Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Презентации / Презентация дене тәрбиесінен "Асық ойыны"

Презентация дене тәрбиесінен "Асық ойыны"


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлттық ойындар Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт т...
Малдың сүйегі - асық
Асықтың атаулары: Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Т...
Шеңберден шығару. Ойын шарты бойынша диаметрі 1,5-2 метрлік, кейде одан да үл...
Ханталапай Бұл ойынға 4 – 5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші...
Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кім...
«Қой асығы демегін, қолыңа жақса, құлжа (сақа) ғой». Бұл нақыл да қазақтың б...
1 из 7

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ұлттық ойындар Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт т
Описание слайда:

Ұлттық ойындар Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды. Олар ойынға мал сүйегін,қой құмалағын пайдаланды. Соның бірі-асық. Ұсақ мал асығымен әртүрлі ұлттық ойындар ойнаған. Мысалы мынадай ұлттық ойын түрлері бар: “Омпы“, “Асық“, “Ханталапай“.

№ слайда 2 Малдың сүйегі - асық
Описание слайда:

Малдың сүйегі - асық

№ слайда 3 Асықтың атаулары: Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Т
Описание слайда:

Асықтың атаулары: Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы. Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

№ слайда 4 Шеңберден шығару. Ойын шарты бойынша диаметрі 1,5-2 метрлік, кейде одан да үл
Описание слайда:

Шеңберден шығару. Ойын шарты бойынша диаметрі 1,5-2 метрлік, кейде одан да үлкен шеңбер сызылады. Қатысушы балалар шеңбердің дәл ортасына (5-6 бала болса, бір-бірден, 2-3 бала болса, екі асықтан) бір-бірден асық тізеді. Тағы да сақаларын бір қолға жинап, шиыра шашады. Шарт бірінші ойындағыдай. Ату кезегі сақаларының алшы/тәйкі тұруына қарай анықталады. Сосын шеңберден ортасында тізілген асықтан есептеп, екі жаққа қарай адыммен 4-5 қадам жасап, белгі сызады да, сол сызықтан тұрып кезегімен шеңбердің ортасында тізілген асықтарды атады.

№ слайда 5 Ханталапай Бұл ойынға 4 – 5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші
Описание слайда:

Ханталапай Бұл ойынға 4 – 5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші асық “хан“ болады. Бірінші ойыншы қос уыстай ұстаған барлық асықты ортаға үйіруі керек. Басқа ойыншылар “ханға“ қарап тұрады. “Хан“ алшы түскенде, балалар ортадағы асықтарға ханталапай жасайды. “Хан“ кімнің қолында кетсе, асықтарды сол үйіреді. “Ханмен“ бірге қолына алған асықтардың санына байланысты ұпай саналады. “Хан алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғады, соғылған асықтардың біреуін алып, ұпай жинайды. Бір-біріне тимей, басқа асыққы соғылса немесе басқа асықты қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі. Осылай ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды.

№ слайда 6 Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кім
Описание слайда:

Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады. Яғни, асықтың а лшы тұруы оның иесіне (балаға) сәттілік жолдас болып тұрғанын б ілдіреді. Сондықтан, аталарымыз белгілі бір оқиғаға, болмаса ж ағдайға байланысты мерейлі болғанын қалайтын адамына осындай тілек айтқан. Бұл сөз қандай да бір даулы мәселеде, айтыс-тартыста, бәс тігілген сәттерде мерейі үстем шыққан немесе бастаған ісі игі жалғасын тапқан азаматтарға  қарата: «асығы алшысынан түсті»  деп те қолданылады.

№ слайда 7 «Қой асығы демегін, қолыңа жақса, құлжа (сақа) ғой». Бұл нақыл да қазақтың б
Описание слайда:

«Қой асығы демегін, қолыңа жақса, құлжа (сақа) ғой». Бұл нақыл да қазақтың болашағынан үмітті балаға қаратып айтылатын сөзі. Бала деп жасытпай, сеніммен қарасаң, тәжірибеңмен бөлісіп, тәліміңді берсең, ол да ертең елдің жүгін арқалар азаматың  деген мағынадағы үмітті меңзейді.


Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Презентации
Просмотров165
Номер материала ДВ-496632
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх