ұйқасын тап.

1


2.

Он дерек

1


3.

Ірі аңдар жайлы...

1


4.

Ұйқышыл аңдар

1


5.

Қауіп төнгенін сезсе

1


6.

Қоян

1


7.

Ғалам ғажаптары

1


8.

Жануар төлдерінің атауы

1


9.

Аң ба, құс па? Қорытынды тест.

1



Алғы сөз


«Халықты халықпен, елді елмен теңестіретін - білім» деп М. Әуезов атамыз айтқандай, еліміздің жаңғырып, жаңа әлемнен лайықты орын алу үшін отандық білімдеріміз мықты болуы шарт. ХХl ғасыр – білімділер ғасыры.

Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы үлкен міндет. Сондықтан ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы міндеті – денсаулығы мықты, парасатты, жан-жақты жетілген, дүниетанымы кең, Отанын, елін, жерін сүйетін қаһарман тұлға тәрбиелеп шығару. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» еліміздің білім беру саласын түбегейлі өзгертуге нақты қадам жасалды. Елбасымыздың бастамалары негізінде еліміздің білім сапасы тұрақты даму жолына түсті. Білім беруді жаңарту – бұл үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі.

Бүгінгі күні білім беру мекемелеріне қойылып отырған талап өте жоғары. Ол - білім сапасын арттыру. Білім негізі бастауыштан қаланатындықтан, оқушылардың дүние танымын кеңейту, дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында, жеке тұлғаны дамыту үшін, жаңа буын оқулықтарына қоса, қазіргі заман талабына сай, баланы ойлауға, ізденуге, өз бетімен іс-әрекет жасауға жетелейтін, шығармашылықпен қызыға жұмыс жасауға үйрететін оқу материалдары дүниетану сабақтарында да өте қажет. Осындай мақсатқа жетуді көздей отырып, осы «Бізді қоршаған әлем» көмекші құралға жүгінуді бөтен көрмедік. Өйткені бұл құрал бейнелеу, еңбекке баулу, география, биология, ботаника, математика тәрізді пәндермен тығыз байланысты және күнделікті тұрмыста кездесетін жағдаяттар, табиғат құбылыстары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оты – рып қамтылған.

Бастауыш сатыда жалпы және психикалық дамуын жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приори – теті түбегейлі өзгерді: бірінші кезекке: бұрынғыша оқушыны пәндік білім біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде танымдық қабілеті жоғары жеке бас тұлғасын тәрбиелеумақсаты қойылды.

Бастауыш класта оқушылар тек пәндік білім, білік дағдыларының белгілі бір

жиынтығын меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сөйлеу (ауызекі, жазба тіл) әрекетін, өзін-өзі ұстау, мінез-құлық мәдениетін этикалық, эстетикалық, адамгершілік нормаларын қалыптастыру керек.

Қазіргі уақытта көптеген психологтар мен педагогтар өскелең ұрпақтың

шығармашылық әлеуетін дамыту қажеттігін мойындап отыр. Шығармашылық

бастаманы жас кезден бастап дамыта беру қажет. Соның бір нышаны ретінде осы «Бізді қоршаған ортаны» пайдалануға болады.

«Бізді қоршаған орта» жұмыстарының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай алған үлгілі - өнегені, оқып үйренгенін өмір бойы пайдалана білуге баулу. Бастауыш сатыда алған білімін одан әрі жетілдіре отырып, баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру, оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға қабілетті, дүниетанымы кең, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, ізденімпаз жеткіншек тәрбиелеу.

Бұл кітапша төмендегі міндеттерді көздейді:


- дүниетану пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;

- Отанын, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу;

- жан – жануарлар,сан алуан өсімдік түрлерінен жан – жақты білім алу;

- табиғат құбылыстары, халық болжамдары, жәндіктер, тылсым дүниенің

қызықтарын туралы мәліметтер беру;

- өзге пәндермен байланыстыра отырып, сол пәндерге де қызықтыра білу;

- оқушыларды өзбетінше ізденуге, табиғатты өз мүмкіндігінше зерттей білуге тәрбиелеу;

- баланың дүниетанымын кеңейту;

- оқушыларды аңғарымдылыққа, байқампаздыққа, зейінділікке тәрбиелеу;

- жан - жақты, үшқыр қиялды жеткіншек тәрбиелеу;

- табиғатты аялауға, табиғатты қорғуға тәрбиелеу;

- жан – жануарларды, жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу;

- өз елінің, өз жерінің табиғатын тануға, жан - жануары мен құстарын, жәндіктерін білуге, зерттеуге тәрбиелеу;

- оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымын кеңейту.

- кішкентай балғындарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған

әлемді тануға мүмкіндік береді;

-әр тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты деген

мәліметтер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын

арттыра түседі





Бұл кітапша оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздар қауымына, тәрбиешілерге арналған.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.09.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДБ-181815
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх