Описание презентации по отдельным слайдам:
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру; Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу; Дамытушылық: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір – бірімен тығыз байланыста болады.. ІІ. Жан - жақты білімдерін тексеру.
Сөйлем арқылы бір нәрсені хабарлаймыз, сұраймыз, көңіл күйімізді білдіреміз. Ал мәтін не үшін құрастырылады? Мәтін әр түрлі болады: Әңгімелеу мәтіні қандайда бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді. Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай? Сұрағына жауап береді. Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді дәлелдейді және не үшін? Сұрағына жауап береді.
1. Сержанның күшігі жоғалып кетті. Ол қатты уайымдады. 2. Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған. 3. Күшік не үшін Сержаннан қашып кетті? Мүмкін ол күшігін ренжітіп алған шығар. 15-жаттығу Осы мәтіндерден әңгіме құрауға бола ма? Сипаттау мәтінін көшіріп жаз. Оқы. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Әр мәтінге қандай сұрақтар қоюға болады?
18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айт Дәмді сорпа Жағыпар мен Жапар көлге күн ұзақ қармақ салып, бірнеше шабақ ұстап алды. Оны өздерінің шелектеріне тазалап салып, астына от жағып пісірді. Сорпаға қосатын не тұз, не пияз, не бұрыш жоқ. Сонда да піскен соң, таза ауада рақаттанып іше бастады. Біріне-бірі: -Сорпа дәмді болды, - десіп қояды. Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол әзілдеп: Сорпа дәмді болсын, - деді. Өзі де дәмді, - деді Жағыпар. Аттан түсіп, дәм тат, - деді Жапар. Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті: Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген ас дәмді, сіңімді болады, - деді күліп. Жағыпар мен Жапар бір-біріне жымия қарасты
Топтық жұмыс: Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі. Хат ішіндегі жануарлардың аттарына сәйкес мәтін құру. І-топ: ІІ-топ: ІІІ-топ: Бүркіт Ақ аю Жолбарыс Бүркіт Ақаю Жолбарыс Бүркітжырт-қышқұс.Оныңденесіірілеу,көзіқырағыболады.Олқанатынкеңжайыпұшады. Ақаюдыңденесіірі,терісіақтүстіболады.Ақаюжыртқышаң. Жолбарыстыңтерісіндеқаражолақтарболғандықтансолайатаған.Оныңтістеріментырнақтарыөткірболады.
Номер материала: ДВ-114083
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |